Материалдар / Қайрат Рысқұлбеков (ашық сабақ)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қайрат Рысқұлбеков (ашық сабақ)

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал арқылы оқушылардың бойына патриоттық ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастыру негізінде құрылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Желтоқсан 2018
2073
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



  1. Сандуғаш: Тәуелсіздік түсен жоқ қой аспаннан,

Тарихы оның тым әріден басталған.

Бодандықтан құтқарам деп елімді,

Талай боздақ қара жерді жастанған.


: Жылдар бойы бостандыққа шөлдеген

Халқым менің не қасірет көрмеген.

Жоңғар жаулап бейбіт жатқан елімді,

«Ақтабанда» көздің жасы көлдеген.


  1. Кеменгер Елім менің сонда қорқып ықпаған,

Намыс туын құлатпаған, жықпаған.

Үш биі мен батырлары қазақтың

Еліміздің іргетасын нықтаған.


Әйтеке би, Төле, Қазыбек бастаған

Қабанбай мен Бөгенбайлар қостаған.

Ордабасы тауында үлкен жиын боп,

Жоңғарларға қарсы ұрыс тастаған.


3-Тілеш Жоңғар жаулап, қырып-жойып қорлаған

Қазағымды қайғы бұлты торлаған.

Райымбектей батырлары ерлікпен,

Елін, жерін жауға бермей қорғаған.



Жоңғарлардан босаған соң жеріміз

Есін жиып, бас көтерді еліміз.

Азаттыққа жеттік пе деп қуанып,

Жиылғандай болды етек-жеңіміз.


4-Инабат Орыс алды шұрайлы енді жерлерді

Қазақ халқы қоныс таппай сенделді.

Махамбет пен Исатайлар сол кезде

Қазақ елін хан ұлына теңгерді.

Бастарына «Темір қазық» жастанған

Қалың жаудан қорқып әсте саспаған.

Сырым менен Амангелді, Жанқожа,

Кенесары көтеріліс бастаған.


5- Әділжан Алашқа арнап мақсаты мен арманын

Қазақ үшін қиды қыршын жандарын.

Өтті өмірден Ахмет, Сәкен, Әлихан

Теңдік үшін қиып қасық қандарын.


Жүсіпбек пен Мағжан сынды жалынды

Ақындарға жалған жала тағылды,

Ең ақыры арыстардың аттарын

Атауға да қатаң тиым салынды.



6 -Мейір

Қаһарманын ұмытпайды халықтар

Өткен күнді тарихымыз анықтар.

Ерлігіңе тағзым етем қашанда,

Тәуелсіздік алып берген Алыптар!



Ата-бабам тұлпар мініп ,ойқастап,

Әрбір сөзі кесек-кесек ой тастап.

Тәуелсіз ел Президенті сайланды;

Қазағымның НҰРСҰЛТАНЫ ел бастап.




7- Ерлік


Елім барда еңсем биік менің де,

Өйткені мен жүрмін туған жерімде.

Тілім, дінім досым, барлық бауырым

Бәрі менің жүрегімнің төрінде.


Елім барда, мен де бармын өмірде,

Жұлдызың боп жарқырармын көгінде

Отан үшін, елім үшін от кешем,

Батырлық бар, қорқақтық жоқ тегімде.





































7

  1. Динара

Тәуелсіздік жолында күресіп, жанын құрбан еткен батыр бабаларымыздың, айбынды аталарымыздың, қайсар ағалармыздың рухына бас иіп, бір минут үнсіздікпен еске алайық.

(1 минут үнсіздік)

Диас: Ата-бабам тұлпар мініп ,ойқастап,

Әрбір сөзі кесек-кесек ой тастап.

Тәуелсіз ел Президенті сайланды;

Қазағымның НҰРСҰЛТАНЫ ел бастап.

Даниэль: Есть на свете немало богатых ,загадочных стран.

А для нас центр мира в бескрайних степях Казахстана

На просторах твоих , как по замыслу мудрый природы

Все пропитано чистым и радостным духом свободы.

Ән «------------------»


Көрініс.

4 жүргізуші Темір тордың ішінде ҚАЙРАТ өлең жазып отыр.

Қаймана қазақ қамы үшін,

Қарусыз шықтық алаңға.

Алыстан әскер алдырып,

Қырып салды-ау табанда

Сөйлесем дауысым жетпейтік,

Кез болдық мынау заманға

Шовинизм еді ғой,

Басты себеп жанжалға.

4 жүргізуші Осы кезде камераға кезекші келеді.

Кезекші –Заключенный Рыскулбекова на допрос! (Қайратты алдына салып,

тергеу бөлмесіне әкеледі).


Тергеуші. Айыпты Рысқұлбеков. Халық жасақшысы СОВИЦКИЙді өлтірген сен бе?


Қайрат Рысқұлбеков. Жоқ, мен емес.

Тергеуші. Сен өлтіргенсің. Мойныңа ал.


Қайрат Рысқұлбеков Мен өлтірген жоқпын. Өтірік жала жаппаңдар!

Тергеуші: Алып кетіңдер. Бәрібір құтылмайсың, декабрист несчастный!

Бұзақы.


« Заман - ай.» әні орындалады. Сөзі Ұ .Есдәулетовтікі, әнін жазған Т. Мұхаметжанов


Көрініс. Сот залы.


Шыңғыз Прокурор: - Орындарыңыздан тұрыңыздар! Сот келе жатыр.


Диас Прокурор: - Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков.Сен желтоқсанның 17 - 18 күні алаң -

ға бардың ба?


Аслан Қайрат Рысқұлбеков - Иә, бардым . 17 желтоқсан күні.


Диас Прокурор: - Не мақсатпен ?


Аслан Қайрат Рысқұлбеков Ол жерге барған себебім! Біріншіден:ел айтқан, естіген сөздерді өз

көзіммен көру үшін бардым.Екіншіден, алаңда қазақтың уыздай жас

қыздарын ұрып - соғып жатыр деген соң ол жерде қаракөз қарындас-

тарыма қолымнан келгенше бар көмегімді бергенім рас. Ол үшін өкін-

беймін, керісінше, мақтан тұтамын.


Диас Сот: Сен 9 машинаны өртепсің, соны мойындайсың ба ?


Қайрат Рысқұлбеков. Жоқ, ондай жалғандықты мойындамаймын.


-------Хатшы Сот кеңесуге кетеді. ( Сәл уақыттан соң) Сот келе жатыр. Тұрыңдар!


Сот: Қазақ Кеңес Совет Республикасының жоғарғы соты үкім етеді.

Қылмыскер Қайрат Рысқұлбеков Совицкийдің өліміне

байланысты және 9 автомашинаны өртеп, 152 автомашинаны зақым-

дап, 326 милиционер мен 196 әскерді жаралап, ауруханаға түсуіне

қатысты деп тауып, ату жазасына үкім шығарды.


Қайрат Рысқұлбеков Жоқ, бұл әділдік емес


Апасы: Бұл үкім дұрыс емес.Менің балам ақ, ол қылмыскер емес.

Шыңғыз Хатшы: Тынышталыңдар. Орындарыңызға отырыңыздар.


Сот: Қайрат Рысқұлов, ақтық сөзің бар ма ?


5

Қайрат; Бар.

Күнәдан таза басым бар

Қазақ деген атым бар

21-де жасым бар

Қасқамдақтай қаным бар

Бозторғайдай жаным бар

Алам десең алыңдар

ҚАЙРАТ деген атым бар

Қазақ деген затым бар

Еркек тоқты құрбандық

Атам десең атыңдар

Мен не етермін, не етермін

Мен келмеске кетермін

Көрмеген қош бол таңдарым,

Көре алмай мен өтермін

Хош аман бол артымда,

Ағайын-туыс, азамат,

Артымда қалған ата-анам,

Ел жұртым саған аманат!


Әлия Қайраттың Шырақтарым кешіріңдер! Ол әлі жас қой! Кешіріңдер, балаларым!

анасы Сендердіңде балаларың бар шығар? Мен-анамын, ақ жаулығымды

сыйлаңдаршы? Оның атынан кешірім сұраймын. Кешіріңдер!


ҚАЙРАТ Көтер ана, көтер ана басыңды.

Өтті, кетті жауынды күн жасынды

Қазақпыз ғой мың өліп, мың тірілген,

Мына иттерге көрсетпе көз жасыңды!

Кешір ана, жан едің ғой тамаша,

Арым үшін түстім, рас араша

Қалай ғана дәтім шыдап тура алам

Ұл-қызыңды қанішерлер таласа,

Арым үшін түстім, рас, араша

Араша!

Желтоқсан желі


Қымбат Әбділдина «Желтоқсан оқиға емес»


Айгерім1оқушы Қазақ қызын сүйреткен бұрымынан,

Тепкілеген белінен, жұлынынан.

Тұяқ серпкен түрі еді бодандықтың,

Құлап бара жатқанда тұғырынан.


Шаршатып қамыт киген жылдарымыз,

Намысқа басқан нағыз ұлдарымыз.

Бәйгеге басын тігіп ұлты үшін,

Деді олар: «Тәуелсіздік құрбанымыз!».


Меранбек 2- оқушы Жігіттер сұр қасқырдай сұсы басым,

Ыза-кек билеп алып түсі-басын,

Көздері от, сөздері сот үкім етті:

«Жат саясат, иегің қышымасын!»


Нұрдәулет Өр қыздар қанаттасып өңшең елік,

Отқа май құйып жүрді өршеленіп.

Біз сонда қазақтағы қайсарлықты,

Көзін ашып бар дүние көрсе дедік.


Қанымыз басымызға көтеріліп,

Құдайдан тілемедік бөтен үміт.

Қазақтың тілін, ділін, дінін бұзар

Болмасын деп күрестік бөтен үгіт.


Ақбота Желтоқсан – оқиға емес бола салған,

Жастар ер тағдырымен таласа алған.

Желтоқсан – рухымыздың биіктігі,

Қазаққа жараспайды аласарған.


Желтоқсан – ұлт мерейін тасытқан күн,

Желтоқсан – жат пиғылын жасытқан күн.

Желтоқсан – жас жүрекке қайрат беріп,

Желтоқсан – ел болуға асыққан күн.

Парасат

Біздің қазақ мықты ғой,

Тәуелсіз ел атанған.

Желтоқсан деген көтеріліс

Жан аямау Отаннан.

Даниэль

Сескенді бүкіл өктемдік,

Жеңіске сол ғой жеткендік.

Орыс боп кете жаздаған

Кеңестік кезді жек көрдік.

Аянат

  1. Мейір


Елім барда еңсем биік менің де,

Өйткені мен жүрмін туған жерімде.

Тілім, дінім досым, барлық бауырым

Бәрі менің жүрегімнің төрінде.


Елім барда, мен де бармын өмірде,

Жұлдызың боп жарқырармын көгінде

Отан үшін, елім үшін от кешем,

Батырлық бар, қорқақтық жоқ тегімде.

Мухамет

Елім бар да мен бақытты ұланмын.

Елім сүйсе, сенімінен шығармын.

Елім менің көтермесе елдігін

Намысымның биігінен құлармын.


 «Мейіржанның хаты»

-Мейіржан сен не жазып отырсың?

-Мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атама хат жазып отырмын.

-М-м-м.

Құрметті Нұрсұлтан ата! Сізді бүкіл еліміз жақсы көреді. Елге сіңірген еңбегіңізді ата-аналарымыз ауыздарынан тастамай үлгі етіп айтып отырады.

Біз онсыз да сіздің ерлік істеріңізді жақсы білеміз. Сіздің өміріңіз қашанда бізге үлгі.

Өскен соң біз де сіз сияқты «Халықтың ұлы болғымыз келеді». Сіздің ел алдындағы

беделіңіз, дүние жүзіндегі абыройыңыз біз үшін мақтаныш. Өміріңіз ұзақ болсын,

ата! «Бала болашағымыз» деп өзіңіз айтқандай, жыл сайын бізге жақсылық жасап ортамызда жүре беріңіз.

Сіз ортамызда жүрсеңіз, біз де сондай бақыттымыз. Келешекке сеніміміз мол.

Мұғалім сөзі

-Иә төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде

«Тәуелсіздік таңы» атты. Ендеше Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың

еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын, деп тілейік.

 

Хор  Әрқашан күн сөнбесін!

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!