Материалдар / Пуллороз (Pullorosis)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Пуллороз (Pullorosis)

Материал туралы қысқаша түсінік
Пуллороз (Pullorosis) – тауық балапанының ішегі мен үлпершек мүшелердің зақымдануы және септицемиямен, ал ересек тауықтың аналық безінің фоликуласының азғындауымен ерекшелінетін ауру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Желтоқсан 2021
247
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жоспар


І.КІРІСПЕ........................................................................................5


ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1.Тарихи деректер..................................................................6

2.2.Қоздырушысы......................................................................8

2.3.Індеттік ерекшеліктері.........................................................10

2.4.Дерттенуі..............................................................................12

2.5.Патогенезі.............................................................................13

2.6.Өтуі мен симптомдары......................................................14

2.7.Патологоанатомиялық өзгерістер......................................15

2.8.Балау.....................................................................................20

2.9.Емі.........................................................................................21

2.9.1.Дауалау және күресу шаралары....................................23



ІІІ.ӨЛЕКСЕНІ ЖАРЫП СОЮ ХАТТАМАСЫ.........................24


IV.ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................32


V.КОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................33

























І.КІРІСПЕ


Пуллороз (Pullorosis) - Сальмонеллез «Salmonella» тұқымына жататын паратифозды бактериялар арқылы туындайды. Қазіргі таңда сальмонелла тұқымдасының 2500- ден аса түрі бар деп есептелінеді.

Сальмонеллез ауруына барлық ауылшаруашылық жануарлар мен құстар бейім болып келеді. Бұл ауруға көбінесе төлдер сезімтал келеді, ірі малдарда сальмонеллез көбінесе жасырын жүреді. Ауруды зақымдандырушылар – ірі малдар, сальмонеллез тасушылар және де сонымен қатар сальмонеллезбен ауыратын төл болып табылады. Зақымдану асқазан – ішектік жолы арқылы орын алады.

Жалпы сальмонеллезден болатын экономикалық шығындар АҚШ та 2 миллиард доллар көлемімен есептелсе, Канадада 300 миллион долларды құрап отыр. ТМД елдерінде соңғы 15 жылда сальмонеллезбен шалдыққан адамдар, жануарлар және құстар 7 есеге дейін көбейген. Адамдардағы ауру 30 %- ға өссе, жануарларда және құастарда ол - 75%-ға дейін жетті. Ал тағамның құрамында кездесуіне қарай бұл көрсеткіш 50%-ға дейін көтерілген.


Пуллороз (Pullorosis) – тауық балапанының ішегі мен үлпершек мүшелердің зақымдануы және септицемиямен, ал ересек тауықтың аналық безінің фоликуласының азғындауымен ерекшелінетін ауру.

Пуллорозбен тауық, күрке тауық, қырғауыл,көгершін,құр, канарейка, торғай балапандары ауырады. Бұл ауруға әсіресе 1 – 14 күндік балапан шалдыққыш келеді. Алайда азығы мен күтімі жақсартылмаса пуллорозға 1-2 айлық тауық және күрке тауық балапрандары да шалдығады. Пуллороз көбінесе балапан, сондай-ақ бастырылатын, жұмыртқа беретін құс нашар азықтандырылатын, талапқа сай бағып – күтіллмейтін шаруашылықта білініп отырады. Пуллороздың негізгі белгілерінің бірі – құстың іш өтуі, саңғырығының аппақ болуы. Айналшық маңындағы қауырсын саңғырықпен ластанады. Ауру құстың қозғалысы баяулап, әлсіреп, топтанып отырады.


Курстық жұмыстың мақсаты – құстың пуллороз ауруын емдеу және алдын алу шараларын жүргізу.













ІІ.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1.Тарихи деректер

Жануарлардағы сальмонеллез туралы тарихи анықтама «Паратифтер» деп аталатын әдебиетте сипатталған. 1885 жылы Сальмон және Смит обамен ауырған шошқалардан – Salmonella suipestifer – ді тапты.

Кейінірек осы секілді бактерияларды: бұзаулардан – (Гертнер, 1888. Томассен, 1897), тышқандардан (Леффлер, 1890), егеуқұйрықтардан – (Даниш, 1893. В.Н Исаченко, 1897), биенің іштастаған төлдерінен (Смит, 1897), балапан және тауықтардан (Ретчер, 1900) анықтады. Осыған байланысты парафиттердің негізінде морфологиялық және биологиялық жағынан ұқсас таяқша типтес микробтарды бөліп шығарды.

Микробиологтардың халықаралық қауымдастығы 1934 жылы бұл топтың бактерияларын «сальмонеллалар» (алғашқы болып ашқан Сальмонның құрметіне орай) деп, ал олар тудыратын ауруды «сальмонеллез» деп атауды ұсынған болатын. КСРО – да бұзаулардағы сальмонеллез ауруын 1926 жылы А.В Синев және С.К Беззубец, қойларда – П.В Тавельский (1929) шошқаларда А.П Уранов, Н.А Михин (1934), Р.А Цион және П.Н Андреев (1937) ашты.

1889 жылы Англияда алғаш рет Клейн бұл аурудың жаппай байқалуын сипаттап, «құс сальмонеллезі» деп атады. Ұзақ уақыт бойы ересек тауықта «сүзек» (тиф), ал балапанда «ақ тышқақ» деп аталды. Кейінірек пуллороз бен тиф бір қоздырушы тудыратын ауру екені дәлелденді.

И.Ф. Квеситадзе (1950) қоздырғыш организмге түскен соң тез арада ішекте көбейедіде сол жерден ішкі мүшелерге, бауырға, талаққа, бүйрекке т.б. таралады деп жазды.

Н.И.Притулин (1963ж) пуллороздың дамуындағы патологиялық үрдісті бірнеше фазаға бөлді: микроорганизмдерің бейімделуі, аймақтық инфекция, гематогенді диссиминация, септицемия. Аймақтық инфекция фазасында кейбір бактериялар таяқша тәрізді формадан кокктәрізді формаға ауысып, түрін өзгертеді.

Пуллороздың патогенезінде токсин үлкен рөл атқарады. А.И.Аверихин (1955ж) осы ауруда оргнаизмдегі көптеген патологиялық өзгерістер сальмонеллездік токсиннің әсерінен болады деп көрсетті.

В.М.Субботин (1955) егер, ірі қараның организмінің резистенттілігі жоғары болса, онда қорғаныш факторларының әсерінен (фагоциттер, антителлалар және т.б) қоздырғыштардың бөлігі қанда жойылады, ал кейбір бөлігі сыртқы ортаға әртүрлі жол арқылы шығатынын айтты. Организмде иммунитет қалыптасады.



Сондықтан ұзаққа созылған ауру қанда сальмонеллезді антигенмен бірге 1:100 титрінде агглютинацияға оң реакция береді. Егер организмнің резистенттілігі әлсіз болса, онда қоздырғыш барлық мүшелер мен тіндерге жайылып, соңында іш тастауға, малдың өліміне алып келеді.

Организмнің резистенттілігі құс сальмонеллезбен ауруға ұшыраса үлкен мағынаға ие болады. Резистенттілік өз кезегінде мынадай шарттар кояды: ол құстың жасына, сонымен қатар оның қалай тамақтандыруы мен баптауына да байланысты болып келеді. Мысалы, пуллороздың пайда болуы балапандардың, күркетауықтардың қызуына әсер етеді.

Нәтижесінде құстарда орталық жүйке жүйесінің қызметі тоқтайды және барлық мүшенің қызметі төмендейді. Қанның қышқылдық тепе – теңдігі ацидозға қарай өзгереді. Ас қорыту мүшесінің қызметі бұзылады, асқазан сөлінің бөлінуі тоқтайды, қышқылдығы төмендейді. Организмге түскен сальмонеллалар әртүрлі ішкі ағзаға түседі, соның ішінде жұмыртқаға да.




































2.2.Қоздырушысы

Қоздырушысы – Salmonella pullorum gallinarum сальмонеллалар тобына жатады. Бұл топтағы басқа микробтардан айырмашылығы жіпшелері жоқ, қозғалмайды. Спора мен қауашақ түзбейді, граммтеріс, қарапайым қоректік ортада жақсы өседі. Бұл тұқым көпшілігі өзіндік атауға ие болған, антигендік өсу реті бойынша серотоптарға біріктірілген 2017 серологиялық нұсқалардан құралады.


Сыртқы ортада төзімділігі жоғары, құрғатылған жағдайда өсіні жылдар бойы сақталады. Топырақта 14 ай, құстың сыңғырағында 3 айға дейін тіршілігін жоймайды.

Дезинфекция үшін 15-20 % кальцийленген сода, 5-6 % нафтиназол, 3 – 5 % сілті, 1 % формальдегид, 20 % хлорлы әк ерітінділері жақсы нәтиже береді.

Морфологиясы. Пуллороз – ұштары дөңгеленген, ұзындығы 1-4 мкм, ені 0,3-0,8 мкм болатын ұсақ таяқша. Жағындыларда бактериялар жекеленіп немесе ретсіз орналасады, қозғалмалы (Salmonella pullorum-gallinarum-нан басқалары), спора мен капсула түзбейді, Грам тәсілімен негативті боялады

Өсінділік қасиеттері. Пуллороз – аэробты және факультативті анаэробтарға жатады. Қолайлы өсу температурасы 37ºС, оңтайлы рН 7,0-7,2, дегенмен рН 7,0-ден төменгі және 8,0-ден жоғары орталарда да өсе алады. ЕПА, ЕПС, Эндо, Левин, Плоскирев, висмут-сульфитті агарында және т.б. жақсы өседі. ЕПА-да диаметрі 1-4 мкм аралығындағы кішірек, дөңгелек, шеттері тегіс, көкшілдеу реңді болып келген сұрғылт-ақ түсті колонияларды қалыптастырады.

Эндо қоректік ортасында мөлдір, қызғылт түсті, колонияларды, Левин ортасында – көгілдірлеу реңді мөлдір колонияларды, Плоскирев ортасында – түссіз, тығыз, сәл лайланған колонияларды, висмут-сульфитті агар беткейінде жылтыр реңді қара түсті колонияларды түзеді. ЕПС – біркелкі лайланады, шыны түтік түбінде сұрғылт-ақ түсті тұнбаны, кейде ортаның беткейінде жұқа қабықшаны немесе шыны түтік айналасында сақинаны қалыптастырады.

Биохимиялық қасиеттері. Пуллороз - сахарозаны бөлшектей алмайды, лактоза мен адонитті ыдыратпайды, салицин мен мочевинаны бұзбайды, индол түзбейді, күкіртсутекті бөліп шығарады, Фогес-Проскауэр реакциясында теріс нәтиже (орта сары түсті болады), ал метиленді қызыл реакциясында оң нәтиже көрсетеді.

Сальмонеллалардың барлық типтері газды түзе отыра глюкозаны ыдырататын болса, кейбір штамдары: Salmonella typhimurium, Salmonella typhisuis, Salmonella abortusegui, Salmonella dublin, Salmonella anatum және Salmonella gallinarum глюкозаны газды түзбей ақ бөлшектейтін қасиетті иеленген.



Антигендік құрылымы. Пуллороздың соматикалық немесе О-антигені және жіпшелік немесе Н-антигені болады.

О – антиген микроб жасушасының беткейінде орналасқан, олар термостабильді фосфолипидті – полисахаридті кешеннен тұрады, қайнатқан жағдайда 2 сағатқа дейін бұзылмайды.

Н – антигендерінің пуллороздың белгілі бір түрі мен типіне тән қасиеттерді иеленген (бірінші фазадағы антигендер) және телімділік қасиетті иеленбеген (екінші фазадағы антигендер) түрлері болады. Екі фазадағы антигендері бар салмонеллаларды екі фазалы, ал жалқыларын бір фазалы деп атайды.

Төзімділігі. Пуллороз - қоршаған орта әсерлеріне төзімді келеді. +60°С температурада 1 сағатта, +100°С – де бірден тіршілігін жояды. Топырақта және қоршаған ортаның басқа да нысандарында 30 – 270 тәулікке дейін, өлекселерде – 100 тәулікке, ашық су қоймалары ішетін суда 11 – 120 тәулікке, мұздатылған етте 60 – 130 тәулікке, жұмыртқада – 13 айға, жұмыртқа ұнтағында – 9 айға, мұздатылған жеміс – жидектерде 2 аптадан 2,5 айға дейін сақталады.

Тікелей түскен күн сәулесінің әсерінен олар 5 – 9 сағатта жойылады. Дезинфекциялағыш заттар (2 % - ды натрий сілтісі, 2 %-ды хлорлы әк, 2 %-ды формальдегид ерітінділері) сальмонеллаларды 15 – 20 минут аралығында өлтіреді. Пуллороздың - гентамицин, неомицин, тетрациклин, левомицетин мен стрептомицинге сезімталдығы жоғары, ал сульфаниламидті және нитрофуранды препараттарға төзімді болып келеді.

Патогендігі. Пуллороздың патогендік қасиеттері, олардың түзетін экзотоксиндері мен эндотоксиндеріне байланысты болып келеді. Экзотоксиндер бактериялардың тіршілік етуі барысында қоршаған ортаға қарқынды бөлініп отырады. Эндотоксин микроб жасушалары өлгеннен кейін лизиске ұшырауының нәтижесінде пайда болады. Сальмонелла эндотоксиндерінің молекуласы полисахаридтер мен А-липидінен тұрады. Эндотоксиндер ішектің геморрагиялық қабынуын тудырады және шошқалар мен ет қоректілердің азықтық улануына әкеліп соқтырады.

Құрамында жалғасқан көп микрофлоралары бар, олардың өсуіне кедергі келтіріп тұратын паталогиялық материалдан сальмонеллаларды тиімді түрде ажырату үшін тыңайтудың (Мюллер, Кауфман және тағы да басқалары) ерекше, арнайы орталары қолданылады. Мюллер ортасына қосылатын тетратиондв натрий ішек таяқшалы топтардың бактериларының өсуін бәсеңдетеді, бірақ сальмонеллелердің дамуына кедергі келтірмейді. Ал Кауфман ортасына келетін болсақ, ол озі өзгертілген яғни, модификациаланған құрамына жауһар тасты көк пен табиғи бұқа өті қосылған ерітінді бар Мюллер орталарын көрсетеді. Бұл компоненттер ішек таяқшалы топтардың бактериларының, әсіресе протеустердің өсуін тоқтатады, бірақ сальмонеллалардың өсуіне көбірек мүмкінді береді.





2.3.Індеттік ерекшеліктері


Пуллорозға құстардың көртеген түрлері бейім, бірақ, көбінесе тауық пен күрке тауық ауырады. Бәрінен де ет тұқымды тауықтардың балапандары ауруға жиі шалдығады. Олардың ауруға шалдығу көрсеткіші 80 % дейін жетеді.

Пуллороздың жіті қаулауы 5-7 күн аралығындағы балапандарда жиі байқалып, ауруға шалдығу 14 күнге дейін жалғасады. Кейіннен аурудың таралуы бәсеңдеп, 20 – 45 күн аралығындағы балапандарда тек спорадия ретінде кездесіп, созылмалы түрге ауысады.

Инфекция қоздырушысының бастауы - ауырған балапандар және микроб алып жүретін ересек тауықтар. Сальмонеллалар сырқы ортаға нәжіспен және жұмыртқамен бөлінеді. Зарарланған жұмыртқаның 40 – 60% - ынан балапан шығадыда, қалғанындағы ұрық өліп қалады. Сонымен балапандарда пуллороз жұмырқа арқылы берілетін конгенитальды (трансовориальды) және туғаннан соң жұғатын постнатальды болып бөлінеді.

Пулллороздың кең таралуына құс пен оның балапанын дұрыс азықтандырмау, гиповитаминоз, суыққа шалдығу, ұзақ уақыт тасымалдау жағдай тудырады.

Salmonella типтес бактериялардың ферментативті қасиеттерін оқып білу үшін көбінесе глюкоза, маннит, арабиноз, дульцит, рамнозадан (Биттер ортасы) тұратын: глицеринді-фуксиндік сорпа (Штерн сорпасы), қысқа түсті (шұбар) қатарды қолданады.

Аталған орталардан басқа сальмонеллалардың серологиялық типтерінің дифферренциациясы үшін, сонымен қатар мальтоза, инозит, ксилозасы бар орталарды, лакмусті сүтті (лакмусті сүттің өзгеруі сальмонеллалар өскен кезде оларды қышқыл мен сілті қалыптастыру қабілеттеріне байланысты дифференциялауға мүмкіндік береді) пайдаланады. Лакмустік сүттің орнына майсыз сүтті бромтиловті көктің индикаторымен (100 мл сүттің ішінде 1 мл 0,4 % - тік ерітінді) қолдануға болады.

Сальмонеллалардың дифференциациясына берілетін көпке мәлім

мән – ол яғни, мәдени күкіртті сутегін қалыптастыра алады немесе соған ие. Протеолитикалық қасиеттерді егу әдісі арқылы зерттейді. Salmonella типтес бактериялар басқа Enterobacteriaceae тұқымдасына жататын микроорганизмдермен ұқсас болғандықтан олардың дифференциациялануы пайда болады.

Қазіргі таңда бактериологиялық тәжірибеде тығыз дифференциялды диагностикалық құнарлы ортамен лактозаны (Плоскирева, Эндо, Левин ортасы) кеңінен қолданады. Бактериялардың сальмонелла лактозасын ферменттей алу қабілетіне байланысты көбінесе жалғасып жататын E.Coli – ден ажыратады. Сондықтан сальмонелладағы материалды зерттеу барысында ішіндегі біреуін, яғни дифференциалды – дигностикаланған егілген түріне көп мән береді.

Бұл орталарда индикатордың түсін өзгертумен және қышқылды қалыптастыру арқылы лактозаны ферменттейтін E.Coli лактозаны ферменттемейтін, сальмонелл калонияларынан түсі мүлдем өзгеше болып келетін және ерекшеленетін басқа колонияларды қалыптыстырады. Эндо ортасында E. Coli бактериялары колонияға қызыл түс, көбінесе металлдық жылтырайтын түс, сальмонеллалар түссіз және ашық қызғылт (ортаның түсіне боялған). E. Coli Плоскирева ортасында колоиялар сарғыш - қызыл түсті, сальмонеллалар түссіз және нәзік – қызғылт түсті. E. Coli Левин орталығында шеңбермен қоршалған, қара түсті колонияларды қалыптасады, сальмонеллалар – түссіз, нәзік – қызғылт, қызғылт – күлгін түсті болып табылады.

Сальмонелла және мәдени ұқсас штаммдардың, сонымен қатар Proteus тұқымдас бактериялар мен шектік таяқша топтарының бактерияларының дифференциациялары үшін несепнәр орталарды (Прейс, Рессель, Олькениц орталары), SS – агар (Salmonella – Shigella - агар) және тағы да басқалар қолданады. Бұл орталардың түстері сілтімелі заттардың қалыптасуымен азоттық заттардың микроорганизмдермен тең емес деңгейде интенсивті ажыраумен шарттасады. Шек сияқты таяқшалардың топтарының бактериялары және Proteus (0 - формадан басқасы) қағидаға сәйкес SS – агарада өсірмейді, ал сальмонеллалар түссіз, нәзік колония кейпінде өседі. Тығыз дифференциалды диагностикалық орталар тек бактериялардың Salmonella тұқымдасына жататындығын және де, сонымен қатар оған жалғасқан микрофлораны ажыратуды анықтайды. Және бұл оның басты қызмет болып табылады.



2.4.Дерттенуі

Ауру қоздырушысы ас қорыту немесе тыныс алу мүшелеріне енгеннен соң қанға өтіп, бауырда, көк бауырда, бүйректе, жыныс мүшелерінде іркіліп, қабыну процестерін тудырады. Кей жағдайда сальмонеллалар тек ішек – қарында ғана көбейіп, қанға аз мөлшері өтеді. Тыныс мүшелеріне түскен қоздырушы микроб септицемия тудырады. Инкубациядағы жұмыртқаға түскен микроб токсиндері эмбрионның өлуіне себеп болады.

Сальмонеллездің инкубациялық кезеңі әртүрлі. Ол жұғу жолына, организмнің резистенттілігіне, қоздырғыштың вируленттілігіне, ортаның өзіндік факторына байланысты.

Н.А.Михин (1936) бойынша құсқа індетті жасанды жұқтыру кезінде жасырын кезеңі 1,5 – 2 кейде 5 күн. Байқауымызша ол қоздырғыштың енетін жеріне байланысты. Құсқа тері арқылы жұққанда ауру белгілері 4 – 6 сағатта байқалады. Н.А.Михин жасанды жұқтырғанда инкубациялық кезеңнің 12 сағатқа дейін барғанын, табиғи контактты жолмен жұққанда 5 – 24 күнге дейін созылғанын анықтаған.

Шаруашылық жағдайында А.М.Ахметов инкубациялық кезеңнің 4 – 20 күнге дейін созылғанын бақылаған. Емізулі төлдерде жасырын кезең 7 – 20 күн, ал оқшауланбаған, үнемі бір ыдыстан сүт ішетін ауру бұзауда бұл кезең 4 – 8 күн болды.

Құстарда жасырын кезең құстың жасына және қоздырғыштың ерекшелігіне байланысты болады.


Пуллороз кезіндегі организмнің ішкі көрінісі



2.5. Патогенезі



И.Ф. Квеситадзе (1950) қоздырғыш организмге түскен соң тез арада ішекте көбейедіде сол жерден ішкі мүшелерге, бауырға, талаққа, бүйрекке т.б. таралады деп жазды.

Н.И.Притулин (1963ж) сальмонеллездің дамуындағы патологиялық үрдісті бірнеше фазаға бөлді: микроорганизмдерің бейімделуі, аймақтық инфекция, гематогенді диссиминация, септицемия. Аймақтық инфекция фазасында кейбір бактериялар таяқша тәрізді формадан кокктәрізді формаға ауысып, түрін өзгертеді.

Сальмонеллездің патогенезінде токсин үлкен рөл атқарады. А.И.Аверихин (1955ж) осы ауруда оргнаизмдегі көптеген патологиялық өзгерістер сальмонеллездік токсиннің әсерінен болады деп көрсетті.

Организмнің резистенттілігі құс сальмонеллезбен ауруға ұшыраса үлкен мағынаға ие болады. Резистенттілік өз кезегінде мынадай шарттар кояды: ол құстың жасына, сонымен қатар оның қалай тамақтандыруы мен баптауына да байланысты болып келеді. Мысалы, пуллороздың пайда болуы балапандардың, күркетауықтардың қызуына әсер етеді.

Нәтижесінде құстарда орталық жүйке жүйесінің қызметі тоқтайды және барлық мүшенің қызметі төмендейді. Қанның қышқылдық тепе – теңдігі ацидозға қарай өзгереді. Ас қорыту мүшесінің қызметі бұзылады, асқазан сөлінің бөлінуі тоқтайды, қышқылдығы төмендейді. Организмге түскен сальмонеллалар әртүрлі ішкі ағзаға түседі, соның ішінде жұмыртқаға да.

Сальмонеллердің көбеюінен қабыну өршиді (көк бауыр, өт жолы, бауыр). Мұндай жағдайда өкпенің, буындардың, бас миының, жатырдың бұзылуы мүмкін.























2.6.Өтуі мен симптомдары


Ауру балапан дел – сал , тәбетә жоқ, тынысы жиілеп, тоқтаусыз іші өтіп, нәжісі ақшыл түсті болады. Балапандар жылы жерге ұйлығып, бір-біріне тығыла береді. Ауру трансовариальді жолмен жұққан жағдайда балапандар 1-3 күндігінде өліп қалады. 10-20 күндік балапандарда ауру баялау өтеді, бірақ өлім көрсеткіші өте жоғары.

Ересек құста пуллороз көбінесе симптомсыз өтеді, бірақ кей жағдайда асқынып, өліммен аяқталуы мүмкін. Ауырған құс жөнді қозғалмй, тәбеті болмайды. Ыстығы 42-43 С – қа жетіп, іші өтіп, шөлдейді

Сальмонеллезбен ауырғандарда 8 – 9 ай бойы олардың иммунитеті қалыптасады. Жаңадан туылған қозылар ,құлындар, торайлар туылған кезде қандарында гамма – глобулин болады. Олар оны анасының уызынан алады. Жатырда спецификалық қанды құрайтын сальмонеллалар антитела, уыз арқылы ол жаңа туылған баласына беріледі және ол колостральді иммунитетті қалыптастырады. Оның уақыттық ұзақтығы 25 – 35 күн. Сондықтан жаңа туылған малдарда колостральді иммунитетті қалыптастыру үшін буаз малға вакцина жасайды, кейін төліне де вакцинаны егеді.

Ауру шыққан шаруашылықта вакина егу алғаш рет 40 күнде концентратталған формалоквасцты егеді ( 10 мл. мөлшерде) , екіншісін- 30 күннен кейін ( мөлшері 15 мл). Колостралды иммунитетке ие болған бұзаулар анасының уызынан тамақтанып өзіне сол иммунитетті қалыптастырады. Себебі анасына екпе жұмыстары жүргізіледі. Бірақ 20 – 30 күндік жаста оларды дәл осы вакцинамен екі реттен 7 – 10 күн аралығында ( екпенің мөлшері біріншілеріне 1,5 мл, екінші егуге 2 мл).

Екпе жұмыстары жасалмаған бұзауларда оларға терінің астынан екпе жұмыстары жасалады. Ол 1 – 2 күндік бұзауға 1 мл мөлшермен, кейін 5 – 7 күндік кезінде (2 мл) және 2 айлық жаста (2 мл. мөлшерде). Сиырларға екпе жасау үшін калибактериозға қарсы екпені және паратифке қарсы екпені қолданады. Белсенді иммунитетті қалыптастыру мақсатында торайларға паратифке қарсы екпені қолданады, қозыларға да дәл солай.



















2.7.Патологоанатомиялық өзгерістер


3-5 күндік өлген балапандардың бауыры мен көкбауыры ұлғайып, катарлы энтерит пен ішек – қарынның кілегейлі қабықтарының қанталауы байқалады. Одан ересек балапандар арықтап, бауыры мен көкбауыры ұлғайып, өліеттенген ошақтар кездеседі, ішектері қабынып, бүйректері ұлғаяды.

Пуллороздан өлген ересек тауықтардың фолликуллалары қабынып, қатпарланып, сыртқы қабығы сұрғылт-сарғыш түсті болады. Ауру созылмалы өткенде бауырда, бұлшық еттерінде өліеттенген ошақтар, перитонит, ішектің бір-біріне жабысуы кездеседі.

Құстың ішегіне түскен сальмонеллалар өсіп – өніп қабыну тудырады да, қан мен лимфаға өтіп, бүкіл денеге таралады. Бактериялардың улы заттары тамырар қабырғаларын зардаптап, эндотелиоциттерді бүлдіреді, қанның ұйысу факторларының белсенділігін арттырады.

Нәтижесінде майда тамырлар кеңейіп, қан ағысы баяулайды, бауыр, талақ, бүйрек т.б. мүшелердің майда қан тамырларында көптеген шашыранды қан ұйыстары мен стаз туындайды, паренхималық мүшелер дистрофияға ұшырайды, қанталаулар пайда болады. Өлімнің тікелей себебі – жіті сепсистік шок.

Сальмонеллердің көбеюінен қабыну өршиді (көк бауыр, өт жолы, бауыр). Мұндай жағдайда өкпенің, буындардың, бас миының, жатырдың бұзылуы мүмкін.

Қайта ауырған малдардың қозғаушысы ретінде өт жолының локалдануы мүмкін. Көптеген клиникалық дерттен арылған малдарда ішектің шырышты безінің қабаттарының қабынуы нәтижесінде ас қорытудың бұзылуы болады.

Жіті және созылмалы өтеді. Жіті сальмонеллез ішектің қабынуымен, бактеремиямен, кейде септицемияға тән нышандармен білінеді. Созылмалы ауру жіті аурудың жалғасы ретінде туындайды, өкпенің немесе ішектің, кейде екеуініңде қабынуымен сипатталады.

Созылмалы сальмонеллез негізінен өкпенің қабынуымен сипатталады. Серозды – катарлы лобулярлық пневмониямен басталған процесс кейін өкпенің алдыңғы бөліктерін тұтас, артқы бөліктердің алдыңғы жағын қамтыған катарлы бронхопневмонияға, кейде фибринді пневмонияға ұласады. Қабынған бөліктер ұлғаяды, сұрғылт – қызыл түсті немесе қошқыл – қызыл түсті, нығыз болады. Плевраның тікелей астында және паренхима тереңінде үлкенді – кішілі іріңдіктер мен өлі ошақтар пайда болып, пневмония асқынады. Пневмонияға көбінесе фибринді плеврит пен фибринді перикардит қосарланады.

Ішек фолликулдары ұлғаяды, айқын көрінеді, тілік бетінде сұрғылт – қызыл түсті, мол ылғалды болады. Шажырақайлық лимфалық түйіндерде осылай өзгереді. Бауыр дистрофияға ұшырап ісінеді, жұмсарады. Бауырда азды – көпті

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!