400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

«Қабылданған дұрыс шешімдерім-менің өмірлік ұстанымым»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер мен оқушылар үшін қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Қабылданған дұрыс шешімдерім-менің өмірлік ұстанымым»


Зәкариянова Сандуғаш Зарыққанқызы

Алматы қаласы Түркісіб ауданы

С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы білім беретін

мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі


«... Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналды» Елбасы Нұрсұлтан Әбіш-

ұлы Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында осы ойға ерекше мән берген. «Мәңгілік елдің» дамуы, нық қадам басуы үшін рухани жаңғыру кез келген уақытта құнды екендігін әр азамат түсінеді.Елбасының үстіміздегі жылы жарияланған мақаласы осының айқын дәлелі.Рухани таяздық туралы бүгінде көп айтылады. Жастардың рухани жұтаңдығы туралы тіптен әртүрлі пікірлер бар. Дегенмен, оның тереңіне үңілу керек шығар. Рухани терең, өз елінің мәдениеті мен ерекшелігін сүйетін жастарды қалыптастыру кімнің үлесінде?... «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы осы сұраққа нақты жауап тәрізді.

«Ұлттық салт-дәстүрлеріміз,тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғымыз бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні - бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана» мақаланың өзегі болған осы жолдар әр азаматтың көкейінде сақталуы керек. Ұлы Даланың Ұлы перзенттерін жаңғырту - елім деген әр тұлғаның парызы. Адам рухани құндылығын дамыту арқылы өзінің өмірлік ұстанымын қалыптастырады. Мен өмірлік ұстанымым Ұлы Абайдың «Өзіңе сен, өзіңді алып шығар, ақылың мен еңбегің екі жақтап...» деген ойымен үндесіп жатыр. Өзіңе сену арқылы ғана белгілі бір бағытта дамуға болады. Өзінің еңбегі арқылы ғана белгілі бір белесті бағындырып, биікке қол жеткізуді мақсат еткен адам ғана өмірден өз орынын тауып, «кетігін тауып, кірпіш болып» қаланатыны анық.

Мен ел ертеңі, мәңгілік елдің тұғырлы ұландарын қалыптастыруға үлес қосатын ұстазбын. Бүгінде ұстаздың мерейі, оның мәртебесі, беделі туралы ойлар әртүрлі. Ұстаздарға аяушылықпен қарап, олардың ерен еңбегінің бағаланбайтыны туралы жиі айтылады. Өз басым бұл оймен түбегейлі келіспеймін. Ұстаздық - менің мақтанышым, абыройым. Осы мамандықтың иесі болғаным – менің өмірлік ең дұрыс шешімім болғанын әр сағатым дәлелдей түседі. Себебі мен еліміздің дамуына үлес қосып, ел ертеңі жас ұрпақты қуана тәрбиелеп, мақтана айтып отырмын. Мұғалім қашанда рухани бай адам. Оған ешкімнің таласы бола қоймас. Ол – жаңалықтың жаршысы. Қарапайым ғана мысал келтірейін, кез келген іс-шараға біз үлес қосамыз. Оның несі жаман?... Адам көру, білу, коммуникативтік қарым-қатынас арқылы дамиды. Міне, осындай істің нәтижесінде біз тереңдей түсеріміз айқын. Одан саяси астар іздеу артық деп ойлаймын. Мәселен, елбасының аталған мақаласымен толықтай танысып, оқушыларымызбен ой бөлісіп, түрлі іс-шаралар өткізе отырып, талдау барысында өзіміз де рухани дамып, білімімізбен ерекшелендік. Қандай ортаға түссек те «көзіміз ашық, көкірегіміз ояу».Ал ұстаздардың әлеуметтік жағдай төмен деген де жаңсақ пікір деп ойлаймын. Рухани бай, білімді адамға кез келген уақытта сұраныс болады. Ол адамның тікелей өзіне байланысты.Ақылы мен біліміне сенген адам ұлттық сананың кемелденуіне өз үлесін қосады. Бірақ «қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алатынына» Нұрсұлтан Әбішұлы баса көңіл бөліп отыр. Бұл мақаланың бәсекелік қабілет бөлімінде айқын көрсетілген. Менің ұстаздық ұстанымымда бұл мұғалім, ата-ана, оқушы деген үштікпен тікелей байланысты.Осы байланыс бір мақсатқа негізделгенде ғана, ұтымды жол табылады. Өз ұсанымдарымды негіз ете отырып, қадам басар алдында шешім қабылдайтынымыз анық. Мен мақтана айтып отырған мамандығымның абыройлы болуы осы шешімдеріммен тікелей байланысты.

Тоныкөктен бастау балған «Мәңгілік Ел» қағидасы елінің, ұлтының патриоты болу, ел тәуелсіздігін ұлықтау болса керек. Сондықтан мен алдымдағы әр шәкіртімнің ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, жаңа заман көшіне ілесе алуына ықпал етуім басты әрі нақты ұстанымым деп түсінемін. Және қазақ мәдениетінің дамуына үлес қосып жүрген шәкірттерім осы ұстанымымның жемісі деп ойлаймын.Өнер, "әскери, білім, әлеуметтік салаларда өз жетістіктерімен мақтан етер шәкірттерім осының дәлелі. Олар өз туған елінің ертеңі болам деген жастар, қабылдаған дұрыс шешімдерімен үлгі болып жүрген тұлғалар. «Шәкіртсіз – ұстаз тұл» дейді халқымыз. Сондықтан менің шәкірттерім, олардың жетістіктері –менің ұстанымымның бір шешімі деп түсіну керек. Адам жан-жағына позитивті көзқараспен қарап, күнделікті күйбең тірлікте айналасына жақсылық жасауға ұмтылуы тиіс екні анық .Ол жақсылық дәл қазіргі сәтте қасыңдағы адамдардан басталады. Адами тұрғыда ұстанымымның бастысы осы болуы керек. Күнделікті қарапайым іс-әрекетіміз біреуге жылу сыйлауы мүмкін.Немесе артық бір ауыз сөзіміз адамға ауыр жүк боп артылары хақ. Қазір менің қолымда осыдан 12 жыл бұрын жазылған екі оқушымның хаты отыр.Ол хат «Сізге айтар бір сырым...» деп аталады. Бұл оқушыларымның жан сыры. Онда отбасындағы рухани байланыстың жоқтығы, балалардың жан күйзелісі айтылған. Оқушыларым маған ішіндегісін айту үшін осы хатты ашық, шынайы жазып отыр. Олардың маған сенім артып, көмек сұрап отырғаны, ақыл-кеңесімді, мейірімімді қажет еткені мен үшін құнды. Себебі мен олардың жандарын адами тұрғыда түсіне алатын адам болып тұрғаным деп есептеймін. Олардың өмірден түңілу сәттері ... менің дұрыс шешім қабылдауымды талап етіп тұр. Қалыпты жағдай, жасөспірімдік кезең. Бірақ аса маңызды. Әлі күнге дейін осы хаттарды толқымай оқи алмаймын. Алдымдағы оқушылардың әлеуметтік жағдайына үңілу керектігін үнемі есте ұстаймын. Бұл - менің кәсіби ұстанымымның бірі. Осы жағдайда мұғалім ретінде дұрыс шешім қабылдау өте қиын болды. Оқушыларым ата-анасының менің жағдайдан хабардар екенімді білмеуін қалады. Мен оқушыларыммен де, ата-аналаымен де жеке «Отбасым – байлығым» атты ой салатын, көзге жас үйіретін бейнежазбаларды пайдалана отырып, іс-шара өттім. Сұрақтар мен тапсырмалар негізінен отбасындағы қиындақтарды шешуге бағытталды. Бұл шара екі жаққа да тиімді болды деп ойлаймын. Қазір екі оқушымда өмірден өз орындарын тауып, отбасылы болды. Бірі банкте басшылық қызметте болса, екіншісі Алматы мектептерінің бірінде беделді мұғалім. «Сіздің жолыңызды қуған жалғыз шәкіртіңізбін» деп мақтана айтады. Өмір оларды өз ағымымен дұрыс жолға салды.Оған өз үлесімнің болуы мен үшін қуаныш. Жалпы өз ұстанымдарым арқылы мен өмірде өз орнымды белгілеп, қабылдаған шешімдеріммен абыройлы еңбек атқарып келе жатқанымды білемін.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
277
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі