жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Қ дыбысы"
Білім беру саласы. Қатынас, Денсаулық.
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сауат ашу.
Тақырыбы: «Қ» дыбысы және әрпін таныстыру.
Мақсаты: Балаларды «Қ» дыбысы және әрпімен таныстыру. Сөз, сөзден сөйлем құрауға үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту. Балалардың ой-өрісімен, шығармашылығын, ойлау қабілетін, сөздік қорларын, тіл байлықтарын дамыту. Балалардың оқуға, білімге деген қызуғышылығын қалыптастыру. Ұқыптылыққа, сауатты жазуға тәрбиелеу.
Әдіс тәсілі: Ойын, түсіндіру, топтық жұмыс, ой қозғау, әңгімелесу.
Көрнекілігі: Слайд, әріптер, текшелер.
|
Іс-әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы Іздену ұйымдастырушы Рефлексті коррекциялау |
Келген қонақтармен амандасу. -Балалар, ашық оқу қызметіміздің шаттық шеңберін ойынмен бастайық. -Сендер ойын ойнағыларың келе ме? Шаттық шеңбері. Дидактикалық ойын: «Ойлан тап» Ойын шарты: Балаларға доп арқылы сұрақ қою. Допты кері лақтыра отыра, сұрақтарға жауап беру. 1-інші сұрақ: Сауат ашу қызметінде нені үйренеміз? 2-нші сұрақ: Әріп дегеніміз не? 3-інші сұрақ: Дыбыс нешеге бөлінеді? 4-інші сұрақ: Қандай-қандай дыбыс? 5-інші сұрақ: Дауысты дыбыс қандай текшемен белгіленеді? 6-ншы сұрақ: Дауыссыз дыбыс қандай текшемен белгіленеді? 7-нші сұрақ: Дыбыс дегеніміз не? 8-інші сұрақ: Дауысты дыбыс қалай айтылады? 9-ыншы сұрақ: Дауыссыз дыбыс қалай айтылады? -Балалар, бүгінгі ашық оқу қызметін бастамас бұрын, өткен әріптерімізді қайталап жіберейік. Тосын сәт: Слайдтан ата-ана Маржан көрінеді. -Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен Диастың анасы боламын. Мен баламның не үйреніп жатқанын білгім келіп, хабарласып отырмын. Сендер қандай әріпті үйрендіңдер? Соны білгім келеді. Тәрбиеші: -Сәлеметсің бе, Маржан! Балалар, біз Диастың анасына қандай әріптерді үйренгімізді көрсетеміз бе? Маржан: -Ендеше менімен «Сөз ойла, тез ойла» ойынын ойнағыларың келе ме? -Ойында мен бір әріпті көрсетемін. Сендер сол әріпті атап, сол дыбыстан басталатын сөз ойлайсыңдар, ойлаған сөздеріңнің орысша, ағылшынша аудармасын айтуларың керек. -Жарайсыңдар, балалар. Әріптерді біледі екенсіңдер. Рахмет сіздерге. -Жарайсыңдар, балалар, өткен әріптерді есімізге түсірдік. -Ендеше бүгінгі ашық оқу қызметіміздің жаңа тақырыбымен танысамыз. Бүгінгі үйренетін дыбыс пен әріпімізді біз жұмбақ қою арқылы табуымыз керек. Жұмбақ: -Сылдырдан қорқады, Шошынып жортады. (қоян) Сұрғылт тартқан түсі бар, Ақсиған көп тісі бар. Тыным таппай жүгіріп, Сілекейі шұбырған. Қыстау маңын ториды, Ауылдың өш бәр ит. (қасқыр) Осы кезде топқа қасқыр мен қоян кіреді. Қасқыр: -Мен тауып алдым, бұл жейтін - зат. Қоян: -Жоқ, мен тауып алдым. Бұл – ойыншық. - Қасқыр мен қоян, сендер қайдан жүрсіңдер? -Неменеге таласып жатсыңдар? -Әкелші, қане көрейін. -Бұл жейтін зат та емес, ойыншық та емес. Бұл – біздің бүгінгі оқу қызметімізде өтейін деп отырған «Қ» әрпі. -Ендеше, қоян, қасқыр, сендер ренжіспей, балалармен бірге бірігіп оқу қызметімізге қатысып, жаңа әріпті үйреніңдер. -Қане кім айтады? Қасқыр мен қоян сөзінде басқы әріп қандай әріптен басталады? -Ендеше қасқыр, қоян сөзін буынға бөлейікші. -Неше буыннан тұрады екен? -Қоян деген сөзде неше дауысты және неше дауыссыз дыбыс? -Балалар, «Қ» дыбысы дауыссыз дыбыс. Балалар, дауыссыз дыбыс қандай текшемен белгіленеді? -Қане қолымызды иегіміздің астына қойып, «Қ» деген әріпті айтайықшы. -Қане иегіміз қолымызға тиеді ме? -Олай болса, «Қ» дыбысы қалай айтылады екен? -Ендеше сендер «Қ» дыбысынан басталатын сөздер ойлап, айтыңдаршы. -Енді осы сөздерді буынға бөлейік. -Енді, балалар, қысқа буындарды айтайықшы. -Мен қазір сендерге бір өлең шумағын оқимын. Сендер сөзде «Қ» дыбысы бар екенін естеріңе сақтап отырыңдар. Құлыншағым, құндызым, Құлдырайды, шабады. Жылтылдаған жұлдызым, Құстай қанат қағады. (І.Жансүгіров) -Ендеше, балалар, алдарыңдағы текшемен қар деген сөзді жазып, талдау жасайық. -Қане кім жазып көрсетеді? -Аяжан, сен жазып көрсетші. -Неше дыбыс? -Неше дауысты дыбыс? -Неше дауыссыз дыбыс? -Дауысты дыбыс сөздің қай жерінде орналасқан? -Жарайсыңдар, балалар, біз қар деген сөзге дыбыстық талдау жасадық. Сергіту сәті: Д/ойын «Дыбысты анықта» Ойын шарты: Балалар орындарынан тұрып, тәрбиеші «А» дыбысынан басталатын сөздер айтқан кезде қолдарын шапалақтайды, ал «Қ» дыбысынан басталатын сөздер айтқан кезде топылдатады. -Жарайсыңдар, ойын сендерге ұнады ма? -Мынау «Қ» әрпінің үлкен баспа түрі, мынау «қ» әрпінің кіші баспа түрі. -Ендеше алдарыңдағы қима әріптермен жазу жазайық. -Бірінші дауысты топ: Қой деген сөзді жазамыз, Екінші дауыссыз топ: Қар деген сөзді жазамыз. Үшінші әріптер тобы: Ақ деген сөзді жазу. -Қой дегенде сөзде «Қ» дыбысы қай жерде орналасқан? -Қар деген сөзде қай жерде орналасқан? -Ақ деген сөзде? -Ендеше осы сөздерге сөйлем құрайық. Қорытындылау: -Бүгінгі оқу қызметімізде қандай әріппен таныстық? -«Қ» әрпі қандай дыбыс? -Қасқыр, қоян, сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма? -Олай болса, қасқыр, қоян, сендер үйренген әріптеріңді ормандағы аңдарға үйретіңдер. Біздің балалардың қандай алғыр, білімді екенін айта барыңдар. -Сау болыңдар! Балаларды мадақтау. |
|
Күтілетін нәтежие:
Білу керек: Қ дыбысы дауысыз дыбыс және оны көк текшемен белгілейтінін.
Игереді: Буынға бөлуді, дыбыстық талдау жасауды.
Орындады: Қ дыбысынан басталатын сөздерге сөйлем құрауды.
МКҚК «Құлыншақ» балабақшасы


ДЫБЫСЫ ЖӘНЕ ӘРПІМЕН ТАНЫСУ
(Ашық оқу қызметі)
Өткізген: тәрбиеші Мирманова Н
2017жыл
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген