Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қайырымдылық» Мағзұм Сүндетов

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға, сабақ жоспарын құруда
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ж. Сыдықов атындағы орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі

Сатыбалдина Гулнар Сатыбалдиновна

Сабақтың тақырыбы: «Қайырымдылық» Мағзұм Сүндетов
Мақсаты: Оқушыларға қайырымдылық, мейрімділік жайлы айта келе, түсініп оқуға үйрету;
Оқыған мәтінді түсініп, өз ойын баяндай алуға бағыт-бағдар бере отырып салыстырып, тілін, сөйлеу мәдениетін, ой-өрісін дамыту;
Қайырымды болуға,үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: Оқу, әңгімелеу, сұрақ – жауап, топтық және жұптық жұмыс.
Көрнекілігі: Оқулық, дәптер, суреттер, интерактивті тақта, карточка, сызба, бейнебаян.
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі:

  • Амандасу салты.

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару. Сынып оқушыларын топқа бөлу, қима- қағаз арқылы. Топ басшылары атау таңдайды.

2. Үй тапсырмасын пысықтау.
Үйге берілген торғай әңгімесін бөлімге бөліп, әр бөлімді әр топқа беру. Сол бойынша түсінгендерін айту.

Слайд 1

1-топ Бозторғайдың шырылдауы.

2-топ Сұр жыланның арбауы.

3-топ Ақбілектің көмегі.

Жалпы сұрақ

Мәтіннен табиғатта кездесетін қандай ғажайып оқиға туралы білгенің туралы ой толғаныс жаздың?

Әр топ бірігіп ақылдасып, өздерінің ойын топ басшысы арқылы жеткізеді.

Үй тапсырманы бекіту

Ақбілек деген кішкентай қыз торғайды неден арашалап, қорғап қалды?


Бағалау
Осы оқиғаға ұқсас тағы бір шығармашылықпен танысайық.

Жаңа сабақ.
Бүгінгі сабақта Мағзұм Сүндетовтің «Қайырымдылық» атты әңгімесімен танысамыз.

Слайд 2

Автор туралы мағлұмат
Мағзұм Сүндетов 1936жылы 29 қаңтарда Атырау облысы Дассор ауданында дүниеге келген. 1999 жылы өмірден озған.
Соның өзінде көптеген шығармаларын жазған, сол шығармалардың бірі «Қайырымдылық»
Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым - қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.
Бірі — рухани - экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау)
Екіншісі — іс - тәжірибелік жағы (іс-жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу).

Дәптермен жұмыс

  • Бүгінгі күн атауын жазамыз.

  • Автор туралы қысқаша түсінікті жазамыз.

Слайд 3

Сергіту сәті

Болжау стратегиясы бойынша мәтінді оқып таныстыру.

  • Мәнерлеп оқу.

  • Тізбектей оқу.(әр топтан бір оқушыдан)

Сөздік жұмыс дәптерге жазу.
Бәкене - аласа
Қақ - іркіліп қалған жауын суы.

Ұйлығып тұрған –топтасып тұрған.

Іркіле берді- тоқтай берді.

Суреттермен жұмыс. Әр топқа жеке тапсырма беріледі.

  • Сурет бойынша әңгімелеу

Сұрақ - жауап (пысықтау)
1. Мұхтар қандай бала?...
2. Ол
не істеді?...
3. Мұхтардың орнында сен болсаң не істер едің?
...
4. Қайырымдылық деген не?
... өз ойын ақ қағаз бетіне түсіру.
Слайд 4

  • Сабақты бекіту:

I.

-Балалар сендерге әңгіме ұнады ма?

-Сөмкелеріңе не салдыңдар?

-Ендеше, (постермен жұмыс)
1. Қарама- қайшылық стратегиясы

Жағымды Жағымсыз

2. Негізгі кейіпкерге хат жазу.

3. Торғай мен күшіктің айырмашылығы мен ұқсастығын салыстыру.

4. Мұхтарға мінездеме беру.

Жазылған еңбекті топ басшысы оқиды.

II.

Қызығушылығын ояту «Жұппен жұмыс»
Енді балалар сабағымызды қорыта келе толықтыру тестіні орындаймыз.


1. Әлгінде оны мұғалім ___ деп мақтаған.
2. Мені мыналардан ____ өлтіретін болды ғой.
3. Күшікті ______ Мұхтар қуанышты.
4. Анасының жүзі жылып, ______ қарайды.
5. Әрине, әр кез солай _____ бол!
6. Өйтпесіңе сенем, жаным… деп, – ___ бетінен сүйді.
Тәртіпті, таза; құтқарсайшы; құтқарғанына; мейірлене; қайырымды;
баласының.
Слайд 5

Бейнебаян тамашалау. «Қайырымдылық ізгі іс»

  • Балалар осы бейнебаяннан не ұқтыңдар?...

Біздің мектепте де «Қайырымдылық» айлығы жүріп отырады,
Мысалы: Көмек ретінде кейбір оқушыларға жылы куртка, спорт киім, аяқ киім, дәптер, қалам берілді ме?...

Оқушы үні

Сабақ қорыту. Бағалау
Үйге тапсырма. Түсініп оқып, өз ойыңды айт.

Бейнебаян туралы ойланып, өз ойыңды айт.





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
02.02.2019
679
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12