15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қ. Жұмаділов "Қозыкүрең" әңгімесі
03.10.17 ж Сынып сағаты
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың 10 кітабы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: «Қазақтың 10 кітабы» жобасын жүзеге асыру, оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жазған еңбектеріі туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру,тақырыбы мен идеясын түсіндіру.
Тәрбиелік мақсаты: оқушыларға Елбасының халықа сіңірген еңбегін, ерлігін жүргізген саясаттын үлгі ету, оқушылар бойына патриоттық тәрбие беру.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың ғылыми еңбектерінің кітап көрмесі, рәміздер, президент туралы слайдтар, үнтаспа, суреттер.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап әдісі
Сабақтың жүрісі: I.Ұйымдастыру. Әнұран орындалады.
-
Кіріспе әңгіме .Біз жыл өткен сайын сол бір тарихи таңдаудың сарқылмас құдіретін жан жүрегімізбен түсінеміз.
Ол – егемен мемлекетте бейбітшілік пен келісімде, өзара сенімде азат өмір сүру таңдауы.
Ол – туған жеріміздің қазынасы мен қазба байлығына дербес иелік етіп, барша қоғамның игілігі үшін өз қалауымызбен жұмсау таңдауы.
Ол – өз тағдырымызды өзіміз айқындау, болашағымызды өз қолымызбен жасау таңдауы.
Біздің жаңа Қазақстанымыз жарық жұлдыз болып дүниеге келді.
Баршамызды Тәуелсіздіктің Ұлы Рухы жебейді, біріктіреді, бойымызға қуат беріп, сенімімізді нығайтады.
Ол алтын күні жарқырап, алтын қыраны қалықтаған Қазақ Елінің ашық аспаны астында дүниеге келген әрбір сәбидің жүрегіне орнайды.
Ол әрбір азаматтың жүрегінде, әр шаңырақтың төрінде, елімізде бой көтерген әрбір үйде, әрбір қала мен ауылда салтанат құрады.
Ол біздің экономикамыздың өсімімен, әрбір жаңа өндіріс орнымен, ұлан-ғайыр Отанымызға төселген әрбір күре жолмен, дала төсіне өнген әрбір тонна алтын дәнмен нығаяды.
Тәуелсіздік – сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі.
Тәуелсіздік – кешегі батыр бабалар өсиет еткендей, Қазақстанды қасық қаны қалғанша қорғау жөніндегі әрбір азаматтың қайсар шешімі.
Елбасымыз «Қазақстан – 2050» Стратегиясы Жолдауында жарқын болашаққа айқара жол ашты. Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген мақсаттарда көздеп отыр. Олар: инженерлік білім беруді және заманауи техникалық мамандықтар жүйесін дамыту, оқыту әдістемелерін жаңғырту, елімізге қажетті технологиялар трансферті мен оларды қолдану үшін мамандарды оқыту. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ. Президент Жолдауының «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі» тарауында Қазақстан халқының денсаулығын сақтау, балаларымыздың денсаулығын қамтамасыз ету ісіне жаңа тәсілдер енгізу мәселесі, ауылдағы медициналық қызметтердің сапасын арттыру көзделген. Бұл Жолдаудың іске асырылуы – Қазақстан Республикасын әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына шығаратыны сөзсіз. Басты мақсат 2050 жылға қарай жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру. Қазақстан ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға тиіс.Н.Ә.Назарбаевтың еңбектері:
«Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму» (А., 1994),
«Ғасырлар тоғысында» (А., 1996),
«Тарих толқынында» (А., 1997),
«Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002),
«Сындарлы он жыл» (А., 2002),
«Еуразия жүрегінде» (А., 2005).
Қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауында осылай мәлім етті.
«Мәңгілік ел – ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – Мәңгілік ел», – деді Президент.
Н.Назарбаев өз тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтау арқылы Мәңгілік ел бола алатынымызды атап өтті.
«Мен мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары, Қазақстан 2050 стратегиясының түпқазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру аса қиын екенін барлығымыз білеміз. Бұл әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан кешкен тарихи шындығы. Өзара алауыздықпен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жібергенін де білеміз. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай, жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама? Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуіміз керек. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – «Мәңгілік ел» біздің өзіміздің қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. «Қазақстан 2050» мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын. Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын. Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін елдігіміз мәңгілік!», – деп аяқтады өз Жолдауын Мемлекет басшысы.
1-топ
“Тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ ” дегенді қалай түсінесіңдер?
2-топ
“ Тәуелсіздік ” бас әріптерінен сөздер ойлап жазу
3-топ
“ Қазақстан ” бас әріптерінен сөздер ойлап жазу
Мысалы:
т-тәуелсіздікті
ә-әлеумет
у-уақыт
е-еншісіне
л-лайықтап
с-сағына
і-іздеген
з-зор
д-дәулеттің
і-ізіндей
к-көреді.
Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі бойынша кері байланыс.
«Өз елім » әнімен қорытындылау.






Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген