Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні


Сынып жетекші:


Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

«Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

«Жасөспірім және еңбек қатынастары»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға адалдық пен әділдік туралы түсінік беру; олардың құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.

Адами қарым-қатынастағы адалдық пен қоршаған ортадағы, өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы туралы түсіндіру; оқушылардың адалдық пен әділдікті дұрыс ұғына білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету; оқушыларды адалдыққа, әділдікке  және шынайылыққа тәрбиелеу.             

Қауіпсіздік мақсаты

Білім алушылардың еңбек қатынастары, кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтары туралы түсініктерін қалыптастыруға ықпал ету.

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік: өмірдегі әділдіктің орны мен маңызы туралы түсіндіру.

Құрмет: оқушылардың адалдық пен әділдікті дұрыс ұғына білу біліктіліктерін дамытуға ықпал ету.

Қауіпсіздікке ұқыптылық: кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтары туралы түсініктерін қалыптастыру.

Дәйексөз

1-апта дәйексөзі: Әділдік пен жауапкершілік – біртұтас ұғым!

Сабақтың барысы



Сабақ

кезеңі/

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақтың басы


Оқушылармен амандасу.

Сынып сағатының тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

«Миға шабуыл» әдісі.

Жалпы адалдық  дегенді  қалай  түсінесіңдер?

Адал дос  дегенді  қалай  түсінесіңдер?

Адал болу  кез-келген  адамның  қолынан  келмейді?  Неліктен?

Ата-анаға, бауырға,  ортаға  жалпы  өмірде  адал  болу  дегенді  қалай түсінесіңдер?

Сен өзіңді  адал  жанмын  деп  айта  аласың  ба?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, өз пікірлерін айтады.

Презентация


Жаңа

сабақ



Кіріспе:

Әділдік, Әділеттілік (арабша әдл) —әділдік, әділқазылық, шыншылдық;
турашылдық, адалдық, дұрыстық; әдәләт —

1) әділқазылық;

2) юстиция — дәстүрлі құқықтық мәдениетте адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың белгілі тәртібіне тікелей қатысты принцип, адамның қоғам алдындағы ғана емес, сонымен бірге қоғамның тұлға үшін де жауаптылығын көрсететін, адамның өмір сүру жағдайлары мен сапасын білдіретін әлеуметтік-этикалық категория.

Әділдік — ізгіліктің ірге тасы. “Кімде-кімнің әділдігі жоқ болса, оның ұяты да жоқ” (Абай). Әділдік уақыт ағынында өзгеріп отырады. Оның алғашқы түріне көне қоғамдағы “жазалаушы әділеттілік” деген жатады. “Қанға қан, жанға жан”, талион, кек алу принциптері ілкі санада әділдік саналды.

Қылмыс пен жаза, әрекет пен айыптау мәселелері әділдіктің осы түсінігімен түбірлес. Қоғамдағы меншіктік қатынастардың қалыптасуына байланысты жазалаушы әділдіктің орнына оны тепе-теңдік тұрғыдан түсіну алдыңғы қатарға шықты. Қоғамдық байлықты барлығына бірдей үлестіру идеясы әділдік талабына айналды. Бұл ұран желеуімен талай қантөгістер, революциялар, бүліктер жүріп жатты.

Адалдық — адам мінезіндегі бағалы қасиет; жеке тұлғаның сана-сезіміне, ар-ұжданына қайшы келмейтін, халықтың мақсат-мүддесін көздйтін, тарихи шындықпен, прогреспен ұштасып жататын іс-әрекеттер. Әрбір қоғамның адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі бар. Қарапайым халық әрқашан да адалдық қасиеттерін кіршіксіз таза ұстауға ұмтылады. “Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі — қазақтың әулиесі сол”, — дейді Абай. Адалдық адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды. Ол туа пайда болмайды. Қоғамның дамуына сәйкес әрбір адамның өнегелі тәрбиесіне, оқып білім алуы мен адал еңбектену процесінде қалыптасады. Адалдық жеке тұлғалар мен адамдардың абырой-атағын арттыратын ізгі қасиет.

АДАЛДЫҚ — адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет, адамның сана-сезімі мен ар-ұжданына қайшы келмейтін әрекеттердің моральдық-этикалық жиынтығы. Қазақ пайымында адам бойында адалдық пәктік, ар-ұждан, жан тазалығы тәрізді қасиеттердің қалыптасқан нормаға сай болуы керек. Көшпелі қазақтардың адамгершілік, адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза, мәрт болатындығы туралы шетелдік саяхатшылардың қолжазбалары мен күнделіктерінде көп айтылады.

Қазақтың адалдық жайында өзіндік пайым-түсінігі туралы Ұлы Абай: «Алдау қоспай, адал еңбегін сатқан, қолы өнерлі қазақтың әулиесі сол», — дейді. Адамгершілік ұжымдық ортада бойына сіңірген тәрбиесіне, біліміне, адал еңбектенуге байланысты қалыптасып, адамның жеке басы мен моральдық тұлғасын сипаттайды .

Шәкәрім қажы адалдық турасында: Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи, Ғибадат пен пен адалдық ар үшін жи, — деп, бақыттың өзі адалдыққа негізделетінін айта келіп, адалдықтың ар біліміне қатысына да ерекше көңіл бөледі. Адалдық қорғау қажеттігін, ол үшін адам бойындағы асыл қасиеттердің бірлікте болуын ашып көрсетеді.

-Оқушылар мұғалімнің түсіндірмесін тыңдайды, жазба жасайды.

Сұрақтар қою арқылы тақырыпты нақтылай түседі.

Презентация

Сабақтың

ортасы


Оқушыларға топтық жұмыс ұйымдастыру. Әр топқа өмірдегі әділдіктің маңыздылығы бойынша нақты жағдайларды талқылау тапсырмасын беру (мысалы, әр мамандықтың өзіне міндеттелген әділдігі мен адалдығы жайында сөз ету)

- Оқушылар топпен жұмыс істейді, берілген жағдайды талқылайды.

- Әр топ өз шешімдерін сыныпқа таныстырады

Плакаттар, маркерлер.

Қауіпсіздік

10 мин

Қауіпсіздік сабағының тақырыбын таныстыру.

Проблемалық сұрақтар: } Бұрын жұмыс істеп көрдіңіз бе? Қай жерлерде жұмыс істеп көрдіңіз? } Күніне қанша сағат жұмыс істедіңіз? } Бұл сізге ұнады ма? } Қанша жалақы алдыңыз? } Жалпы неше жастан бастап еңбек ету құқығыңыз бар? } Маусымдық жұмыстар деген не? Академиялық түсіндірілім: } Конституциямыздың 12 - бабында: } 1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. } 2. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады. Конституциямыздың 24 - бабында: 1. Әрбір бала еңбек құқығына, қызмет және кәсіп түрлерін еркін таңдауға құқығы бар. Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі. Бала еңбегі мәселелеріне тікелей қатысты бірнеше халықаралық конвенциялар мен маңызды құжаттар бар. Ең танымалы 1989 жылы БіріккенҰлттарҰйымы бала құқықтары туралы Конвенциясы маңыздысы болып табылады. Ситуациялық сұрақтар: } Осылай болудың себептері неде? } Осы жағдайлардың алдын алу жолдары? } Мәселелерді шешу жолдары Бейнесюжет: “Кәмелетке толмағандардың еңбегін заңсыз пайдалану фактілері туралы” Сұрақтарға жауап беру 1.Қандай құқықтардың бұзылуы орын алды? 2. Осы мәселелер қалай шешіледі деп ойлайсыз? 3. Кәмелетке толмағандардың еңбегі қалай қорғалады?

- Оқушылар сұраққа жауап беріп, өз ойларын айтады.

- Оқушылар мұғалімнің түсіндірмесін тыңдап, ережелерді жазып алады.

- Оқушылар жұппен жұмыс істеп, кәмелетке толмағандардың еңбек құқықтарын үйренеді.

- Оқушылар өз ойларын айтады және кері байланыс береді.

Презентация Суреттердің қималары

Ватмандар

http://bilimsite.kz/ustaz/4243-bala-enbegin-korgau.html













https://www.youtube.com/watch?v=a99wMmc8Rqo&t=1s

Сабақтың

соңы


Бүгінгі  сабақта ойымызды  ортаға  салып адалдық,  адамдық  туралы  көп нәрселер  айтылды. «Адалдық-адамдықтың  белгісі»  демекші осы  өмірде  адал болып, тек адал істер істеп адамдығымызды көрсетіп,кейінгіге үлгі болып жүрейік

- Оқушылар сабақты қорытындылайды, өз пікірлерімен бөліседі. - Тақырып бойынша сұрақтар қояды. Оқушылардың топтық жұмысын бағалау.

Презентация



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.11.2024
198
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі