400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қағаздан «киіз үй» үлгісін жасау

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақ жоспары Сабақтың тақырыбы: Қағаздан «киіз үй» үлгісін жасау. Сабақтың мақсаты: Киіз үй түрлері мен жасалу технологиясы туралы ақпарат бере отырып түсінік қалыптастыру. Оқушыларды адамгершілікке, шығармашылыққа тәрбиелеу. Меңгерген білімдерін практика жүзінде пайдалана білуге, кәсіби іскерлікке, шығармашылық белсенділікке дамыту. Сабақтың түрі: аралас сабақ Қажетті құралдар: Қатты қағаз, қарандаш, қайшы, желім, сызғыш. Сабақтың барысы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Қағаздан «киіз үй» үлгісін жасау.

Сабақтың мақсаты: Киіз үй түрлері мен жасалу технологиясы туралы ақпарат бере отырып түсінік қалыптастыру. Оқушыларды адамгершілікке, шығармашылыққа тәрбиелеу. Меңгерген білімдерін практика жүзінде пайдалана білуге, кәсіби іскерлікке, шығармашылық белсенділікке дамыту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Қажетті құралдар: Қатты қағаз, қарандаш, қайшы, желім, сызғыш.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу, түгендеу, жұмыс орындарын тексеру

Сабаққа дайын болу

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Ою-өрнек туралы не білесің?

  2. Өнерліден үйрен,өнерсізден жирен.

  3. Ою ойғанның ойы ұшқыр

  4. Өнерлі баланың он саусағы кем,

ІІІ. Жаңа тақырыпты меңгерту.

  1. Киіз үй туралы түсінік. Киіз үй-көктем, жаз және күз мезгілдерінде қоныстан қонысқа көшіп жүру жағдайына қолайлы құрама үй. Оның қабырғасы торлап көктелген керегеден тұрғызылады. Кереге әдетте екі түрлі болады. Оның бірі кең көзді кереге « желкөз» деп аталады. Бұл артуға жеңіл, бірақ сәнсіз, сүйегі жеңіл болғандықтан желге төзімсіздеу болып келеді. Екінші түрі тар көзді кереге – «торкөз» деп аталады, ол артуға ауырлау болғанымен , желге өте төзімді. Кереге жиналмалы бөлек-бөлек қанаттардан жасалады. Ал керегеден жоғары сидам, жіңішке ағаштан жұмырлап жасалып, қарны иілген уықтардан қаусырыла күмбез шығарылады. Уықтардың басы дөңгелене жайылған керегенің аша басына айқастырыла байланып, ұшы (қаламы) шаңырақтың көзіне шаншылады. Шаңырақ-үй күмбезінің төбесі әрі терезесі. Керегенің сыртынан әр алуан бояулы жүн оралып, өрнек түсіріліп тоқылған шымши немесе жалаңаш шиден тоқылған ши ұсталады. Кереге мен уықтар уықбау, кермебау, басқұр, құр және басқа да бау-шулармен бекітіледі. Үйдің ағаштан жасалғандарын «сүйегі» деп атайды. Үй ағашының сыртынан арнаулы үй киіздері-қабырғасына туырлық, үстіне үзік, төбесіне түндік жабылады. Бұл үй киіздері бау-шулар арқылы ұштастырылады. Киіз үйдің есігінің биіктігі бір жарым метр,ені 0,8 метр келеді. Оған ағаштан оюлап жасалған «сықырлауық»деп аталатын жарма есік орнатылады. Сықырлауық сыртынан ораулы шиден тоқып, оюлы киіз қаптаған жаппа есік түсіріледі. Үйдің ортасында тамақ пісіретін ошағы болады. Үйдің оң жағында төсек, оның тұсына тұскиіз ұсталып, төсекті қоршап шымылдық тартылады. Үйдің төріне жұқаяқ қойылып, оның үстіне абдыра, көрпе-жастық т.б жүктер жиналады. Үйдің сол жағына кебеже, қазанаяқ, саба сияқты ыдыстар қойылып, шыптамен қоршалады. Талай ғасырлық көшпелі тұрмыс тәжірибесінен туған қазақтың киіз үйі – күннің аптабы мен түннің дым-сызынан , жауын-шашын мен аңызақтан, бораннан сақтануға ыңғайлы, әрі ауалы, әрі жарық болудың үстіне көші-қонға қолайлы, оны жарты сағат ішінде жығып-артуға да, жарты сағат ішінде көліктен түсіріп, тігіп алуға да болады. Киiз үйдегi кеңiстiк — қазақ дүние танымының тоғысқан жерi. Осында адам дүниеге келедi, үйленедi және соңғы сапарға аттанады. Яғни адамның түздегi тiршiлiгiн қоспағандағы өмiрi осында өтедi.

  1. Киіз үй туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру

Киіз үй – тарихымыздағы ең алғашқы сәулеттік құрылыс. Көшіп қонуға ыңғайлы, жер сілкінісіне төтеп беретін ең қолайлы жәдігер. Киіз үйдің жалпы салмағы жиһаздарымен қосқанда 300-400 келіге жуық. Бұл салмақты бір түйе еркін көтере алады. Кереге, шаңырақ, уық, сырқырлауық – киіз үйдің негізгі бөлшектері. Соның ішінде —Кереге киіз үйдің негізгі қаңқасы болып е септеледі

Киіз үй – ең алғашқы сәулеттік құрылыс

Қатырма картон қағаздан диаметрлері 12,10,8,6,4 см болатын дөңгелек пішін қиямыз. Оларды қос-қостап бір-біріне жабыстырамыз. Кейін үстіне дөңгелек пішінді губканы желімдеп,матамен қаптаймыз.Содан бетін әшекейлейміз.

Picture 4

Picture 5







  1. Киіз үйдің қабырғасын дайындау:

6 және 6,5 см болатын картон қиямыз.Оның сыртын матамен қаптап,екі қапталған картонды бірінің ішіне бірін саламыз.Содан кейін түбін дайындап алып жабыстырымыз.Дайын болған қабырғасын қақпағына есік арқылы біріктіріп, жұмысымызды аяқтаймыз

6см











Picture 2 Picture 1









ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:

  1. Киіз үй туралы түсінік бер

  2. Киіз үй – ең алғашқы сәулеттік құрылыс

  3. Киіз үйдің қабырғасын қалай дайындау керек?

Ү. Қортынды:

ҮІ. Бағалау: Жақсы шыққан «киіз үйді» тақтаға алып мадақтау.

ҮІІ. Үйге тапсырма:


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
2 наурыз
3654
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі