Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

"Қ дыбысы"

Материал туралы қысқаша түсінік
мекепке дейінгі ұйым мүшелеріне керек.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімі: «Дыбыстау»

Тақырыбы: Қ дыбысы. Қожанасырдың қонақжайлылығы.

Мақсаты: Балаларды Қ дыбысымен таныстыру.

Міндеттері:

Түзете – білімділік: Қ дыбысының артикуляциялық кескінін нақтылау.

Түзете – дамытушылық: балалардың фонематикалық есту қабілетін дамыту. Қ – Ғдыбыстарының айтылуымен естілу айырмашылығын түсіну. Қ дыбысын сөздің басында, ортасында, сқңында табу. Зейіні мен есте сақтау қабілетін дамыту, игровизормен тақтамен жқмыс жасауға үйрету, мнемотехника әдісі бойынша тақпақ жаттауға үйрету. Ұсақ моторикасын дамыту.

Түзете – тәрбиелік: Балалардың қазақ тіліне деген қызығушылықты арттыру, топпен жұмыс істеуге үйрету, ұқыптылыққа баулу. Ұлттық педагогиканы дәріптеу арқылы – балалар бойына Отан сүйгіштік (патриотизм) қасиетті сіңіру.

Пәндік дамытатын орта: Алтын сандық, флипчарт бағдарламасы, суреттер, асықтар, қоржын бала алдына таратылған, үйлестірмелі көрнекіліктер, тосын сыйға боямақтар.

Билингвалды сыңары: дыбыс – звук, сандық – сундук.

Іс-әрекет кезеңдері

Логопедтің әрекеті

Балалардың әрекеті

Ізденіс себептері


























Ұйымдастырушылық кезеңі

Шаттық шеңбер

Армысың Алтын күн!

Армысың Көк аспан!

Армысыңдар достарым

Сендерді көріп қуанам!

Здравствуй Солнце золотое!

Здравствуй Небо голубое!

Здравствуйте мои друзья

Очень рад вас видеть Я!

Жарайсыңдар балалар! Пошташы қонаққа келеді.

Сәлеметсізбе бе?


6 «бөбекжай – бақшасы» ма?

12 «Аққайың» тобы ма екен?

Сіздерге арналған жадынаманы логопед компьютерге салады.

Видеодан Қожанасыр шығып сөздерін айтады.

Тосын сәт: Қожанасырдың үйіне көзімізді жұмып барамыз.

Сандықтың сыртында тапсырмалар болады. Балалар сендер сандықты ашқыларың келе ме? Олай болса сиқырлы сандықтың тапсырмаларын шешейік.

1тапсырма: Қызыл хат. Ұлттық ойындарды атап беріңдер, жұмбақты шешіңдер. Әр дұрыс жұмбақ шешімін тапқан бала асық ұпай алады.

Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?





1.Қыста ғана болады, ұстасаң қолың тоңады.

2. Сыбдырдан қорқады, шошынып жатады. Ол не?

3. Бес балаға бір бешпет, бірге киіп, бірге шешпек.

4. Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар.

Қар, қоян, қолғап, қой сөздері қандай дыбыстан басталып тұр?

Осы Қ дыбысымен бүгінгі ашық оқу қызметінде танысамыз.

Балалар қане кім айтады дыбыс дегеніміз не?


Әріп дегеніміз не?


Әріпті біз не істейміз?



Дыбыстар нешеге бөлінеді?


Дауысты дыбыс дегеніміз не?






Дауыссыз дыбыс дегеніміз не?




Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Қыс мезгілінің айларын атап беріңдерші?

Қыс езгілінде ауа райында, табиғатта қандай өзгерістер болады?

Ендеше қане бәріміз қолымызға қолғапты алып қаршықты үрлейміз.

Тыныс алу жаттығуы «Қаршықты үрлеу»


Балалар біз дыбыстарды дұрыс, анық айтуымыз үшін не істеуіміз керек?

Артикуляциялық жаттығулар: сағат, піл, тарақ, футбол

Сағат- ауыз ашық, тіліміздің ұшын ерніміздің екі жағына кезек-кезек апарамыз.

Піл- ернімізді жауып тұрып, алға қарай созамыз, піл тұмсығын көрсетеміз.

Тарақ- тілімізді алға шығарып, тісімізбен тілімізді басып тараймыз.

Қане тақтаға назар аударайықшы Қ дыбысының артикуляциялық кескінін талдайды.









Ойын: Кім тапқыр?

( Қ дыбысын естісең дабылды көтер)

Т П Қ Ш Р Л Қ Н Т Д М Қ

Буында тап

ТА ПУ НО ҚУ РЕ МА ДУ ҚО

Сөзде тап

Қуат, Айна, Қайшы, Үстел, Қар


Сергіту сәті

Жолдарына үңіліп,

Екі бақа жүгіріп

Секіреді бақ-бақ

Ағаштардан аттап

Олар ерте тұрады

Беті қолын жуады

Оңға-солға бұрылып

Бақылдайды ән салып


2тапсырма: Сары хат.

Қандай тіл ұстартулар білесіңдер?Ұпай саны асықпен бағаланады.











3тапсырма: Жасыл хат. Ойын: Ойлан тап. ( Қ дыбысын сөзде тауып, асықпен белгілеу)



4тапсырма: Игровизор ойыны Қ дыбысы бар суреттерді тап


Көзге арналған жаттығу

Саусақ жатттығуы

Шығып еді бармақ қыдырып

Балан үйрек шықты жүшіріп

Шақырды ортан теректі

Қалмады шылдыр шүмекте

Көтеріп кішкентай бөбекті

Серуенге бірге барады

Билейді, ойнайды, тарайды.

Ойын. «Ұйқасын тап»

Келе жатты жұмысқа, ұзын мұртты.....

Өзінше ноян, не қорқақ....

Тұмсығымен шымшып, құрт тереді....

Жарайсыңдар балалар!

Тақпақ

Қуанамын, жазамын

Қолдан түспей қаламым.

Қасиетті Қазаққа

Қызмет қылар балаңмын.

(мнеможолдар арқылы жаттау)


Балалар шеңбер бойына тұрады, қимылмен көрсетеді.





















Иә, әрине









Асық ату, көупар, тоғызқұмалақ, теңге ілу, арқан тартыс, қыз қуу, тақия тастамақ, ақсерек пен көксерек.

-қар



-қоян


-қолғап



-қой


Қ дыбысынан басталып тұр.


Дыбыс дегеніміз – сөздің кішкентай бөлігі.

Әріп дегеніміз- дыбыстың таңбасы.

Әріпті жазамыз, көремізі оқимыз.


-Дыбыстар 2-ге бөлінеді: дауысты және дауыссыз

-Дауысты дыбыс -әндетіліп, созылып айтылады, кедергіге ұшырамайды, қызыл текшемен белгіленеді.

-Дауыссыз дыбыс- кедергіге ұшырап, әндетілмей,қысқа үзіліп- үзіліп айтылады, көк текшемен білгіленеді.

-Қазір жылдың қыс мезгілі

-желтоқсан, қаңтар, ақпан

- Күн суытады, далада қар жауады, аяз болады.




Балалар қолдарына қолғапты алып, қаршықты үрлейді.

Тілге арналған жаттығулар орындауымыз керек












Қ дыбысын айтқанда тіліміздің артқы бүйірі қатты таңдайға жақын орналасады. Қ дыбысы- дауыссыз, қатаң дыбыс. Сондықтан ол қысқа, үзіліп айтылады, көк текшемен белгіленеді. Қ дыбысының таңбасы- Қ әріпі.












Музыка әуенімен сергіту сәтін орындайды







Қа-қа-қа

Бақылдайды бақа.

Аз-аз-аз

Қаңқылдайды қаз.

Ла-ла-ла

Қандай әсем қала.

Қа-қа-қа

Еңбексүйгіш құмырсқа.



Ойын шартын бұзбай ойнау.







Саусақтарымен қимыл- қозғалыс жасайды







-құмырсқа

- қоян

-шымшық

Рефлексивті түзету әрекеті

Логопед балаларды мақтап, мадақтап, сұрақ-жауап ала отырып оқу қызметін қорытындылады. Қожанасыр келіп тосын сыйға сандықтың ішінен қалам береді. Көп қызық бар әлемде, құштар бол сен білімге. Біліп оқып, жалықпа, білмегеніңді анықта сөзімен логопед ашық оқу қызметін аяқтайды.

Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.



Күтілетін нәтиже:

Білуі: Қ дыбысы туралы толық білді.

Меңгеруі: Тапсырмаларды дұрыс, нақты орындады.

Қолдана алуы: Тақпақты мнеможолдар арқылы жаттай алды.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.06.2021
369
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12