Материалдар / Психологиялық тренинг
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Психологиялық тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Психологиялық тренинг туралы түсінік
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2019
6682
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Психологиялық тренинг

  1. Тренинг туралы түсінік

  2. Әлеуметтік- психологиялық тренинг сипаттамасы

  3. Психологиялық тренингтің түрлері

  4. Тренингтің мысалдары

 

Тренинг – бұл өзін-өзі қалыптастыру мүмкіндіктері және қоғам өміріне енуге қатысты ақпарат  ақпаратты беру және алуда жасалатын топтық әдеттегіден тыс әрекет.

Адам бойындағы мінез құлықтың айтарлықтай өзгеріске ұшырауы көп жағыдайда жеке түрде емес топтық әрекеттерде айқын көрінеді, сондықтан да мінез құлықта болып жатқан өзгерістерді уақытында анықтап, өзгерту үшін, жаңа мінез қалыптастыру үшін, адам өзін басқалар сыртынан қалай көретіндігін көре алатын болуы керек.

Бүгінгі  күні бұл әдіс балалармен, ата- аналармен жұмыс істеуде белсенді қолданыста жүр.

Тренинг – өзін-өзі тануға, өзін-өзі реттеуге, тұлғааралық қарым-қатынасқа, коммуникативтік және кәсіби біліктілікке бағытталған психотерапиялық, психокоррекциялық және оқыту әдістерінің жиынтығы. Кейде осы терминді жете түсіну үшін (ағылшын сөзі experience — «өмірлік тәжірибе») қолданады.

Психологиялық тренинг – қоршаған ортаны тануға, адамдардың өмірлік тәжірибесі арқылы және  қарым-қатынас барысында түрлі жаттығулар мен пікірталас барсында сезінеді. Мұндай әдістер жасөспірім шақта ерекше маңызды болып келеді, себебі қоршаған ортада болып жатқан оқиғалар мен адамдармен қарым-қатынасының шиеленісуі, жасөспірімнің осы проблемаларды шешуге деген ынтасы және өмірлік тәжірибенің аздығының әсеріне байланысты.  Тренинг бір жағынан барынша « жинақылыққа», екінші психологиялық жағынан түсіндіру, яғни тұлғаның ішкі қарама-қайшылығын шешуге бағытталған.Тренинг әдісі ретінде  қатысушылардың қандай да бір іс –әрекетті үйренуге бағытталған. Бірақ қандай шарттар іс-әрекетті үйретуге бағытталған? Адамның нақты іс-әрекеті: 1) белгілі бір әрекетті істеуге деген ынтасы 2) іс-әрекетті қалай орындау керек екенін білу 3) іс-әрекетті жүзеге асыру.     Психологиялық тренингтің түрлілігі. «Психологиялық тренинг»,  «әлеуметтік-психологиялық тренинг» терминдері бірмәнді ұйғарымға келмейді. Кең мағынада әлеуметтік-психологиялық тренинг – адамдардағы психологиялық сипаттағы мәселерді жою, қылықты түзеп немесе денсаулығын жақсарту үшін оларға психотерапевттік немесе психокоррекциялық әсер ету, яғни танымдық процесстер – зейін, ес, ойлау және т.б. Әлеуметтік- психологиялық тренингтің негізгі мақсаты:

қарым- қатынастағы құзыреттілікті арттыру (арнайы құрылған түрлі формадағы тапсырмалармен нақтылануы мүмкін).

 

Психологиялық тренинг белгілері:

  1. Топаралық жұмыс принципін қадағалау

  2. Топаралық жұмысқа белсенді әдістер қолдану

  3. Тұлғаарлық әрекеттестіктің, қатысушылардың өзара қарым-қатынастарына назар аудару

  4. Қатысушылардың қарым-қатынастарының жағымды жақтарын ашуға арналған ұйымдастыру шаралары

  5. Еркін және жағымды атмосфера құру

  6. Тұрақты топтың болуын қамтамасыз ету

  7. Қатысушыларға психологиялық көмек көрсетуге бағытталуы

Психологиялық тренинг қарым-қатынасы келесі принциптерден құралады:

  1. Ұстаным бойынша қатынас «осында және қазір». Көптеген қатысушыларға тренинг жұмысы өткен және болашақтағы оқиғаларды талқылау. Бұндай жағдайда психологиялық қорғаныс механизмі іске қосылады. Бірақ тренингтің басты идеясы мынадай  жағдайдан тұрады, ол топтың үлкен айнаға айналуы немесе айналар жүйесін құруы, осында әрбір қатысушы жаттығулар барысында сол айнадан өзін көре алуы тиіс. Бұл өз жетімісін беруі мүмкін, егерде топта кері байланыс жақсы дамыған болса, және қатысушылардың бір-біріне деген үлкен сенімі.

  2. Жеке-дара пікір айту ұстанымы. Бұл ұстанымның негізі әлеуметтік жұмыскер  тренинг барысында көпше түрдегі сөздерді емес жеке өзінің ойын толық жеткізуі. Яғни «біздің ойымызша…» немесе «көптің айтуынша…» деген формадағы сөздерді емес, «менің пікірімше, бұл…» деген формадағы сөздерді қолдануды дағдыға айналдыру.

  3. Екпінін айқын етіп айту ұстанымы. Осы ұстанымға сәйкес кез келген қатысушы өзінің сөйлеуі барысында екпінмен айту, эмоциялдық  күйлерге  түсіп баяндап беруі тиіс. Мәселен мынадай жағдайлар болмауы тиіс «сенің сөйлеу екпінің мені ашуландырып жатыр». Сондықтан әрбір қатысушы өзінің сөз сөйлеу екпінін дұрыс қоя білуі шарт және өздерінің көңіл-күйлерін білдіре алуы тиіс.

  4. Белсенділік ұстанымы. Тренинг барысында бұл ұстанымды қолдану барлық қатысушылардан талап етіледі.  Мұндағы басты міселенің негізгі мақсаты қатысушылар белсенді қатысып өздерін, топты және әріптестерін тануы. Адамның жеке өмірі барысында ол тек өзінің жеке проблемалары төңірегінде ғана ой қозғайды. Осында қарастырылып отырған міселенің негізгі түйіні осы мәселені топтық жағдайда анализ жасауды үйрену.

  5. Сенімділік ұстанымы. Тренинг қатысушыларының бір-біріне деген сенімі, пікір алмасулары барысында бірінін-біріне «сен» деп қарым-қатынас жасауы сенімділікті арттырады және басқаларды жақсы тануға септігін тигізеді. Және тренингтің алтын ережелерінің бірі «тек қана шындықты айту, шындық болмаса да өтірік айтпау»

  6. Жария етпеу ұстанымы. Бұл ұстанымның негізгі мағынасы осы тренинг барысында сөз болған сұхбаттар тек осында қалуы тиіс, ол «сыртқа шықпауы шарт». Бұл да тренинг барысында қатысушылардың бір-бірне деген сенімінің артуына алып келеді, және қатысушылар ашық сыр-сұхбат құрып тренингті жүргізу оңай болады.

Топаралық жұмыстың келесі формаларын анықтауға болады:

  • Топ қоғамның кіші түрі болып анықталады.

  • Кез келген тұлға топта жаңа біліктілікті меңгреді

  • Топ ішіне ортақ мәселері бар қатысушылар бір-бірін қолдай алады

  • Топаралық қарым-қатынас ортамен жақын қарым-қатынасқа түсуге мүмкіндік береді

  • Топ өзін-өзі тануға, ашылуға және дамуға мүмкіндік тудырады

  • Қатысушылардың психологиялық мәселелерін шешу барысында жұмыстың барысы айқындалады

  • Топаралық психологиялық жұмыс бірнеше клиенттермен жұмыс атқаруға мүмкіндік тудырады

Психологиялық тренингтің түрлілігі

Психологиялық тренинг әртүрлілігімен сипатталады және әртүрлі негіздерге жіктеледі. Бірінші жағдайда негіз сыртқы көрініске, мінез-құлық салдарына, тұлғалық өзгеріске әкеледі. Екінші жағдайда негізгі нәтиже ішкі өзгерісте бірақ алдымен тұлғалық өзгерістер (өзін-өзі бағалауы, іс-әрекеті, басты құндылықтары) содан кейін мінез-құлығы өзгеруі мүмкін.

Қарым-қатынас тренингі осы тренингтер аралығында орналасқан. Ол қатысушының әлеуметтік дамуына ықпал жасайды, біліктіліктің жалпы дамуына әсер етеді. Ішкі және сыртқы өзгерістер бірқатарда іске асады.

Тұлғааралық қарым-қатынасқа байланысты келесі жіктеулерді қарастыруға болады:

Мен-мен: тұлғалық даму тренингі, өзіне деген қарым-қатынасы. Топ  қолдау көрсету мен бір-бірімен кері байланыс арқылы жұмыс атқарады.

Мен-олар: әлеуметтік біліктілікті арттыруға арналған қарым-қатынас барысында жүзеге асады.

Мен-әлеумет: біріктірілген топтық тренинг, белгілі бір ұжымдағы әлеуметтік психологиялық адаптация арқылы жүзеге асады.

Мен-мамандық: тренинг өзінің мамандығын анықтауға арналған. Мамандықтың маңызыдылығы өзінің басқа іс-әрекетке қатынасы, коммуникативті біліктілігін дамытуға арналған.

Психологиялық бағдарлану тренингініің кең таралған түрі гуманистік психологияда психоанализ ижеясын қолданған 1947 жылы К.Левин анықтаған Т- тобы. Бұл анықтаманы тренинг сезімталдығы немесе тренинг сенситивтілігі деп те атайды. Қатысушылар біліктілігін қарым-қатынас барысында жоғарлатады. Т-топ жұмысының мақсаты қатысушылардың өзін-өзі тануы, сезімталдығының жоғарлығы болып табылады. Әлеуметтік біліктіліктің дамуыда жүзеге асады.

Гуманистік психологияда қалыптасқан кездесу тобы тренингі К.Роджерс қалыптастырған. Бұл топ тұлғалық  ішкі өзгерістердің өсуіне алып келеді. Бұл топты жүргізушілерге ең басты міндет сенімді атмосфера құра білуі, шынайы және де сезімталболуы, қазір және осында принципін қолдану қажет. Кездесу тобы тренингінде жоспар берілген материалдар бойынша құрастырылады. 1960-1970 жылдары Америкада топтық кездесу тренингтері танымал болды. Тренинг барысында арттерапиялық бағыттары бихеоверизмдік, гештальттық, психодрамалық бағыттары қолданылады. Психологиялық бағыттарды таңдау тренингтің мақсаттарымен жұмысы барысында анықталады. Егер де сауда тренингі өткізілетін болса, онда оның мақсаты тауарларды нәтижелі сатуға арналған. Бұл тренингте бихеоверистік бағыт жүзеге асады. Егер де басты мақсат өзіндік өсуге арналса онда басқа да бағыттарды қолдануға болады.

И.В.Вачков және С.Д.Дерябо тренингттік 4 парадигманы бөліп қарастырды.

  1. Тренинг жаттығу ретінде. Жүргізу үшін басқа адамдардың өз өздерін кез келген жағдайда қалай ұстау керектігін анықтайды. Жаттығу барысында осы іс-әрекеттерін қалыптастыру.

  2. Тренинг дайындық ретінде. Жүргізуші қатысушыларға ең басты біліктілікті үйретуді, нығайтуды мақсат етеді.

  3. Тренинг жетекші ретінде. Жұмыс барысында шарт қойылады, яғни ол арқылы қатысушылар  тренингтік іс-әрекет жаттығуларын өздері орындайды.

  4. Тренинг субъектінің дамуы ретінде. Басты мақсаты субъкетінің қабілеттілігін дамыту, оларды рухани және физикалық күшке бөлу. Тренинг түрі қатысушының дүниетанымын өзгертуге, өмірлік бағдарын дамытуға арналған.

Қатысушылар өз қалауынсыз тренингке қатысатын болса, берілген уақыт аз болса тренинг нәтижесіз және тұлғалық өсуі жүрмейді. Тренинг әсері қатысушылар өз рөлдерін атқарған жағдайда пайда болуы мүмкін. Жалпы тренинг қатысушылардың өз біліктілігін анықтағанда орынды болып табылады. Тренинг мәселенің шешімін анықтауға ғана емес жалпы мәселені болдырмауға бағдарланады.

 

Топтық-психологиялық тренинг мысалдары

Тренинг тақырыбы: Мен және менің ортам.

Тренинг мақсаты: өмірде адамнан асқан құндылық жоқ екендігін түсіндіре отырып, бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін және жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру.
Тренинг міндеттері:

  1. адамдар арасындағы қарым — қатынастың мәнін түсіну;

  2. өз бойындағы жағымды және жағымсыз қасиеттерін білу, түзетуге көмектесу;

  3. сыныптағы өз орнын және өзінің ортасын танып білуіне көмектесу;
    сыныпта белсенді жұмыс жасауға түрткі, ниетті қалыптастыру;

Көрнекіліктер: «Топта жұмыс істеу ережесі» жазылған плакат, А3-А4 қағаз беттері, фломастерлер, қарындаштар, қобдиша, адамгершілік қасиеттері жазылған карточкалар, үлестірмелі смайликтер, доп, жіп.
Тренинг құрылымы: 

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау.

ІІІ. Негізгі бөлім.

а) Амандасу – «таныстыру» жаттығуы.

б) «Автопортрет» жаттығуы.

в) «Мен басқаның көзімен» жаттығуы.

д) «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.

е) «Өрмекші торы» жаттығуы.

ІV. Қорытынды бөлім.

а) «Жүйрік ой» жаттығуы.

б) «Қайта байланыс» жаттығуы.

Тренингтің жүру барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі / амандасу, тренингке қатысуға келгендерге алғыс айту/
ІІ.Тренингтің мақсат-міндеттерін хабарлау

Сіздер тренингтің ағылшынның «Тот Райн» — ойын, жаттығу деген сөзінен шыққандығын, яғни сабақ емес екендігін білесіздер. Бүгінгі топтық-психологиялық тренинг тәжірибелік-психологиялық әдіс ретінде, коррекцияның негізгі құралы ретінде де қолданылады. Мақсаты әр адам бақытты өмір сүру үшін өзін-өзі психологиялық тұрғыдан дайындауға, жеке қасиеттерін білуге тәрбиелей отырып, дұрыс қарым-қатынасқа түсу мәдениетін, жағымды «Мен» концепциясын қалыптастыру. Сондықтан тренингке барлықтаыңыздың белсенді, шын ниетпен қатысуларыңызды сұраймын.
ІІІ. Тренингке дайындық, ережесімен таныстыру.

Тренинг – ойын, ал әрбір ойын ережелерді қажет етеді.

/ Психолог 2-ші слайдтағы жазылған ережелердің әр біреуінің мағынасын қысқаша түсіндіріп өтеді./

Топта жұмыс істеу ережесі:

  1. Бір-бірін «Визиткада» көрсетілген есім бойынша, атау.

  2. Біреуі сөйлейді, басқалары тыңдайды.

  3. Болып жатқанға белсенді қатысу.

  4. Әркім өз пікірін білдіруге құқылы.

  5. Пайда болған ой, сезімдеріңді осы жерде және қазір айт.

  6. «Басынан» «Аяғына» дейін жұмыс істеу.

ІV. Негізгі бөлім.

а) Амандасу – «таныстыру» жаттығуы.

Нұсқау: әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы: мен Бақытнұр бақытты қызбын….

б) «Автопортрет» жаттығуы.

Нұсқау: әр қатысушыға қос беттен беріледі, өз сипаттамасын тек бір жағына ғана жазу керектігі және 2 минуттан кейін есімдері көрсетілген беттерді тренер жинап алынатындығын ескертеді.

Жаттығу шарты: Сізді таныс емес адаммен кездесу күтіп тұр делік, ол бірден сізді тану үшін өзіңізді сипаттап жазыңыз. Көпшіліктен өзіңізді ерекшелендіріп тұратын белгілеріңізді табыңыз. Бет-әлпетіңізді, жүрісіңізді, сөйлеу мәнеріңізді, киім киісіңізді, зейінді аударарлықтай ым-ишараларыңыз болса т.б…

Рефлексия келесі жаттығу жүргізілгеннен кейін жасалады.

в) «Мен басқаның көзімен» жаттығуы.

Нұсқау: Тренер алдыңғы жаттығуда алынған автопортреттерді кезекпен оқиды. Қатысушылар кімнің портреті екендігін табу керек. Табылған портрет иесі ортадағы орындыққа отырады.

Жаттығу шарты: Портрет иесіне өзінің беті қайтарылып беріледі. Қалған қатысушылар ол жайында қандай пікірде екенін айтады. Өзін басқаның көзімен қандай екенін анықтауға мүмкіндік алады, өз бағалауымен сәйкес келген қасиеттері тұсына «+» белгісін қою керек, ал мүлдем өзі білмеген жақтарын беттің 2-ші жағына жазып, автопортретін толықтыруға болады.
Рефлексия: кімде қанша сәйкестік бар және жаңадан басқаның көзімен қанша қасиет қосқандығын шеңбер бойынша айтқызу.

д) «Сиқырлы қобдиша» жаттығуы.

Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ортада сиқырлы қобдиша тұрады. Сыйлықтар – қағазға жазылған адамгершілік қасиеттер.
Жаттығу шарты: Қобдишадан әр қатысушы кезекпен бір сыйлықты таңдап алып, ішінде жазылған сөзді лайықты деп санаған адамға сыйлайды. Сыйлықтар үлестірілгеннен кейін, шеңбер бойынша қатысушылар өзінің сыйлығын айтады.

Рефлексия: сонымен, қоршаған орта да осы қасиетке сізді лайық деп таныса, жеке-жеке қошемет көрсетейік. Сыйлықтарыңыз құтты болсын!
е) «Өрмекші торы» жаттығуы.

Нұсқау: Қатысушылар шеңбер құра отырады. Ойынға барлығы қатысуы тиіс. Жіп кімнен ілініп басталса, сонымен аяқталып өрмек жиналу керек.
Жаттығу шарты: Топта бірін-бірі жақын танығандықтан, әркім 1-ші өзінің достарына айтар тілегін, қошеметін, жағымды қылықтарын білдіріп жіпті саусағына іледі, өрмек тоқылды. 2-ші кері бағытта, бірақ сол ізбен достарының бойына қажет емес қасиеттерін, қылықтарын айту. Өрмекті жию.
Рефлексия: Айтылған тілектер мен сынды қабылдаймыз ба? Сын орынды айтылды ма? Бұл жаттығудың мақсаты да сол, сын түзелмей, мін түзелмейді – дегендей, айтылған ескерте, сындарды түзете білейік. Болдырмайық.

Тыныштық сәтін ұйымдастыру .

ІV. Қорытынды бөлім.

а) «Жүйрік ой» жаттығуы

Мынадай сауалдарға ойша өзіңізге ғана іштей жауап беріңіз: /музыканың ақырын әуені ойналады/

Маған қажет қасиеттер, мыналар……

Сол қасиеттердің кейбіреуі менің бойымнан табылады. Олар: ……

Әлі де жетіспейтін, түзетуді қажетсінетін қасиеттерім, мыналар …..
— Менің жанымнан мына адамдардың табылғанын қалар едім, себебі …..
Рефлексия: бұл жаттығуды орындап болғаннан кейін қандай сезімде болғаныңызды айтыңыз.

б) «Қайта байланыс» жаттығуы

Оқушылар шеңбер құра отырады да, допты әр қайсысы кезекпен кезек ала отырып тренингтің өткізілуіне байланысты өз ойларын білдіреді:
— Тренингте ең бірінші не ұнады?

Не ұнаған жоқ?

Өзің жаңадан не білдің?

б) «Алған әсеріңіз қандай?»- үлестірмелі карточкалар /смайликтер/ арқылы анықтау.
в) тренингке қатысушыларға рахмет айта отырып, тренингті аяқтау.

 

             Психологиялық тренинг

Тақырыбы: Мен таңдаған жол

Мақсаты: Кәсіптік бағдар таңдау бойынша психологиялық қолдау көрсету

Қатысушылыр: 9, 11 класс оқушылары, ата-аналары

Мерзімі:

Өткізетін жері:

Құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, ақ парақтар, маркерлер

Тренинг барысы

  1. 1.Кіріспе сөз (тренингтің тақырыбын, мақсатын, жоспарын, эпиграфын айтып кету). Тақтада бірінен соң бірі слайдтар шығады. Тренингтің эпиграфы «Кәсіп таңдау-тек қана    болашаққа үңілу емес, ол өзіңнің ішкі жан-дүниеңе үңілу…»

                                                          Жоспар:

  1. Есімдер аллитерациясы

  2. Мамандық таңдауда ұстанатын ережелер

  3. Ең-ең… (ойын)

  4. «Мен қаладым» сұрақнаманың қорытындысымен таныстыру

  5. Мамандықты тап (ойын)

  6. Мейірімділік алаңы (жаттығу)

  7. Бос микрофон

  8. 2. «Есімдер аллитерациясы»ата-ана баласының, бала ата-анасының есімін және де бір

578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!