Материалдар / Психология пәні мен міндеттері. Психологияның зерттеу тәсілдері

Психология пәні мен міндеттері. Психологияның зерттеу тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Психология - адамзатқа арналған күрделі, әрі маңызды ең қызықты көне ғылымдардың бірі. Адамзат баласы ғасырлар көптеген ғалымдардың бойы зерттейтін объектісі болып келеді. Өйткені, адамзат қоршаған әлемдегі ең ғажайып әрі құпия жаратылыс иесі.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Ф-Е-10/4.1

«ТҮРКІСТАН» КӨПСАЛАЛЫ ЖОҒАРЫ МЕДИЦИНА КОЛЛЕДЖІ




БЕКІТЕМІН:

ОӘК төрайымы

_______________

«____»______20 ж.





Теориялық сабақтың әдістемелік өңдеуі






Пәні: Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар

Тақырыбы: Психология міндеттері, мәні. Психологияның зерттеу әдістері.

Мамандығы: 0302000-«Мейіргер ісі»

0030100-«Емдеу ісі»

Семестр: 3-4

Курсы: 2-3

















Әзірлеген: Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар пәнінің оқытушылары:

Ф.Елубаева, Д. Баратова


Әдістемелік өңдеу «Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжі

«Терапия және туыстас пәндер» ЦӘБ мәжілісінде қаралған.

Хаттама №1 28.08.2016 ж


ЦӘБ төрағасы: _______________ Нарметова Н

Әдіскер: _______________ Назаркулова Т

ОӘО меңгерушісі: _______________Рысбекова А














































Сабақтың тақырыбы: Психология пәні мен міндеттері. Психологияның зерттеу тәсілдері.

Сабақтың түрі: Теориялық сабақ.

Сабақтың әдісі:

  • Small group learning (SGL) - шағын топпен оқыту;

  • Team-based learning (TBL) - топта жұмыс істеуге негізделген оқыту;

  • Problem-based learning (PBL,) - мәселелі-бағытталған немесе проблемаға бейімдеп оқыту;

  • Training based on competence (TBC)- құзіреттілікке негізделген оқыту;

Студенттердің білім мен машықтану деңгейлерін бағалау әдістері мен технологиялары:

  • Multiple Choice Questions (MCQ) – көп жауапты сұрақтар (тесттер);

  • Oral asking (OA) - ауызша сұрау;

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

  • Психология пәнінің маңыздылығын түсіндіру;

  • Психология тарихына шолу жасау;

  • Психология ғылымның даму сатылары мен зерттеу тәсілдерімен таныстыру.

Дамытушылық:

  • Психология-психика ғылымының қалыптасуы және даму заңдылықтары туралы білімдерін кеңейту;

  • Жаңа тақырыпты меңгерту барысында жеке тұлғаның қабілетін, қызығушылығын, ынтасын дамыту;

  • Жеке тұлғаның жалпы қабілеттерін салыстыра білу, негізгісін ажырата білу және өмір жолын талдау, өз мақсатына жетуге ынталандыру.

Тәрбиелік:

  • Өзін-өзі білу, бағалау, бақылау, тәрбиелеуге үйрету;

  • Шапшаңдыққа, өз ойын айта білуге қалыптастыру;

  • Ұжымдық ауызбіршілікке баулып, шағын топта жұмыс істеуге үйрету;

  • Дүниетаным шеңберін кеңейтіп, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.

Пән аралық байланыс

  • Анатомия

(Сезім мүшелері. Көру мүшесі.)

Сезім мүшелері — сыртқы қоршаған ортадан және ағзаның өзінің ішкі органдарынан келген ақпаратты алғашқы талдау жасайтын перефериялық арнайы анатоми-физиологиялық жүйе, Сенсорлық жүйенің перефериялық бөлімі. Қоршаған ортадағы барлық мәліметтерді біз сезім мүшелерінің көмегімен аламыз.

Адамда 5 сезім мүшелері бар, оларға:

  1. көру мүшесі - көз,

  2. есту мүшесі - құлақ,

  3. дәм сезу мүшесі - тіл,

  4. иіс сезу мүшесі - мұрын,

  5. сипап сезу мүшесі - тері жатады.

Сезім мүшелерінде сезгіш нейрондардың ұшы (рецепторлар) әр түрлі тітіркенулерді қабылдайды. Дыбыс, температура, химиялық ісер т.б. тітіркендіргіштерге жатады. Әрі қарай сезгіш нейрондардың өсінділері арқылы қозу үлкен ми сыңарлары қыртысының белгілі бір аймағына беріледі.

Рецепторлар орналасуы бойынша 2 топқа бөлінген:

  1. сыртқы - терінің сыртқы қабатында орналасып, сырттан келген тітіркенулерді қабылдайды. Мысалы, ыстық затқа қолы тиген адам қолын бірден тартып алады.

  2. ішкі -ағзаның ішінде орналасып, тітіркенулерді ішкі мүшешелерден қабылдайды.

(Есту және тепе-теңдік сақтау мүшесі.) .Сезім мүшелеріне жалпы шолу.

                        2.Көру мүшелері, құрылысы, көру нервтері.

                        3.Есту мүшелері, құрылысы, тепе-теңдік сақтау мүшесі.

                        4.Тері, дәм және иіс анализаторлары.

            Ағза сытқы ортаның өткізгіштігін, сезу мүшелері бұл анатомиялық құрылысты комплекс, олар арқылы  организм сыртқы тітіркендіргіш энергияны қабылдап, оларды жүйке импульсына айналдырып, бас мидың керекті бөліміне өткізеді.

            Ағзаға әсер ететін түрлі тітіркендіргіштер, сезімтал жүйке талшықтарының ұштары – рецепторлар арқылы  қабылданады.  Олар арнаулы сезім мүшелерінде немесе денеде орналасқан.

            Сезім мүшелеріне – көру, есту, дәм, иіс, тері мүшелері  жатады.

            Осы аталған 5 сезім мүшелерінің ми қыртысындағы  орталықтарға және жүйкелерге  жалғасып жататын тізбектері олардың анализаторы болып саналады.

                                               Сезім органдары

Жүйке жасушалары арқылы                      Арнаулы жасушалар арқылы

Тітіркендіргіштерді  қабылдайтын:         тітіркендіргіштерді қабылдайтын

  1. Көру мүшелері 1. Есту мүшелері

  2. Иіс сезу мүшелері 2. Тепе- теңдік мүшелері

  3. Тері 3. Дәм сезу мүшелері

            Үлкен ми сыңарлары бөліктерінің күрделі даму нәтижесінде сезім органдарының орталықтары пайда болады.  Олар анализаторлардың рецепторлары мен жүйке талшықтары арқылы байланысады.  Рецепторлар арқылы  қабылдалған қозу ми қыртыстарына жеткізіліп отырылады, онда талдау, талқылау процестері жүріп, сезім ажыратылады. Сондықтан да адам дүниедегі бар затты сезім  органдары арқылы қабылдап, анализаторлары арқылы  түсінік алады.

            Анализатор – сыртқы және ішкі ортадан туған тітіркендіргіштерді қабылдап, оған талдау жасайтын күрделі  жүйке механизмі.

            Орыс ғалымы И. П. Павловтың айтуы бойынша анализатор – белгілі бір қызмет атқаратын күрделі жүйке болып табылады.  Оның өзі үш бөлімнен тұрады:

  1. Шеткі рецепторлар

  2. Өткізгіш жолдары- жүйкелерден және

  3. Орталық ми бөліктерінен тұрады.

                                                      Анализатор









Шеткі (перифериалық)             Аралық өткізгіш      Орталық үлкен ми

 Сыртқы ортадан                        жолдары                Талдау, талқылау процесі

факторларды қабылдау                                               жүріп, сезім

                                                                                       ажыратылады

Ішкі – сыртқы

            Тітіркендіргіштерді қабылдайтын анализаторлардың шеткі бөлігіне, сезімтал жүйкелерінің ұштары – рецепторлары, оның өткізгіш бөлігіне – жұлын мен мидан шығатын жүйке талшықтары, ал анализаторлардың  орталық бөлігіне – ми және ми қыртысындағы аймақтар жатады.

            Ми қыртысының аймақтарында жоғарғы дәрежеде анықтау, талдау (анализ, синтез) процестері өтеді.

            Рецепторларды екі үлкен топқа бөледі: Интеро- рецепторлар – тітіркенулерді ішкі ортадан қабылдайтын рецепторларды айтады.  Мысалы: қан тамырларының қабырғасындағы хеме бароцепторлар қанның химиялық құрамының өзгеруін қабылдайды.

            Экстрорецепторлар-  тітіркенулерді сыртқы ортадан қабылдайтын рецепторлар.

            Бұлшық еттердің, сіңірлердің, буын байламдарының құрамындағы  рецепторлар, ол интерорецепторлардың бір түрі.  Проприорецепторлар жәрдемімен буын және бұлшық ет қызметі алма-кезек, бір-бірінің қызметіне сәйкес қозғалып, жүру, қимылдар т.б. қызмет атқарады.

            Көру органдары. Көз алмасынан, көру жүйкесінен және қосымша мүшелерден тұрады.


(Тері және оның туындылары. Иіс және дәм сезу мүшелері.)

Қамтылатын пәндер:

  • Мамандықтың арнайы пәндері


Студент білуі тиіс:

  • Психологияның ғылым ретінде қалыптасуын.

  • Психологияның даму кезеңдерін.

  • Психологияның объектісі, мәні мен міндеттерін.

  • Психология бағыттарын. Психология салаларын.

  • Психика түсінігі мен психикалық үрдістер туралы ұғымн.

  • Психиканың даму кезеңдерін.

  • Психорлогиядағы зерттеу әдістері –тесті, сұрау, сауалнама, сынақ, әрекет ету нәтижелерін талдауын.

Сабақтың уақыты: 90 минут

Сабақтың жабдықталуы:

Көрнекті құралдар:

  • Слайдтар

  • Миниплакаттар

Үлестірме материалдар:

  • тест сұрақтары.

Техникалық оқу құралдары:

  • Ноутбук;

  • Интерактивті тақта;



Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут): Аудитория тазалығына, сабақтың жабдықталуын, топ түгелдігін тексеріп, студенттердің формаларына көңіл бөліп, журналды толтыру.



Сабақ жоспары мен хронокартасы



1

Ұйымдастыру кезеңі


Ынталандыру

5 минут

2

Психология пәніне деген қызығушылығын ояту

Ынталандыру

5 минут

3

Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру

Интерактивті әдіс

(иллюстративті түсіндіру)

40 минут

4

Жаңа тақырып бойынша студенттердің білімін пысықтау

Тест әдісі

20 минут

5

Сабақты қорытындылау

Бақылау арқылы бағалау және мадақтау

10 минут

6

Үйге тапсырма беру


Іздену

10 минут



2. Психология пәніне деген қызығушылығын ояту (5мин).

/ видео ролик /

Shape1

Видео ролик -№1



3. Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру (40 мин).

( Интерактивті әдіс, иллюстративті түсіндіру)

Психологияның ғылым ретінде калыптасуы және оның даму сатылары.

Психология - адамзатқа арналған күрделі, әрі маңызды ең қызықты көне ғылымдардың бірі. Адамзат баласы ғасырлар көптеген ғалымдардың бойы зерттейтін объектісі болып келеді. Өйткені, адамзат қоршаған әлемдегі ең ғажайып әрі құпия жаратылыс иесі.

Ежелгі грек философы Сократтың екі мың жыл бұрын айтқан «Өзіңді таны!» деген мәнді де мағыналы ұранды сөзі бүгінгі таңда да маңызын жойған жоқ.

Психика туралы түсінік адамға және оның жеке өміріне өмірлік тәжірибе береді. Бір адам туралы «Ол өте жақсы психолог, кез-келген адамның қандай екенін бірден айта алады» деген сөзді жиі естіп жатамыз. «Психологтың» астарында өмірлік тәжірибесінің арқасында адамның өмірде көргендері арқылы көп нәрсені байқайтындығы, сезінетіндігі, сол арқылы өзгелерге түсіндіре алатындығы анықталады. Сондықтан біздің әр қайсысымыз белгілі бір сатыда «Психологпыз». Қоғаммен бірге өмір сүріп және араласа жүріп біз өзімізше ол адамдардың ішкі өмірі туралы түсінік жасауға мәжбүрміз, олардың қылықтары мен айтқан сөздерінің мағыналары мен себептерін ажыратамыз, олардың бізге және басқа адамдарға деген қарым-қатынастарын болжай аламыз.

Әртүрлі заттар мен құбылыстарды көре отырып, олар бізге ұнауы немесе ұнамауы мүмкін, кейбіреулерін есте сақтаймыз немесе ұмытамыз, біреулеріне зейін аударамыз, басқаларына көңіл бөлмейміз, осы құбылыстардың барлығы – біздің психикамыз.

«Психология» сөзі гректің екі сөзінен құралған: «псюхе» - жан, екіншісі «логос» - ғылым, ілім дегенді аңғартады. Жалпы психология – адамның жанын, рухани дүниесін және психикалық өмірін зерттейтін ғылым.

Shape2

Слайд-№1

Адам психикасының жануарлар психикасынан сапалық айырмашылығы бар. Адам психикасының ең жоғарғы түрі – сананың болуымен ерекшеленеді. Адам - саналы құбылыс. Сана адамның мақсатты еңбек қызметінде, іс-әрекеті мен мінез –құлқында аңғарылады. Адам белгілі бір іс-әрекетті орындамастан бұрын, оны ой елегінен өткізеді, алға қойған мақсатқа жетудің жолдары мен тәсілдерін жоспарлайды.

Психология ғылымының ең негізгі міндеттерінің бірі- барлық психикалық құбылыстарды зерттеу мен түсіндіру болып табылады, демек олардың пайда болуы, қалыптасуы мен даму негізіне жататын объективтік заңдылықтарды ашып көрсету. Психикалық өмірдің заңдылықтарын білу, оны оқыту және тәрбие тәжірибесінде пайдалану үшін қажет. Тек қана психикалық үрдістер мен құбылыстардың заңдылықтарын білу және оларға арқа сүйеу, белгілі бір шәкірттің дара психикалық ерекшеліктерін ескере отырып оқыту және тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастыруға болады.



Shape3

Слайд-№2





Сонымен, психология- психика мен оның қалыптасуы және даму заңдылықтары туралы ғылым. Психология ертеде қалыптасқан ғылымдардың қатарына жатады. Ол 2500 жылдан астам бұрын ертедегі Грецияда пайда болған.























Shape4









Слайд-№3

Ертедегі гректің данышпан ғалымы Аристотель өзінің «Жан туралы» атты еңбегінде алғаш рет психикалық құбылыстарға бір жүйелі талдау жасайды. Аристотельді психологияның негізін салушы деп атауға болады. Екінші жағынан, 1879 жылы неміс ғалымы В.Вундт /1832-1920/ Лейпциг-те тұңғыш лаборатория ұйымдастырып, оның дербес эксперименттік ғы-лым болуына себепкер болды.

Қазақстанда психологиялық ой-пікірдің қалыптасуы туралы айтқанда, ең алдымен оның тарихының өте ертеде жатқандығы туралы еске ала кеткен жөн. Қазақ психологиясының тарихын зерттеумен көптен айналысып жүрген көрнекті психолог-ғалым Қ.Б.Жарықбаев Қазақстанда психология ғылымының қалыптасуы мен даму тарихын үш кезеңге бөліп қарастырады. Бірінші кезеңі- кеңес үкіметі орнағанға дейінгі қазақ психологиясы- бұл кезең психология ғылымының ілкі бастауы (ХҮ-ХХ ғ.) болса, екінші кезеңі марксистік кеңестік (1920-1990) психология деп аталады, үшінші кезең- егемен, тәуелсіз Қазақстан жағдайында қалыптасқан ғылыми психология дамуының (1991-2006) жаңа кезеңі.

Жан дүниесінің сыры жайлы пікірлерді қазақ ойшылдары да айтқан. Тіпті мұндай ой-пікірлер фольклорда, әсіресе мақал- мәтелдерде көптеп кездеседі. Мысалы: «Тәні саудың жаны сау», «Тән ауырса, жан ауырады», «Жан бар жерде қаза бар» т.б. Осындай мақалдарда жан мен тәннің арақатынасы шындыққа сәйкес дұрыс пайымдалғанын байқау қиын емес.

Өресі- биік, психологиялық ой-пікірлерді Ш.Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаев, С.Торайғыров шығармаларынан да көптеп кездестіруге болады. Мысалы С. Торайғыров: Жан мен тән ылғи да бірлікте, байланыста болады, адамның тәні өсуімен қатар, жаны да бірге өсіп, жетіліп отырады, осы екеуінің қоса өзгеруінің негізі тәнде, адам өлгеннен кейін, онда қимыл жоқ, сезім жоқ, жек көру жоқ, махаббат жоқ. Өмір жоқ, яғни бір сөзбен айтқанда тәннен бөлінген жанда еш уақытта өмір болмайды деп қорытынды жасайды.

Қазіргі кезде өндірісте, ғылымда, медицинада, өнерде, оқытуда, ойында және спортта психологиялық заңдылықтарды білмей және түсінбей көптеген іс-әрекеттің түрлерін іске асыру мүмкін емес. Адамның даму заңдары туралы ғылыми білімдердің жүйесі, оның потенциалдық мүмкіншіліктері туралы барлық қоғамдық даму үшін қажет. Кезінде белгілі психолог-ғалым С.Л.Рубинштейн «Жалпы психология негіздері» атты кітабында былай деп жазды: «Психологияның зерттейтін өзіндік құбылыстардың ішінен анық та айқын, ерекше бөлініп тұрғандары- біздің қабылдауларымыз, сезімдеріміз, ойларымыз, талпыныстарымыз, қажетті-ліктеріміз және т.б., демек біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрайтындар жатады».

Психиканың мәні туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуы мен дамуы әр уақытта философияның негізгі мәселесі - материя мен сананың, материалдық және рухани бастаманың арақатынасын шешумен тығыз байланысты. Осы мәселені шешудің төңірегінде бір-біріне қарама-қарсы философиялық екі бағыт пайда болды: идеалистік және материалистік. Идеалистік философияны жақтаушылар психиканың материяға тәуелсіз, өз бетімен өмір сүретін бірінші алғашқы құбылыс деп қарастыру. Психиканы материяның туындысы бойынша психиканы екінші құбылыс материядан туады деп қарастырады. Адам психикасын материалистік тұрғыдан түсінуді идеалистік философтар көптеген ғасырларға ығыстырды, адам психикасын оның рухани өмірінің көрінісі ретінде қарастырады, ол барлық материалдық табиғат сияқты заңдарға бағынбайды деп есептеді. ХҮІІ ғасырда Рене Декарт психологиялық білімдерді дамытуда жаңа дәуірді бастады. Оның түсіндіруінше: «Тек ішкі органдардың жұмысы емес, сонымен қатар ағзаның сипаттамасы, олардың басқа да ішкі денелермен өзара іс-әрекеті жанды қажет етпейді» деген болатын-ды. Оның идеялары психология ғылымының кейінгі тағдырына ерекше үлкен әсер етті. Декарт бір уақытта екі ұғымды енгізді: рефлекс және сана. Оның түсіндіруінше, бір-біріне байланыссыз, екі бастама материя мен рух өмір сүреді. Сондықтан да психология тарихында бұл ілімді «дуализм» (duali- гректің сөзі, қазақшалағанда «екіжақты» деген мағына береді). Философияда бұл бағыт объективті идеализм деген атпен дамыды.

Когнитивтік, бихевериоральдық және гуманистік психология

Моделдеу құралдары арқылы танымдық іс-әрекетті зерттеу саласында- когнитивтік психология, гуманистік психология, ми туралы ғылымдардың шеңберінде адам санасын зерттеу- нейрофизиология, нейроморфология және нейропсихология ғылымдары қалыптасты. Адам туралы психогенетика ғылымы кеңінен тарай бастады.Қазіргі кезде кең таралған ғылыми бағыт- когнитивтік психология. Бұл бағыт 60-жылдары АҚШ-та пайда болды. Ол негізінен бихевиоризмге, танымдық дамуды жоққа шығаруға қарсы бағытталды. Когнитивтік психологияның белгілі өкілдеріне Дж.Брунер, Д.Норман, Л.Фестингер, Ф.Хайдер, У.Найсер, П.Лиднсей, Г.Саймон жатады. Қазіргі кезде бұл бағыттың бірнеше нұсқалары қалыптасты. Кеңінен тараған бағыттарының бірі- есептеу нұсқасы. Онда ішкі когнитивтік үлгі мен тану үрдісінің белсенділігінің рөлі ерекше атап өтіледі. Бұл бағыттың шығуы ақпараттық қатынастардың ықпалымен байланысты. Когнитивтік психологияның негізгі зерттеу саласы таным үрдістері- ес, тіл мен сөйлеудің психологиялық негіздері, қабылдау, есептерді шешу, ойлау, зейін, қиял және когнитивтік даму. Осыдан ХХ ғ. екінші он жылдығында психологияның тағы бір бағыты пайда болып, оның өкілдері психологияның жаңа пәнін жариялады: ол психика да емес, сана да емес, ал сырттай бақыланатын, негізінен адам қозғалысының жиынтығы – мінез-құлық (поведение) еді. Бұл бағыт «бихевиоризм» (ағылш. behavіour-қылық) аталып, психология пәні жөніндегі түсініктер дамуының үшінші кезеңін қалады. Бихевиоризмнің ірге тасын қалаушы Дж.Уотсон психологияның міндетін қоршаған ортаға бейімделуші тіршілік иесінің қылық-әрекетін зерттеу деп білді. Бихевериоризм behaviour- деп аталатын ағылшын сөзінен шыққан, қазақшалағанда мінез-құлық мағынасында қолданылады.

Бихевиористердің мақсаты- психологияны мінез-құлықты басқаруға қабілетті білімнің саласына айналдыру. Д.Уотсонның түсіндіруінше, бихевериоризмнің түпкі мақсаты- адам мінез-құлқын түсіндіру. Бұл үшін 3 жағдай жеткілікті деп есептеді: мінез-құлықтың өзін суреттеу, ағзаға әсер ететін ішкі, сыртқы дене стимулдарын және оған жауап беретін мінез-құлық реакциясын байланыстыратын заңдарды тану. Адам жануарлардан тек мінез-құлық реакцияларының күрделілігімен, оларға жауап беретін стимулдардың әртүрлілігімен ерекшеленеді. Бихевиористердің дәлелдеуінше, негізгі ғылыми ұғымдар болып табылатын стимул- сыртқы ортадан келетін тітіркендіргіш, реакция-тітіркендіргішке ағзаның жауабы және стимул мен реакцияның байланысы- ассоциация. Когнитивтік психология сияқты келесі ірі бағыттардың бірі- гуманистік психология. Ол бихевиоризмге және психоталдау теорияларына қарсы бағытталған еді. Гуманистік психологияның негізін салушылардың басты мақсаты адам мәселесін түсіндіруде бихевиоризм мен фрейдизмнің кемшіліктерін түзеу және бірден-бір дұрыс, өмірлік психологияны таңдау болып табылады. Гуманистік бағыттың белгілі өкілдерінің бірі Абрахим Маслоу болды. А.Маслоу адам іс-әрекетінің, мінез-құлқының қайнар көзі адамның үздіксіз өзін-өзі тануға, өзін-өзі анықтауға ұмтылуы деп түсіндірді, өзін-өзі айқындауға қажеттілік әртүрлі қызметті қамтиды: бұл гуманистік қажеттілік, демек адамға жақсылық істеуге ұмтылу. ХХ ғ. екінші жартысында психологияға бірден-бір күшті әсер еткен ғылыми-техникалық революция. Қазір психологияда жан-жақты математикалық, ақпарат теориясының әдістері қолданыла бастады, сонымен қатар электрондық есептеу техникасы, компьютерлендіру жүйесі кең өріс алды. Психология биология және медицина салаларынан соңғы жаңалықтарды белсенді қабылдап отырды. Қазір психологияның тәжірибеге бағытталған салалары алдыңғы шепке шыға бастады. Психолог ғалымдармен бірге тәжірибелік психологтар пайда болды. Олар білім беру, өндіріс пен мекемелер, әскер мен медицина салаларында жұмыс істейді. Онда өздерінің психологиялық қызметін көрсетуде.



Психология салалары.



Shape5

Слайд-№4.

Психологиялық білімдердің даму ерекшеліктері психологияның басқа ғылымдарға тәуелді байланысынан ғана емес, көп жағдайда олар қоғамдық тәжірибенің өрістеп жатқан қажеттерімен белгіленеді. Егер психология алғашқы уақытта теориялық тарапы басымдау, дүниетанымдық пән болса, қазіргі кезде ол өзінің танымдық қызметін сақтай отырып, өндірістегі, мемлекеттік басқарудағы, білім беру жүйесіндегі, денсаулық, заң мекемелеріндегі, мәдениеттегі, спорттағы және т.б. кәсіби тәжірибелік іс-әрекеттің бір саласына айналуда.

Сонымен, осы заман психологиясы көп тармақты білімдер жүйесі ретінде танылып, әртүрлі еңбек тәжірибесімен байланысуда. Әдетте, психология салаларын жіктеудің негізгі принципі - психиканың іс-әрекетте даму принципі. Сондықтан, көбінесе психология салаларын топтастыру негізіне адамдардың әртүрлі еңбектік әрекеттері алынады. Осыған орай психология келесі салаларға бөлінеді.

Еңбек психологиясы адамның қоғамдық өнімге бағытталған әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың психологиялық тараптарын зерттеумен бірге психология ғылымының дербес салаларына айналған білімдерге жіктеледі. Олардың ішінде: инженерлік психология, әуе психологиясы, ғарыштық психология және т.б. бар. Инженерлік психология негізінен адам мен машинаның қызметін бөлу және үйлесім проблемаларын шешетін автоматтандырылған жүйелерді басқарушы оператордың қызметін зерттейді; әуе психологиясы ұшуды үйрету мен ұшуды орындау үрдісінде адамның іс-әрекетін психологиялық тұрғыдан зерттейді; космос психологиясы ағзаға шамадан тыс психологиялық ауыртпалық түсетін ауасыз жағдайдағы адам іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін зерттейді.

Педагогикалық психологияның қызметі - адамды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын ашу. Педагогикалық психологияның бөлімдеріне немесе салаларына мыналар жатады: оқыту психологиясы (дидактикалық психология негіздерін зерттейді); тәрбие психологиясы (мектептегі тәрбие жұмысының психологиялық негіздерін зерттейді); ұстаз психологиясы мұғалім мен шәкірттер арасындағы қарым-қатынастардың, мұғалімге қойылатын талаптардың психологиялық мәселелерін зерттейді.

Медициналық психология

Медициналық психология дәрігер қызметінің және ауру мінез-құлқының психологиялық мәселелерін зерттейді. Ол нейропсихологияға, психофармакологияға, психотерапияға, психопрофилактика мен психо-гигиенаға бөлінеді.

Нейропсихология психикалық құбылыстардың физиологиялық ми құрылымдарымен арақатынасын зерттейді.













Слайд-№5.



Психофармакология дәрі-дәрмек заттардың адамның іс-әрекетіне әсерін зерттейді.

Слайд-№6.





Психотерапия ауруды емдеу үшін

психикалық әсер ету тәсілдерін

қолдануды зерттейді.



Слайд-№7

П сихопрофилактика мен психогигиена адамдардың денсаулығын қамтамасыз ету үшін шаралар жүйесін талдауды зерттеу болып табылады.







Слайд-№8



Арнаулы психология- бірнеше бөлімдерге бөлінеді: патопсихология, олигофренопсихология, сурдопсихология, тифлопсихология.



Патопсихология адамдардың дұрыс психикалық іс-әрекетінің бұзылуының әртүрлі түрлерін зерттейді

Shape6



Слайд-№9

Олигофренопсихология мидың туғаннан болатын ақауына байланысты психикалық дамудың патологиялық сипатын зерттейді.







Слайд-№10



С урдопсихология есту сезімінің бұзылуына байланысты психологиялық ерекшеліктерді зерттейді.





Слайд-№11

Т ифлопсихология көру сезімінің бұзылуына байланысты психологиялық ерекшеліктерді зерттейді.



Слайд-№12

Заң психологиясы заң жүйесін іске асырумен байланысты психологиялық мәселелерді қарастырады. Ол сот психологиясы, криминалды психология, пенитенциарлық немесе еңбекпен түзеу психологиясы. Сот психологиясы тергеу үрдісіне қатысушылардың мінез- құлқының психологиялық ерекшеліктерін зерттеумен айналысады; криминалды психология деп мінез-құлықтың психологиялық мәселелерін және қылмыскер тұлғасын қалыптастыру мен қылмыстың себептерін анықтайтын саласын айтады; пенитенциарлық немесе еңбекпен түзеу психологиясы еңбекпен түзеу колониясында ұсталғандардың психологиясы, сендіру және көндіру әдістері арқылы тәрбиенің психологиялық мәселелері және т.б.

Әскери психология адамның соғыс жағдайындағы қылық-әрекетін, қолбасшы мен оның билігіндегі сарбаз арасындағы қарым-қатынастың психологиялық тараптарын, әскерді рухтандырушы үгіт-насихат психологиясының әдістерін және т.б. зерттейді.

Аталған топ қатарына спорт, сауда, ғылым мен өнердің шығармашылық психологиясы да кіреді.

Психология тармақтарын топтастыру негізіне дамудың психологиялық қырлары да алынуы мүмкін. Бұл жағдайда психологияның даму принципі іске асады. Осыған байланысты психология келесі салаларға бөлінеді:

Жас сатыларының психологиясы жеке адамның әртүрлі психикалық процестері мен психикалық қасиеттерінің онтогенезін (жеке даму) зерттейді де келесі салаларды өз ішіне қамтиды: балалар психологиясы, жасөспірімдер психологиясы, ересек адамдар психологиясы мен кәрілік психологиясы (геронтология).

Салыстырмалы психология - психикалық өмірдің филогенетикалық (біртұтас даму) формаларын зерттейді.Психология салаларын топтастырудың және бір жолы - қоғам мен жеке адам арасында болған қатынастарды ескеру. Бұл әдіске орай «Әлеуметтік психология» деген атпен психологияның көптеген салалары бірігеді. Әлеуметтік психология адамдардың әртүрлі ұйымдасқан ресми немесе ұйымдаспаған бейресми топтарда көрініс беретін психикалық болмысын зерттеумен шұғылданады.

Жалпы психология барлық психология салаларының ішінде айрықша орынды иеленетінін атап өткен жөн. Бұл тараудың негізгі міндеті - психологияның әдіс мәселелері мен тарихын, психикалық құбылыстардың пайда болуының, дамуының және болмыстың жалпыланған заңдылықтарын ғылыми нақтылау. Сонымен бірге жалпы психология танымдық және тәжірибелік іс-әрекетті де зерттейді. Жалпы психология зерттеулерінің нәтижесі - психология ғылымының барша салалары мен бөлімдерінің іргетасы қызметін атқарады.

Психологиядағы зерттеулердің тәсілдері

Shape7

Слайд-№13.

Диагностика (гректің екі сөзінен құралған, біріншісі «диа»-қазақшалағанда «айқын», «анық» деген мағынаны білдіреді, екіншісі гректің «гнозис»- білім деген мағынада қолданылады). Диагностика- зерттелетін объекті немесе үрдіс туралы алдын-ала ақпарат алудың жалпы тәсілі. Жеке тұлғаның психологиялық даму саласында диагностиканың мәні медицинадағы ауру сипаты туралы дұрыс қойылған диагноздың мәнімен бірдей: егер оның белгілері, шығу себептері уақытында және дұрыс анықталған болса, емдеу нәтижесі оң болатындығына сенім мол.

Байқау әдісі дегеніміз әртүрлі табиғи жағдайда жеке тұлғаның іс-әрекеті мен қылықтарын қабылдаудың негізінде мақсатты зерттеу. Бақылау табиғи жағдайда жүргізіледі. Эксперимент әдісі. Эксперимент жасауда зерттеуші өзіне қажетті жан қуаттарының көлденеңнен кез болуын күтіп тұрмай, сол процестің тууына өзі жағдай жасайды.

Зертханалық эксперимент арнайы ұйымдастырылып, құралдар мен аспаптарды қолдану арқылы жүргізіледі.

Табиғи эксперименттің зертханалық эксперименттен өзгешелігі адамның күнделікті іс-әрекетінің мазмұны сақталады, зерттелетін құбылысты міндетті түрде іске асыруға жағдайлар жасалады. Табиғи экспериментте байқау әдісінің және эксперименттің жағымды сапалары араласып келеді: біріншінің табиғилығы, екіншінің белсенділігі.

Тест- ағылшын сөзі, қазақшалағанда «байқау» немесе «сынақ» деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді психологиялық зерттеулер тәжірибесіне өткен ғасырдың аяғында америка ғалымы Дж.Кэттел енгізді. Тест-бұл күрделі техникалық бейімделуді қажет етпейтін, стандартқа және мәліметтерді математикалық өңдеуге дайын тұратын қысқа, стандартты сынақ. Психологияда қазір тест әдісі басқа әдістермен қатар қолданылады. Оның көмегімен белгілі қабілеттілікті, ептілікті, дағдыларды анықтауға, жеке тұлғаның кейбір сапаларын ерекше дәл сипаттауға, белгілі бір салаға жұмысқа және мамандыққа жарамдылық деңгейін анықтауға қолданылады. Тесттің белгілі дәрежеде диагностикалық құндылығы- негізіне алынған ғылыми эксперименттің деңгейі мен психологиялық дәйектерге байланысты. Жеткіліксіз негізделген және тексерілген психологиялық тесттер педагогикалық тәжірибеде кәсіби іріктеу, психологиялық даму кемістігін тап басып айқындай алмайды. Білім беру және балалар мен ересектердің дамуында жеткен көрсеткіштерді салыстыруға халықаралық тесттер қолданылады.

Сұхбаттасу әдісі. Психологияда сұхбаттасу әдісі танымның кеңінен тараған құралдарының түріне жатады. Сұхбаттың мақсаты- жауап берушінің сөзінен объективтік және субъективтік деректер туралы ақпарат алу. Психологияда қолданылатын сұхбаттасу әдісін екі түрге бөлуге болады: 1 «Бетпе-бет»- сұхбаттасу, арнайы жоспармен зерттеушінің жүргізетін сұхбаты; 2 Сырттай сұхбат- анкета, ол өз бетінше толтырылады. Психологиялық зерттеулерде сұхбаттасуды қолданудың аясы жан жақты:

  • зерттеулердің алғашқы кезеңдерінде бақылау жоспарымен жұмыс істеу үрдісінде тек қана сұхбаттасу пайдаланылады. Сұхбаттасу мәліметтерінің көмегімен зерттеу мәселесі бойынша өзгерістер анықталады, жұмыс гипотезасы ұсынылады;

  • сұхбаттасу басқа әдістердің көмегімен алынған мәліметтерді анықтау, кеңейту және бақылау үшін қызмет етеді. Сұхбаттасудың екі түрі кездеседі: қалыпты және қалыптан тыс.

Сауалнама әдісі- арнайы жасалынған сұрақтардың көмегімен жаппай материал жинау әдісі. Анкета әдісінің өзіндік ерекшеліктері бар. Сырттай сауал жүргізу кейде адамдардың өткір пікірталасын туғызатын мәселелерге олардың қатынасын анықтау немесе қысқа мерзімнің ішінде көп адамға жаппай сұрау жүргізу қажет болғанда ғана сауалнама әдісі қолданылады. Сауалнама қалыпты сұхбаттасуға қарағанда көп жағдайда құпиялылығына толықтай кепілдік береді, сондықтан да сұралғандар шын көңілден ешқандай бүкпесіз жауап береді. Бірақ анкетаны белгілі бір жұмыс гипотезасынсыз жүргізуге болмайды.

Коррекциялық әдістер. Психокоррекциялық әдістер- бұл адамдардың мінез-құлқына әсер ететін жан-жақты тәсілдердің, бағдарламалардың және әдістердің жиынтығы.

Аутотренинг. Аутогендік жаттығулардың пайда болуы мен енгізілуі неміс психотерапеві Н.Г.Шульцтің есімімен тығыз байланысты. Оның еңбектерінің арқасында барлық елдерде аутогендік жаттығу ең алдымен ағзадағы әртүрлі невроз және функционалдық бұзылуларды емдеу мен оның алдын-алу әдісі ретінде кең тарады.

Топтық тренинг. Кең мағынасында топтық немесе әлеуметтік –психологиялық тренинг- оқыту, білім және қарым-қатынас саласында жекелеген ептіліктерге үйретудің өзіндік түрі.



4. Жаңа тақырып бойынша студенттердің білімін пысықтау (20 мин).

(Тест әдісі арқылы.)

Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында топты 3-нұсқаға бөліп, тақырып бойынша тест тапсырмалар беріледі.

І-нұсқа

1. Психология өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты:

А. б.э.д

В. 3 ғасырда

С. 17 ғасырда

Д. 19 ғасырда

Е. 20 ғасырда

2. Жан туралы алғаш трактатты жазған:

А. Платон

В. Демокрит

С. Гиппократ

Д. Сократ

Е. Аристотель

3. Лейпциг қаласында В.Вундт эксперименттік психологияның лаборатория әлемін алғаш рет ашты:

А. 1879 жылы

В. 1865 жылы

С. 1991 жылы

Д. 1870 жылы

Е. 1850 жылы

4. Адам мен қоғам арасындағы қатынаспен айналысатын психологияның саласы:

А. медициналық психология

В. жалпы психология

С. әлеуметтік психология

Д. балалар психологиясы

Е. заң психологиясы

5. Ұжымда немесе топта өзара қарым-қатынасты зерттеуге мүмкіндік беретін психологиялық әдіс:

А. тест

В. социометрия

С. анкета

Д. сұрау

Е. әңгімелеу

6. Адамның даму заңдылықтары мен оның жасампаздық мүмкіндіктерін зерттейтін ғылым:

A. философия

B. педагогика

C. экология

D. социология

E. психология

7. Алғашқы адамдардың жан туралы жалпы түсінігі:

A. тәннің ажырамас құбылысы

B. тәнмен бірге сөнеді

C. тәннен уақытша бөлінеді

D. тәннен бөлек жасайды

E. тән жасауы үшін жанның қажеті жоқ

8. Психологияның дербес ғылым болып қалыптасқанына:

A. 1000 жыл

B. 400 жыл

C. 70 жыл

D.200жылғажуық
E. әлі қалыптасқан жоқ

9. Психологияны философиядан бөліп, жаратылыстану ғылымдарымен байланыстыра зерттеу дәуірі басталады:

A.Аристотель мен Әл-Фараби дәуірлерінен
B. 18 ғасыр басынан
C. 19 ғасырдың соңғы ширегінен
D. 20 ғасырдың 30-жылдарынан
E. бастау кезеңі белгісіз

10. Психологияның пәндік аймағының кемелденуімен орайлас бірінші кезеңінің атауы:

A. іс-әрекет жөніндегі ғылым
B. сана туралы ғылым
C. жан туралы ғылым
D. инстроспектік сана тағылымы
E. психологиялық паралеллизм теориясы

11. Психология өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты:

А. б.э.д

В. 3 ғасырда

С. 17 ғасырда

Д. 19 ғасырда

Е. 20 ғасырда

12.Лейпциг қаласында В.Вундт эксперименттік психологияның лаборатория әлемін алғаш рет ашты:

А. 1879 жылы

В. 1865 жылы

С. 1991 жылы

Д. 1870 жылы

Е. 1850 жылы

13. Гуманистік психологияның мақсаты:

А. адамға жақсылық істеуге ұмтылу

В. гигиена сақтауға ұмтылу

С. күйзеліске түспеуге ұмтылу

Д. заңды сақтауға ұмтылу

Е. дінді ұстануға ұмтылу

14. Тітіркендіргішке ағзаның кері жауабы:

А. рефлекс

В. жұлын

С. бас ми

Д. анализатор

Е. мишық

15. Жауап берушінің сөзінен объективті және субъективті деректер туралы ақпарат алу әдісі:

А. бақылау әдісі

В. тәжірибе

С. коррекциялық әдіс

Д. сұхбаттасу әдісі

Е. социометрия әдісі

ІІ-нұсқа

1. Лейпциптегі алғашқы экспериментальды психологиялық лабораторияны ұйымдастырушы:

A. 1960, Торндайк

B. 1910, Фрейд

C. 1879, Вундт

D. 1930, Крамер

E. 1760, Декарт

2. Психология ғылымының міндеті:

A. ойды субъективті баяндау
B. процестерді сол күйінде суреттеу
C. психологиялық құбылыстардың объективті заңдарын ашу

D. табиғаттан тыс болмысты деректеу

Е. адам дүниесінен тыс жағдайларды зерттеу.

3. Дәрігер қызметі мен аурудың мінез-құлқының психологиялық мәселелерін зерттейтін сала:

А. еңбек психологиясы

В. заң психологиясы

С. салыстырмалы психология

Д. медициналық психология

Е. әлеуметтік психология

4. Қысқа мерзім ішінде көп адамнан жаппай сұрау жүргізу әдісі:

А. аутотренинг әдісі

В. тест

С. сауалнама әдісі

Д. байқау әдісі

Е. сұхбаттасу әдісі

5. Жауап берушінің сөзінен объективті және субъективті деректер туралы ақпарат алу әдісі:

А. бақылау әдісі

В. тәжірибе

С. коррекциялық әдіс

Д. сұхбаттасу әдісі

Е. социометрия әдісі

6. Гуманистік психологияның мақсаты:

А. адамға жақсылық істеуге ұмтылу

В. гигиена сақтауға ұмтылу

С. күйзеліске түспеуге ұмтылу

Д. заңды сақтауға ұмтылу

Е. дінді ұстануға ұмтылу

7. Психология ғылымының зерттеу объектісі:

А. сана

В. адам

С. еңбек

Д. ойын

Е. оқу

8. Адам мен қоғам арасындағы қатынаспен айналысатын психологияның саласы:

А. медициналық психология

В. жалпы психология

С. әлеуметтік психология

Д. балалар психологиясы

Е. заң психологиясы

9. Ұжымда немесе топта өзара қарым-қатынасты зерттеуге мүмкіндік беретін психологиялық әдіс:

А. тест

В. социометрия

С. анкета

Д. сұрау

Е. әңгімелеу

10. Әлеуметтік процестерді зерттейтін барша гуманитарлық ғылымдар үшін қажетті деректер негізі:

A. философияда

B. психологияда

C. географияда

D. социологияда

E. логикада

11.Адамның даму заңдылықтары мен оның жасампаздық мүмкіндіктерін зерттейтін ғылым:

A. философия

B. педагогика

C. экология

D. социология

E. психология

12. Жан туралы алғаш трактатты жазған:

А. Платон

В. Демокрит

С. Гиппократ

Д. Сократ

Е. Аристотель

13. Оқу процесінде білімнің, ептіліктің, дағдылардың қалыптасу заңдылықтарын негіздейтін ғылым саласы:

A. салыстырмалы психология

B. педагогикалық психология

C. еңбек психологиясы

D. жас ерекшеліктер психологиясы

E. арнайы психология

14. Зерттеу объектісі адам болып табылатын барша ғылымдардың жетістіктерін біріктіріп, байланыстыратын білім саласы:

A. кибернетика

B. социология

C. психология

D. философия

E. антропология

15. Әрекет -қылық психологиясын ғылымға енгізген бағыт:

А. фрейдизм

B. гуманизм

C. когнитивизм

D. бихевиоризм

E. прагматизм


ІІІ-нұсқа

1. Психология ғылымының зерттеу объектісі:

А. сана

В. адам

С. еңбек

Д. ойын

Е. Оқу

2. Жан туралы алғаш трактатты жазған:

А. Платон

В. Демокрит

С. Гиппократ

Д. Сократ

Е. Аристотель

3. Дәрігер қызметі мен аурудың мінез-құлқының психологиялық мәселелерін зерттейтін сала:

А. еңбек психологиясы

В. заң психологиясы

С. салыстырмалы психология

Д. медициналық психология

Е. әлеуметтік психология

4. Қысқа мерзім ішінде көп адамнан жаппай сұрау жүргізу әдісі:

А. аутотренинг әдісі

В. тест

С. сауалнама әдісі

Д. байқау әдісі

Е. сұхбаттасу әдісі

5. Гуманистік психологияның мақсаты:

А. адамға жақсылық істеуге ұмтылу

В. гигиена сақтауға ұмтылу

С. күйзеліске түспеуге ұмтылу

Д. заңды сақтауға ұмтылу

Е. дінді ұстануға ұмтылу

6. Жауап берушінің сөзінен объективті және субъективті деректер туралы ақпарат алу әдісі:

А. бақылау әдісі

В. тәжірибе

С. коррекциялық әдіс

Д. сұхбаттасу әдісі

Е. социометрия әдісі

7. Оқу процесінде білімнің, ептіліктің, дағдылардың қалыптасу заңдылықтарын негіздейтін ғылым саласы:

A. салыстырмалы психология

B. педагогикалық психология

C. еңбек психологиясы

D. жас ерекшеліктер психологиясы

E. арнайы психология

8. Зерттеу объектісі адам болып табылатын барша ғылымдардың жетістіктерін біріктіріп, байланыстыратын білім саласы:

A. кибернетика

B. социология

C. психология

D. философия

E. антропология

9. Психологияны қамтитын ғылымдар тобы:

A. философиялық

B. гуманитарлық
C. философиялық-жаратылыстану

D. гуманитарлық-жаратылыстану

E. жаратылыстану

10. Психология ғылымының міндеті:

A. ойды субъективті баяндау
B. процестерді сол күйінде суреттеу
C. психологиялық құбылыстардың объективті заңдарын ашу

D. табиғаттан тыс болмысты деректеу

Е. адам дүниесінен тыс жағдайларды зерттеу

11. Әрекет -қылық психологиясын ғылымға енгізген бағыт:

А. фрейдизм

B. гуманизм

C. когнитивизм

D. бихевиоризм

E. прагматизм

12. Лейпциптегі алғашқы экспериментальды психологиялық лабораторияны ұйымдастырушы:

A. 1960, Торндайк

B. 1910, Фрейд

C. 1879, Вундт

D. 1930, Крамер

E. 1760, Декарт

13. Психологияның дербес ғылым болып қалыптасқанына:

A. 1000 жыл

B. 400 жыл

C. 70 жыл

D. 200 жылға жуық
E. әлі қалыптасқан жоқ

14. Алғашқы адамдардың жан туралы жалпы түсінігі:

A. тәннің ажырамас құбылысы

B. тәнмен бірге сөнеді

C. тәннен уақытша бөлінеді

D. тәннен бөлек жасайды

E. тән жасауы үшін жанның қажеті жоқ

15. Психологиялық дүниенің бірінші ерекшелігі:

A. әр адамның өзіндік білімі

B. өзіндік дағды ептілігі

C. өзіндік көзқарасы

Д. өзіндік толғанысы

E. өзіндік талғамы


Тест сұрақтарының эталоны:

І-нұсқа

ІІ-нұсқа

ІІІ-нұсқа


1

Д

С

В

2

Е

С

Е

3

А

Д

Д

4

С

С

С

5

В

Д

А

6

Д

А

Д

7

Д

В

В

8

Д

С

С

9

В

В

Д

10

С

В

С

11

Д

Д

Д

12

А

Е

С

13

А

В

Д

14

А

С

Д

15

Д

Д

Д

15 -14 дұрыс жауап «5»

13 - 11 дұрыс жауап «4»

10 - 8 дұрыс жауап «3»

7 –1 дұрыс жауап «2»

5. Сабақты қортындылау (10 мин) (Бақылау арқылы бағалау және мадақтау): Сабақты қорытындылау үшін студенттердің, тест қорытындыларын, , сабаққа белсене араласуын есепке ала отырып, бағалау.



Аты жөні

Фронтальді сұрау


Тест сұрақтары


Белсенділік

Қорытынды баға

1






2






3






4








6.Үйге тапсырма беру (10 мин) (Іздену): Студенттерге жаңа тақырыптан өзіндік дайындалуға сұрақтар және тапсырмалар беру.

Тақырыбы: Психология пәні мен міндеттері. Психологиядағы зерттеу тәсілдері.

Өзіндік дайындалуға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Психология ғылым ретінде қалыптасуы.

  2. Писхология ғылымының даму сатылары.

  3. Когнитивтік, бихевериоральдық және гуманистік бағыттарына анықтама беріңіз.

  4. Психология ғылымының негізгі салалары.

  5. Психологияның зерттеу тәсілдері.



Қосымша тапсырмалар:

Тақырыпқа сай интернет, баспа беттерінен және ақпарат құралдарынан қосымша материалдар әкелу және де ситуациялық сұрақтар құрастырып келу.



Үй тапсырмасын орындауға ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі:

  1. Островская И.В. «Психология». Медициналық училищелер мен колледждерге арналған оқулық. М., «ГЭЕТАР-Медиа», 2006.

  2. Н.Д. Лакосина. «Медициналық психология»-М., АКАДЕМА, 2008

  3. В.Ф. Матвеев « Медициналық психологиядағы этика және деонтология негіздері»

  4. Асимов М.А. «Коммуникативтік дағдылар»: оқулық/Асимов М.А., Нұрмағамбетова С.А., Игнатьев Ю.В. ҚР ДСМ С.Ж. Асфендияров атындағы ҚҰМУ. Алматы: Эверо, 2009.

  5. Ильин Е.П. Қарым-қатынас жасау және тұлғааралық қарым-қатынас жасау психологиясы. –СПБ.: Питер, 2009.

Қосымша әдебиет:

  1. Карвасаркий Б.Д. «Клиникалық психология». Ұлттық медициналық кітапхана. СПБ, 2004.

  2. Полянцева О.И. Орта медициналық мекемелерге арналған психология. –Ростов на Дону, Феникс, 2004.

  3. Психологиялық тестілер энциклопедиясы. М., ТЕРРА- кітап клубы, 2000.

4. Петрова Н.Н. Медицина мамандарына арналған психология.-М., АКАДЕМА, 2006.

5. Психология. Оқулық. Жауапты редактор А.А. Крымов.-М., «Проспект», 2004.

WEB сайттар:

  1. www. yandex.ru

  2. www. rambler.ru

  3. www. mail.ru

  4. www. doctor.ru

  5. www. medcenter.kz

  6. www. medmedia.kz

  7. www. youtube.ru

  8. www. google.ru








11 Маусым 2018
3034
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі