Материалдар / психологиялық тренинг ата-аналарға
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

психологиялық тренинг ата-аналарға

Материал туралы қысқаша түсінік
ата-аналармен психологиялық тренингті жүргізуге қосымша материал болады деп ойлаймын. мектеп пен ата-аналар арасына байланыс орнатуға және бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі маңызды екенің ұғындырады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
31 Қаңтар 2019
4827
17 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Психологиялық тренингтің жоспары

Жүргізілген күні:

Нысана: ата-аналар

Тақырыбы:   « Отбасы тәрбиесі» 

Мақсаты:  Мектеп пен ата-ана арасында байланысты нығайту. Бала тәрбиесінде салауатты өмір салтын ұстануда , бала бойына рухани құндылықтарын сіңіруде ата-ана рөлінің маңызды екенін түсіндіру. Күтілетін нәтиже: Мектеп пен ата-ана арасында байланыс орнатылады. Бала тәрбиесінде ата-ананың рөлі маңызды екенін түсінеді.

Қажетті құрал жабдықтар: Үлестірмелі  қағаздар, А4 формат, қалам, фломастер,  доп

Әдістері: пікір алмасу, сұрақ жауап,  тест, психологиялық жаттығулар.
Тренинг ережесі

Әрекет кезеңі

Жаттығулар

Психолог әрекеті

Қатысушылар әрекеті

Мотивациялық қозғаушы


Тренинг барысы:

        Кіріспе сөз:

- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар!

Бүгінгі біздің тренингке қош келдіңіздер! Тренинг-сабағымыз жақсы өту үшін тренинг ережесін сақтайық:

Сенімділік, Сыйластық,  Жақын  араласу .

Ата-ананың тілегі–баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.

Баланы бастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек, - дегендей, баланың ыстық- суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата –ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл –ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз –ертеңгі ана, ол анасына қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші –ата–ана. Ата –ана тілегі  баласының жақсы  адам  болуы,  еңбексүйгіштігі, кішіпейіл, мейірімді болуы.  «Ұл тәрбиелей  отырып, жер  иесін тәрбиелейміз, қыз  тәрбиелей  отырып, ұлтты  тәрбиелейміз».


1. "Танысу" жаттығуы:   

Сіздерді шеңберге шақырамын

Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өз есімін және балаңыздың есімін, балаңыздың жағымды қылығын атаңыз. Балаңыздың жағымды қылығын айтқан кезінде қандай әсерде болдыңыздар?


Ата – аналар шеңбер жасай тұрады және өздерін таныстырып шығады


2. Тақырыпты  ата-аналардың  әңгімелеуі 

арқылы  ашу.


Өмірдегі ең маңызды тіреулеріңіз кім? Соны айтып өтсеңіздер. (Бала , жанұя, отағасы, т.б.)

Бір сөзбен айтқанда бұл отбасы. Отбасы - Адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы - адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі.Бүгінгі тренингіміз отбасы және бала тәрбие жөнінде екенін айтып кетейік.


Ата-аналар айтып шығады

Негізгі бөлім: ұйымдастыру-іздену 3. «Доп  лақтыру»  жаттығуы.

  -  Бала  сіз  үшін  кім?

Бала – болашағым, серігім, бақытым, өмірімнің жалғасы т.б.

Допты  бір-біріне  ұсынып сұраққа  жауап  беру.

4.  «Гүл теру» жаттығуы.   Пікірлесу

(Әуен ойналып тұрады, арнайы дайындалған гүлдер алқабына бару)

1.Баланың салауатты өмір сүруіне қандай үлес қосып жүрсіз? 2. Балаңыз сізді ренжітті, сіздің іс- әрекетіңіз. 3. Бала үшін мұғалім мен ата- ана арасында қандай байланыс болуы керек? 4. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба? 5. Бала бойында қызғаныш, өзімшілдік мінездің қалыптасуы неден ? 6. Балаңыз игілік істер істесе оны қалай мадақтайсыз? 7. Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер айтасыз?  8. Сіздің бойыңызда, сіздің ойыңызша қандай жақсы қасиеттер бар? 9.  «Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз?


Барлық ата -аналар орындарынан тұрып, гүл теруге шығады. Бір - бір гүлден алады. Сол гүлдерде сұрақтар жасырылған. Осы сұрақтар көлемінде пікірталас өрбиді.


  5.  Аяқталмаған  сөйлем «Менің балам ...»

         Ия, әрбір  ата – ана өмірге  бала  әкелгеннен  кейін  оған  тәлім – тәрбие беретіні  белгілі. Бала тек  қана отбасы  тәрбиесін алып  қана қоймайды. Ол қоршаған  ортаның  тәрбиесін  алатыны  сөзсіз. Бала  дүниеге келгенде  таза ақ  парақ  секілді, пәк  болып  келеді. Сол пәк  сәбиге  үш түрлі адамның мінезі беріледі  екен.  Ол – бірінші ата- анасынан, себебі  бала  ес білген шаққа дейін  бар нәрсені өз  отбасынан  табады. Ал –екінші  ұстазынан, өйткені  алғаш ес  біліп  мектеп табалдырығын  аттағанда  қолына  алғаш «Әліппені»  ұстатып өмір  жолына  алғаш  жол  салатын  ұстазы. Үшінші – достарынан. Осы  үш адамның  бойындағы  мінез –құлықтарды  екшелей келіп, олардың  ішіндегі 

өзіне  ұнайтын  жақтарын алады  екен.
       Ендеше, сізден, бізден  және өз жолдастырының  жақсы  жақтарын  ала білген  біздің балаларымыздың  бойында  адами қасиеттердің  көп  болары сөзсіз десекте, кейбір  кездері олардың  бойынан  өзімізге  ұнамайтын қасиеттерді  де  кездестіріп қаламыз. Ендеше  баламыздың  бойындағы осындай  қасиеттерді  танып  білу  үшін «Менің балам ...» ойынын жүргізейік!

Тапсырма: 

«Менің балам …» деген сөзді жалғастыру үшін сіздерге ойлануға 1 минут  уақыт  беріледі.

Тапсырманы толық орындау үшін 5 минут беріледі. (Ата –аналарға  алдын-ала 

дайындалған  кеспе  қағазы беріледі).
Нұсқау:  балаңыздың  бойында 
бар  мінез-құлық  қасиеттерін  жазу ұсынылады. Енді  өзіңіз  жазған  балаңыздың  мінез-құлық  қасиеттерін 

екі бөлікке бөліңіз.
1. Балаңыздың  бойындағы 

мінез-құлық  қасиеттерінің  сізді қанағаттандыратын  жақтары
2.Балаңыздың  бойындағы  мінез-құлық 

қасиеттерінің  сіздің  өзгерткіңіз келетін  тұстары.

1. Балаңыздың  жақсы  қасиеттерін  жазған  кезде  қандай  күйде  болдыңыз?
2. Мінездің  көлеңкелі  тұстары 
кездескен  кезде  сіздің көңіл-күйіңізді қынжылтқан  не?


Ата-аналар өз балдарының мінез құлықтарын жазып шығады

6.  Бейнеролик  көрсету

Осы бейнероликтен не түсіндіңіздер?

Өз ойларын айтады

7. Топқа бөліну.  Шығармашылық  жұмыс «Отбасылық  құндылық ағашы»


           Құрметті ата - аналар, «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың  тілі  жоқ»  демекші адам  табиғатпен  тығыз байланысты. Табиғаттағы  ең  маңызды  нәрсе  ағаш, енді  сол  ағаштың  несі  болар  едіңіз тамыры  ма,  әлде діңі ме, әлде жапырағы ма? Әркім өз қалауы бойынша тамыр, жапырақ, діңі болып бөлінеді. Ал  енді  ата – аналар  тамырлар  бір бөлек, жапырақтар  бір бөлек, діндер бір бөлек отыруымыз керек. Сіздер не үшін тамыр тобын таңдадыңыздар, сіздер не  үшін  жапырақ  таңдадыңыздар, сіздер не үшін діңін таңдадыңыздар соны тобыңызбен  келісе отырып бір келісімге келіп, топтан бір адам шығып қорғайсыздар.

 (әр топтың сөзі тыңдалып, қошеметпен шапалақ ұрылып отырады).
Сіздердің бұл   таңдауларыңыз  кездейсоқтық емес, психологиялық сәйкестік.

Тамыр таңдағандар істің нәтижесіне мән беретін адамдар.

Діңгекті таңдағандар берік, мықты біреуге тірек бола алатын адамдар. Жапырақ

таңдағандар сұлулықты, әсемдікті, ұқыптылықты қалайтындар. Енді ата - аналар мына үлкен  қағазға  

«Отбасылық  құндылық  ағашы» жасайық

Нұсқау:

Үлкен  ағаштың  суретін  салу  керек. Бұл  сіздің отбасылық құндылық  ағашыңыз.  Алдын-ала дайындалған  отбасылық  құндылықтар жазылған карточкалар  таратылып 

беріледі. Оларды  ағаштың  тамырына, діңіне, бұтақтарына  орналастыру  керек. Тамыры  сіздің  ең  негізгі отбасылық  құндылық  болып есептеледі, ағаштың  діңіне  орташа құндылықтарды, ал  бұтақтарына  отбасыңызға  маңызды  бірақ,  қатты қолданбайтын, көп көңіл  аудармайтын  құндылықтарды  орналастыру  керек. Берілетін  уақыт  7-8 минут.

Берілетін отбасылық құндылықтар:
1. Мықты денсаулық 2. Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік 3. Ауызбіршілік 4. Ортақ қызығушылық 5. Бір-біріңіздің жұмысына араласпау 6. Қамқорлық 7. Тәртіп 8. Бос уақытыңызды бірге өткізу 9. Сенімділік 10. Ата-ананың сөз заң 11. Ата-ана отбасының үлгісі 12. Әлеуметтік жағдай 13. Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас 14. Махаббат 15. Мейірімділік 16. Шынайылық 17. Сырт көзге үлгі болу 18. Береке 19. Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет 20. Көп бала

Соңынан  үлкен  бәйтерек  ағашы  шығуы  керек. Шыққан  суретті  өздері қорғап  шығады.


Топқа бөлініп құндылықтарды жапсырады. Жұмыс соңында өздері қорғап шығады

Рефлексті-қорытындылаушы 8. Балама  ақ тілек.

Кері байланыс

Балаларыңызға тілек жазып ілсеңіздер болады

Бүгінгі тренинг сіздерге ұнады ма? Не ұнамады? Қандай ұсыныстарыңыз бар?

Стикерге  тілек жазу.

Ойларымен бөлісу


9. Қорытынды.


  Халқымыздың  аяулы  ұлы  зиялы  азаматы  Б.Момышұлы  былай  деген екен:

«Жаудан да,даудан да қорықпаған  қазақ едім. Енді,қорқынышым  көбейіп жүр. Балаларын  бесікке бөлемеген,бесігі  жоқ  елден  қорқам.

Дәмді, дәстүрді сыйламайтын  балалар  өсіп  келеді, ондай балалардың   қолына  қылыш  берсең, кімді де болса  шауып  тастауға  даяр. Қолына  кітап  алмайды.Үйреніп  жатқан  бала жоқ , үйретіп  жатқан  әке , шеше жоқ».

Бауыржан  атамыз  бүгін де арамызда  жоқ , ол  кісі көтерген мәселе бәрімізді  де алаңдатуы тиіс . Бұл ата – анаға да , ұстазға да ой салады деп ойлаймын .
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, баланы  бірлесе  отырып тәрбиелейік  дей  келе  бүгінгі тренингімізді аяқтайық.











Ағайындарыңа, достарыңа ашық есік

Ауызбіршілік Ортақ қызығушылық

Бір-біріңіздің жұмысына араласпау Қамқорлық Тәртіп

Бос уақытыңызды бірге өткізу

Сенімділік Ата-ананың сөз заң

Ата-ана отбасының үлгісі

Әлеуметтік жағдай

Отбасылық сыйласымды қарым-қатынас

Махаббат Мейірімділік

Шынайылық Сырт көзге үлгі болу

Береке Көп бала

Үлкенге – ізет, кішіге – құрмет

Мықты денсаулық



1.Балаңыздың  бойындағы  2. Балаңыздың  бойындағы   мінез-құлық қасиеттерінің  мінез-құлық қасиеттерінің

сізді қанағаттандыратын  жақтары сіздің  өзгерткіңіз келетін  тұстары.













1.Балаңыздың  бойындағы  2. Балаңыздың  бойындағы   мінез-құлық қасиеттерінің  мінез-құлық қасиеттерінің

сізді қанағаттандыратын  жақтары сіздің  өзгерткіңіз келетін  тұстары.



















Баланың салауатты өмір сүруіне қандай үлес қосып жүрсіз?

Балаңыз сізді ренжітті, сіздің іс- әрекетіңіз.

Бала үшін мұғалім мен ата- ана арасында қандай байланыс болуы керек?

Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?

Бала бойында қызғаныш, өзімшілдік мінездің қалыптасуы неден ?

Балаңыз игілік істер істесе оны қалай мадақтайсыз?

Балаңызды еркелеткенде қандай сөздер айтасыз?

 Сіздің бойыңызда сіздің ойыңызша қандай жақсы қасиеттер бар?

 «Өнегелі отбасы» дегенді қалай түсінесіз?



 Балаға дұрыс тәрбие беру дегенді қалай түсінесіз?







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!