Қадір Мырза Әлі "Ана" өлеңі

Тақырып бойынша 12 материал табылды

Қадір Мырза Әлі "Ана" өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қадір Мырза Әлінің "Ана" өлеңіне ҚМЖ 6 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерізімді сабақ жоспары

Қазақ әдебиеті

Бөлім

ҮІ бөлім. Өнерліге өріс кең

Педагогтың Т.А.Ә.


Күні

02.04.2024 ж.

Сынып

6-сынып

Сабақтың тақырыбы

Қ. Мырза Әлінің «Ана» өлеңі. Автор ұстанымы

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

6.2.3.1 шығармадағы автор мен кейіпкер тіліндегі айырмашылықты (кейіпкер тіліндегі ауызекі сөз, диалект сөздердің болуы, автордың әдеби нормаға сәйкес сөз қолданыстарын) салыстыра талдау;

6.3.3.1 шығарманың идеялық мазмұнын пайымдай отырып (ой толғау, хат, пост, ертегі, өтірік өлең т.б.) жазу

Сабақтың мақсаты

  • Өлеңдегі автор мен кейіпкер тілінің айырмашылығын талдайды.

  • кейіпкер тіліндегі ауызекі сөз, диалект сөз және автордың әдеби нормаға сәйкес сөз қолданыстарын салыстырады.

  • шығарманың идеялық мазмұнын пайымдай отырып хат, ертегі жазады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Педагогтің әрекеті

Оқушының әркеттері

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

5 мин.




3 мин



















5 мин

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу

ә) Психологиялық ахуал. Сабаққа дайын болсақ, оң қолды көтереміз, Бүгінгі көңіл-күй шат болса, сол қолды көтереміз, Бүгінгі сабақ сәтті өтсін десек,алақанды соғамыз.


Өлеңді мәнерлеп оқыту. (Мұғалім, оқушы)

Ана

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым алғаш өлең дастанды.

Қуандым ба,

Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба,

Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба,

Тек өзіңнен жасқандым.

Алғашқы дәм, ол да сендік сүт еді,

Ақ сүт берген қашанда үміт күтеді,

Отанымның өзі сенен басталып.

Жауларыма жеткен жерден бітеді.


1- тапсырма.

Өлең мазмұнын түсіндіру.

«Ана» сөзіне ассосация. Әрқайсымыз ана туралы не білеміз, ойымызға ана туралы не келеді, соны айтып шығайық.


Балалар амандасады, жақсы көңіл күймен сабаққа енеді.





Оқылым.

Тыңдалым.

Өлеңді мәнерлеп оқиды.









Жазылым.

Жеке жұмыс.

«Ана» сөзіне ассосация жасайды.

Оқушылар жауабы: АНА - қадірлі, мейірімді, ақылды, ажарлы аяулы, құрметті және т.б.


«Қошеметтеу» әдісі арқылы бағалайды.



Дескриптор


1. Өлеңді мәнерлеп оқиды.

2. Мағынасын ашады.


Әр мағынасын ашқанға 1 балл. Жалпы 4 балл.







«Бәйге бағалау» әдісі арқылы бағалайды.


Көтеріңкі көңіл-күй.
























Дәптер, түрлі-түсті карандаштар.


Сабақтың ортасы

7 мин





10 мин

2- тапсырма.

Шығармадағы автор мен кейіпкер тіліндегі айырмашылықты (кейіпкер тіліндегі ауызекі сөз, диалект сөздердің болуы, автордың әдеби нормаға сәйкес сөз қолданыстарын) салыстыра талдау.


3-тапсырма.

Өлеңге сатылай кешенді талдау (СКТ) жасайды.

Тақырыбы: Ана

Авторы: Қадыр Мырза Али

Идеясы: Ана мен Отанды қатар қойып, ана ұғымының кең ауқымды екенін ұғынту.

Жанры: өлең

Көркемдегіш құралдар:

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды – метафора. Ақ сүт – эпитет

Өлеңді құрылысына қарай талдау.

Алғашқы дәм, /ол да сендік /сүт еді,/-а, 3бунақ,11 буын.

Ақ сүт берген/ қашанда үміт /күтеді,/-а, 3бунақ,12 буын.

Отанымның/ өзі сенен /басталып./-б, 3бунақ,11 буын.

Жауларыма /жеткен жерден /бітеді./-а, 3бунақ,11буын.

Бұл өлең 3 шумақты, шумақ төрт тармақтан, әр тармақ үш бунақтан, он бір-он екі буыннан тұрады. Қара өлең ұйқасымен құрылған (а,а,б,а).

Жазылым.

Жұптық жұмыс.

Оқушылар өлеңдегі автортың ұстанымын ескере отырып талдау жасайды.


Жазылым.

Жеке жұмыс

Өлеңге СКТ талдау жасайды.





Дескриптор


1. Өлеңдегі айырмашылықты табады.

2. Салыстыра талдайды.


Әр талдауға 1 балл. Жалпы 4 балл







«Бәйге бағалау» әдісі арқылы бағалайды.






Дәптер, қалам.









Дәптер, қалам.

10-мин

4-тапсырма.

Шығарманың идеялық мазмұнын пайымдай отырып, хат жазу.





Үйге тапсырма: Шығарманың идеялық мазмұнын пайымдай отырып, ертегі жазу.

Жеке жұмыс:

Берілген өлеңнің идеялық мазмұнын пайымдай отырып, хат жазу





Дескриптор:

Жалпы ұпай саны-6

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенділігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті балын қойып бағалайды.

Дәптер, қалам.


Кері байланыс

5 мин



Рефлексия «Торсық»

Оқушыларға торсықтың кеселері таратылады, сол кесеге кері байланыс береді.

Оқушылар сабаққа кері байланыс жасап, өз ұсыныстарын жазады.


«Торсық» әдісі арқылы кері байланыс береді.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.04.2024
444
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі