Материалдар / "Қайтару мүмкін емес, ұмытуға болмайды" Жеңіс күніне арналған митинг
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Қайтару мүмкін емес, ұмытуға болмайды" Жеңіс күніне арналған митинг

Материал туралы қысқаша түсінік
Жеңіс күніне арналған митинг
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
454
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қайтару мүмкін емес, ұмытуға болмайды

(Жеңіс күніне арналған митинг)

Күні: 9.05.2017ж

Гимн

Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, және оқушылар! Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 71 жыл толып отыр бұл мерекені лайықты атап өту қазіргі ұрпақтың парызы деп білеміз.

Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерімізге құрметпен бас иеміз. Ал осы бейбіт өмірге жете алмаған, ерлікпен қаза тапқан ағаларымыз бен апаларымыздың рухына бас иіп, еске алайық.

Дәл осынау жадыраңқы жай күні

Болса-дағы қай ғасырдың қай жылы

Ұлы Отаным басын иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны...

Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп, кеудесін оққа тосқан боздақтарымызды бір сәт үнсіздікпен еске алып, ескерткішке гүл шоқтарын қояйық.
(1 мин үнсіздік).

9 мая 2017 года в 72 - й раз прогремит салют Победы. А в памяти народной и поныне живы безмерные страдания военных лет и безмерное мужество народа. День 9 мая 1945 знает весь мир. Наша страна шла к этому Дню 4 года.
Но какие эти были годы война коснулась каждого из нас.

Жыл өткен сайын Отан үшін болған Ұрыстың маңызы және онда қаза болған бабаларымыздың ерліктері мәңгі жадымызда. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 700 мыңнан астам жауынгер қатысты. Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тауып, хабар - ошарсыз кетті.

Бүгінгі үлкен мерекемен құттықтауға біздерде қонақтар бар. Құттықтау сөз кезегі қонақтарымызға берейік.

Құттықтау сөздері

Көрініс.

Би алаңында әдемі киінген жастар билеп, шат- күлкіге толы әңгіме айтып отырады. Осы



кезде әннің әуені тоқталып, бомбаның жарылып, пулеметтің атылып жатқан дыбыстары естіледі. Қыздар үрей қорқыныштан басстарын жауып, жігіттер оларды денелерімен жауып, бомба жарылысынан қорғайды.Бәрі жан- жаққа қашып жөнеледі.

Радио: (Левитанның сөздері) - Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар, 1941 жыл 22 маусымфашистік Германия тұтқиылдан бейбіт елге басып кірді. 
Соғыс басталды.
Халық
арасынан - Соғыс! Соғыс! Соғыс! (Дауыстар шығады. Ер адамдардың барлығы соғысқа аттану кезеңін көрсетеді. Жылау, сықтау)

Қария :
- Балаларым, қырандарым!
Ел шетіне жау тигенде, бабаң бүгіп қалмаған, 
Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас»- деген.
Отан үшін аттан, аттан, аттан!
Соғыс жалыны тек жерде ғана емес, әуеде де шарықтады. Қазақ даласынан шыққан батыр ұшқыштар оған куә.

Ах, война, что ты сделала, подлая:
Стали тихими наши дворы,
Наши мальчики головы подняли,
Повзрослели они до поры.
На пороге едва помаячили
И ушли — за солдатом солдат...
До свидания, мальчики!
Качается рожь несжатая.
Шагают бойцы по ней.
Шагаем и мы — девчата,
Похожие на парней.
Нет, это горят не хаты —
То юность моя в огне...
Идут по войне девчата,
Похожие на парней.

1 - жүргізуші: Ұлы Отан соғысы бар Кеңес халқына ортақ болды. Әр жерлерден келіп жатқан қыз балалар ортақ жауға қарсы шығып, ел намысын қорғады. Олардың ішінде қайратты қазақ қыздары Әлия мен Мәншүк те бар еді. Кейіннен бұл қыздардың өжеттелігіне таң болған талай адам, оларға жыр арнады, ән арнады.

Ән: «Мәншүк»

Би: «Катюша»

(Радиодан жеңіске жеткен хабарлама қойылады)

Бала: 
- Алақай! Алақай! Алақай! 
Жеңіс! Жеңіс! Жеңіс! 
Көкем
келеді, алақай!

 Ән: «Первым делом самолеты»

І жүргізуші: В неравный бой с фашистами вступили 28 панфиловцев. На них шли десятки немецких танков. Четыре часа длился этот легендарный бой. Панфиловцы преградили дорогу 50 фашистским танкам. 
Нет, героев не сбить на колени. 
Во весь рост они стали в окрест, 
Чтоб остался в сердцах поколений 
Дубосекова темный разъезд. Қазақстаннан құрылған әскери дивизия ең қауіпті жерлерде соғысты. Генерал Панфилов бастаған 28-ші дивизия жауынгерлерінің аттары Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріптермен жазылған.

Бұлт түнеріп аспаннан

Талмай көзден жас тамған

Тұтқиылдан жау тиіп

Қырғын соғыс басталған, - демекші соғыстың алғашқы күндерінен бастап-ақ

Кеңес халқы жан тәнімен Отан қорғады. Әрбір село, әрбір қала үшін кескілескен ұрыс болды. Қанішер неміс басқыншыларымен Кеңес азаматтары аянбай шайқасты. Есімдері аңызға айналды. Ерліктері ел есінде қалды.

Жеңіс! Осынау жалғыз ауыз сөзде қаншама терең мағына жатыр. Кез келген істің, қандай күрестің де басты мақсаты жеңіске жету болғанымен, кешегі Ұлы Отан соғысындағы үлкен Жеңістің орны айрықша бөлек. Оған жету үшін қаншама халық жан алып, жан беріскен шайқастарға толы ұзақ та ауыр жолдан өтіп келді. Зарықтырып, сағынтып жеткен ол Жеңісті жақындата түсуге майданның алдыңғы шебінде от пен оқтың ортасында болған майдангерлермен бірге тыл еңбеккерлері де, майдан даласынан шалғайдағы қарттар мен әйелдер де, буыны бекіп, бұғанасы қатпаған балалар да үлес қосқан. Ол сонысымен де қастерлі, қасиетті саналады.

І жүргізуші: Міне, осынау елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына да 72 жыл толды. Ешкім де, ешқашан да ұмытылмақ емес.Отанымызды сүйіп, қастерлей білейік. Ата-баба дәстүрін, әдет-ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болайық. Оңайлықпен келмеген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын.

Ән: «День Победы»Д.Тухманов

Ел-жұртымыз аман, берекелі заман болсын! Отанымызды сүйетін азаматтарымыз көбейе берсін!  













































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!