"Қайырымдылық-қадірлі іс"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қайырымдылық-қадірлі іс"

Материал туралы қысқаша түсінік
Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей, адамдарға жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу - әрбір адамның азаматтық парызы.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ғ. Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы”

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Жүсіп Гүлмира Тұрмұханқызы

Ақпарат” фракциясы

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ҚАДІРЛІ ІС

Қайырымдылық — халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей, адамдарға жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу - әрбір адамның азаматтық парызы.

Адам өміріндегі ең игі істерінің бірі – бір-бірлеріне қамқорлық жасау. Адамдар бір — біріне қайырымдылық, мейірімділік таныту арқылы жақсылық жасайды. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды.

2021-2022 оқу жылында «Біз біргеміз!» атты ұранмен Ақтөбе қаласы, “Ғ. Ақтаев атындағы №6 мектеп-гимназиясы” директоры Ш.С. Жанғалиеваның қолдауымен мектеп ұстаздары, ата-аналары, оқушылары “Бір жағадан-бас, бір жеңнен-қол шығарып” атсалысты.

Акцияның мақсаты - адамдарды бір-біріне көмек көрсетіп, мейірімді болуға үндеу, еліміздің бейбітшілігі мен тыныштығының нышаны ретінде әрбір азаматын игі істерді жасауға шақыру. Өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастыру, қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен қарау, өз жұмыстары арқылы эстетикалық талғамдарын көрсету, шығармашылық қабілеттерін ашуға көмек беру және оны одан әрі дамыту.

16 қараша күні “Халықаралық мейірімділік” күніне орай “Мейірімді жүрек” акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында “Жақсылық сөресі” жәшігі орнатылып, материалдық заттар жиналып, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы төмен отбасыға табыстадық және де осы акция барысында ұстаздар тарапынан қолдау көрсетіліп, бір отбасыға табысталды.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында 11 “Ә” класс оқушылары қолдау білдіріп, қайырымдылыққа барды. Оқушылар бір күндік жұмсайтын ақшаларын салып, жиналған қаржыға көмекке мұқтаж отбасыға азық-түлік апарып, сонымен қатар бір оқушыға қыстық күртеше алып берді.

Жаңа жыл қарсаңында 7-11-кластар ұйымдастыруымен “Жаңа жылға сыйлық” қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге әр класс өздерінің таңдаулары бойынша (азық-түлік, кеңсе тауарлары, ойыншықтар, гигиеналық тауарлар) әкеліп мектебімізде тізімде тұрған аз қамтылған отбасылардың балаларына жаңа жылдық сыйлықтар табысталды.

2022 жыл “Балалар” жылына орай жастар мен жасөспірімдер арасында қайырымдылыққа тарту мақсатында мектебіміздің “Болашақ” еріктілер клубының мүшелері зейнеткерлердің үйіне барып, ауласында қар тазалап, шаруашылық көмек көрсетті.

Мектебіміздің “Ақтаев жастары” жас мамандар қолдауымен бір оқушыға қажетті сөмке және қысқы аяқ киім алып берді. Сонымен қатар мектеп ата-аналары да өз тараптарынан үнемі қолдау көрсетіліп отырады.

«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, достық пейілдерін таныта алатын жандардың арамызда әлі де бар екендігі қуантады. Олай болса, қандай да болмасын қайырымды іске көмек қолдарын ұсынған барша мейірімді жандарға ризашылығымызды білдіре отырып, мектебімізде әлі де осындай игі істер жалғасын табады деген сенімдеміз. Халқымыздың қанына сіңген игі қасиетіміздің сауабы мол болғай.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
24.02.2022
419
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі