Өтілген күні: 13.11.2009 ж
Топ: 0314002-«Бастапқы жалпы білім беру» мамандығы.
4 курс, 401 топ.
Оқытушы: Баймырзаева Ж.А
Тақырыбы: Психология пәні бойынша «Ерік»
Сабақтың мақсаты: а) Білімділік. Ерік дегеніміз не? Еріктің физиологиялық негіздері,
ерік әрекеттерін талдау; жеке тұлғаның ерік салалары. Сонымен
қатар ерікті дамыту және тәрбиелеу жайлы теориялар түсіндірілмек.
ә) Дамытушылық. Студенттердің өзін-өзі бағалау, сыртқы және
ішкі қиындықтар мен кедергілерге қарсы тұру мүмкіндіктерін
дамыту.
б) Тәрбиелік. Адамгершілікке, отанын, елін, жерін сүюге, қорғауға,
адамдарды сыйлап, дұрыс қарым-қатынаста болуға психологиялық
бағытта тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Лекция
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: сөздік, түсіндіру, әңгіме, топпен жұмыс, сұрақ-
жауап, салыстыру, талдау.
Сабақта қолдданылатын көрнекіліктер: дидактикалық материалдар: таблица, схемалар.
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1.Қ. Жарықбаев «Жантану», Алматы. Білім, 2008.
469-483 беттер.
2. Қ. Сейталиев «Жалпы психология». Алматы. Білім,
2007. 274-300 беттер.
3. Себет Бап-баба «Жантану негіздері»
4. «Жалпы психология» оқу құралы. Алматы. Мектеп,
1986ж
Жоспар:
І.Ерік туралы жалпы түсінік.
ІІ. Еріктік амалдың кезеңдері.
ІІІ. Еріктің физиологиялық негіздері.
ІV. Ерік әрекеттерін талдау.
V. Ерік сапалары.
І. Адамды әрекетке итермелейтін негізгі түрткі – оның түрлі қажеттіліктері. Адам өз қажетіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс-тәсілдер, амалдар қарастырылады. Өйткені, адам сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын тек танып, не оған өзінің қатынасын білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге оны қажетіне орай өзгерткісі келеді. Бұл үшін ол қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады.
Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл-қозғалыстарды психологияда ерік деп атайды. Ерік – адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті.
Адамның осындай психикалық әрекеті алдына қойған мақсатын орындауға байланысты түрлі ішкі-сыртқы кедергілерді жеңе білуінен байқалады. Мысалы: ұйқы басып, төсектен тұрғымыз келмейді, бірақ сабаққа кешікпеу ішкі кедергілерге төтеп беру керек. Егер біздің мақсатқа жетуімізге сыртқы нәрселер кедергі жасаса(басқа адамдардың кедергісі, түрлі жағдай болмаушылық т.б) бұларды да жеңіп отыруымыз керек. Еріктік іс-әрекет адам сезімдерімен тығыз байланысты. Мақсатқа жетуге ұмтылу, жоғары және жағымды сезімдер кез-келген қиындықтарды жеңуге мүмкіндік жасайды.
Ерік қимылы адамның даму процесінде біртіндеп жетініп, қалыптасатын күрделі процесс екендігін оның мына структурасынан байқауға болады.
ІІ. Еріктік амал
Дайындық кезеңі Орындау кезеңі Бақылау
мақсат қою
тілек
қалау
түрткілер(тілеу, қалау) күресу
тоқтамға келу
Адамның еркі алдына мақсат қоюдан басталады. Мысалы, орта мектепті бітіретін оқушының арнайы оқу орнына түсуге талабы бар делік. Оқушының бұл мақсатты алдына қоюына оның мәдени қажеті, білім алуға тырысуы түрткі (мотив) болады. Түрткі – француз тілінен аударғанда «мотив», қазақша «себеп, қозғаймын» деген мағына береді. Адамды түрлі іс-әрекетке итермелейтін себеп.
ІІІ. Ерікті әрекеттердің физиологиялық негіздеріне шартсыз рефлекстер жатады. И.П. Павловтың ілімі бойынша, еріктік әрекеттің барлық амалы жоғары жүйке қызметінің барлық заңдарына бағынатын шартты ассоцияциялық үрдіс. Ерікті қозғалыстардың амалдарына кинестезиялық тітіркендіргіштер ерекше шақыратын ерекше шартты рефлекстер негізгі роль атқарады.
Адамның ерік қозғалыстары саналы қозғалыс ретінде екінші сигнал жүйесінің қызметімен байланысты.
сезгіштік(сенсорлық)
Бас ми қыртысы
қозғалыс
Бас мидың артқы бөлігінде сыртқы ортамен тікелей байланысты іске асырып отыратын аймақтар орналасқан. Бұл аймақтар анализаторлардың шеттері болып табылады. Оған сәйкесті рецепторлардан сигналдар келіп тұрады, және осында бұл сигналдарды алғашқы өңдеу, талдау, жинақтау іске асады. Бас мидың алдыңғы бөлігіне жақын қозғалыс актілерін ұйымдастырудың күрделі үрдісі іске асатын аймақтар орналасқан.
Ерікті әрекеттерді ұйымдастыруда екінші сигнал жүйесі ерекше орын алады.
ІV. Әрекет
Даярлық кезеңі (мақсат белгіленеді, Орындау кезеңі (алынған ше-
мақсатқа жетудің жолдары мен тәсілдері шімдерді атқару)
анықталады, шешім қабылданады)
Адам алдына белгілі бір мақсат қойғанда басшылыққа алатын талпыныстарды түрткілер деп атаймыз.Мақсатты таңдау жолдары мен тәсілдерін екелеу кей жағдайда ішкі күрес сипатына ие болады. Бұл үрдісті түрткілердің (мотивтердің) күресі деп атайды. Түрткілер күресімен байланысты мақсаты орындауға апаратын жолдарына тәсілдерді таңдау үрдісі шешім алумен аяқталады.
Шешім алу – бұл белгілі бір мақсатқа тоқтау, мақсатты орындауға апаратын іс-әрекеттің белгілі бір тәсіліне немесе белгілі жолдарына тоқтау. Мысалы, мамандық таңдауға байланысты түрткілердің күресі нәтижесінде түлек ЖОО таңдау туралы шешім алады.
Жоспарлау – бұл алға қойған мақсатты орындауға бағытталған тиімді тәсілдер мен құралдарды іздестіруден тұратын күрделі ақыл-ой іс-әрекеті.
Келесі негізгі кезең – алынған шешімді орындау. Шешімнің әрекетке өтуі орындау деп аталады. Ерікті үрдісте ең негізгісі алынған шешімді орындау болып табылады. Орындауда адамның еркі аңғарылады.
V. Адамның ерік-жігер қасиеттері сан қилы. Бұлар іс-әрекеттің нақтылы жағдайларына байланысты, орындау тәсіліне қарай бірнеше сапалары бар.
Біріншіден, еріктің күшіне (тоқтамға келгіштік, кедергілерді жеңе алу, батылдық, шыдамдылық, т.б); екіншіден, адамгершілікке сыйымды ерік қимылдарының сапаларына (жеке мүддені ұжым еркіне, қоғам мүддесіне бағындыра алуда көрінетін ерік сапаларына); үшіншіден, еріктің адамның дербестігінен байқалатын сапалары (инициатива, принциптілік, тәртіптілік, жинақтылық, т.б) жатады.
![]()
Тоқтамға келгіштік
Табандылық
Ерік сапалары Ұстамдылық
Тәртіптілік пен ұстамдылық
Жинақылық
Ерлік
Әр түрлі ерік сапалары бір-бірімен байланыспайтындай оқшау жатқан қасиеттер емес, барлығы да адам бойынан табылады. Оның жеке басының бағытына, дүниетанымына, сеніміне, мінез бітістеріне, темпераментіне, қабілетіне, т.б. психологиялық ерекшеліктеріне байланысты түрліше жағдайда қабысып келіп отыратын сапалар.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Психология пәні бойынша «Ерік»

шағым қалдыра аласыз