Қадір түні Қыдыр ата келе
ме?
Кей адамдардың «Қадір» түнінің
қасиетін «Қыдыр» атаның келуімен шатастырып, сол түні дастархан
жайып есік-терезені айқара ашып, ұйқысыз «Қыдыр» атаны күтуінің
бірден бір себебі діни сауатсыздығынан. Қыдыр ата өзі кім, оның
үй-үйді аралауы қашаннан басталды?- деген басты сауалға жауап
берелік.
Күн мен түн теңесіп, жер
жамылғысын ауыстырған шақ 22 наурыз біздің халқымыз үшін жыл басы.
Дәл осы жиырма бірінен жиырма екісіне қараған түнді,ислам діні
келгенге дейін «Қыдыр түні», «Бақ берер түн» тағысын тағы көптеген
атпен атап, дастархан жайып ,таң атқанша мифологиялық
сенімдеріндегі «Қыдыр» атаны күткен. Ол әрбір өзін күткен үйге бақ
пен береке,тыныштық пен жайлылық беретін тылсым күш иесі саналған.
Алланы таныған әр бір мұсылман бақты да берекені де ырзықты да
беретін бір Алла екенін біледі.
«Қыдыр» атаның тарихын білсек
енді саубы мол мың айдан хайырлы болған «Қадір» түніне
тоқталайық.
Айлардың сұлтаны Рамазан
айындағы бұл айтулы түн оразаның соңғы он күнінің біріне
жасырынған.Ғұламалардың көпшлігінің пікірімен осы 2018 жылға келіп
отырған «Қадір» түні маусымның 11-нен 12-не қараған түнге сәйкес
келеді
«Қадір» сөзінің бізге белгілі
болған бірнеше мағынасы бар. Сол мағыналарының бірі «үкім түні» Бұл
түнде алдағы бір жыл ішінде кімге қанша ризық берілетіні,кімнің
дүниеге келіп, кімнің дүние салатыны жазылатын
түн.
Ол «абырой, бедел» мағынасына
ие. Бұл түннің салмағы өзге күндермен түндерден ,мың ай яғни 83 жыл
хайырлы. Бұл түні берген садақаң үшін 83 жыл бойына үзбей берген
садақаңның сауабындай сауап алсаң, оқылған намазың мен
құлшылықтарың, ізгі амалдарың мен дұға тілектерің үшін де дәл
осындай сауапқа кенелетіндігің айтылған.
Қадір сөзінің бізге мәлім тағы
бір мағынасы «сығылысу». Бұл түні жерге Алланың әмірімен
періштелерді бастап Жәбірейіл періште де түседі. Сол түскен
періштелердің көптігінен жер оларға тарлық етіп сығылыласады
делінген,
Қадір түнін қалай
өткізген абзалырық?
Бұл түнде Алланы көбірек еске
алып намаз оқу керек. Құран Кәрім оқып, оқи алмасаң
тыңдап,Пайғамбарымызға(с.ғ.с) салауат айтып, уағыз тыңдап, күнәләрі
үшін кешірім сұрап, өзі үшінде өзге баурлары мен жақындары үшін де
дұға ету керек .Өзіңді қинаған қиыншылықтардың шешімін сұрап,
Аллаға ғибадат жасау керек.
Әсте бүкіл нығметтеріңді
сұрамай –ақ берген Алла, сол түні қолымызды жайып шынайы ниетпен
жасаған дұғаларымызды, әрбір тілеушінің тілегін қабыл
алғай.
Өмірғали Сафура
Сәбитқызы
Қызылорда «Қызмет»
колледжі