жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Публицистикалық стиль
|
Мектеп: №47 ЖОББМ |
Сабақтың тақырыбы: Түгел түркі тілі толғаған толағай жыр |
|||||||||||||
|
Күні: |
Машықкердің аты-жөні: Туеш.Г.С |
|||||||||||||
|
Сынбы |
9 |
|||||||||||||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары: |
\Т\А\ 9.1.1.1 Мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға болжаммен жауап беру, түпнұсқамен салыстыру. \ӘТН \Публицистикалық стильдің қолданыс аясын, стильдік сипатын түсіну. |
|||||||||||||
|
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар орындай алады: Мәтін желісін баяндай алады. |
|||||||||||||
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтіннің стиль түрін ажырата алады. |
||||||||||||||
|
Кейбір оқушылар орындай алады: Публицистикалық стильді басқа стиль түріне айналдыра алады. |
||||||||||||||
|
Қажетті құрал-жабдықтар |
Интерактивті тақта, А4 қағазы, стикерлер |
|||||||||||||
|
Оқыту әдістері |
«Жеребе» әдісі, «Бумеранг» әдісі, «Броундық қозғалыс», «Көрші бағаны» |
|||||||||||||
|
Дереккөздері |
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар |
|||||||||||||
|
Жоспарланған уақыт: |
Мұғалімнің қызметі: |
Оқушының қызметі: |
||||||||||||
|
Сабақтың басы Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы Үйге тапсырма
Бағалау Рефлексия |
Мұғалім оқушылармен амандасады. Сыныпты түгендейді. «Геометриялық фигуралар» арқылы топқа бөлінеді. Өткен материлды тексеру. «Жеребе» әдісі арқылы сұралады. Қорапшадан есімі шыққан оқушы үй тапсырмасына жауап береді. Қызығушылықты ояту.
1-тапсырма. «Броундық қозғалыс» Түгел түркі тілі толғаған толағай жыр 1-топ: Түркілердің сол замандағы фольклорының бізге жеткен сарқыншақ мұрасы да аз емес. «Алпамыс», «Қорқыт» сияқты жыр аңыздардың сонау түркілердің бірлігі тұсында пайда болғаны, кейін әр халық өзіне оны мұра етіп лағаны – бүгінде ғылымда дәлелденгені шындық. Сондай шығармалардың бірі – «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры. Егер «Алпамыс» әртүрлі атаумен және әр алуан көлемде қазақта, башқұртта, қырғызда, алтайлықтарда болса, «Қорқыт» туралы әңгіме-жырлар қазақта, башқұртта, түрікменде, әзірбайжанда, түріктерде бар. Ал «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» нұсқалары қазақта, бащқұртта, татарда, ұйғырларда сақталған. 2-топ: «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» эпосының қай кезде пайда болғаны жөнінде ғалымдар әрқилы болжамдар айтқан. Бір топ зерттеуші бұл жыр Жошы ұлысында дүниеге келген десе, екінші топтағы оқымыстылар Ноғайлы дәуіріне телиді. Ал үшінші топтағы ғалымдар аталмыш жырдың пайда болуын қазақ хандығығымен байланыстырады. Бұлардың бәрінен өзгеше пікірді Әлкей Марғұлан ұсынады. «Қозы Көрпеш – Баян сұлудың» көне сюжеті біздің замынымыздан 1-3 ғасыр бұрын пайда болған дей келіп, Ә.Марғұлан былай деп жазады: «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырының қай кезде шыққанын айыратын белгінің бірі- оның күмбезі. Бұл күмбез – өте ерте уақытта, исламнан көп бұрын ғұн замыныда не түрік қағанаты кезінде тұрғызылған 3-топ. Ә. Марғұлан бұл күмбездің, ондағы мүсіндердің жасалған мезгілі – Түркі қағанаты, яғни VI – VIII ғасырлар шамасы деп нақтылап айтады. Қазіргі түркі халықтарындағы нұсқаларды жалпы мазмұны, кейіпкерлері, мифтік ситуациялары мен жер-су атаулары, тағы да басқа компоненттері бойынша салыстыра қарасақ, «Қозы Көрпеш – Баян сұлудың» түпкі сюжеті, шыныда, сонау Түркі қағанаты тұсында пайда болғанына көз жеткізуге болады.Бүгінгі таңда осынау құнды жәдігерлеріміздің 1500 жылдығын өор мақтанышпен атап, мерекелеп жатқанымыз – бабаларымздың мұрасына деген зор ықылас өана емес, сондай-ақ бұл – өткенімізді жаңаша зерделеуге деген ұмытылыс. Қазақ қазақ болғалы өзінің төлтума дүниесін, бір ғана жырды бұлай тойлап көрген емес. Бұл- тәуелсіздіктің арқасы. Лайым, осылай жалғаса берсін! («Қазақ әдебиеті» газетінен) Публицистикалық стиль Публицистикалық стильдің сипаты. Публицистикалық стиль жұртқа үндеу, үгіт айтуда пайдаланылады. Мұндай үндеуге, үгітке қоғам үшін және дәл сол кезеңде зор мәні бар мәселелер тақырып болады. Мыс: саяси, экономикалық, экологиялық, мәдени, моральдық мәселелер. Үндеудің, ұгіттің мақсаты – жұртшылықты мәні бар іске қатыстыру, жұртшылқтың санасына ықпал ету. Омы міндетке сай публицистикалық стильдің басты сипаты қалыптасқан:
Публицистикалық стиль ауызша және жазбаша түрде қолданылады. Публицистикалық сөз ауызекі айтылғанда, ауызекі сөйлеу стиліне тән сипаттарға да ие болады. Ол көбінсе газет, журнал, радио, теледтдар арқылы беріледі. 2-тапсырма. Айтылым Мәтіннің қандай мақсатта жазылғанын айтыңдар а) Бұл – мақала түрінде жарияланған мәтін. Оның аталу сипатын айтыңдар. б) Мәтіннің стилін анықтаңдар 3-тапсырма. Мақаланы көркем әдебиет стиліне айналдырып жаз. 4-тапсырма. Жазылым «Бағанды толтыр» Публицистикалық стиль
«Бумеранг» әдісі Әр топ 2 сұрақ құрастырып бір-бірімен алмастырады. Сұрақтарға жауап береді.
Газет-журналдардан публицистикалық стильде жазылған түркі тілдерінің шығармалары туралы қосымша мәлімет әкелу «Көрші бағаны» Оқушыларға бағалау парағы беріледі. Әр тапсырма сайын оқушы өз көршісін бағалап отырады.
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады.
«Алпамыс батыр» жыры, «Қобыланды батыр» жыры, «Қорқыт», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» Үй тапсырмасына жауап береді.
Топтар берілген мәтінді оқып келіс топқа түсіндіреді. Оқушылар орындарында отырып қалмауы керек.
Қазақтың ғашықтық жырлары ішіндегі ертеректен келе жатқан және қазақ арасына өте көп жайылған «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» эпосының қай кезде пайда болғаны жөнінде көптеген ғалымдар әркилы пікірлер айтқан. Бұлардың ішінен өзгеше пікірді әдебиеттанушы Әлкей Марғұлан ұсынды.
Оқушылар үй тапсырмасын жазп алады.
Оқушылар бағаланады
Стикерге жазып, тақтаға жапсырады. |
||||||||||||
шағым қалдыра аласыз



