жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Қадырдың әдеби әлемі" атты қазақ әдебиеті пәні бойынша арнайы курс
Алматы облысы
Іле ауданы Ынтымақ ауылы
№46 орта мектебі
«Қадырдың әдеби әлемі»
Қазақ әдебиеті пәні бойынша арнайы курс
Авторы: Бұрлыбекова Айнұр Есімханқызы, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі
2019 жыл
№46
орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Бұрлыбекова Айнұр
Есімханқызының
«Қадырдың
әдеби әлемі» авторлық
бағдарламасы
Жалпы орта білім
беретін мектептің 5-7-сыныптарына арналған
( оқу қазақ тілінде жүргізілетін мектептер үшін)
Авторлық
бағдарламаның презентациясы:
«Қадырдың
әдеби әлемі»
арнайы курсы ұлы ақынның әдеби мұрасын
түгел танып, тәлімдік мәні бар шығармаларын
терең оқытуға арналған.
Түсініктеме
Бұл арнайы курс бағдарламасы қазақ әдебиетін оқытуға арналған, орта буын оқушыларының білімдерін жетілдіруге бағытталады. Мектептерде қазақ тілін мемлекеттік тіл дəрежесінде меңгерту міндеттерінен туындайтын, сондай-ақ еліміздің əрбір оқушысы қазақ халқының тілі, əдебиеті, мəдениеті бойынша неғұрлым мол сусындап, оны тану жəне құрметтеу деңгейіне жетуіне оңтайлы жағдай тудыру қызметін орындаудан өріс алатын қағидалар бағдарламаның негіздерін құрайды. Курсты оқыту мақсаты - тәуелсіз еліміздің азаматы ретінде халықтың мәдениеті мен әдебиетін, өнерін танып білуге, сондай-ақ ұлттық құндылықтарымызды құрметтей білетін тұлға қалыптастыру.
Қадыр Мырза Әли өмірін және туындыларын талдау оқушыларды өз ойларын қазақ тілінде жеткізуге төселдіреді. Олардың рухани-адамгершілік тәрбиелілігін дамытып, әдебиеттік-эстетикалық көзқарастарын кеңейтуге ықпал жасайды.
Бұл бағдарлама аптасына бір рет, барлығы-34 сағатқа жоспарланған. Бағдарлама сабақтары әр түрде өткізіледі: сынақ сабақ, семинар сабақ, конференция сабақ, сайыс сабақ, жоба қорғау т.б. Оқыту оқушы түсінігіне жақын және лайықты ұғымдардан басталады. Балаларға үнемі бағыт-бағдар беріп, өз бетімен ізденіп жұмыс жасау үшін қосымша әдебиеттер тізімі ұсынылады.
Оқушылардың жетістіктері «Өзіңді бағала»әдісімен екі рет бағаланады. Балалар білімдерін көрсету түрін өздері таңдайды: жоба қорғау, өлеңдерін талдау, шығармашылық жұмыс жазу(өлең, эссе).
Бағдарламаның мақсаты:
Ұлтымыз үшін баға жетпес байлық болып есептелетін, ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының жан-жақты өсіп, өркендеуіне, кемелденуіне, болашақ ұрпақтың ұлттық рухын қалыптастыруда зор еңбек сіңірген ақын Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен шығармаларын оқушыларға жаңаша қырынан тереңдете меңгерту, ақындық мұраларының ұрпақ тәрбиесіне ықпалының маңызын анықтап, жүйелеу, ақын өмірінің бізге беймәлім тұстарына зерттеу жүргізу.
Бағдарламаның міндеті:
1. Оқушыларды шығармашылықпен жұмыс жасауға, зерттеушілік қабілетін ояту, ғылыми жұмысқа бағыттау.
2. Сөз өнерінің қыр - сырын ұғынуға тиіс.
3. Бәсекеге қабілетті, болашақ еңбек қызметіне мақсат қоя білетін, қоғамның қажеттілігін қанағаттандыратын әдебиетшілер мен журналист мамандарды тәрбиелеу.
4. Өз елінің мәдениетін, салт-дәстүрін, өнерін, әдебиетін сүйетін азамат тәрбиелеу.
Бағдарламаның өзектілігі:
«Қадырдың әдеби әлемі» оқыту бағдарламасы 5-7-сыныптарына арналған оқыту курсы. Бағдарлама мемлекеттік білім стандартына негізделіп, қазақ әдебиеті пәнінің оқу бағдарламаларын басшылыққа ала отырып жазылды.
Бағдарламада ұлт ақыны Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен ақындық жолына терең шолу жасалынды. Оқушылар қазақ поэзиясының қанатын кең жаюына зор үлес қосқан ұлы ақынның әдеби мұрасын ғылыми тұрғыда зерттеп талдайды.
Қадыр Мырза Әлидің шығармаларында көрініс тапқан түрлі тақырыптағы өлеңдері жан-жақты талданады.
Белгілі ғалымдардың, зерттеушілердің Қадыр Мырза Әли жайлы білдірген ой-пікірлері де енгізілді.
Бағдарламаның идеясы:
Қадыр Мырза Әли – ұлттық ақын. Оның туған халқының арғы-бергі өмірі, тіршілігі, туралы жазған өлеңдері өте көп. Ақынның терең идеялы, көркем мүсінді, эпикалық кең тынысты шығармаларының танымдық тәрбиелік мәні зор. Ақын поэзиясы қазақ халқы өмірінің көркемдік шежіресі, әдебиеттегі образды тарихы деуге де болады. Оның әр шығармасынан ұлттық бояуды байқаймыз. Олар қалың оқырманның ойына ой, сезіміне сезім қосады, қиялына қанат бітіреді, эстетикалық ләззат беріп, гуманистік адамгершілік идеяларды толғайды. Ақын шығармалары оқушыларды жалпы азаматтық құндылықтарды танып білуге, ізденімпаздыққа, өзін-өзі тәрбиелеуге, сапалы көзқарас қалыптастыруға, шешендікке тәрбиелеуге бағытталған. Ақын өлеңдеріндегі қазақ болмысы, табиғат бейнесі, ұлт тәрбиесі, т.б. тарихи құндылықтарды естеріне сақтап, басқа да ғылыми зерттеулермен жан-жақты ақпараттандырады.
Бағдарламаның әдістері:
Жаңаша оқыту әдістері: диалогтік оқыту, дамыта оқыту, жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлері
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы: пікірталас, талқылау, ашық, жабық сұрақтар құрастыру, эссе, ойтолғау жазу, таныстырылым дайындау.
Мазмұндық бөлімі
Аптасына – 1сағат, барлығы – 34 сағат
Зерделі жырдың зергері (2 сағат). Оқушылар Қадыр Мырза Әлидің өмірі мен қызметі және өскен ортасы, туған жері туралы өмір деректерінен мәлімет алады.
Дарабоз, дарын ақынның шығармашылық жолы (1 сағат). Әр дәуір өз ақынын тудырады десек, Қадыр шығармалары оның өзі өмір сүрген жылдардағы көркем тілмен жазылған шежіре десе болады. Қадыр Мырзалиевтың поэзиясы сан қырлы. Олар адал еңбек, пәк махаббат, биік адамгершілік, Отан, дәуір, халық, қазақ мінезі, елге, жерге сүйіспеншіліктен бастап, барлық жақсылық атаулыға сүйсініп, соғыс қаупінен бастап, туған табиғатқа деген немқұрайлыққа дейінгі барлық әлеуметтік келеңсіздіктерге ашынады. Ол лирика, поэма, драма, эссе, афоризмдер, аудармалар, ғибратты мөлтек әңгімелер,әдеби сын жазып және балалар әдебиетіне өлшеусіз үлес қосты.
Оқушылар Қадыр Мырза Әлидің шығармашылық жолы, артына қалдырған өшпес мұрасы жайлы мағлұмат беру.
Қадыр Мырза Әлидің ақындық мұраларының мәні (1 сағат). Сан жағынан да, сапа жағынан да осыншама мол әдеби мұрамен жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің байлығын молайта түскен ақын халықтың рухани мәдениетінің байып, биіктей беруіне орасан зор еңбек сіңірді. Оның шығармаларының тақырыптары да әр алуан. Алайда өлеңін қай тақырыпқа арнаса да, Қадыр ақын негізгі нысанасы, адамда, оның еңбегін, дәстүрін, тұтастай тұлғасын танытуға ұмтылады. Адамды жырлауда Қадыр ақынның да өзіндік ерекшелігі, өзіндік мәнері, көркемдік қолтаңбасы айқын көзге шалынады. Мәселен, адамның жан дүниесінің алуан-алуан сырлары бар екенін, адам өмірінің күрделігін ақынның өзінше жыр өрнегіне түсіруге талпынуын көреміз. Қадыр ақын үнемі адам бойынан ізгілікті, жақсылықты жарқын сипаттарды іздеп табуға ұмтылады. Адам басындағы сол ұнамды қасиеттерді биік шабытпен жырлайды. Оның өлеңдерінен ақынның адамға деген шынайы сүйіспеншілігі, махаббаты жарқырап көзге түсіп отырады. Оқушылар қазақ поэзисының бар үлгісін пайдаланып өзінің ұлы өнерін жарқырата көрсетіп, қалыптастырған ұлы дарын иесі екені жайында ой толғайды.
Қадыр Мырза Әли шығармаларындағы ұлт тәрбиесі (2 сағат). «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру», «Әже туралы ән», «Біздің үйдің ырысы», «Қарт» өлеңдерін оқыту. Дүниені ұлттық түсінікпен қабылдау ұлт ақынына тумысынан тән нәрсе. «Әже туралы ән», «Біздің үйдің ырысы», «Қарт» өлеңдерінде ата- баба дәстүрі – үлкенді құрметтеу, үлкеннің ақыл-кеңесін тыңдауды дәріптеуге бағытталған педагогикалық, тәрбиелік, философиялық тағылымдарының көпшілігі ел ішіне таралып қанатты сөздерге айналды.
Қазақ халқына ғана тән ұлттық қасиеттерді шебер бейнелейтін «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» атты өлеңінде, бүтіндей бір ұлттың бітім-болмысын аша білген нағыз сөз зергері екеніне көзіміз жетеді. Халқымыздың жатырқауды білмейтін қонақжай, жомарт, қолы ашық, тойшыл, думаншыл, батыр әрі ақын халық екендігін көтеріңкі леппен мақтана жырлайды. Бұл өлеңнің әр шумағы халқымызға тән ұлттық болмыс пен мінезді жан-жақты аша түседі. Ақын поэзиясы ұлттық ой-сананы, дүниетанымды сезім шынайылығымен, ой тереңдігімен, асқақ та өршіл рухпен береді. «Қазақ — осы!» деп ұлтымызға тән жақсылы-жаманды қасиеттерімізді саралап, болмыс-бітіміміздің ішіне үңіледі. Оқушылар аталған шығармалардағы ұлттық болмыс, ұлттық мінез, ұлттық сананы анықтайды.
Қадыр Мырза Әли өлеңдерінде көрініс тапқан қазақ болмысы (2 сағат). «Бабамыздың шоқ басқан табанымен», «Дала дидары» өлеңдерін оқыту. Қадыр Мырза Әли - негізінде ұлттық ақын. Ұлттық ақын болғанда қазақ халқының ақыны. Оның туған халқының арғы-бергі өмірі, тіршілігі, туралы жазған өлеңдері өте көп. Сол өлеңдердің барлығын жинақтап айтсақ, қазақ халқы өмірінің көркемдік шежіресі, әдебиеттегі образды тарихы деуге де болады. «Бабамыздың шоқ басқан табанымен» атты ел аузында жатталып кеткен атақты өлеңінде ол қазақ халқының ғасырлар психологиясын, экономикалық, әлеуметтік, саяси бейнесін тарихи шындыққа сай үлкен көркемдік шеберлікпен суреттеп береді.
«Дала дидарында» тек сырт қарағанның өзінде көзге бірден шалынатын бір түрлі бір композициялық бірлік, тың келісім бар. Кітаптағы төрт бөлім өзара тұтасқан төрт алуан сыр мен шындықты желілі, арнаулы түрде тарата жырлап жатса, осылардың ара-арасында ақын үш мәрте арнайы лирикалық шегініс жасап, оқырманын өзгеше бір толғаныстарға түсіріп, оның сезімін тербейді. Сөйтіп, ақын мен оқырманның көңіл күйлері өзара тағы бір тың үйлесім, үндестік тапқандай болады. Ал мазмұн жағынан келсек, мұндағы жүз өлең бір идеялық мақсатқа жарыса жол тартқан тағы да тұтас толғамды сыр, толқынды жыр. Мысалы, «Көне заман көріністері» атанған бірінші бөлім бір ғана басты тақырыптың кезеңді құбылыстарын жан-жақты әрі қаз-қатар өре, өрістете толғайды:»Жар-Жар», «Күрес», «Барымта», «Көкпар», «Қыз қуу»...осылардың әрқайсысында байырғы көне ауылдың әр алуан шындығы әр қырынан көрініп кеп біртұтас бейне-дала дидарын алдымызға тартады. Сонда бір өлең осы даланың күлкісі мен қуанышы болса, енді бір өлең қайғысы мен көз жасы, бір өлең әні мен назы болса, енді бір өлең мұны мен зары, бір өлең күші мен ірілігі болса, бір өлең әлсіздігі мен күйкілігі...секілді өзара өріліп-тұтасып, өріліп-тұтасып кете барады. Оқушылар ақын суреттеген шындық құбыластардан қызық-қызық ойлар, философиялық байыптаулар, парасатты түйін-тұжырымдар қорытады.
Қадыр Мырза Әли өлеңдеріндегі табиғат бейнесі (2 сағат). "Боз дала", "Орман", "Сәуір" өлеңдерін оқыту. Ақынның табиғат жырлары - оқырманның эстетикалық сезімін байыптайтын, туған жердің табиғатына деген сүйіспеншілікті арттыра түсетін еңбектер. Оның табиғат туралы жырларында туған жеріне, ел жұртына деген сүйіспеншілігі, перзенттік сезімі көрінеді. Оқушылар ақынның табиғатқа байланысты өлеңдерінің тақырыбы мен идеясын, көркемдік ерекшеліктерін меңгереді.
"Болу үшін жаралғам, туған жердің жырауы" (1 сағат). Ақынның туған жер туралы өлеңдерін оқыту. Туған жерін, елінің тау-тасын, өзен-көлін беріле сүйген патриот ақын қоршаған ортаның ғажап сұлулығын өз шабытынан нәр алып, сан алуан бояулары буырқанған суреттер салғандығы туралы оқушылар ой бөліседі.
Ақын жырларындағы ана бейнесі (1 сағат). Ақын ана тақырыбына арнап көптеген өлеңдер жазып, өзінің бұл тақырыпта да ешкімнен кем емес екенін танытқан қаламгер. Әрине, бұл тақырыптардың бәрі де сол кездегі барлық ақынға тән, ортақ құбылыстар болатын. Соның өзінде Қадыр мың рет айтқан нәрседен өзгеше ой түйіп, ана тақырыбына қалам тербегенде өзіне ғана тән ерекшелік дарыта білді. Оқушылар ақын өлеңдерін оқи отырып, тәрбиелік мәнін анықтайды.
Ақынның достық туралы өлеңдері (2 сағат). «Досым болсаң!», «Миым менің қажығанда», «Айтқан бойда еретін», «Танып ниет теңіз», «Жолдас үшін үй жақын» өлеңдерін оқыту. Қадыр Мырза Әли - достық атты адамдар бойындағы ең бір асыл қадыр- қасиеттің жыршысы. Оның «Миым менің қажығанда», «Айтқан бойда еретін», «Танып ниет теңіз», «Жолдас үшін үй жақын» т.б сияқты өлеңдерінде адамдар арасындағы достық сезімінің алуан-алуан әдемі суреттері бар. Адам бойындағы достық атты қасиетті, киелі сезімді жырлағанда Қадыр бұрын-соңды қазақ поэзиясында ұшырайтын көптеген көркемдік бояуларды қайталамайды. Ол тың поэтикалық өрнектерді табуға ұмтылады. Бұл адамдардың арасындағы шынайы достықты жырлау үстінде ақын тапқан қазіргі қазақ поэзиясындағы жаңа көркемдік - бейнелеу құралдары, тың да мәнді-мазмұнды поэтикалық өрнектер. Жеке адамдар арасындағы достық туралы өлеңдермен қатар, Қадыр ақын халықтар арасындағы қасиетті, қадірлі достыққа да өзінің көп өлеңдерін арнаған («Орыс досыма», «Цыган жыры», «Өзбек», «Қырғыз құшағында», «Тәжік топырағында», «Түркімен түрінде»). Оқушылар достықтың асыл қасиет екендігін ұғынады, дос, достық жайлы ой қорытады.
«Өмірдің өзі қызық-ақ» (1 сағат). Қадыр ақын жырларындағы өмір ақылдың, ойдың азаттығына құрылған. Әр жыр -өлеңнің өн бойынан тәлім мен тәрбиенің, тағылым мен тағзымның лебі еседі. Ақылшы ата – ана, қамқоршыл бауыр – дос, секемшіл қас жауың – бәрі – бәрі кейіпкер тілінде сөз алады. Ұнамды қаһарман, ұнамсыз тип болсын, бәрібір адамдық бастауынан қашық кете алмайды.Өмір алдында еріксіз ес жияды. Өйткені өмір – ала баған. Тежеуіш сезім алға шығады. Балалық шағы сонау жыртық иін жадау тұрмыс кешкен соғыс жылдарында өткен ақын өз замандастарының өмірін де өзінше жырлаған. Оның бұл тақырыптағы өлең- жырларының кейіпкерлері қайғы -қасіретке қасқайып қарсы тұрған, рухы қайсар тұлғалар. Ойнаудын орнына ойлаған, еркелеудің орнына еңбекке араласқан, сөйтіп жасына жетпей ер жеткен буын оларға ұстаздыұ жасау, өмір сабағын оқытқан шал – кемпір, жесір әйел, мүгедек ағалар – Қадыр Мырза Әлидің кейіпкерлері осылар. Оқушылар өмір жайлы ақынды тебіренткен ойлардың біздің бүгінгі өмір-тіршілігіміздің мән-мақсатын сезінуге бастайтынын түсінеді.
Ақын өлеңдеріндегі еңбек тақырыбы (1 сағат). «Тазалық», «Анам үшін» өлеңдерін оқыту. Қадыр Мырза Әлидің бір топ өлеңдері еңбектің пайдасын, еңбекке баулу идеясын ту етеді. Оқушыларды тазалыққа, еңбек етуге тәрбиелейді.
Қадыр Мырза Әлидің экология тақырыбына жазған өлеңдері (2 сағат). «Мүйізтұмсық немесе миллионның тағдыры», «Табиғат тауқыметі» өлеңдерін оқыту. Қадырдың экология тақырыбына арнап жазылған лирикалық өлеңдерінің көбісінің басты кейіпкері – ақынның өзі. Оны лирикадағы негізгі идеядан, оған баға беруші, кесімін айтып, үкімін шығарушы ақындық «мен» арқылы іске асуынан да байқаймыз. Яғни, бұл өлеңдерден қоршаған ортаның сесті көріністерін, табиғаттың ерекше құбылыстарын адам басындағы жағдайлармен, қоғамдық істермен сарындастыратын, символикалық сипат бере бейнелейтін туындыларымен танысады.
Қадыр Мырза Әли – балапан жырдың бағбаны (1 сағат). «Не үшін?», «Мұғалима», «Барда кетпейтін дос, жоқта шеттейтін дос» өлеңдерін оқыту. Қ.Мырза Әли ең алғаш өзінің шығармашылық жолын балаларға арнап өлеңдер жазудан бастаған ақын. Балаларға арнап шығарма жазудың өзіндік ерекшелігі, көптеген қиындықтары бар. Балаларға арнап шығарма жазу үшін автордың балалардың мінез-құлқын, психологиясын, қабылдау дәрежесін жете білуі аса қажет. Қ. Мырза Әли балалардың психологиясын, мінез-құлқын жазумен айналысқан педагог жазушы екенін танытты. Оның «Көктем» (1959), «Жаңғалақтар» (1960), «Кішкене Қожанасырлар» (1961), «Ноян қоян» (1962), «Алуан палуан» (1963), «Сабақ» (1964), «Шымыр жанғақ» (1984) сияқты кітаптары өзінің идеялық көркемдік сапасының шымырлығымен қазақ балалар әдебиетінің алтын қорына қосылған туындылар. Ақынның өлеңдері баланың ұғымына жеңіл, оқуына оңай. Бәрі де бала жүрегін жаулап алатын, олардың жан-дүниесін тербетер, әдемі, көрікті. Өмірге келген әр жасөспірімнің білім қорын байытып, өмірлік сабақ алуына ұйымды түрде тікелей жәрдемдесетін еңбектер. Оқушылар ақынның балаларға жазған өлеңдерін оқи отырып, тәрбиелік мәнін анықтайды.
Ақынның балаларға арналған өлеңдерінің өзіндік ерекшеліктері (1 сағат). Балалар әдебиетіне зор үлес қосу, балалар тілін сезіну, бала санасына кіру, «бір мезеттік бала болу» әркімнің қолынан келер шаруа емес. Орақ тілді, от жүректі Қадыр ақынның шығармашылығында балаларға базарлықтар өте көп. Күнделікті оқиғалар, қызықты жайттарды, қарапайым жағдарлардың барлығын балғын тілдік нормаға негіздеп, үлкен шеберлік танытқан. Ақынның өз сөзіне назар аударсақ: «балалар әдебиетінен екі нәрсе таптым, біріншіден, өзімнің әдеби өрісімді таптым. Екіншіден, балалар арқылы өзімді өзім таптым» деген екен. Орыстың ұлы жазушысы Максим Горькийдің: «Ең қиыны - балаларға арнап жазу» дейтіні бар. Балаларға арнап жаза алсаң, кез келген жанрда жаза аласың. Баланың тілін тапсаң, дүниенің тілін табасың дегендей. Қадыр ақынның балалар әдебиетімен айналысуы, алдымен, мұқтаждықтан туған. Екіншіден, «балалар әдебиеті» деген ұғым ол заманда қазақта шынымен де жоқ еді.Жаңа тақырып, жаңа ізденіс. Қадыр ақынның балаларға арналған «Жаңғалақтар», «Кішкене Қожанасырлар», «Данышпан», «Ноян қоян», «Алуан палуан», «Сабақ» сынды кітіптары бар. Барлығы да ақындық жолының бастауы, негізі деуге болады. Қадыр атамыздың балалар әдебиетіне ден қойғандығы соншалық, тіпті жұмбақтар, жаңылтпаштар, санамақтарда жазған. Қиыннан қиыстыра білген ақынның табиғи ерекшелігіне, болмысына сай мұндай туындылар барынша ықшамды, кең мазмұнды, балалар жас ерекшеліктерін ұғына жазылған. Оқушылар ақынның балаларға арналған шығармаларының ерекшеліктерін анықтап, талдайды.
Ақын шығармаларындағы қазақ баласының образы (1 сағат). “Апам үшін”, “Досым екеуіміз” өлеңдерін оқыту. Қ.Мырза Әлі ең алғаш өзінің шығармашылық жолын балаларға арнап өлеңдер жазудан бастаған ақын. Ол өзін балалардың психологиясын, мінез-құлқын жазумен айналысқан педагог жазушы ретінде танытты. Оның өлеңдері қазақ балаларының білім қорын байытып,өмірлік сабақ алуына тікелей жәрдемдесетін еңбектер. Ақынның кез-келген өлеңнен қазақ баласының образын көруге болады. Бірде бала ретінде, бірде дана ретінде көрінетін ақын өлеңдеріндегі бала образын аша отырып, тәрбиелік мәнін анықтайды. Жалған сөйлеуден бойды аулақ ұстауды, аз сөйлеп, көпті аңғара білуді, айтылған ойдың астарын түсіне білуді, өзінше ойлай білуді, шыншылдыққа, жаман мен жақсыны айыруды үйренеді.
Қадыр Мырза Әли поэмалары (4 сағат). «Қызыл кітап», «Заман-ай», «Көкейтесті» поэмаларын оқыту. Қадыр Мырза Әли - эпик ақын. Ол ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі поэма жанрының өсіп жетілуіне көп еңбек сіңірді. Оның поэмаларының көбі лирика - публицистикалық сипатта жазылған. Ақынның поэмаларында да соны идеялық кең серпін жаңа көркемдік бояулар молынан ұшырайды. Мәселен, оның «Қызыл кітап» (1986) поэмасы - ой толғамы ауқымды, Бүкіл адамзатты ойландырар пікір - тұжырымға бай философиялық туынды. Ақын «Заман-ай» поэмасында (1997) Қазақстанның Кеңес өкіметі жылдарындағы тарихына бүгінгі биіктен жаңаша көзқараспен қарап, шамырқана толғанады. «Көкейтесті» поэмасында ол халықтың өткен тарихына көркемдік шолу жасаған.Оқушылар аталған поэмалардың арасындағы байланысты анықтай отырып, поэмалардың тәрбиелік мәнін анықтайды.
Ақынның драмалық шығармалары (2 сағат). Қадыр Мырза Әли - драма жанрына да белсене араласқан ақын. Оқушылар «Әмір Темір», «Жаралы жолбарыс» атты драмасы, «Мың бір мұң» атты трагедиясы, «Отырар ойраны» (Ә.Хасеновпен бірлесіп жазылған) атты либреттоларымен танысады.
Қадырдың мысал өлеңдері (2 сағат). «Биялай мен Қолғап», «Кімге қандай ойын ұнайды», «Құлақ не үшін керек» өлеңдерін оқыту. Қадыр атамыз көптеген мысалдар жазған, әр мысалдың күрделі астары,терең сырыбар, түп тамырында үлкен философиялық ой жатқан ірі туындылар. Оқушылар ақынның мысал өлеңдерін күнделікті өмірмен сабақтастыра отырып, идеясын түсінеді.
Ақын аудармалары (2 сағат). Қадыр Мырза Әлі көркем аударма саласында да жемісті еңбектері көп. Әлемдік әдебиет ғұламаларының талайының шығармаларын ол қазақ тіліне аударды. Ал өзінің біраз топтамалары мен таңдаулы өлеңдері ағылшын, француз, неміс, поляк, болгар, венгер, фин тілдерінде аударылды. Орыс тілінде «Бессонница» (1967), «Белая юрта» (1968), «Соловьиный сад» (1971), «Степные пути» (1975), «Твой дом» (1976), «Верхная струна домбры» (1976), «Ладони» (1984), «Нижная струна домбры» (1985), тағы басқа кітаптары жарық көрсе, өзбек тілінде «Күміс қоңырау» (1975), қырғыз тілінде «Алақан» (1979), әзербайжан тілінде «Бұлбұл бағы» (1980), моңғол тілінде «Шымыр жаңғақ» секілді еңбектері басылды.Сондай-ақ дарынды ақынның оннан аса кітабы бұрыңғы КСРО халықтарының көптеген тілдеріне аударылып, Ташкент, Баку, Бішкек, Алматы, Мәскеу қалаларында басылып шықты.
Оқушылар ақын аудармаларымен танысып, олардың мәнін, идеясын анықтай отырып, өз пікірімен бөліседі.
Ақынның қанатты сөздері (1 сағат). Қадыр Мырза Әлидің жазған өлең жолдарының бірқатары қанатты сөздерге айналған. Оқушылар қанатты сөздердің мәнін ұғынады, өз ой-тұжырымдарын айтады.
Қадыр
Мырза Әлидің тұлғалық қасиеттері туралы
ой – пікірлер
(1
сағат).
Оқушыларға Қадыр Мырза Әлидің тұлғалық
қасиеттері туралы айтылған ақын-жазушылардың
ой-пікірлері туралы мәлімет беріледі.
Ақын
жайында естеліктер (1 сағат).
Оқушыларға Қадыр Мырза Әли туралы
жазылған мақалалар мен естеліктер
топтамасына шолу жасатып қосымша
мәліметтер жинап, таныстырады.
Нормативті
бөлім
Апталық
сағат саны – 1, жылдық сағат саны – 34
-
-
№
Тақырыптың аты
Сағат
саны
Өткізілу
түрі
Білімдік қазынасы
1
Зерделі жырдың зергері. Қадыр Мырза Әлінің өмірі
2
лекция,
пікірлесуконспект, сұрақ.
2
Дарабоз, дарын ақынның шығармашылық жолы
1
ізденіс сабағы
схема, материал іздеу.
3
Қадыр Мырза Әлидің ақындық мұраларының мәні
1
лекция, түсіндіру
тезис, конспект
4
Қадыр Мырза Әли шығармаларындағы ұлт тәрбиесі («Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру», «Әже туралы ән», «Біздің үйдің ырысы», «Қарт» өлеңдерін оқыту)
2
түсіндіру
талдау, салыстыру, жоба жұмысы
5
Қадыр Мырза Әли өлеңдерінде көрініс тапқан қазақ болмысы («Бабамыздың шоқ басқан табанымен», «Дала дидары» өлеңдерін оқыту)
2
түсіндіру
талдау
салыстыру6
Қадыр Мырза Әли өлеңдеріндегі табиғат бейнесі.
("Боз дала", "Орман", "Сәуір" өлеңдерін оқыту)
2
түсіндіру
талдау, салыстыру
7
"Болу үшін жаралғам, туған жердің жырауы".
( Ақынның туған жер туралы өлеңдерін оқыту)
1
түсіндіру
талдау, баяндама
8
Ақын жырларындағы ана бейнесі
1
талдау, түсіндіру, салыстыру, іздену
ойтолғау
9
Ақынның достық туралы өлеңдері. («Досым болсаң!», «Миым менің қажығанда», «Айтқан бойда еретін», «Танып ниет теңіз», «Жолдас үшін үй жақын» өлеңдерін оқыту)
2
талдау, түсіндіру, іздену
салыстыру, ой бөлісу,
10
«Өмірдің өзі қызық-ақ» (Ақынның өмір жайлы өлеңдерін оқыту)
1
ізденіс сабақ
конспект, талдау
11
Қадыр Мырза Әли өлеңдеріндегі еңбек тақырыбы. («Тазалық», «Анам үшін» өлеңдерін оқыту)
1
талдау, түсіндіру
ой бөлісу,
салыстыру12
Ақынның экология тақырыбына жазған өлеңдері.
(«Мүйізтұмсық немесе миллионның тағдыры», «Табиғат тауқыметі» өлеңдерін оқыту)
2
талдау, түсіндіру
қосымша материалды іздеу реферат
13
Балапан жырдың бағбаны. («Не үшін?», «Мұғалима», «Барда кетпейтін дос, жоқта шеттейтін дос» өлеңдерін оқыту)
1
таныстырылым дайындау
конспект, жоба жұмысы
14
Ақынның балаларға арналған өлеңдерінің өзіндік ерекшеліктері
1
мазмұнын меңгеру
конспект, қосымша материалдар жинау
15
Ақын шығармаларындағы қазақ баласының образы. ( “Апам үшін”, “Досым екеуіміз” өлеңдерін оқыту)
1
ізденіс сабақ
талдау
16
Ақынның поэмалары
1
мазмұнын меңгеру
сұрақтар, пікірталас
17
«Қызыл кітап» поэмасы
1
түсіндіру
сұрақтар, пікірталас
18
«Заман-ай» поэмасы
1
мазмұнын меңгеру
конспект, мәліметтер жинайды
19
«Көкейтесті» поэмасы
1
түсіндіру
суреттеу, зерттеу жұмыстары
20
Драмалық шығармалары («Мың бір мұң» трагедиясы , «Отырар ойраны» либреттосын оқыту)
2
Түсіндіру, әңгімелеу
Материалды іздеу
21
Мысал өлеңдері. («Биялай мен Қолғап», «Кімге қандай ойын ұнайды», «Құлақ не үшін керек» өлеңдерін оқыту)
2
Мазмұнын меңгеру
сұрақтар, пікір алмасу, талдау
22
Ақын аудармалары.
2
Ізденіс сабақ
конспект,
салыстыру23
Ақынның қанатты сөздері.
1
Мазмұнын меңгеру
материал іздеу, шығармашылық жұмыстар
24
Қадыр Мырза Әлидің тұлғалық қасиеттері туралы ой – пікірлер.
1
Ізденіс сабақ
материалдар іздеу, конспект, зерттеу жұмыстары
25
Ақын жайында естеліктер.
1
Ізденіс сабақ
материалдар іздеу, салыстыру
Барлығы
34
-
Ақпараттық- әдістемелік бөлім
«Қадырдың әдеби әлемі» курсы 34 сағатқа есептелген.
Сабақтың күнделікті әдебиет пәнінен айырмашылығы - оқушылар Қадыр Мырза Әли шығармаларын терең меңгеріп шығады. Оқушылар «Қадырдың әдеби әлемі» курсын оқи отырып:
Ақын туындыларының өзіндік ерекшеліктерімен, сөз өнерімен танысып, талдау жасауды, ізденуді, шығармашылық жұмыстарды дайындауға үйренеді;
Оқушының зерттеушілік қабілеті оянып, ғылыми жұмысқа бағытталады. Өздігінен іздене білуіне жол ашылып, шығармашылық қабілеттері шыңдалады. Әдебиетке деген қызығушылықтары дамиды;
Туған еліне, жеріне, әдебиетіне деген сүйіспеншіліктері артады, отансүйгіштік сезімдері қалыптасады;
Әдеби туындылар арқылы рухани дүниесі молығады;
Бағдарлама мазмұны бойынша пікірталас, конференция, диспут түрінде сабақ жүргізіліп, білім деңгейлері бағаланады.
Оқушылардың әрқайсысы тыңдау, оқу, сөйлеу, жазу жұмыстарын шығармашылыққа қарай бағыттап оқу материалын түрлендіріп, өз бетінше жұмыс істеуі, ғаламтордан іздеу арқылы материалды меңгеруі, қорғауы және басқаларға түсіндіру дағдыларын қалыптастыруы көзделеді. Бұл оқушылардың ынтасын, қызығушылығын, ойлау қабілетін, ауызша және жазбаша коммуникативтік дағдыларын дамытуды қамтиды.
Әдебиеттер тізімі:
Мырза Әли Қ. Халық тұншықты. Әрең-әрең күн шықты. //Егемен Қазақстан.-2008.-5 қантар.
Мырза Әли Қ. Афоризмы.-Алматы: Глобус.-2009.-400с
Мырза Әли Қ. Егізжолдар: Нақылнама.- Алматы: Жазушы.- 200-320 бет.- (Қазіргі қазақ поэзиясы)
Мырза Әли Қ. Санап үйренеміз. Учимся считать.-Алматы. Алматы: Кітап, 2008.-48 б.:сур.
Мырза Әли Қ.Таңдамалы: Өлеңдер.-Алматы: Жазушы, 2005.-432 бет.
Мырза Әли Қ.Таңдамалы: Өлеңдер.-Алматы: Жазушы. 2005.-424 бет.
Мырза Әли Қадыр. Қылыш пен қандар күндер-ай: Екі томды шығармалар жинағы.-Алматы: Балауса.-1-том: Өлеңдер.-119-432 бет.
Мырза Әли Қадыр. Иірім.- Алматы: Атамұра, 2004.-360 бет.
Мырза Әли Қ. Көкейкесті. Өлеңдер мен толғаулар.-Алматы: Атамұра, 2003.- 280 бет.
Мырза Әли Қ. Қызыл іңір: поэзия //Жұлдыз.-2007.-№ 1.-б.5-17
Мырза Әли Қ. «Өмірдің жартысы өкініштен тұрады...:// Парасат.- 2005.-.№ 1.- б. 16-19.
Мырза Әли Қ. Байлықтың өзі бақыт емес...: Поэзия // Егемен Қазақстан.- 2005.- 6 қаңтар.
Мырза Әли Қ. Қазақ поэзиясының анталогиясы // Егемен Қазақстан.-2005.- 28 желтоқсан.
Мырза Әли Қ. Арқа сүйер ақиқатын болмаса, айтысып керегі не? //Жас алаш.- 2004.- 10 шілде
PAGE \* MERGEFORMAT 16

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген