жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қадыр Мырза Әлі «Ана» өлеңі
Тaқырыбы: Қадыр Мырза Әлі «Ана» өлеңі |
Мектеп :Ғ.Мәсәлімов aтындaғы ортa мектеп |
|
Күні: |
Мұғaлімнің aты-жөні:Б.Қaдыровa |
|
Сынып:5«б» |
Қaтысқaны: |
|
Пәні:Әдебиет |
Қатыспағаны: |
|
Сaбaқ негізделген оқу мaқсaты (мaқсaттaры) |
Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығына тоқталу. Ана сөзінің мазмұны мен идеясын ашу.
|
|
Сaбaқ мaқсaттaры |
Бaрлық оқушылaр: Ананың күнделікті өмірдегі,қоғамдағы рөлін біледі Оқушылaрдың бaсым бөлігі: Ана өлеңінің мазмұны мен идеясын ашады Кейбір оқушылaр:Ана туралы ауқымды ой айта алады. |
|
Тілдік мaқсaт |
Оқушылaр:Өлең мазмұнын талдай алады. |
|
Негізгі сөздер мен тіркестер: Ана,Отан-Ана,Жер-Ана
|
||
Сыныптaғы диaлог/жaзылым үшін пaйдaлы тілдік бірліктер:
|
||
Тaлқылaуғa aрнaлғaн тaрмaқтaр: Ана есімі неліктен Отан-Ана,Жер-Ана терминдерімен қоса айтылады деп ойлайсыздар? |
||
Жaзылым бойыншa ұсыныстaр: |
||
Aлдыңғы тaқырып |
С.Жүнісов «Ақырғы бәйге» |
|
Жоспар |
||
Жоспарланған уақыт |
Жоспaрлaнғaн жaттығулaр |
Ресурстaр |
Басталуы 5мин |
Қазақ, орыс, ағылшын тілінде «АНА» сөзі бойынша 3 топқа бөлініп отырады. |
Қазақ, орыс, ағылшын тілінде «АНА» сөзі |
|
Психологиялық ахуал Сабаққа дайын болсақ, оң қолды көтереміз, Бүгінгі көңіл-күй шат болса,сол қолды көтереміз,
Бүгінгі сабақ сәтті өтсін десек,алақанды соғамыз.
|
|
Ортасы 30мин
|
« Шеңбер» әдісі. Зымыран сұрақтар арқылы үй тапсырмасын сұрау. С.Жүнісов «Ақырғы бәйге» -Күреңбай сыншы «Мынау жай мал емес, пырақ екен » дегенде, ол Құлагердің қандай сипаттарына сүйеніп айтты? - -Ат үстінде неше түрлі өнер көрсетіп, сырнай тартып жүрген бала кім?
-Мөңкеге Ақанның «Байқа, Құлагерді тым қыспа, шаң қаптырып топ ортасына, ыққа түсе көрме, жел жағына отыр» деген сөзінің мағынасы қандай? |
Доп |
|
Қ.Мырза Әлінің «Қазақ осы» әні қосылып, тақтадан ақын портреті көрсетіледі.
-Балалар, сендерге ән таныс па? -Бұл кімнің өлеңі? Ақын туралы не білеміз? -Қандай өлеңдерін білесіздер?
-Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да ақын, халық жазушысы Қадыр Мырза Әлінің шығармашылығы мен өлеңдеріне арналмақ.
Қадыр Мырзалиев Жымпиты ауылында туған. Ол атақты қазақ ақыны, халық жазушысы. ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген. 1958-1993 жылы « Балдырған» журналында әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы болды. Мырзалиевтің алғашқы өлеңі 1954 «Пионер» журналында жарияланған. Ол «Ақ отау», «Домбыра», «Қорамса..» т.б. шығармаларын жазды. Ол шетел елдері үшін ең атақты адам. Оның еңбектерін шеделдіктер өте жоғары бағалады.
|
Музыкалық құрылғы,интерактивті тақта |
|
Суреттен не көріп тұрмыз?
Маймыл,құс, бүркіт, адам...
- Осы тіршілік иелеріне ортақ...
АНА Дәптерге күнді, тақырып жазу ( Қадыр Мырза Әлі. «АНА» )
Оқулықпен жұмыс
1. Ақынның «Ана» өлеңін мәнерлеп оқыту. (Мұғалім, оқушы)
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Сен деп жаздым алғаш өлең
дастанды.
Қуандым ба,
Өзің бар деп қуандым.
2.Өлең мазмұнын түсіндіру. «Ана» сөзіне ассосация Әрқайсымыз ана туралы не білеміз, ойымызға ана туралы не келеді, соны айтып шығайық. Оқушылар жауабы:
қадірлі мейірімді
ақылды АНА ажарлы
аяулы құрметті
сұлу дос
3.Әдебиет теориясынан білім беру. Дәптерге жаздыру
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды-метафора
Ақ сүт-эпитет
Өлеңді құрылысына қарай талдау. Алғашқы дәм, /ол да сендік /сүт еді,/-а, 3бунақ,11 буын.
Ақ сүт берген/ қашанда үміт /күтеді,/-а, 3бунақ,12 буын.
Отанымның/ өзі сенен /басталып./-б, 3бунақ,11 буын.
Жауларыма /жеткен жерден /бітеді./-а, 3бунақ,11буын.
Бұл өлең 3 шумақты, шумақ төрт тармақтан, әр тармақ үш бунақтан, он бір-он екі буыннан тұрады. Қара өлең ұйқасымен құрылған (а,а,б,а).
Стикердегі диалог 1.Жоқты бар,ашты тоқ ететін кім?
2.Үйдегі алтын қазық кім? 3.Балаға ақыл беретін кім?
|
Оқулық |
Аяқталуы 5мин |
Ой толғаныс. 5 жолды өлең құрастыру. 1. Зат есім. Кім? АНА 2. Сын есім.Қандай? 3. Етістік. Не істейді? 4. 4 сөзден құралған сөйлем. 5. Синоним.
Үйге тапсырма беру.Өлеңді жаттау,ақын өмірін оқу Сабақты бағалау. Кері байланыс. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген