«Семей қаласының №37
гимназиясы» КММ
Бағыты: физика және
информатика
Секциясы:
информатика
«Python тілінде
программалау»
Жоба авторы: 6 «Г»
сынып
оқушысы Ниязов
Нұраят
Ғылыми жетекші:
информатика
пәнінің мұғалімі: Бахытбек
Б.Б
Семей, 2020
ж.
Аннотация
«Python тілінде
программалау»
«Python
бағдарламалау тілі» – жоғары дәрежелі кодтың оқылуын және
әзірлеушінің өнімділігін арттыруға мақсатталған жалпы мақсаттағы
бағдарламалау тілі.
«Язык
программирования Python» - это язык программирования
на общих цельях направленный на повышение продуктивности
расшифрования высоко качественного кода и
производителья.
“Python programming
language” is a language of programming on general purposes directed
to the encouragement of high quality code reading productivity and
producer
Мақсаты: Бағдарламалау бойынша қазақ
тіліндегі контентті кеңейту және Python бағдарламалау тілінің
негізгі түсініктемелерімен оңай тілде
таныстыру.
Міндеттері:
-
Бағдарламаны меңгеру барысында
ең негізгі принциптерімен
таныстыру;
-
Енгізу мен шығару,
айнымалылар, түсініктемелер, дерек типтері, операторлар,
тармақталу, цикл, функциялар және т.б. бағдарламалаудың негізгі
түсініктерімен таныстыру.
Болжам: Python бағдарламалау ортасы
оқушыларға компьютерге тапсырмаларды орындау үшін
маңызды нұсқаулық жиынтығын жасауға мүмкіндік беретіндігі
болжам.
Зерттеу
тәсілі: 6 сынып оқушыларының
бағдарламалау ортасына деген
қызығушылығы
Зерттеу
объектісі: Python - кез келген қазіргі
заманғы компьютерлік операциялық жүйеде қолдануға болатын жалпы
мақсаттағы бағдарламалау
тілі.
Күтілетін
нәтиже: Python – әртүрлі мақсаттарда қолданылатын,
заманауи әрі кең таралған бағдарламалау тілі. Бұл тілді меңгеру
барысында, сіз бағдарламалаудың ең негізгі принциптерімен танысасыз
және компьютерлік ғылымдар әлемінде әрі қарай өз дамуыңызды
жалғастыра аласыз.
Өзектілігі: Python бағдарламалау тілін
үйренбес бұрын ағылшын тілін жақсы білу керек.
Оны жүктеп, компьютерге орнату қажет. Python3
тегін және оны орнату оңай. Windows, Mac, Linux, және Ubuntu
операциялық жүйелерінде жұмыс
жасайды.
Мазмұны
Кіріспе
Бағдарламалау тілі
(орысша – язык прогроммирования; гр. Proramme – нұсқау, хабарлау) –
хабарларды есептеуіш машиналардың көмегімен сұрыптайтын жасанды
тілдер тобы. Бағдарламалық тілдерде символдарды бірізділікпен
өңдеуге қажет мәтіндер алдын ала жазылып қояды, мәтіндерді бұйрықты
тапсырма деп қарауға болады. Семантикалық шарттары бойынша мәтіндер
мынадай деңгейлерде сұрыпталады: дербес мағынасы жоқ әліпби
таңбалары; шағын тіл бірліктерінің екі жақты атаулары; мағынасы –
бұйрық түрінде емес атаулардың қосындысын білдіретін сөйлемшелер;
белгілі әрекетті білдіретін (бұйрық мағынасында) синтаксистік
құрылымдардан тұратын операторлар тағы басқа. Бағдарламалық
тілдердің өзіне тән сипаты – символдық, сөздік, сөйлемдік, мәтіндік
деңгейлердің ара жігі белгісіздігіне мәтіндерді жазып, ЭЕМ-де
енгізуде ондағы жетімсіздік басқа символдармен толықтырылады.
Бағдарламалау тілі – мәліметті (деректі, ақпаратты) және олардың
алгоритмін (бағдарламасын) ЭЕМ-де өңдеуге арналған формальді
(жасанды) тіл. Бағдарламалау тілінің негізін алгоритмдік тіл
құрайды. Алғашқы бағдарламалау тілі ішкі машиналық тіл болып
есептеледі. Қазіргі бағдарламалау тілі машиналық-бағдарланған,
процедуралық-бағдарланған және проблемалық-бағдарланған тілдер
болып ажыратылады. Машиналық-бағдарланған бағдарламалау тілі өзінің
мәліметтерінің түрі мен алгоритмінің құрылуы бойынша белгілі бір
ЭЕМ-нің (не ЭЕМ класының) құрылымын бейнелейді. Мұның үстіне оның
бағдарламалау процесін жеңілдету және автоматтандыру сияқты
ерекшеліктері бар. Ол машиналық тілге жақын тіл.
Машиналық-бағдарланған бағдарламалау тіліне автокод, алмо, эпсилон,
т.б. тілдер жатады.
1 «Python бағдарламалау
тілі»
1.1 Python бағдарламалау
тілінің тарихы
Python - кез келген қазіргі
заманғы компьютерлік операциялық жүйеде қолдануға болатын жалпы
мақсаттағы бағдарламалау тілі. Ол мәтінді, сандарды, суреттерді,
ғылыми деректерді және компьютерде үнемдеуге болатын кез келген
нәрсені ғана өңдеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Ол күнделікті Google
іздеу жүйесінің жұмысында, YouTube бейне, NASA және Нью-Йорк қор
биржасында жұмыс істейді. Бұл Python бизнестің, үкіметтің және
коммерциялық емес ұйымдардың жетістіктерінде маңызды роль атқаратын
орындардың бірқатары ғана; басқа да көптеген
бар.
Python -
түсіндірілген тіл . Бұл бағдарлама іске
қосылмай тұрып, орындалу уақытында компьютерге оқуға болатын кодты
түрлендірмейді. Бұрын тілдің бұл түрі сценарийлік тіл деп аталды,
оны қолдану маңызды емес тапсырмалар үшін болды. Алайда Python
сияқты программалау тілдері осы номенклатурадағы өзгерісті
мәжбүрледі. Үлкен қосымшалар тек қана Python-да ғана
жазылады. Python бағдарламасын қолдануға болатын кейбір
тәсілдер мыналарды қамтиды:
Алғашында Python тілі Ameoba операциялық
жүйесімен әрекет етуге қабілетті ABC бағдарламаллау тілінің ұрпағы
ретінде алынған. Кеиінірек Python дамып,ең басты және маңызды
бағдарламаллау тіліне айналды.Ең алғаш жаңарту Python 2.0 жаңа
нұсқасы жарық көрді. Біл жаңа нұсқада көптеген функциялар мен жаңа
алгоритмдер түрін көрсетті. Жаңартудан кейін Python тілінің
қолданушылары арта түседі. Алайда бұл тілдің жаңарту бұнымен біткен
жоқ. 2008 жылдың 3 желтоқсанында Python 3.0 жарық
көреді.
Python-ның
жаңартулары[өңдеу]
-
Python 1.0 - қантар, 1994
жыл
-
Python 1.5 - 31-ші желтоқсан, 1997
жыл
-
Python 1.6 - 5-ші қыркүйек, 2000
жыл
-
Python 2.0 - 16-шы қазан, 2000
жыл
-
Python 2.1 - 17-ші сәуір, 2001
жыл
-
Python 2.2 - 21-ші желтоқсан, 2001
жыл
-
Python 2.3 - 29-шы шілде, 2003
жыл
-
Python 2.4 - 30-шы қараша, 2004
жыл
-
Python 2.5 - 19-шы қыркүйек, 2006
жыл
-
Python 2.6 - 1-ші қазан, 2008
жыл
-
Python 2.7 - 3-ші шілде, 2010
жыл
-
Python 3.0 - 3-ші желтоқсан, 2008
жыл
-
Python 3.1 - 27-ші шілде, 2009
жыл
-
Python 3.2 - 20-шы ақпан, 2011
жыл
-
Python 3.3 - 29-қыркүйек, 2012
жыл
-
Python 3.4 - 16-шы наурыз, 2014
жыл
-
Python 3.5 - 13-ші қыркүйек, 2015
жыл
-
Python 3.6 - 23-ші желтоқсан, 2016
жыл
-
Python 3.7 - 27-ші шілде, 2018
жыл
1.2 Python
бағдарламалаумтілінің
мүмкіндіктері
Python тілін
бағдарламалауда қолданудың қажеттігін дәлелдейтін көптеген
мүмкіндіктері бар. Олар
келесілер:
-
xml/html файлдарымен
жұмыс жасау;
-
http сұраныстар
жасау;
-
GUI (графикалық
интерфейс)
-
Веб-сценарийлер
құру;
-
FTP-мен жұмыс
жасау;
-
Кескіндермен, аудио
және видеомен жұмыс жасау;
-
Робототехникада
қолдану;
-
Математикалық және
ғылыми есептеулерді бағдарламалау және
т.б.
Соған
орай python бағдарламасы көптеген
міндеттерді шешеді: резервті көшіру болсын, электронды поштаны оқу
болсын немес қандай да ойынды құру болсын. Python бағдарламалау
тілі ештеңемен шектелмегендіктен оны үлкен жобаларды пайдалануға
болады. Мысалы ретінде, python тілі IT-дің алыптары болып
табылатын, Google және Yandex жобаларында кеңінен қолданылады.
Сонымен қатар, оның қарапайымдылығы мен әмбебаптығы бұл тілді ең
үздік бағдарламалау тілдері қатарына қосады
[15].
Тілін жүктеу және
орнату. Python 3 бағдарламасын өз компьютеріңізге жүктеуді
қарастырамыз. Ол тегін және еш тіркелусіз
орындалады.
Windows жүйесіне Python тілін
орнату
Алдымен
оны ресми сайттан жүктеп алу керек. Басқа сайттардан көшіру
қауіпті, яғни вирустық программалар болуы мүмкін. Программа тегін.
Келесі сайттың адресіне кіру керек: https://python.org/downloads/windows/, ішенен "latest
python release" және python 3 таңдау
керек.
Сурет 1 Бағдарламаны көшіруге
арналған сайттың алғашқы бетінен үзінді
Таңдаған
нұсқа бойынша сипаттамалары жазылған терезе пайда болады. Беттің
соңына дейін көшіп, "download page" ашамыз.
Сурет 5
Жүктеуге болатын файлдар тізімі
Бұл
жерден жүктеуге болатын файлдар тізімін байқауға болады. Сіздерге
егер жүйе 32- биттік болса, онда Windows x86 MSI installer, егер
жүйе 64-биттік болса, онда Windows x86-64 MSI installer файлын
таңдау керек.
Сурет 2
Жүктеуге арналған файлдар тізімі
Python
тілі жүктелгенше күтеміз. Жүктелген файлды ашу керек. Шығарушы
қатарында Python Software Foundation
жазуын көрсеңіздер, онда дұрыс таңдалды. Басқа жазу тұрса, ондай
файлды ашпаған жөн [15].
Сурет 3
Хабарлама терезесі
Барлық
қолданушыларға немесе тек бір қолданушыға орнатуды орындаймыз (өз
қалауларыңызбен орнату керек).
Сурет 4
Орнату жағдайын таңдау терезесі
Орнатуға
арналған буманы таңдау керек. Дискіден кез келген буманы
таңдауға болады.
Сурет 5
Орнататын буманы таңдау терезесі
Компонентерін таңдауға болады. Егер таңдау білмеген
жағдайда үнсіз келісім бойынша қалдыру керек.
Сурет 6
Компоненттерді таңдау терезесі
Python
бағдарламасының орнатылғанын күту керек.
Finish
батырмасын басқан соң бағдарлама орнатылды деп есептеу керек. Бұл
нұсқада IDLE «зірлеу ортасы ендірілген. Дәл қазір алғашқы
бағдарлама жазуға болады.
Енді
алғашқа бағдарламаны кез келген мәтіндік редакторда немесе IDLE
әзірлеу ортасында жазуға болады.
IDLE әзірлеу ортасы. Алғашқы
бағдарлама
Python
бағдарламасын іске қосқан соң IDLE ортасын ашу керек (Python
бағдарламалау тіліндегі әзірлеу ортасы).
Сурет 7
IDLE ортасын іске қосу терезесі
IDLE ортасы бастапқыда
интерактивті режімде ашылады. Кейіннен программаны жазуды бастауға
болады. Салт бойынша алғашқы программа "hello world"
болады.
Python
тілінде "hello world" сөз тіркесін жазу үшін тек бір ғана жолдың
жазылуы жеткілікті:
print("Hello
world!")
Сурет 8
Python тілінде жазылған код
Бұл кодты
IDLE ортасына енгізіп Enter батырмасына шертеміз.Нәтиже келесә
суретте бейнеленген:
Сурет 9
Интерактивті режім терезесі
Осымен
интерактивті режіммен таныс болдық.
Келесі кодтарды да жазып тексеріп көруге болады.
print(3 +
4)
print(3 *
5)
print(3
** 2)
Негізінде
интерактивті режім ең негізгісі болып табылмайды, сондықтан көбінде
бағдарламалық кодтарды файлға жазып, файлды тексеруге жіберіп
отырып жұмыс жаслады. IDLE интерактивті режімінде жаңа файл құру
үшін File → New File (немесе Ctrl + N пернелер комбинациясын басу
керек) [16].
Сурет 10
Жаңа файл құру терезесі
Ашылған
терезеде келесі 15-суреттегі код теріледі:
name =
input("Атыңыз кім?
")
print("Сәлем,",
name)
Сурет 11
Алғашқы бағдарлама коды
Бірінші
жол енгізуді талап етеді, яғни пернетақтадан жазған мәліметті
енгізіп, Enter пернесін шерткенде енгізілген мәліметті name
айнымалысына сақтайды..