Материалдар / «Қадірлейік ананы,Құрметтейік қыздарды!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қадірлейік ананы,Құрметтейік қыздарды!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды аналардың еңбегін бағалауға үйрету; Сыйластыққа, достыққа,татулыққа тәрбиелеу; Көпшілік алдында өздерін дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Ақпан 2023
330
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы

мектеп-интернаты



Тақырыбы: «Қадірлейік ананы,

Құрметтейік қыздарды!»


Мақсаты: Балаларды аналардың еңбегін бағалауға үйрету;

Сыйластыққа, достыққа,татулыққа тәрбиелеу;

Көпшілік алдында өздерін дұрыс ұстау

мәдениетін қалыптастыру.


Көрнекілігі: қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, суреттер, слайдтар.

Барысы:

Жүргізуші:

Құрметті асыл аналар, қыз-қызғалдықтар, қадірлі ұстаздар!

Қар астынан қылтиып, бәйшешек бой көтергенде,

көктемнің алғашқы хабаршысы болып, аналар мерекесі келеді.

Бәйшешек соншалықты нәзіктігіне қарамастан, қалың қар

астынан бүршік жарады. Біздің аналарымыз бәйшешектей, барлық

қиындыққа төзімді.

Ұстаз аналар, қызғалдақ-қыздар көктемгі күн мерекелеріңіз

құтты болсын!

1-жүргізуші:

Шуақты көктем келді гүлін алып,

Көктемнің мерекесі бүгін анық.

Өмірдің көктемі де гүлі-аналар,

Ана деп бас иеді күллі халық.

2-жүргізуші:

Біз ғана емес,

Қадір тұтқан балалар.

Аналардан туған небір даналар,

Ана деген – тіршіліктің тірегі

Армысыздар, ұстаз апа, аналар!

1-жүргізуші:

Біз өнерлі баламыз

Бар өнерді саламыз, - деп

сіздер үшін ұлдар өнер көрсетеді.

1-жүргізуші: Мерекелік ас мәзірін жасауға,

2-жүргізуші: Ұлдарымыз әзір біздің қашанда.


Жүргізуші: «Ас адамның арқауы демекші» - демекші ортада

3 - сынып ұлдарының мерекелік салат

жасаудағы өнерін тамашалаймыз.

(музыка қосылады, ұлдар сахнаға шығады)

(Ұлдар салат жасауға кіріскенде, 2жүргізуші көрермендермен сауал жүргізеді)

2 жүргізуші әр баланы көрермендерге таныстырады.

-Ендеше ұлдарымыздың салатының дәмін байқайықшы.

(залдан салаттың дәмін байқауға 3 қыз баланы алып шығады, салаттың дәмін байқаған соң, аспазшылар қыздарды залға шығарып салады)

Жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй – деп ару қыздарға арналған

әнді тыңдайық.

Ән орындалады.

Жүргізуші:

- Келесі тамашалайтындарыңыз, киім тігу демейік, сол

киім түрлерін шатастырмай айыра білу деп алайық.

  • Қазір, тағы да ұлдарымызды қарсы алайық.

(1-сынып ұлдары шығады, әр балаға жыл мезгілдерін атау, жүргізушілер әр үстелге жыл атаулары жазылған қағаздарды қояды.)

Жүргізуші: - Сіздерге аз ғана уақыт беріледі, сол уақыт

ішінде киімдерді тез топтап үлгеріңдер.

1-жүргізуші:

(Әр қатысушының тапсырмасы тексеріледі)

Жүргізуші: - Өте жақсы.

Қошеметпен ұлдарды шығарып салайық!

1-жүргізуші: Өнер өлмес жалғасын тапса,

Өнерлінің он саусағы тең.

2-жүргізуші: Үйренсе білім менен сан өнерін,

Білер еді-ау өнердің не берерін.

Жүргізуші: - Өнерлі – зор, өнерсіз – қор деп

келесі тамашалайтындарыңыз осыншама

өнердің ішіндегі бейнелеу өнері, салынған

суретті түр-түсін келтіріп бояу.

Қазір сахнада біздің ұлдарымыз түрлі – түсті

бояумен жұмыс жасайды, ал қыздар сіздерге

қысқаша сауал жүргіземіз.


(2-сынып ұлдары сурет салуға кіріседі, 2 көмекші

залға сауал жүргізеді)

(2 жүргізуші сахнаға оралып, ұлдарды таныстырып, салған

суреттерін көрсетеді)

Жүргізуші: - Міне, біздің ұлдарымыз нағыз қылқалам

шеберлері екен.

  • Жарайсыңдар! Сіздердің ұлдарға деген қошеметтеріңіз.

(суреттер мен құралдарды алып кетеді. Музыкамен сахнаға барлық ұлдар

шығады)

1-жүргізуші:

- Достықты біз ойлаймыз,

Бірге күліп – ойнаймыз

2-жүргізуші: - Қыздарды біз құттықтап

Мерекесін тойлаймыз!

1-жүргізуші:

- Сіздерге арналған сыйлығымызды тарту етеміз.

(сыйлықтарын беріп сахнаға келеді)

Жүргізуші: - Сіздер бүгін жігіттеріміздің ару қыздарға,

аналарға, ұстаз – аналарға жолдаған көктемгі

сәлемін тамашаладыңыздар.

  • Ал, жігіттер сендерге (аналардың, ару қыздардың күнделікті жасайтын) барлық жұмысты өздерің атқару оңай болды ма?

  • Олай болса, әрдайым ананы, ұстаз – ананы, ару қыздарды сыйлап жүріңдер!

(музыка қосылады)

Ән: «Ана» (хор)

Жүргізуші: - Бойларыңда от бар екен байқадық,

Жүректерде шоқ бар екен байқадық.

Әрқашанда осы шоқты өшірмей

Жалындатып шарықтаңдар әрдайым

  • Бүгінгі аруларға, аналарға, ұстаз – аналарға арнаған мерекелік шарамыз өз уақытына келіп жетті.

1-жүргізуші:

- Өнерімізге ортақтасқандарыңызға алғысымыз шексіз!

2-жүргізуші:

- Тағы да мерекелеріңіз құтты болсын!


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!