Материалдар / «Қабырғаларды қаптауға арналған тақталар мен плиткалар»

«Қабырғаларды қаптауға арналған тақталар мен плиткалар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Сантехникалық бөлмелердің қабырғаларымен едендерін қаптау үшін тақталар мен плеткаларды қолданады
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжі


Келісілген Бекітемін

Колледж әдіскері Директордың оқу-ісі

жөніндегі орынбасары ____________ Аймбетова Э.С. ______________ Ермұхан Б.Б

______________ 2021 ж


«Арнайы технология» пәнінен

ашық сабақ жоспары


Тақырыбы : «Қабырғаларды қаптауға арналған тақталар мен плиткалар»

Оқу тобы : ПГС -19 о

Уақыты : 10.02.2021 жыл.

Өтетін орны : № 304 дәрісхана, сағ 10 00.

Оқытушы : Каденова М.Б.



Ашық тәжірибелік сабақ жоспары «Құрылыс және өндіріс пәндері» пәндік әдістемелік комиссия отырысында қаралып,мақұлданды.


Хаттама № _____ «___» ___________ 2021 ж

ПӘК төрайымы : ______________ Майханова К.О.

Қызылорда 2021 ж



Сабақтың тақырыбы: «Қабырғаларды қаптауға арналған тақталар мен плиткалар»

Сабақтың мақсаты:

а)тәрбиелік: болашақ маман ретінде құрылыста қабырғаларды қаптау жұмыстарының орындалу жолын түсіндіру, тереңірек ұғындыру.

ә)білімділік: құрылыс мамандығына деген ықыласын арттыру, студенттердің теориясын тереңірек дамыту.

б) дамытушылық- өз ойымен көзқарасында тұруға студентті қалыптастыру.

Сабақтың түрі: тәжірибелік.

Сабақтың әдісі: түсіндіру,демонстрациялық ,СТО технологиясының «Ой шақыру» әдісі.

Көрнекі құралдар және техникалық жабдықтар: интерактивті тақта, слайдтар, макеттер, оқу құралдары және қаптаушының құрал-саймандары.

Сабақтың өткізілу барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі 2 минут

а) Оқытушының студенттермен сәлемдесуі.

ә) Студенттердің сабаққа қатысуын тексеру.

б) Сабақ дайындығына назар аудару.

ІІ.Өткен тақырыпқа қысқаша шолу жасап өту.

1.Қаптау жұмыстарына қолданатын құрал-саймандарды атаңыз

2.Қаптау жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік ережелерін атаңыз.

3. Плиткалардың түрлері мен өлшемдерін атаңыз.



1.Кіріспе нұсқау.

Жаңа сабақты бастамас бұрын, қаптау жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырып, қауіпсіздік техникасы журналына қол қойдыру.

Жаңа тақырыпты хабарлау.

Тақырыбы: «Қабырғаларды қаптауға арналған тақталар мен плиткалар»

Жоспары : 1. Қабырғаларды қаптауға арналған тақталар мен плиткалар»

2.Студенттердің өзіндік атқаратын жұмыстары

3. Бақылау сұрақтарына жауап.









Жаңа тақырыпқа түсіндірме


«Қабырғаларды қаптауға арналған тақталар мен плиткалар»


Студенттер қаптау жұмыстарының түрлерімен танысып, теориялық сабақтан алған білімдеріңізді тәжірибеде көрсетеміз.

Жаңа тақырыпты СТО технологиясының «Ой шақыру»әдісімен бастаймын.

  1. Керамика-дегеніміз не ? түсінік беріңіз.

  2. Жоспардың 1-бөліміне қысқаша түсіндірме жүргізу.

  3. Слайд арқылы қабырғаларды қаптауға арналған тақталар мен плиткалармен қаптау әдістерін көрсету.

Бейне таспа арқылы студенттерге үлгі ретінде керамикалық плиткамен қаптауды көрсету.


«Қабырғаларды қаптауға арналған тақталар мен плиткалар»


Қаптау-әрлеудің ең берік және сәндік түрі.Ол құрылымдарды қоршаған ортаның әсерінен сенімді қорғайды. Әр түрлі суреттер, оюлар және сәндік композиция алуға болады.

Қаптау ішкі және сыртқы болуы мүмкін. Қаптау жұмыстарын орындау үшін толып жатқан табиғи текті және жасанды әрлеу материалдары пайдаланады.

Қабырғалардың сыртқы қаптауы гранит,мәрмәр,габбро,әк тас, туфтан жасалған қаптауыш тақталардан, керамика тақталары мен тақтайшаларынан, тот баспайтын құрыш және алюминий панельдерінен орындайды.





Ішкі қаптауды жасау үшін глазурлы, керамика, полистироль, әйнек тақтайшалары, бет кірпіш, асбоцемент табақтар, ағаш-жоңқалы қаптайтын тақталар, қағаз-қабатты пластиктар пайдаланады. Керамикалық тақтайшалар бетон негізі немесе цемент-құмды ерітіндіден жасалған жиыстырма бойынша төселеді. Төсеу алдында олар түсі,түрі және өлшемдері бойынша сортталады. Тақтайшаларды төсеу алдында қабырғаға таза еденнің белгісі шығарылады. Осы белгі арқылы бөлме бұрыштарында , ұзын қабырғалардың ортасы бойынша ерітіндіге тақтайшалар реперлер орнатылады.

Қысқы жағдайда ішкі қаптау жұмыстарын жүргізгенде бөлмелердің сыртқы қабырғаларының қасындағы температура 10о С төмен, қапталатын бет 5 о С температурасына дейін жылытылуы керек. Ерітінділер,желімдер және мастикалардың температурасы 15 о С төмен болмауы керек.

Қаптауы дайын болған бөлмелерде жұмыс аяқталған соң 15 күн ішінде 10о С төмен емес температура сақталуы керек.Қысқы жағдайда ішкі қаптау жұмыстарында беттердің дымқылдығына және оларды кептіруге ерекше назар аудару керек. Қаптау жасау бойынша кешенді технологиялық процеске кіретіндер: қаптайтын тақталарды сорттау және дайындау; ертінділер, желімдейтін құрамдар мен мастикаларға әзірлік жасау: бекіту элементтері дайындау; өлшеу, маяктар немесе қатарлағыш жасау; қапталатын бетті белгілеу және қаптаудың бөлшектерін орнату.



Сыртқы беттерді табиғи таспен қаптау.

Сыртқы қаптау құрылысын екі жолмен жүзеге асыруға болады: құралымды элементтерді даярлаушы кәсіпорнында даярлап құрылыс алаңында тек жинақтау және тікелей құрылыс алаңында орындау.Панельдерді, телондарды, импосттарды және т.б. дайындау барысында қаптау тәсілі әрлеу жұмыстарының осы түрін ауа-райы жағдайларына байланыссыз орындауға, технологиялық тасқанды ұйымдастыруға және әрлеу сапасын тиімді бақылауға мүмкіншілік береді.

Зауыт жағдайында мәрмәр, доломит, әк тас, ұлу тас және тас тақталарын формаға бет жағын төмен қаратып төсейді. Тақталар үсті бойынша аралы ерітінді қабатын жайып төсейді, сосын кәдімгі бетон қоспасын салып, оны тығыздайды. Құралымды элементтердің беттерін әрлеуді тікелей құрылыс алаңында қаптау тақталары мен қапталатын бет аралығына құрылыс ерітіндісін толтырып та, толтырмай да жүзеге асыруға болады.

Қаптауды бірінші тәсілмен орындағанда жұмыс өндірісі барысында қалаудың көлденең қатарлар арасына арнайы ілмектер орнатуды ескереді. Ілмектер арқылы ілгектер бекітілген тік шыбықтар енгізіледі.

Қаптауды екінші тәсілмен жасалғанда дайын қабырғада перфораторлармен тесіктер бұрғыланады және оларды шаңнан ауамен үрлеп тазартады. Кейін тесіктерге тот баспайтын құрыштан жасалған бекіткіштер қондырады және тез ұстасатын құраммен тұтастырылады. Қаптау тақталарды бекіткіштерге іліп қояды.

Қаптау қаралған тәсілдердің қайсысымен орындалса да тас тақталарын орнату бұрыштардан, ойықтардан және пилястрлерден басталады, сосын белгіленген қатарлар бойынша қабырға алаңы қайталанады.



2.Ағымдағы нұсқау.

1.Нұсқау карталарын пайдалана отырып, берілген тапсырманы орындау.

ТАПСЫРМА

Тапсырма №1

1.Қаптама жұмыстарына арналған материалдар мен бұйымдарды атаңыз және

плиткалардың түрлері мен өлшемдерін атаңыз

Тапсырма №2

Тәжірибеде керамикалық плиткамен жұмыс жасап көрсетіңіз.





Тапсырма №3

Глазурьлеу-бұйымның су өткізбей,ұзақ сақталуы неге байланысты түсініктеме беріңіз және тәжірибеде көрсетіңіз.




Тапсырма № 4

Толтырғыштардың құрамын қосып,дайын ерітіндімен кафельді тәжірибеде

жапсырып көрсетіңіз.





Тапсырма №5

Тәжірибеде қабырғаға жапсырылған кафелді электродрельмен тесіп көрсетіңіз.

Picture 43

3. Сабақты пысықтап,қорытындылауға арналған төмендегі суреттер,сұрақтар арқылы орындалады.

1. Қаптау жұмыстары неше тәсілден тұрады ?

2 .Пластмасса табақтары немен желімденеді ?

3. Беттерді табақ материалдарымен әрлеу технологиясы қалай жүргізіледі?

4. Ірі қабырғалық тыстауықтар қай жерлерде қолданылады?

5. Диктант жазу.


1.Зауыт жағдайында ................және тас тақталарын формаға .......қаратып төсейді.

2.Қаптауды 1-ші тәсілмен орындағанда қалаудың көлденең қатарлар арасына ............... орнатуды ескереді.

3.Қаптауды 2-ші тәсілмен орындағанда дайын қабырғада .......тесіктер бұрғыланады және оларды.........тазартады.

4.Қаптау қаралған тәсілдердің қайсысымен орындалса да тас тақталарын орнату ......................................басталады.

4. Бағалау.

  1. Үйге тапсырма

  2. Қолданылған әдебиеттер:

1. Завражин Н.Н. Әрлеу құрылыс жұмыстарының технологиясы.Баспа орталығы « Академия» 2016 жыл.

2. Қ.А. Бисенов, Р.Ә. Нарманова, С.С. Үдербаев. Құрылыс материалдары мен бұйымдары. Оқу құралы – Алматы. Издат Маркет, 2007ж

3.Вершинина О.С. Құрылыстағы өңдеу жұмыстары.Москва Стройиздат.1987 жыл.



6. Оқытушы қолы : Каденова М.Б.



























03 Ақпан 2021
596
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі