400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВТЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМЫ МЕН МӘДЕНИЕТІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдеріне, колледж, университет студенттеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

УДК 83.3 қаз

Т 17

ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВТЫҢ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҒЫЛЫМЫ МЕН МӘДЕНИЕТІНЕ ҚОСҚАН ҮЛЕСІ

Тампишева Айжан Слямхановна

«Семей қаласының №6 гимназиясы» КММ


Қандай да бір зерттеушінің қазақ еліне қосқан үлесі, ғылым мен мәдениетке енгізген жаңалығы жөнінде сөз қозғамас бұрын, ол адамның жалпы сипатын анықтап алуымыз керек болар. Себебі, жүріп өткен жолында қалған жөнінде пікір оңды болмаса, теріс ойлар туындауы мүмкін. Бүгінгі біздің талдауға ұсынып, талқыға салғалы отырған тақырыбымыз – Қайым Мұхамедхановтың қазақ ғылымы мен мәдениетіне қосқан үлесі. Ғылым мен мәдениет адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын, еңбектерін жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан кең өріс.

Алдымен, «Қайым кім?» деген сұраққа жауап іздеп көрейік. Қайым – қазақ үшін рухы биік, адамгершілігі мен парасаты жоғары тұлға. Азаматтық, адами, ғылыми ерлік жасаған ұлт перзенті. Олай деуіміз, зерттеушінің еңбек еткен заманында елдегі саяси жағдай бәрімізге белгілі және зерттеушінің қылышынан қан тамған замандағы ғылыми еңбектері де қаншалықты қауіпті тақырыптар екенін айтқызбай-ақ білеміз. Қайшылықты аумалы-төкпелі кезеңде Қайым ағамыз неге осындай оқыс тақырыптарға қалам сілтеді екен? Бәлкім, ұлылардан қалған ұлылыққа қара халықтың атынан айтар алғысын арқалады ма ?! Қайткен күнде де ғалымның азапты өмірі өтіп кетті. Соңында сөзі, Абай мен Шәкәрімге деген адалдығы қалды. Абайға адалдық – қазаққа адалдық екенін ескерсек, Қайым аға тұтас ұлттың алдында мәңгі асқақ қалпында өтіп кетті деген сөз. 

Қайым Мұхамедхановтың еңбектерін парақтап көрсеңіз, ішіндегі ең жіліктісі Абайдың өмірі мен шығармашылығы, өлеңдеріндегі текстология мәселесі сынды дүниелерге жолығарыңыз кәміл. Абайдың өзін қалың оқырмағанға қайтарып алу мәселесі екі ұшты болып тұрған уақытта абайтану ғылымының негізін қалады. Әрине, бұл ой көктен түскен жоқ. Мұхтар Әуезовтің тапсырмасымен және зерттеушінің рухани толып пісу нәтижесінде туды. Мұхтар Әуезов белгілі деңгейге дейін Абай жайында баяндап бергенмен, Қайым осы саланы соңғы нүктесіне дейін жеткізіп бере алды. Атап айтқанда, қазақ даласына әлі атауы енбеген абайтану, шәкәрімтану ғылымының негізін салды. Абайтану деп жалпы айтқанымызбен, оның ішінде Абай өлендерінің текстологиясы, Абайдың ақындық шеберлігі, оның жанындағы ақын шәкірттері жайында толық қанды зерттеулер кіреді. Бүгінгі біз танып отырған Абай биігі Қайымның өлшеусіз еңбегінің арқасы деп мойындауымыз керек. Ол жылдардағы қазақ халқында тек марксизм мен ленинизм ілімі бар деген жалған пікірге «Абайдың әдеби мектебі» атты дисертациясымен тосқауыл болған тағы осы – Қайым. Демек, ұлы ғалым қазақ елінің ғылымы мен мәдениетіне араша болып қалды. Текстология ұғымы да ол дәуірде әлі көкжиегі кеңейіп, көпке таныс ғылым тұрғысында қаралмаған болатын. Ә дегеннен абайтануға ден қойған Қайым аға қара құрсаудан босап шығысымен бірнеше жылға үзілген жолын жалғап, Абайдың ел аузындағы өлеңдерін жинауға қайта кіріседі де, бірінші жылы үшеуін, 1956-жылы алтауын тапты. Оларды жариялаудан бұрын шын мәнінде Абай өлеңдері екенін текстологиялық зерттеуден мұқият өткізіп, көзі жеткен соң дәлелді түсінік жазды. Оның 1955 - 1959-жылдары абайтану тақырыбына жазған мақаласының ғана саны - он бір. Негізгілері: «Мағауия Құнанбаев. Өмірі мен шығармашылығы», «Абай туындыларының текстологиясы». Соңғысы қазақ текстологиясындағы баға жетпес басты еңбекке айналып, күні бүгінге дейін бұл бағыттағы үлгі-өнеге болып келеді. Шәкәрімнің шығармалары шықпақ түгілі, атын айтуға жұрт жасқаншақтап тұрған кезеңде зерттеуші оның шығармаларын жинастырып газет баспасына беруге асығады. Қанша тұсау салғанымен Шәкәрімді қазаққа қайтарып берді. Осылайша, шәкәрімтану ғылымы дүниеге келді. Бүгінгі біздің ғылым саласында мектеп бағдарламасына дейін енгізіліп, жас ұрпаққа жеткен абайтану мен шәкәрімтану кешегі Қайымнан бұлақтың басындай бастау алады.

Қайым Мұхаметхановтың төртінші бір түбегейлі зерттелген тақырыбы -ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген жазба ақындардың өмір тарихы мен шығармашылығы. Кезінде, “кітаби ақындар” деп шетке қақпайланған осынау талант иелерінің мұралары енді ғана зерттеле басталады. Заманның әр түрлі қақпайлауына түскен олардың біраз еңбектері жоғалып тынған- ды. Қайым Мұхаметханов қилы – қилы қысымға қарамастан Әріп, Көкбай, Әділқан, Әсет, Әубәкір, Ақылбек, Уәйіс, Шәкәрім, Шәкәрімнің Қабышы туралы деректерді елу жыл бойы жинап, рухани мұрамыздың ауқымды саласынан құрып кетуден сақтап қалды.

Қазақтың әдеби әлеміне Қайым тек Абай мен Шәкәрімді арқаланып келген жоқ. Үздіксіз еңбек жолында Алаш қайраткерлері Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабев, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатовтың өмірі мен шығармашылығынан деректер жинап құнды мағлұматтар қалдырды. Бұл өз алдына Алаштанудың негізі. Яғни тұғыры Қайымнан басталды. Қазіргі күнде алаштану жаңа деңгейге көтеріліп жан жақты зерттелуде дейтін болсақ, Қайымның жұмыстарын аттап өте алмаймыз. Тағы бір ескеретін жағдай Қайымның шетел әдебиетіне қалам тербеуі. Өз әдебиетіміздің өрісінен бөлініп 
Пушкин, Лермонтов, Тарас Шевченко, Әлішер Науаи, Ғабдулла Тоқай, т.б. туралы мақалалар жазады. Таза ақыл таразасына салып салмақтайтын болсақ, ғалымның жан жақты білімін аңғаруға болады. Осындай орыс, европа, шығыс пен батыс әдебиетін зерттеу нәтижесінде ғалымның өз шығармашылығы да эксперименттерге бой алдырған. Шәкәрім Құдайбердиев қазақшаға А.С.Пушкиннің «Дубровский», «Метель» шығармаларын өлең сөзбен дастандар түрінде аударғаны белгілі. Осы дәстүрді жалғастырып Қ. Мұхамедханов кезінде Н.Карамзиннің «Бедная Лиза» туындысын «Сормаңдай Лиза» деп өлеңмен аударып шықты. Өткен ғасырдың 40-шы жылдары Абай атындағы Семей облыстық театрдың сахнасында оның аудармасымен Узаир Гаджибековтің «Аршин мал алан» деген сазды комедиясы қойылған еді.Қайым Мұхамедхановтың «Комиссар Ғаббасов» атты тарихи драмасы Абай атындағы театрдың сахнасында әр түрлі редакциямен еліміздің екі жетекші режиссерлері, Қазақстанның халық артистері Байтен Омаров пен Есмұқан Обаевтың басқаруларымен 1960 және 1980 жылдары екі мәрте қойылды. Сөз зергері мұнымен аударма мәселесіне жаңалық енгізіп, қазақ театрының қоржынын толтырады.

Қайымның шығармашылық әлеміне үңілген сайын тереңдей бересің. Бір қырын тауыстым дегенде екінші бір қыры сыр тартады. Сол дәуірдегі кешеуілдеп тұрған баспасөз мәдениеті 70 жыл тұрақтап қалған «Абай» журналымен толықты. Ақпараттықтан бұрын зерттеу еңбектер жиі жарық көретін бұл журнал қара халықтың рухани серпілісіне өлшеусіз септігін тигізеді. Қазіргі күнге дейін баспасөздер тізімінде «Абай» журналы өзінің маңыздылығымен белгілі. Қайым ағаның қатысуымен есігі ашылған Алашордашылар музейі алаштану бағытындағы жалғыз ғимарат болатын. Абай музейімен қоса алғанда өңірлік мәдениет саласында бұлар- алғашқы жол салушылар.

Қорыта айтқанда, зерттеуші бола отырып, ғылымның әр саласына әсер ету мүмкін емес. Көбіне- көп жалғыз бағытта жанкештілік танытып, уақыттан ұтылып жататындар бар. Қайым туралы олай деуге келмейді. Бірақ, мұражай, театр, баспасөз, фольклор, әдебиет, аударма, текстология, жеке ғылым баспалдақтары (Абайтану, Алаштану, Шәкәрімтану, Мұхтартан) – осының бәрін Қайымның толқыны соғып өткен. Осының бәрі бір адамның ғұмыры жетпес дүниелер дегенмен, заманының зобалаңына қарап тұрар құдіреті, ерік-жігері, қайраты бойынан табылған Қайым атамыздың еңбектері – ұлтымыздың асыл қазынасы, хатқа түскен тарихы, ұлтының өткені мен бүгінінің, келешегінің таразысы.


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Естеліктер жинағы. Қайым туралы сөз- Астана: Фолиант, 2006

  2. Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. ІІІ том / Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. – Алматы: Алаш, 2006.

  3. Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. ІV том / Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. – Алматы: Алаш, 2006.

  4. Мұхамедханов Қ. Шығармалар жинағы. ІХ том / Жобаның ғылыми жетекшісі, жауапты шығарушы, түсініктер берген: Т. Жұртбай. – Алматы: Ел-Шежіре, 2010.

  5. Мұхамедханов Қ. Абай шығармаларының текстологиясы жайлы – Алматы 1959 ж.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
30 қаңтар
678
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі