Материалдар / Қайдан келдің, бауырсақ? Мектепалды даярлық топ

Қайдан келдің, бауырсақ? Мектепалды даярлық топ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал даярлық топ мұғалімдеріне көмек ретінде салып отырмын. Бұл қмж-да жаңа әдіс тәсілдер қолданып отырмын , оқушыларға өте қызықты және тиімді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Мамыр 2021
452
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

АД

Тәрбиеші:

Уақыты:

Кабинет:

Тақырыбы

Алтын күз

Сабақтың мақсаты

Тақырыпты  зейін  қойып  түсініп , мазмұнын  түсіне  білуге  үйрету, мазмұны  боыйнша  қойылған  сұрақтарға  жауап  беруге  ынталарын  арттыру. балалардың күз мезгілі туралы түсініктерін молайту, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін байқату; табиғатты аялауға, қоршаған ортаны, Отанын сүюге, әсемдікті көре білуге, сезінуге тәрбелеу.

Көрнекіліктер

Үлестірмелі суреттер, плакат т.б

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті

Психологиялық ахуалды қалыптастыру

Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді көргеніме қуаныштымын, бәріміз қол ұстасып, дөңгелене тұрайық.

Күндей жарық, айдай арайлы,

Судай мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі күнді бастайың.

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Күз неше айдан тұрады?

- Күзді неге «алтын күз» деп атайды?

Ойын: «Табиғат мейірімді».

Ойын шарты: Тәрбиеші сөйлемді өзі бастап береді. Балалар сөйлемді әрі қарай жалғастырады.

- Жер-Ана мейірімді, өйткені ол ... (көкөністер мен жемістерді өсіреді).

- Күн мейірімді, өйткені ол ... (жарығын, жылуын береді).

Дәптермен жұмыс: Ғ. Қайырбековтің «Алтын күз» өлеңімен таныстыру, жаттату.

Жемісі мол теретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін

Жомарт екен күз деген.

Күз айында жемістер мен көкөністер піседі. Жемістер бақта өседі, көкөністер бақшада өседі.

- Жемістер мен көкөністерді ата.

Жемістер: алма, алмұрт, шие, өрік, жүзім, т.б.

Көкөністер: қызанақ, қияр, қырыққабат, қарбыз, қауын, т.б.

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру

Жаңа сабақ

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

Дидактикалық ойын: «Қай ағаштың жемісі?»

Ойын шарты: Алма, алмұрт, шие ағаштары және жемістері көрсетілген. Әр жемісті сәйкес ағаштарға тауып ілу керек.

Мұғалім балалардан күзгі табиғат көрінісі жөнінде сұрайды. Балалардың жауабы тыңдалады.

 

Оқушылар ойын ойнайды

Рефлексивті — түзетушілік

1. Бақшадан жер қазып,

Жиып алдым жез қазық.

(сәбіз)

2.Сырты тәтті,

Іші тәтті,

Ортасы сүйек қатты.

(Өрік)

3. Аспай піскен,

Қайнамай түскен.

(Жеміс)

Суреттерді боя

 

Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Тапсырма  мазмұнын  толық  есте  сақтады.

Өзіне үйренгені

Жаңа білімді түсінеді

Үйрену

Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.







 

Оқу  іс –әрекетін  ұйымдастырудың  технологиялық  картасы.

 

МАД

Тәрбиеші:

Уақыты:

Кабинет:

Тақырыбы

Қайдан келдің, бауырсақ?

Сабақтың мақсаты

Балалардың нан туралы білімдерін толықтыру. Үлкендердің  еңбегін ардақтап, бағалай білуге тәрбиелеу. Ұннан ұлттық (бауырсақ, шелпек) тағамдарын әзірлеуді үйрету. Оқтаумен жұмыс істеуді жалғастыру. Балалардың ойлау, ұқыптылық, қызығушылық қабілеттерін арттыру.

Көрнекіліктер

Үлестірмелі суреттер, плакат т.б

Іс-әрекет  кезендері

Тәрбиеші  әрекеті

Балалардың   іс — әрекеті

Психологиялық ахуалды қалыптастыру

Жұмбақтар жасыру:

Бек тұрған белін буып,

Тек тұрған (Бидай)

Үсті тас, асты тас,

Ортасында піскен ас               (тапа нан)

 

Ақ отаудың есігі де жоқ,

Тесігі де жоқ                          (жұмыртқа)

Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды.

Ұйымдастыру  іздестіру

Жаңа сабақ

Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Педагог жұмбақ жасырады:

Ұзын мұртты сарылар,

Қойынында дәні бар.                         (Бидай)

- Бидайдан не жасалады?

- Бидайдан ұн жасайды, ұннан түрлі тағам, нан, бәліш, бауырсақ пісіреді.

Дәптермен жұмыс:

Педагог Ө. Тұрманжановтың «Қайдан келдің, бауырсақ?» өлеңімен таныстырады.

- Өлеңде не туралы айтылды?

- Бауырсақ қайда жатты?

- Қуыршақ не деп сұрады?

- Бауырсақ наубайға қайдан келді?

- Диірменге ше?

- Диқан бидайды қалай өсірді?

Балалардың жауабы. (Рөлге бөлініп ойнайды).

Балалар  барлық  қимылдарды  тәрбиешіге  қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды.

Сергіту сәті

«Күн мен түн».

Мақсаты: сөйлеу тілін дамыту, қажет ұғымды іздеуде зейінді ұмтылдыра білу.

Мазмұны: педагог сөз айтады, балалар оған мағынасы қарама-қармсы сөз айтады: «Күн-түн, тәтті – ащы және т.б.».

Оқушылар ойын ойнайды

Рефлексивті — түзетушілік

Балалар бауырсақтың дастарқанға келу жолын қимыл арқылы көрсетеді.

Жерді жыртамыз, егінді себеміз,

Суарамыз, күтіп баптаймыз.

Бидай үлкен болып өседі,

Комбайнмен орамыз,

Машинамен қамбаға тасимыз,

Диірменде ұн етіп дайындайды.

Ұннан қамыр илеп, бауырсақ пісіреміз.

Дидактикалық ойын: «Не жасырынғанын тап.»

Ойын шарты: балаларға ұннан пісірілген нан түрлерін көрсету.

Балалар көздерін жұмады, бір суретті педагог алып қояды. Балалар қай сурет жоқ екенін табуы керек.

Нан - адамның тіршілік қорегі, дастарқанға үлкен еңбекпен келеді.

«Ас атасы - нан» мақалы елдің нанға деген қастерлі қарым-қатынасын білдіреді.

«Ас атасы - нан» -         жоғары дауыспен

орта дауыспен

төмен дауыспен қайталау.

Сюжетті - рөлді ойын: «Дүкенші».

Ойын шарты: Балалар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ сатушы, екінші топ сатып алушы болады. Ойын осылай жалғасады.

Қорытынды:

- Балалар, сонымен бауырсақ дастарқанға қалай келеді екен?

- Бауырсақ дастарқанға келу үшін кімдер еңбек етеді екен?

- Бауырсақтың қандай түрлері бар?

- Үйде аналарың қандай бауырсақ пісіреді?

 

Суретті бояңдар

 

Тапсырмаларды әр  бала  өз алдына ерекше орындады.

Күтілетін   нәтиже:

Білу

Тапсырма  мазмұнын  толық  есте  сақтады.

Өзіне үйренгені

Жаңа білімді түсінеді

Үйрену

Сұрақтарға толық жауап беруге  үйрену.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ