«Путешествие в страну музыки»

Тақырып бойынша 31 материал табылды

«Путешествие в страну музыки»

Материал туралы қысқаша түсінік
«Путешествие в страну музыки»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Жолтай Ернар Мейранбекұлы

16 «Дюймовочка» бөбекжай-балабақшасының

дене шынықтыру жетекшісі,педагог-модератор.

«Тоғызқұмалақ ойыны арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту»

Есте сақтау мен жүйке жүйесінің саулығын ойласаңыз, тоғызқұмалақты жие ойнау қажет.

Абай Құнанбаев

Тоғызқұмалақ ойыны ұзақ уақыттар бойы қазақ даласында кең таралып, жалпыласып, жалпылық сипат тапқан халықтық қазына. Тоғызқұмалақ ойыны тек жай бұқараның игілігімен ғана шектелмей, көптеген ұлы ойшыл, талғампаз даналардың да ардақтайтын ата мұрасына айналған. Сол өнер өресін ұрпақтан ұрпаққа аманаттап, бүгінге жеткізіп отыр. Тоғызқұмалақ – еліміздің дәстүрлі ұлттық ойындарының бірі. Дәл осындай ұлтымыздың өшпес мәдениет үлгісі мен өнер айшығының бірі – тоғызқұмалақ ойыны. Ол ұлтымыздың атам заманнан бері жалғасып келе жатқан, тамыры тереңге бойлаған дәстүрлі төл мұрасы. Ал, міне бүгінгі таңда осы ұлттық ойынымыз әлемдік деңгейге көтеріліп, жас ұрпақты зияткерлікке, ойлау қабілеттерін арттыруға, жан-жақты ой-өресін жетілдіруге ерекше маңызға ие болып отыр .

Олай болса, біздің мақсат та осы бір асыл қазынаны жерде қалдырмай, қолдан-қолға таратсақ, халқымыздың өнерін өзге республика көлеміне де жеткізсек деген ойдан туып отыр.Себебі, еліміздің қай ұлты мен халқының өнері болса да бір біріне де жаттығы жоқ. Ал “Тоғызқұмалақ” ойынын мұндай дәрежеге көтеру үшін әуелі өз республикамыздың жастары мен басқа да талапкерлері арасында кең таратуға тиіспіз. Балабақша балалары болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті.

Ойын – мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті. Сұлтанмахмұт Торайғыров «Балалықтың қанына ойын азық» деп бекер айтпаған. Өйткені, ойын үстінде баланың бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығуы анық байқалады. Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті – ойын, сондықтан да оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын үстінде қалыптасады

Ұлт ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал ретінде пайдалануымыз қажет. 
Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өресі кең өсіп – жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі.

Ұлы педагог В.Сухомлинский «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек. Сондықтан мектеп жасына дейіңгі баларға үйірме аштым. Тоғызқұмалақ адам бойында 9 түрлі әдет-ғұрып қасиеттерін қалыптастырады:

  1. Ақыл-ой өрісін дамытып, терең ойлануға;

  2. Тәртіптілікке, мәдениеттілікке;

  3. Әдептілікке, ізеттілікке;

  4. Төзімділікке, сабырлыққа;

  5. Еңбекқорлыққа, мақсатқа қол жеткізуге;

  6. Саяхат және туған өлкені қастерлеуге;

  7. Батырлыққа, тез арада дұрыс шешім қабылдауға;

  8. Жігер-намысты шыңдауға;

  9. Достық пен отансүйгіштікке тәрбиелейді.

Мектеп жасына дейінгі балаларға ұлттық ойынның тарихын таныстыра отырып, негізгі ережелерін үйрету, тоғызқұмалақ өнерінің өміршеңдігін түсіндіру. Мектеп жасына дейінгі балаларға тоғызқұмалақтың негізгі шарттарын түсіндіру арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту, математикалық амалдарды тез санау, ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру. Мектеп жасына дейінгі балаларды ұйымшылдыққа, достық қарым-қатынасқа, ұлттық рухты, сананы қалыптастыруға бейімдеу. Тәрбиеленушілердін бойында отансүйгіштік, патриоттық сезімдерді қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау.


Ойнаған Абай, Мұхтар, Шəкəрім,

Сыпырып тастап, талайдың шапанын

Осындай асқар алыптар барда,

Үзілсін ізі қалайша атаның?

Замандарынан Фарабилердің,

Дəуірлерінен дана билердің

Жалғасқан жақсы өнер деп білсең,

Тоғызқұмалақ санап үйренгін.

Тоғызқұмалақ ойынының басты мақсаты– адамға үйлесімді тәрбие беру. Мәні кез-келген жанның ақыл ойы шындап, ми қызметін дамытып, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру. Тоғызқұмалақ ойыны- тек қана ұлттық ойын емес , сонымен қатар осы ойынды ойнайын деген адамдарға да көптеген пайдасы бар. Сонымен қатар тоғызқұмалақ ойыны сонау ерте заманнан ата – бабамыздан келе жатып, қазіргі кезде әлемдік деңгейге жеткен ойын. Балалар ұлттық ойынымызды құрметтейді деп ойлаймын. Олардан үлкен нәтиже күтемін.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.12.2024
114
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі