жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қадыр Мырза Әлі «Кәрі Қыран» өлеңі
|
Сыныбы: 9 б |
11 наурыз 2015 ж |
Пәні: Қазақ әдебиеті |
Пән мұғалімі: Жуман Мадина Жақсылыққызы |
|
|
Сабақтың атауы: |
||||
|
Сілтеме: |
Әдебиет «Атамұра» 2012, жоспар, ресурстар. |
|||
|
Жалпы мақсаты: |
Ақынның өмірі мен шығармашылығынан мәлімет бере отырып, ақын өлеңінің идеясын, мақсатын ұғындыру. |
|||
|
Оқыту нәтижесі: |
Оқушылардың поэзияға деген қызығушылығын арттырып, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамыту , ұлт туралы түсініктерін кеңейту,оқушының көзқарасын қалыптастыру, пікірін туғызу,ойын анық жеткізуге жетелеу. |
|||
|
Сабақтың түрі |
Шеберлік сабағы |
|||
|
Негізгі идеялар: |
Өрлікке, ерлікке, адамгершілік пен намысшылдыққа, қайсарлыққа, арлылыққа тәрбиелеу.Халқымыздың асыл қасиеттерін бойына сіңіруге жағдай туғызу. |
|||
|
Дереккөздер: |
қулық, парақшалар, интернет, қосымша нұсқаулықтар, әдеби оқулықтар. |
|||
|
Әдіс-тәсілдер |
Топтық жұмыс, «Болжау» әдісі, диалог,Ой қозғау әдісі, «Ойлан, тап!»Сөздік жұмысы, 5 жол өлең әдісі, Ой толғаныс, «Өрмекшінің торы» әдісі, «Әуе шары» әдісі |
|||
|
Сабақ барысы : |
||||
|
Сабақ кезеңдері |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
||
|
І. Ұйымдастыру кезеңі: |
1.Оқушылармен сәлемдесу Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру. 2.Тренинг. Топқа бөліну. 3.Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару. Бүркіт тобы: байқасқа, ақиық, қараша, көнтабан шөгел Қаршыға тобы: тұйғын, қаршыға, шәулі, қырғи Лашын тобы: бидайық, лашын, жағалтай, тұрымтай |
Құс атаулары арқылы топқа бөлінеді. |
||
|
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру |
«Менің ауылым» тақырыбында шағын шығармаа жазу |
Шығармаларын оқушылар оқиды. |
||
|
Қызығушылықты ояту |
Мұғалім сөзі : Ана тілің-арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл Өз тіліңді құрметте ! -Осы өлеңнің авторы кім? |
Ақын суреті, портреті бойынша сөйлейді. |
||
|
«Топтастыру» стратегиясы бойынша оқушылар жұмыстанады. |
Біртуар тұлға Бұрынғы әнұран авторларының бірі Ақын Ән мәтінінің авторы Қадыр Балалар ақыны «Иірім», «Жазмыш» кітабының авторы |
|||
|
«Болжау» әдісі. Қыран суретін, видео ролик көрсету: -Оқушылар, мына құс қандай құс ? 1. Қыранға қатысты қазақта қандай кәсіп бар? 2. Қайда тіршілік етеді, немен қоректенеді? 3. Қыранға қандай құстар жатады? Мұғалім :-Қыран- 7 қазынаның бірі. Қыранға байланысты қандай мақал-мәтел, өлең шумағын білесіздер? Мұғалім :-Біртуар ұлы тұлғаларды халқымыз әспеттеп, құрметтеп отырған. «Қырандай алғыр, қырандай биікке самға» деген ақ тілекті де айтқан. Қырандай алғыр, қырандай биікке самғаған ұлы тұлғалардың бірі - Қадыр Мырзалиев. |
Оқушылар сұрақтар бойынша өз жауаптарын айтады. -Қыран қазасы қияда. -Құс патшасы-бүркіт, аң патшасы- арыстан. -Сұңқар қанаты ұшқанда қатаяды. -Аттың бәрі тұлпар емес, құстың бәрі қыран емес. -Қайырсыз сұңқардан қайырлы тұрымтай артық. Абайдың «Қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі. С. Мұқановтың «Лашын» әңгімесінде қыран құс туралы білдік. |
|||
|
Ой қозғау әдісі |
Қазақстанның туын, әнұраны бар көрнекілікті ортаға әкеліп : -Оқушылар, мына заттардың бүгінгі сабаққа қандай қатысы бар деп ойлайсыздар? Мәтіннен көркемдегіш құралдарды таптыра отырып мұғалім символ туралы мәлімет береді. |
Оқушылар қазақстанның туын, әнұраны бар көрнекілікті пайдаланып, ойларын ортаға салады. |
||
|
Мағынаны тану
|
Жаңа сабақ: Қ. Мырза Әлі «Кәрі қыран» өлеңі Мәтінді өз беттерімен оқушыларға оқытқан соң : -Ақын кәрі қыранды қалай суреттейді? -Қарт қыран қандай халге душар болды? -Қыран неге намыстанды? -«Найзағайдай жарқылдап ғұмыры өтті» деген жолдың мағынасын қалай түсінесіңдер? Одан қыранның өткен ғұмыры қандай болғаны байқалады? -Қыран өліміне не себепші болды? -Қыранша өмір, өлім-бақыт дегенді қалай түсінесің ?- деген жетекші сауалды қоямын. |
Қадыр Мырзалиевтің «Кәрі қыран» өлеңін оқушылар өз беттерімен оқиды. Сұрақтарға оқушылар жауап береді. |
||
|
«Ойлан, тап!» әдісі |
Сөздік жұмысы: Мағынасы қиын сөздермен түсіндірме сөздік жүргізу. Зәбірі артты-азап көрді, жапа шекті. Албасты басқыр (қарғыс)- біреуге кейігенде жамандық келсін деген мағынада айтылады. Тәрк ету - дүниеден безу. Теңеулерді таптыру. Қоладай қайырылып, өртенген самолеттей, дөңгелек шарайнадай. |
|||
|
Өлеңге әдеби-теориялық талдау жасау |
4 3 4 Қанатынан// қаңтардың// қары бүркіп// а 11 4 3 4 Қашатұғын// көргенде // бәрі де үркіп// а 11 4 3 4 Қырағы көз// бүгінде// қарауытып// б 11 4 3 4 Қалғып отыр //қияда// кәрі бүркіт// а 11 11 буынды, 3 бунақты, а а б а — қара өлең ұйқасы , 1 шумақта 4 тармақ |
|||
|
5 жол өлең әдісі |
1.Қыран. 2. Кәрі, жас 3.Ұшады, өледі, аулайды. 4.Қыран-еркіндіктің, тәуелсіздіктің нышаны. 5. Жыртқыш құс, түз тағысы. |
|||
|
Сергіту сәті |
«Мен қазақпын!» биі |
«Мен қазақпын!» биін оқушылар билейді. |
||
|
Ой толғаныс |
«Мен тәуелсіз елдің қыранымын» эссе жазу |
Оқушылар өз ойларынан берілген тақырып бойынша шағын эссе жазады |
||
|
Ой қорыту |
«Өрмекшінің торы» әдісі арқылы алған білімдерін жинақтап, ой түйіндеу |
Қадыр ақынның өмірі, шығармалары, «Кәрі қыран» өлеңі туралы білгендерін қорытып, топтастырады. |
||
|
Кері байланыс: |
«Әуе шары» әдісі |
1. Бүгінгі сабақта не
білдің? 6.Бір тілек тілеу. |
||
|
Үй тапсырмасы |
Ақын өмірі мен шығармаларына реферат жазу. Өлеңді жатқа айту |
|
||
|
Бағалау |
Бағалау парақшалары таратылады. |
Топ басшысы бағалайды. |
||
Бүркіт тобы
Қаршыға тобы
Лашын тобы

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген