жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қабыршақсыз балықтарды өңдеу, кейбір балық түрлерін өңдеу
Бекітемін
дир. ӨОЖ орынбасары
С.К.Лукпанова___________
1. сабақ жоспары
Бағдарлама жоспары: Өндірістік тамақтандыру ұйымдарындағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы.
Сабақ тақырыбы: Кіріспе. Пәннің мазмұны. Өндірістік тамақтандыру ұйымдарындағы еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы. Өндіріс орнымен танысу (экскурсия)
Сабақ мақсаттары:
Білімдік: Өндірістік оқыту кезінде білім алушыларды қауіпсіздік техникасымен таныстыру.
Дамытушылық: Білімдерін, ойлау қаблетін дамыту.
Тәрбиелік: Жұмысты сапалы орындауға тәрбиелеу және эстетикаға, этикаға тәрбиелеу;
Сабақ түрі: Аралас.
Пәнаралық байланыс: «Жабдықтау», «сауда есебі»
Оқыту әдісі: Сөздік, көрнекілік, практикалық.
Сабақтың техникалық және материалдық қамтылуы: Жабдықтар,құралдар.
САБАҚ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру бөлімі – 5-6 мин.
1. Оқушылармен амандасу.
2. Жоқ оқушыларды белгілеу.
3. Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Кіріспе нұсқау (30-35 мин)
Оқушылардың зейінің жаңа сабаққа бейімдеу:
Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау:
Тамақтандыру орындарында жаңа, жетілдірілген технологияны енгізу; жоғары дәрежедегі тамақ өнімдерін шығару.Еңбек өнімділігін арттыру, шығарылатын өнімдер сапасын жақсарту.
Жұмыс басталар алдындағы қауіпсіздік техникасы
1. Арнайы киімді киіп(халат), шашты қалпақтың астына мұқият жинау.
2. Электр плитасын қосар алдында, қоректендіру жүйесінің дұрыстығын тексеру.
3. Жұмыс орнын желдету.
4. Жұмысты тек оқытушының рұқсатымен ғана бастау қажет.
Жалпы талаптар:
-
Технология кабинтінде медициналық тексерілуден және қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бойынша нұсқаудан өткен қатысушыларға ғана аспаздық жұмыс жасауға рұқсат етіледі.
-
Аспаздық жұмыс кезінде қатысушылар үшін болуы мүмкін қауіпті және зиянды факторлар:
-
электр жабдықтарының дұрыс жұмыс жасамауы салдарынан электр тоғымен жарақаттану;
-
тамақ дайындау кезінде ыстық тағамдар дайындайтын құрылғыларды пайдалануда сақтық шараларын сақтамау салдарынан күйіп қалу;
-
Пышақпен жұмыс жасау кезінде жарақаттану.
-
Аспаздық жұмыстарды арнайы киіммен ғана орындау қажет: халат және алжапқыш, бас киім т.б. арнайы киімдер.
-
Технология кабинетінде алғашқы медициналық қызмет көрсететін қажетті дәрі-дәрмек пен таңғыш заттар салынған медициналық қобдиша болуы қажет.
-
Оқыс жағдайлар кезінде зардап шегуші немесе куәгер, болған жағдайды бірден оқытушыға жеткізіп, мекеме әкімшілігін хабардар етуге міндетті. Құрал-жабдықтар істен шыққан жағдайда жұмысты тоқтатып, жағдайды оқытушыға айту қажет.
-
Білім алушылар жұмыстың дұрыс орындалу ретін, жеке бас гигиенасын және жұмыс орнының тазалығын сақтауы тиіс.
-
Еңбек қауіпсіздігі бойынша белгіленген нұсқаулар дұрыс орындалмай бұзылған жағдайда, жауапкершілікке тартылады және басқа қатысушылармен еңбек қорғау, қауіпсіздік техникасы бойынша жоспардан тыс нұсқаулық өткізіледі.
Жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасы
1.Электр плитасын қолданып тағам дайындаған кезде, ыдыс міндетті түрде сырланған болуы тиіс.
2.Газ плитасын қолдану кезінде:
-
плитаны қолданар алдында, жұмыс орнын жақсылап желдетіп, желдеткішті қосамыз;
3.Кесуге арналған құрылғыларды қолданған кезде өте сақ болу қажет.
4.Үккішпен жұмыс кезінде өңделіп жатқан өнімді мұқият ұстай отырып, өнім көлемі кішірейген кезінде, өңдеуді тоқтатқан жөн.
5.Ыстық сұйықтықтармен (су, майлы сорпа т.б) жұмыс кезінде қайнап жатқан судың ыдыс ернегінен шығып тасуын болдырмау қажет.
Апаттық жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік техникасы
1. Қатысушы өзін жайсыз с
езінген жағдайда оқытушыға ескертуі қажет.
2. Электр плитасы дұрыс жұмыс жасамай істен шығып, ақау байқалған жағдайда, дереу өшіріп, оқытушыны хабардар ету қажет.
3.Жарақаттанып қалған жағдайда, бірден алғашқы медициналық көмек көрсету үшін оқытушыға айтып, егер қажет болған жағдайда жақын маңдағы емханаға жеткізіп, мекеме әкімшілігін хабардар ету қажет.
Жұмыс соңындағы қауіпсіздік техникасы
1. Электр плитасын ток көзінен ажыратып өшіру қажет;
2. Жұмыс орнын жинастыру, қалдықтарды сыртқа шығару;
3. Қатысушы өзін және арнайы киімін ретке келтіруі қажет;
4. Жұмыс орнын желдету.
Жаңа тақырыпты меңгеру мақсатында еңбек дағдыларын көрсету:
-
Құрал-жабдықтарды таныстырып, көрсету;
-
Электрлі плита және пешпен жұмыс істеу принципін түсіндіру;
-
Электрлі жабдықтарымен жұмыс істеу принципін түсіндіру;
ІІІ. Жаттығулар және оқушыларды өз бетімен жұмыстандыру: (155 – 165 мин)
Өндіріс орнымен танысу (экскурсия)
-
Жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуымен таныстыру;
-
Өндіріс орнында қауіпсіздік ережесінің сақталуын қадағалау;
-
Өндіріс орнында жабдықтармен танысу;
-
Өндіріс орнында аспазшылардын ас дайындау технологиялық процестің орындалуын бақылау;
-
Оқушылардың өзін және өзара бақылауларын қадағалау.
ІV. Соңғы нұсқау: 25 мин.
1. Өндірістік оқыту сабағының қорытындысын шығару;
2. Оқушылардың көріп білген әсерлерімен бөлісу;
3. Түсінгендерін сипаттап, өзара ой бөлісу;
Өндірістік оқыту шебері:Тасанова М.
Бекітемін
дир. ӨОЖ орынбасары
С.К.Лукпанова___________
2. сабақ жоспары
Бағдарлама жоспары:
Сабақ тақырыбы: «Көкөністер түрлерінің классификациясы және тағамдық құндылығы мен химиялық құрамын бағалау, көкөністерді тазалау кезінде шығындардың нормалары мен нақты мөлшерін анықтау».
Сабақ мақсаттары:
Білімдік: Оқушыларға көкөністер түрлерін,тағамдық құндылығы мен химиялық құрамын, шығындардың нормалары мен нақты мөлшерін анықтауды үйрету. ;
Дамытушылық: Оқыту кезінде білім алушыларды білімдерін, есте сақтау қаблеттерін қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: Жұмысты сапалы орындауға тәрбиелеу және эстетикаға, этикаға тәрбиелеу;
Сабақ түрі: Аралас.
Пәнаралық байланыс: Аспаздық, жабдықтау.
Оқыту әдісі: Сөздік, көрнекілік, практикалық.
Сабақтың техникалық және материалдық қамтылуы: Технологиялық сызба; суреттер;көкөністерді өндеуге арналған құрал-жабдықтар, шикізаттар.
САБАҚ БАРЫСЫ:
І. Ұйымдастыру бөлімі – 5-6 мин.
1. Оқушылармен амандасу.
2. Жоқ оқушыларды белгілеу.
3. Жұмыс орындарының сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ. Кіріспе нұсқау (30-35 мин)
Оқушылардың зейінің жаңа сабаққа бейімдеу: Төмендегі сұрақтарға жауап беру.
Сабақ тақырыбы мен мақсатын хабарлау:
Адам қорегінде көкөністердің атқаратын рөлі зор. Олар ағзадағы асқорыту процесін жақсартады.Тамақтану кәсіпорындарында көкөністер салқын тағамдар, сорпалар, тұздықтар, көкөніс тағамдарын, гарнирлер дайындау ушін кең көлемде қолданылады.
Көкөністер төмендегідей топтарға бөлінеді: Түйнекжемістілер-картоп, топинамбур, батат;
Тамыржемістілер- сәбіз,қызылша,шалқан, тарна, шомыр,шалғам,ақжелкек, желкөк,ботташақ, балдыркөк;
Орамжапырақ тұқымдастар-ақбасқауданды, қызылбасқауданды,савойлық,брюссельдік, түсті,кольраби, брокколи;
Пияз тұқымдастар-шалқан басты пияз, көк пияз,порей-пияз, сарымсақ;
Тәтті көкөністер- аскөк, эстрагон,чабер, райхан,майоран;
Жемістілер-асқабақ тұқымдастар(асқабақ, кәділер, қияр,қауын, қауын, қарбыз, патисондар;
Қызанақ тұқымдастар- қызанақ, баклажан,қынапты бұрыш;
Бұршақ тұқымдастар- бұршақ, асбұшақ;
Астық тұқымдастар- қант жүгерісі;
Десерттік- бөрікгүлдер, қояншөп, рауғаш.
Көкөністерді механикалық-аспаздық өңдеу кезектесіп келетін: іріктеу, жуу, тазалау, турау сияқтытехнологиялық әрекеттерден тұрады.
Сұрыптау мөлшеріне қарай іріктеу механикалық өңдеу кезінде керексіз шығынды азайта отырып, белгілі бір тағамды дайындауда көкөністі тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Сұрыптау кезінде бөгде қоспалардан, шіріген және соғылып жаншылғандарынан тазартады,сапасы мен мөлшеріне қарай бөлу жұмыстары жүргізіледі.
Көкөністі жуу- көкөністі жуу машиналарымен немесе қолмен топырақ, құм қалдықтарынан тазарту әрекеті. Бұл машиналардың санитарлық жағдайларын жақсартуға, олардың пайдалану мерзімін ұзартуға жәрдемдеседі.
Көкөністі тазалау дегеніміз-олардың қоректік бағалылығы төмен бөліктерін қолмен не көкөніс тазалағыш машиналар көмегімен тазалау.
Көкөністі турау- көкөністерді біркелкі жылумен өңдеуден өткізуге көмектеседі және оларға әсемдік сыртқы көрініс беріп, дәмін жақсартады.
Өнімдердің салмғы брутто және нетто салмағы болып бөлінеді;
Брутто – өімді өңдегенге дейінгі, яғни тазартқанға дейінгі, сонымен қатар өнімнің таросын(қорап, қапшық ,жәшік) қоса есептегендегі салмағы.
Нетто – өнімнің өңдеуден кейінгі таза салмағы.
Көкөністерді тазалау кезінде шығындардың нормалары мен нақты мөлшерін анықтау
|
Көкөністер |
Брутто |
Нетто |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жаңа тақырыпты меңгеру мақсатында еңбек дағдыларын көрсету:
-
Керекті құрал-жабдықтарды дайындау;
-
Шикізаттарды механикалық өңдеу;
-
Брутто, нетто салмағын есептеу.
Еңбек дағдыларын көрсету барысында келесі жағдайларға көңіл аудару:
-
Жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылғанына;
2.Түйнекжемістілер, тамыржемістілер, орамжапырақ тұқымдастар, пияз тұқымдастар, тәтті көкөністерді ажырату.
Жаңа тақырыптың кіріспе нұсқау бойынша білімдерін бекіту:
-
Көкөністердің адам өміріндегі маңызы?
-
Көкөністер қандай топтарға бөлінеді?
-
Көкөністерді механикалық-аспаздық өңдеу қандай технологиялық әрекеттерден тұрады?
-
Өнімнің брутто, нетто салмағы дегеніміз не?
Қауіпсіздік ережелерін қайталау
1. Көкөністерді өңдеуге арналған жабдықпен жұмыс істеу принципі?
2. Өткір, үшкір құралдармен жұмыс істеу принципі?
3. Өндірістік сабақ кезіндегі жалпы ережелер.
5. Электрлі плита және пешпен жұмыс істеу принципі?
ІІІ. Жаттығулар және оқушыларды өз бетімен жұмыстандыру: (155 – 165 мин)
Оқушыларды топқа бөліп технологиялық карта бойынша жұмыстандыру.
Ағымды нұсқау. Жұмыс орындарын тексеру барысында көңіл аудару:
-
Жұмыс орнының дұрыс ұйымдастырылуын;
-
Жұмыс барысында қауіпсіздік ережесінің сақталуын қадағалау;
-
Жұмыс орындау кезіндегі технологиялық процестің орындалуын бақылау;
-
Оқушылардың өзін және өзара бақылауларын қадағалау.
-
Жеке нұсқау.
ІV. Соңғы нұсқау: 25 мин.
1. Өндірістік оқыту сабағының қорытындысын шығару: «Көкөністер түрлерінің классификациясы және тағамдық құндылығы мен химиялық құрамын бағалау, көкөністерді тазалау кезінде шығындардың нормалары мен нақты мөлшерін анықтау» тақырыбы бойынша сабақ мақсатына жетті.
2. Оқушылардың озат жұмыстарын көрсетіп, мадақтау.
3. Қателерін сипаттап, болу себебін түсіндіру.
4. Жабдықтың , жұмыс уақытының, еңбек тәсілдерінің тиімді пайдалануын
талдау.
5. Бағаларын хабарлау.
6. Үйге тапсырма: Көкөністерді жуу, тазалау және қолмен, механикалық жабдықты пайдаланып кесіп үйрену үшін шикізаттар алып келу
7. Жұмыс орнын ретке келтіру.
Өндірістік оқыту шебері: Тасанова М
Бекітемін
дир. ӨОЖ орынбасары
С.К.Лукпанова___________
3. сабақ жоспары
Бағдарлама жоспары:
Сабақ тақырыбы: «Көкөністерді жуу, тазалау және қолмен, механикалық жабдықты пайдаланып кесіп үйрену»
Сабақ мақсаттары:
Білімдік: Оқушыларда игеретін операцияны дұрыс және сапалы орындаудың әдіс тәсілдерінің алғашқы біліктіліктері мен дағдыларын арттыру;
Дамытушылық: Оқыту кезінде білім алушыларды көкөністерді жуу, тазалау және қолмен, механикалық жабдықты пайдаланып кесуге қызығушылығын дамыту.
Тәрбиелік: Жұмысты сапалы орындауға тәрбиелеу және эстетикаға, этикаға тәрбиелеу;
Сабақ түрі: Аралас.
Пәнаралық байланыс: Аспаздық, жабдықтау.
Оқыту әдісі: Сөздік, көрнекілік, практикалық.
Сабақтың техникалық және материалдық қамтылуы: Технологиялық сызба; суреттер;көкөністерді өндеуге арналған құрал-жабдықтар, шикізаттар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген