Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қабанбай батырдың ерлігі – жас ұрпаққа аманат.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Байгельдина Молдир Толеукадыровна
Семей қаласы, «№16 Т.Аманов атындағы ЖОББМ»КММ ,
тарих мұғалімі, педагог-сарапшы.
Қабанбай батырдың ерлігі – жас ұрпаққа аманат.
Аңдатпа: Қабанбай батырдың ерлігі, соғыс ісінің тәжірибесін жинап, әскери өнерді жүйелі түрде дамытып пайдаланған. Қолбасшының соғыс кезінде жасаған стратегиялық шабуылдары – сол заманның озық технологиясы.
Аннотация: Мужество Кабанбай батыра, накопленный опыт войны и планомерно развитов военное искусство. Стратегические атаки командира во время войны-передовая технология того времени.
Abstract: Kabanbay Batyr’s bravery, accumulated experience of war and systematically developed military art. The commander’s strategic attacks during the war are the advanced technology of the time.
Кілт сөздер: батыр, әскери, технология, ұрыс, стратегия.
Ключевые слова: герой, военный, техника, бой, стратегия.
Keywords: hero, military, technology, combat, strategy.
Ұлы қолбасшы Қабанбайдың азан шақырып қойылған есімі – Ерасыл екені баршаға мәлім. Ол 1692 жылы туып, 1770 жылы дүние салған. Жеті жасында әкесі Қожағұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Қожағұлдың Есенбай, Есенаман, Ерасыл деген үш ұлы болған. Қабанбай Найман ішіндегі Қаракерей руының Байжігіт тармағынан.Он алты жасар бала 1708 жылы жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын (Оджа жырға ноян) өлтіріп, кегін қайтарған. Осыдан кейін Зайсандағы Керей ішіне барып, апайы мен жездесі Бердәулеттің қолында ер жетеді. Өзіне шапқан қабандарды жайратып, «Қабан батыр» атанатыны осы кез. Содан бастап қашан көзі жұмылғанша қылышын қынабына салмаған. «Қазақта Найман Қабанбайдан асқан батыр жоқ,Үйсін Төле биден асқан би жоқ» , - деген екен МәшҺүр Жүсіп Көпейұлы.
1717 жылдан бастап 26 жасында елі мен жерін қорғау жорығы басталады. Найман түмендерін майданға бастап шыққан: « Қабанбай жырында: Алакөл ,Ақсу, Еміл, Есіл, Нұра, Ертіс, Бұқтырма,Аякөз, Көкпекті, Тарбағатай, Үржар, Қатынсу,Мақаншы, Абралы, Шынғыстау, Алатау ,Қаратау, Қарқаралы, Көкшетау, Талас, Бөген, Арыс,Шаян, Түркістан, Сайрам, Шымкент, Қарғалы, Бақанас, Іле, Арқарлы, Қаратал, Лепсі, Басқан, Кеген, Шарын, Текес, Нарынқол, Шонжы, Жаркент, Қарақол, Базар, Ақсуат, Қалба, Зайсан, Маңырақ, Алтай, Сәуір, Марқакөл т.б. және ірі шайқастар Аякөз шайқасы, «Ақтабанды шұбырынды» кезеңі, Түркістан қорғаныс шайқасы, Бұланты өзенің бойындағы шайқас, Сыр бойындағы шайқас, Шұбартеңіз шайқасы, Аңырақай шайқасы, Шаған-Толағай шайқасы, Шорға өзенің бойындағы шайқас, Зайсан көлі бойындағы шайқас,Баспан-базар шайқасы, Ертіс өзенің бойындағы шайқас т.б. шайқастар.
1717 жылы Аягөз шайқасына, 1723 жылы Түркістан қорғанысына, 1724 жылы 32 жасында Түркістанда хан сайланып, қазақтың Бас сардары (Бас қолбасшысы) дәрежесіне көтеріледі. Жапон тарихшысы Зокота «Ресей мен Орта Азия» деген кітабында қазақтардың осы күресі туралы былай деп жазады:сол кезде жонғарлар Орта Азиядағы ірі сахара патшалығы болды. Оған ұйғырлар қарсылықсыз бағынды. Қырғыздар бір мезет қарсылық көрсеткенімен, сұрапыл тегеурінге төтеп бере алмады. Ал ұзақ жылдар бойында жонғарлармен табан тірескен тек қазақтар болды».
1726 жылы Бұланты шайқасына, 1730 жылы Аңырақай – Алакөл шайқасына, кейіннен Шыңғыстау, Ертіс бойындағы шайқастарға қатысып, Абылай ханның бас батырына айналды. Негізгі қазақ сарбаздарының әскері - атты әскер болды. Ал Қабанбай атты әскер соғысының тактикасымен стратегиясын жасады. Атты әскер жаудың негізгі күшімен шайқасты, атты әскер қосымша көп жылқы ұстады, мұның өзі олардың ұзақ қашықтыққа тез жетуіне көмектесті. Атты әскердің қоржынында азық-түлігі болды :екі торсығын біреуінде су, екіншісінде кептірілген ет, құрт, айран болды. 1741 жылы Шыңғыстаудағы Шаған шайқасында ақбоз атпен топ жарып, жауды жеңгені үшін «Дарабоз» атанды. 1751 жылы батыр қолы Сыр бойы, Шымкент, Сайрам, Ташкент қалаларын жоңғарлардан азат етіп, Төле бидің билікке келуіне ықпал жасады. Жоңғарияға айдалып бара жатқан бірнеше мың қарақалпақты құтқарып қалады.
1752-1754 жылдар аралығында Қабанбай басқарған қазақ сарбаздары алдымен Іле, Балқаш, Қаратал өңірлерін жаудан тазартуға қатысты. Осыдан кейін Қарақол мен Нарында, Үржар мен Қатынсуды, Алакөл мен Барлықты азат етіп, терістік бағыттағы Бөгенбай әскеріне қосылады. Одан кейін Баспан – Базар, Шорға, Маңырақ шайқастарына қатысып, Зайсан, Марқакөл, Күршім өңірлерін жаудан азат етті. 1756 жылы жоңғар билеушісі Әмірсананы қуып келген Қытай әскерінің бетін қайтарады. Шонжы, Нарынқол, Кеген өңірлерін қырғыздардан тазартады. 1756-1757 жылдары Еженханның қытай шеріктерін үш мәрте ойсырата талқандады. Қазақ топырағын басқызбайды.
1758 жылы қыркүйекте Барлықтан Үрімжі қаласына 300 жылқы айдатып, қазақ-қытай саудасын бастап берді. Мұны іске асырушылар: ұлы Едіге мен інісі Туматай. 1758 жылғы және 1762 жылғы Аягөзде өткен Қытаймен екі арадағы Қандыжап, Мамырсу бітімдерінде Абылаймен, Әбілпейізбен қатар сөз ұстады. Қытайлар бабамызды «...қазақтың бас, қалқан батыры – қаракерей Қабанбай» деп атап көрсеткен. 1769 жылы 500 адамдық қолмен келген қырғыз батыры Әтеке жырық баласы Қарабекке науқастанып жатқанына қарамастан қарсы шығып, жекпе-жекте Қарабекті өлтірген.
78 жасында соңғы жекпе-жегіне шығып, жауды жайратты. Өмірінде 103 рет жекпе-жекке шығып, бәрін жеңіспен аяқтаған. Дереккөздер ұлы батырдың 1770 жылы 13 қарашада дүниеден өткенін айтады.
Әйгілі ғалым (1829-1913 ж.ж.)Құрбанғали Халид: «Шығыстың бес тарихы» деген еңбегінде: «Абылай ханның дәуірінде батыр және әскербасы болып келген адамдар – Қаракерей Қабанбай батыр, Алтыбай батыр, Ақтамберді батыр, Еспембет батыр, Матай Шөнкей батыр, Керей Жәнібек батыр, Бура Ақбантай батыр, Қанжығалы Бөгенбай батыр, Бәсентиын Малайсары батыр және басқалар. Бұлардың әрқайсысы батырлықтарымен асқақ атақ, абырой алған болса да, олардың батырлығынан өресі биігі Қабанбай батыр еді», – деп жазып қалдырған.
Қабанбайдың жан жары Гауһар (шын есімі Майсара) – бәсентиін Малайсары батырдың қарындасы. Қабанбай батырмен бірге бірқатар шайқастарға қатысқан. Ерлі-зайыпты қос батырдың тұла бойы тұңғышы – Назым қыз да батырлығымен көзге түскен. Батырдың өмірбаянына қатысты тарихи деректерді. Амангелді Төлемісов жинақтап,өз баяндамасында қалың қауымға ұсынды. « Ту көтеріп,ел қорғаған сүйікті батырына халық Ерасы,Нарбала,Ізбасар,Қабанбай,Хан батыр,Дарабоз,Көкірек әулие деген ат – есімдер берген».
Халық арасында Қаракерей Қабанбай батыр жөнінде аңыз-әңгімелер, жыр-дастандар өте көп. Бұған керісінше тарихи құжаттарда Қабанбай батырдың 1740-1762 жылдардағы өмірі ғана тасқа жазылады. Бұл кезде оның есімі ел арасының бітімгершілігіне жүрген дана, би ретінде айтылады.
Қабанбай батыр соғыс ісінің тәжірибесін жинап, әскери өнерді жүйелі түрде дамытып пайдаланған. Қолбасшының соғыс кезінде жасаған стратегиялық шабуылдары – сол заманның озық технологиясы. Солардың бір-екеуіне тоқталамыз.
«Құйрық жеу» соғысы. Бұл тәсіл бойынша, ұрыс кетіп бара жатқан жаудың ең артқы қосының артынан, екі бүйірінен тию. Жаудың алдыңғы қолының беті алда, сондықтан тыныштықпен өткен жерден арттан жау күтпейді. Ал арттағылардың алдыңғы қолға беруіне мұршасы болмайды.
«Айқораланды» ұрысы – жауды айналдыра сыртынан қоршап алып, сонан соң біртіндеп қыса түсу. Бұл ұрысты салу үшін әскер саны аз дегенде жаудың қолынан бір жарым есе артық болуы керек. Саны басым әскер сыртқа қарай беттеген жаумен ұрыс сала отырып оларды қоршап алады. Қалмақтар білмеу үшін, кім сыртқа ұмтылса, сонымен соғыс салу.
«Үлкәр жәрік» соғысы. Мұның мәнісі: бір майданға шауып жүз адам кіреді, ол өзінің алғашқыларымен соғысын бітіріп, ілгері өтіп, қайта майданнан шығып кетеді. Оның артынан шауып екінші жүз, оның артынан үшінші, төртінші келе береді. Осылай мың адам он рет бірінен соң бірі ұрысқа кіре береді, жау қанша мықты болса да, бұл тәсілге шыдай алмайды, быт-шыт шығады», – деп жазады ұлы батырдың соғыс өнерін зерттеген ғалым Қайрат Қарамаңдаев. Қабанбай батыр ұрыс кездерінде ауа райының қолайлы-қолайсыздығын ескеріп, соған сай әскери өнердің түрлі әдіс-тәсілдерін мейлінше орынды қолданған.
Дарабоздың Үмбетей, Кішкентай, Сырымбет, Едіге, Байтық, Мойнақ, Әлі деген жеті ұлы болған. Оларды «Жеті Қабанбай» деп атаған. Кенжесі Әлі жоңғардың соңғы ханы Әмірсананың Мәней деген қызына үйленіп, одан бес перзент көреді. Оларды шешесінің атымен «Бес Мәней» дейді екен. Осы Әлі әкесінің асын өткізген, үш мың жылқы айдаған ірі бай болды деген деректер бар.
1992–1993 жылдары бұрынғы Талдықорған және Семей облыстарында Қабанбай батырдың 300 жылдығы аталып өтіліп, үлкен ас берілген. Батыр туралы жыр-дастандар, зерттеу еңбектері аз емес. Қабанбайдың өмірі мен ерлік күресі Бұхар, Ақтамберді, Үмбетей, Дулат, Тәтіқара, т. б. халық ақындары жырларына арқау болған. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының көне қолжазбалар бөлімінде Қабанбайға арналған жырлардың 4 нұсқасы, Қытай қазақтарында 10-ға тарта нұсқасы сақталған. Бұл жырларды жинау ісіне Ш. Уәлиханов, С. Торайғыров, Қ. Халидұлы, Қытайда тұратын қазақ ғалымдары З. Сәнік, Б. Садықан, т. б. көп еңбек сіңірген. Жазушы Қ. Жұмаділов «Дарабоз» тарихи романын жарыққа шығарды. Ұрпақтарының айтуы бойынша батырдың сүйегі Жоңғар қақпасының сол қапталына, Сарыбел асуына жерленген деген мәлімет бар. Бірақ 1998 жылы Астанадан 30 шақырым жердегі қазіргі Қабанбай батыр ауылының түбінен зираты табылып, кесенесі тұрғызылған.Кейбір мәліметтерде Арқада туып,Арқадағы Есіл мен Нұра ортасындағы Қабанбайдың Үшбұлағы аталаты жерде дүниеден өткен деседі.Ал сүйегі Үшбұлақтан 3 шақырым жерде «Найман қорым» аталатын қырдың үстінде.
Пайдаланған әдебиеттер:
-
Қабдеш Жұмаділов – «Дарабоз» кітабы.
-
Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым.
-
Эл . сайт : https://e-history.kz/kz/news/show/156/.