400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Қабылдаған дұрыс шешімдерім – менің өмірлік ұстанымым

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға,оқушыларға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қабылдаған дұрыс шешімдерім – менің өмірлік ұстанымым

Өмірлік ұстаным.Иә,әр адамның өзіндік ұстанымы,өзіндік өмірлік қағидалары болады.Өмірлік ұстаным адамдардың бүкіл өміріне әсері бар десек, артық айтқандық емес дер едім.

Ұлы ақынымыз Абай: «Сен де бір кірпіш дүниеге,кетігін тап та,бар қалан», -демекші өмірден өз орнын таба білген,өмірлік ұстанымы бар адам қандай бақытты десеңізші.Әрине, мен де сондай бақытты жандардың бірімін. Себебі менің өмірлік ұстанымым – ұстаздық.Ұстаз – ұлағатты есім.Ұстаз- адам бойына білім нәрін себетін жарық сәуле.Ұстазға бар адамзат баласы бас иеді.Өйткені ғалым да,кенші де ұстаздан тәлім-тәрбие алған.Мен де оқушы кезімнен ұстаздарды құрмет тұттым,ұстаз болуды армандап өстім.Міне, бүгінде өз арманыма қол жеткізген жанмын.Сол кездегі бала қиялым – ұлағатты мамандықты таңдауыма жол ашты.Қиындығы мен қызығы қатар жүретін ұстаздық өмірді таңдағаныма еш өкінбеймін.

Қазақтың тұңғыш педагогі Ыбырай Алтынсарин салған дара жол барлық ұстаздарға үлгі боларлықтай.Ұстаз болу көп ізденуді қажет етеді.Қазіргі заман ағымы – функционалдық сауаттылықты,жан-жақтылықты талап етеді.Ұстаз үнемі өзін шыңдап отыру керек.Ол үшін көптеген жаңа технологияларды меңгеруі қажет.Шәкірттерінің жүрегіне жол таба білу,әр шәкірттің бойына тәрбие мен білімнің дәнін егіп,көгерген жасыл ағашқа айналдыру – әрбір ұстаздың басты міндеті деп ойлаймын.Салыстырып қарайтын болсақ,шәкірт тәрбиелеген ұстаз бен ағаш өсірген бағбанның іс-әрекеті бірдей.Бағбан өзінің өсірген ағаштарының түзу өсіп,жапырағын кеңге жайып,жемісін мол алуға бар жан-тәнімен кіріседі.Ал ұстаз болса оқушының партаға дұрыс отыруынан бастап мектеп бітіргенге дейінгі аралықтағы тәрбие,білім мен жан жылуын,мейірімін төгеді.Екеуі де өз еңбектерінің жемісін көріп,бақытқа кенеледі. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» демекші шәкірттерінің жеңісін де,жемісін де көріп,балаша қуанатын да ұстаздар.Мен де өз шәкірттерімнің алтын ұя мектебімен қощтасып, жоғарғы оқу орындарының білім грантына іліккендеріне өте қуанып жүрмін.Олардың бірі –дәрігер,бірі –заңгер болып,қоғамға араласып,халыққа пайдалы қызмет көрсететініне сенімдімін.Мен өз шәкірттеріммен мақтанамын.

Жақсылыққа да,жаңашылдыққа да бастайтын тура жол – оқу. «Надан жұрттың күні – қараң,келешегі тұман»,- деп М.Дулатов айтқандай,егеменді еліміздің тірегі ертеңгі жастарды білімді,тәрбиелі етіп шығару- менің ұстаздық парызым.Таудай талапты қажет ететін мамандық иесі болғандығым,шәкірттерімнің бойына біліммен қатар ізгілік нұрын шашу,тәрбиелеу - менің өмірдегі қабылдаған дұрыс шешімдерім.

«Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында», -деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев атқандай, қоғам үшін,еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек етіп,арқалаған ауыр жүктің аманатын жауапкершілікпен атқаруымыз қажет.

Сөзімді қорытындылай келе,Абай Құнанбаев айтқандай «Ақырын жүріп,анық бас.

Еңбегің кетпес далаға,

Ұстаздық еткен жалықпас.

Үйретуден балаға» -дегендей

барлық ұстаздарға айтарым: «Сіздердің өмірлік ұстанымдарыңыз, қабылдаған дұрыс шешімдеріңіз -ұстаздық.Сол жолда аянбастан еңбек ете берейік»-дегім келеді.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
786
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі