Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қадір Мырза Әли " Қызыл кітап"

Материал туралы қысқаша түсінік
4-сынып мұғалімдеріне арналған әдебиеттік оқу сабағына арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тықырыбы: Қ.Мырза Әли.Қызыл кітап.
Мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға жер бетінде жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар әлемі, «Қызыл кітаптың» маңызы туралы жан-жақты түсінік беру. Адам мен жан-жануар табиғаттың бөлінбес бөлшегі ұғымын кеңейту.
Дамытушылығы: Оқушының алған білімдері бойынша түйін сөзді таба білуге, тұжырым, қорытынды шығара білу қабілеттілігін арттыру.
Тәрбиелігі: Оқушылардың табиғаттың жанашары болып қорғауға өз үлесін қосуына табиғатты қорғау парызын орындауға үйрету.
Әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтастыру, ойын
Көрнектілігі: Қ.Мырза Әли портреті, аңдар мен құстар суреті, бейнетаспа буклет, өлеңдер, интерактивті тақста, кесте, үнтаспа.
Пән аралық байланыс: Әдебиет, география, дүниетану, музыка
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру
ІІ. Психология дайындық.
Біздің топта ұл –қыздар
Тату тәтті ойнаймыз
Сыйласатын өмір сүріп
Тек жақсылық ойлаймыз
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көріп қуанам!
ІІІ. Үйге берілген тапсырманы пысықтап алу. А
ғаш сөзіне талдау жасау

Мақалдармен жұмыс.
IV.Жаңа сабақ.
1. Мына жерде бір зат жасырылған .

-Ол не деп ойлайсыңдар?

-Ол неге қызыл түсті?

Қызыл түстің мағынасы неде?

-Үш тұғырлы тіл. Жұмбақ
1. Шиенің түсі қандай ?
Қазақша «Қызыл»
Орысша «Красный »
Ағылшынша «Red»
2. Қабат-қабат қаттама
Ақылың болса аттама.
Қазақша «Кітап»
Орысша «Книга »
Ағылшынша «Book»

-Ол неге қызыл түсті?

Қызыл түстің мағынасы неде?

Қызыл кітап- Красная книга- Red Book
-Бүгінгі өтетін тақырыбымыз –Қ.Мырза Әлидің «Қызыл кітап» өлеңі.

- Алдымен өлеңнің авторы Қ.Мырза Әлимен танысайық. Қ.Мырза Әлі 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. Ол қазақ әдебиетінің өсіп, дамуына үлкен үлес қосқан ақын әрі жазушы. «Балаларға арналған» , «Балдырған», «Пионер» журналдарында жұмыс жасаған. Тұңғыш туындысы 1954 жылы «Пионер» журналында жарияланды. Содан бергі уақыт ішінде 40-тан астам жыр жинақтары мен ән өлеңдері , пьесалары сахнада қойылған. Өлеңдері көптеген шетел тілдерінде аударылған. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанады. Қазақстанның Халық жазушысы, ҚР алғашқы Әнұраны авторларының бірі. 2001 ж. Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды. Қ.Мырза Әли 2011 жылы қаңтардың 22-сі күні дүниеден өтті.

2. Тақырыпты ашу мақсатымен экраннан көрсетілген сурет бойынша әңгіме жүргізу.
Көкорай шалғын, жайқалған гүлдер, сарқыраған өзендер, табиғатқа сән беріп, жұпар иісі мұрныңды жарады. Осы көрніске бүркіт сияқты қыран құстардың қалықтай ұшуы, саққұлақ қояндардың секіруі, алаңсыз су ішіп тұрған киіктердің жайбырақат қалпы табиғат әсемдігін толықтырып тұрғандай.
Слайд №3
3. Әр елде өз табиғатының өсімдіктерін, жануарларын қорғау мақсатында «Қызыл кітап» жазылды. Қызыл кітапқа сирек кездесетін әрі жойылып кету қауіпі бар өсімдіктер мен жанурлар кіргізіледі. Бұл кітап өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлерінің жер бетінен жоғалып, құрып кету қаупі бар кейбір жануар мен өсімдіктерді көрсетіп кету. Мысалы: арқар, құлан, құндыз, жабайы түйе, торпақ. Грейг қызғалдағын –әсемдік үшін жұлады, дәрмене –дәрі жасайды, шырша-шаруашылыққа пайдаланады.
Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет 1978 жылы шықты, екінші басылым 1991 жылы, үшінші басылым 1996 жылы шықты.
Слайд №4
4. Шығарманы мәнерлеп оқып, түсіндіру.
Тірек сөзді тап.
5. Сөздік жұмыс: Күрделі-қиын кезең
Қызыл күмбез- белгі, ескерткіш
Қызыл мандат –құжат.
Оқушыларға кезектестіре оқыту.
6. «Ыстық картоп» ойыны. Сұрақ –жауап арқылы білімдерін бекіту.
1. Егер жануарларға тіл бітсе, ол не деп айтар еді?
2. Жануарларға зиян келтірушілерге сендер не деп айтар едіңдер?
3. Неліктен жануарларды «Қызыл кітапқа» енгізеді.
4. Өз жерімізде «Қызыл кітапқа» енген жануарлар кездесе ме?


9. Осы жерде Қазақстан қорықары туралы қысқаша түсінік беріледі.
10. Эссе жазу. «Аңдарды аяла, адамзат»

11. «Мекенін тап!» Ойыны
«Жер» дегенде, жерде мекендейтін жануарларды атау.
«Су» дегенде, суда мекендейтін жануарларды атау.
«Ауа» дегенде, құстарды атаулары керек.

V.Сабақты қорыту. Бұл мезгілсіз кеткен адам қолынан опат болған саны азайып бара жатқан табиғатты жан- жануарлардың тізімі жазылған құжат. Оларды сақтау әр ұрпақтың борышы.

БҮҮ әдісі.
Білемін Үйренгенім Үйренгім келеді
Өсімдіктерді, жануарларды, аңдарды білемін. Өлеңді мәнерлеп оқи аламын. «Қызыл кітап» бар екендігін, ақын туралы білдім.» «Қызыл кітап» туралы мағлұмат алдым, жан-жануарларды, өсімдіктерді қорғау керектігін үйрендім т.б Оларды қорғауды, табиғатты көркейтуді оның пайдасын, Қызыл кітапқа енбей қалған жануарлар туралы білгім келеді.

VI. Үйге тапсырма беру.
1. «Табиғатты қорғауға қосар үлесім» атты кітапша құрастыру
2.
«Қызыл кітап» өлеңін мәнерлеп оқып келіңдер.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.08.2018
1646
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12