жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қайталанатын үлгілер
Сабақ жоспары
|
Ұзақ мерзімді жоспарда қарастырылған бөлім: 3.3А Шығармашылық және компьютер |
Мектеп: №26
|
|||
|
Мұғалімнің аты-жөні: Сагиева М.К. |
|
|||
|
Күні: 24.01.2019ж. |
Қатысқан оқушылар саны: |
|
||
|
СЫНЫП: 3 «Б» |
Қатыспағандар: |
|
||
|
Сабақтың тақырыбы |
Қайталанатын үлгілер |
|||
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатың оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
3.2.2.1 қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану 3.1.2.4 компьютерлік программаларда мәзір командаларын қолдану
|
|||
|
Сабақтың мақсаттары |
Оқушылар...
|
|||
|
Бағалау критерийлері |
- нысандарды дұрыс қиып алады; - нысандарды көшіру кезінде редактордың мүмкіндіктерін қолданады; - өлшемін өзгерту үшін редактордың мүмкіндіктерін қолданады; - нысандармен жұмыс жасаған кезде іс әрекеттердің ретін сипаттайды. |
|||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар... Графикалық нысандардың сырт келбетін өзгертеді (нысанды қиып алу, айналдыру, көшіру); Нысандармен жұмыс жасау кезінде іс әрекеттерінің ретін сипаттайды. Пәндік лексика және терминология: графикалық элемент, айналдыру, палитра, фотосурет, қиып алу, қою, көшіру. |
|||
|
Құндылықтарды дарыту |
Өздеріне және басқаларға құрметпен қарау және жұптасып, топта жұмыс істеу, академиялық адалдық - өздігінен зерттеу, ашықтық - оқушылар өздерінің сабақ мақсаттарын айқындауы және жағдайды шеше алуы. |
|||
|
Пәнаралық байланыс |
Дүниетану. 1 бөлім: Жаңды табиғат |
|||
|
АКТ қолдану дағдылары |
Вilimland интерактивті визуалды сабақтарын қолдану. |
|||
|
Осыған дейін меңгерілген білім |
Графикалық редакторда сурет салу дағдылары қалыптасқан. |
|||
|
Жоспар |
||||
|
Сабақ кезеңдері мен жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Ресурстар |
||
|
Сабақтың басы |
Оқушылармен амандасып олардың сабаққа дайындығын көзбен шолу. «Сәлемдесу» ойыны: «Сәлем сөздің – анасы». Қазір сендер шеңбер болып тұрып бір-бірлеріңмен әр тілде амандасасыңдар. Сонымен, бастаймыз. Қазақша, орысша, ағылшынша, немісше, французша, итальянша, жапонша, испанша, славянша, түркше, кәрісше, қытайша. Алдыңғы оқу «Қар атыспақ» әдісі Дескриптор: Өткен тақырыпты қар кесектері арқылы бекітеді
8.
9.
10.
11.
12.
«Себеттегі жемістер» арқылы бағалаймын. Жаңа тақырыпты ашу «Мозайка» әдісі. Кеспе қағаздардан сурет құрастыру Дескриптор: - кеспе қағаздарды құрастырады; - жаңа тақырыпты ашады. Сабақты оюдың және ұлудың суреттерін көрсетуден бастаймын. Кеспе қағаздардан екі топ осы екі суретті құрастырулары керек. Оюлар және ұлу қайталанатын элементтерден тұратынына ерекше назар аударамыз.
Сабақтын тақырыбы мен сабақ мақсатын оқушылар мұғаліммен біріге отырып тұжырымдайды.
Жаңа тақырыпты түсіндіру |
Қар кесектері (қағаздан жасалған) Кеспе қағаздар, желім, А3 форматтағы қағаз Проектор, ноутбук |
||
|
Сабақтың ортасы |
Топтық жұмыс және практикалық жұмыс
«Суреттер сөйлейді» әдісі. Оқушылармен компьютерде жұмыс жасау кезінде орындалатын ережелерге нұсқаулық беріледі Дескриптор: - кеспе қағаздарды құрастырады; - құрастырылған суреттен қайталанатын үлгілерді табады; - «Ерекшелеу» тобының батырмасын қолданады; - Үзінділерді жылжыту арқылы сурет құрастырады.
2-топ мына суреттерден мақал құрастыру және қайталанатын үлгілерді табу.
Саралау тапсырма. 2 топтан 2 оқушы мектептің және поезд вагондарының суреттерін салады.
Топтар бір-бірін «Бағдаршам» арқылы бағалайды. Практикалық жұмысты «Бесжұлдыз» арқылы бағалаймын.
Сергіту сәті. https://www.youtube.com/watch?v=xyS4WWbtttM «Көңілді күн»
Жұптық жұмыс («Әйнек арқылы сөйлесу» әдісі) Дескриптор: - Өмірде қолданылатын симметриялы нысандарды табады.
Жұптардың біреуі тақтаға шығады, екіншісі экранда көрсетілген суретті мимикамен түсіндіруі керек. Тақтада тұрған оқушы қайталанатын үлгілер сипатталған суреттің атын табуы керек. «Бас бармақ» арқылы жұптар бір-бірін бағалайды.
Сабақты қорытындылау
(«А В С» әдісі) Дескриптор:
Бүгінгі тақырып бойынша оқушыларға тест сұрақтары беріледі, оқушылар дұрыс жауапты көрсетуі тиіс. 1. Суретті бұру үшін қай команданы пайдаланамыз? А) вставить В) выделить С) повернуть 2. Фигураның көшірмесін салу үшін қай пернені пайдаланамыз? А) ctrl В) shift С) enter 3. Симметрия деген не? А) сурет бөліктерінің бір-біріне сай болмауы В) қандай да бір заттың екі жағының бірдей болуы С) дұрыс жауап жоқ 4. Суретке мәтін кірістіру үшін қолданылатын құрал? А) белгілеу В) жазу құралы С) қиып алу 5. Фигураны қалай із қалдырып көшіруге болады? А) shift пернесін басып жібермей қалаған бір бағытқа тарту арқылы В) ctrl пернесін басып жібермей тарту арқылы С) enter пернесін басу арқылы 6. Суретті сақтау үшін орындалатын команда? А) файл – сақтау Б) файл – объект В) түзету – сақтау 7. Выделить батырмасының қазақша атауы қандай? А) көшіру В) қиып алу С) ерекшелеу 8. Paint редакторы қандай мақсатқа арналған? А) есептеулер жүргізуге В) сурет салуға С) мәтіндік құжаттармен жұмыс жасауға
9. Суреттегі команданың
аты қандай? А) өшіру В) құйып бояу С) өлшемін өзгерту
10. Суреттегі тақтаның
аты қандай? А) құралдар тақтасы В) фигуралар тақтасы С) түстер палитрасы
Топ басшылары оқушылардың суреттерін велосипед, машина және зымыранға мінгізу арқылы бағалайды. Жеке жұмыс Оқушыларға жартылай салынған суреттер бар кеспе қағаздарды үлестіріп, оларды бүктеп қию арқылы суретті толықтыруын ұсынамын.
«Бағдаршам» арқылы бір-бірін бағалайды. |
Ноутбук, кеспе қағаздар, желім, А3 форматтағы қағаз Ютуб Проектор, ноутбук Қағаздан жасалған белгілер Қағаз қиындылары, түрлі –түсті қарындаш, қайшы |
||
|
Сабақтың соңы |
Бүгінгі сабақта нені үйренгенімізді талдайық: Біз нысандарды бұруға, айналдыруға көмектесетін жаңа командалармен таныстық. Менің есіме салыңыз қандай команда қолдандық. Рефлексия Бүгінгі сабақта не үйрендік? Сіздерге не ұнады? Сіздерге не күрделі болды? Сабақта алған білімдеріңіз арқылы тағы не сала аламыз |
|
||
|
Қосымша ақпарат |
||||
|
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс |
||
|
Практикалық тапсырма орындау кезіңде саралау шығармашылықтың кезеңі бойынша іске асады: тапсырмалар өсу ретінде берілген. Тапсырманы орындаған жағдайда мұғалім сұрақтар арқылы немесе нұсқау картасында қадам бойынша алгоритм қолданып қолдау көрсетеді. Оқушылардың барлығы:
Оқушылардың көбісі: (Абад Мөлдір, Қалдыбай Назерке, Ибадулла Аружан, Мырзағали Нұрдаулет, Абдираман Насихат, Жолдасбай Нұрлыбек, Жолдасбай Ержан)
Кейбір оқушылар: (Уразбай Амиржан, Жайлау Шұғыла) «Бөліп алу» және «көшіру» батырмаларын пайдаланып қайталанатын үлгілер бар нысандарды салады. |
Бағалау сабақтың әр кезеңіңде жүзеге асырылады: - қиындықтарды анықтап қолдау мақсатында оқушылардың жауаптарын қадағалау (жұптық жұмыс). - теориялық материалды түсіну кезеңінде интерактивті тапсырмаларды бағалау үшін қолдану; - практикалық жұмысты орындау кезіңде бағалау дескрипторлар арқылы жұптасып орындалады. - өз-өзінің жұмысын бағалау мақсатында, кері байланыс түрінде сабақтың соңында, оқушылар өз жұмыстарын бағалайды, жетістіктері мен қиындықтарын талдайды. |
Оқушылардың белсенділігін арттыру үшін сабақ барысында топтық жұмыс, сергіту сәті қарастырылған. Компьютермен жұмыс жасап отырған кезде оқушылар дене мүсіні дұрыс болуына, көзбен монитор экранының ара қашықтығына көңіл аударып, жағымсыз ситуациялар пайда болған жағдайда мұғалімге хабарлайды. Практикалық жұмыс орындаған кезде «Дүниетану» пәнімен байланысады. |
||
шағым қалдыра аласыз













Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген