Қажетсіз соғыстың қасіреті /Ауған ардагерлері/

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қажетсіз соғыстың қасіреті /Ауған ардагерлері/

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға Ауған соғысы жайлы  мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету. Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Қажетсіз соғыстың қасіреті» /дөңгелек үстел/

Мақсаты: оқушыларға Ауған соғысы жайлы  мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу. Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету. Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу, оқушыларға патриоттық тәрбие беру.

Шақырылған қонақтар: Ауған соғыс ардагерлері

Жүргізуші:
Армысыңдар, ауғандық жауынгерлер,
Жырым бар жараланған жаныңды емдер.
Өлгендердің жанатта болсын жаны
Тірілерің мың жаса, дәуірлеңдер!
— Қайырлы күн құрметті де қымбатты қонақтар, ұстаздар мен оқушылар! Үшарал ауылдық кітапханасының ұйымдастырып отырған  «Қажетсіз соғыстың қасіреті» атты Ауған соғысының ардагерлерімен  дөңгелек үстелге қош келдіңіздер!

Гимн

Жүргізуші:
    1989 жылы, ақпан айының 15 — ші жұлдызында талай аналарды перзенттерінен айырған, мыңдаған жерлес бауырларымыз қаза тапқан, қасіретті де қайғылы да, Ауған соғысы аяқталды. Екінші жаһан соғысына пара — пар зардабы мен залалын шашқан Ауған соғысының тарих қоржынын бір басында жатқанына да 30 жылдың төңірегі болды. Жарасы жазылған жоқ. Жылдар өткенімен жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде сақталуда. Бүгінде «Ауған соғысы қажет пе еді?» деген сұрақтар көп қойылатын кезеңде, біз жастар еліміздің сол соғысқа қатысқан ағаларымыздың  Отан алдындағы борыштарын адал ақтаған азаматтар деп құрмет тұтамыз. Биыл  Ауған соғысының аяқталғанына жыл толып отыр.
Ауыр аманат арқалап, өмір мен өлім белдескен қанды шайқасқа қатынасып, батырлықпен ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз бүгін біздің ортамызда.Бүгінгі дөңгелек үстелге қатысып отырған құрметті қонақтарымыз, Ауған соғысының ардагерлерімен таныстырып өтсек:
(Қонақтармен таныстыру)


Жүргізуші: Ерлік кездейсоқ болмайды, ол жауынгердің жүрегінде достарын еске алып, Отанынан өзін тыс сезіне алмайтынын түсінгенде ғана туындайды. 3285 күнге созылған алапат апаттың аяқталар күні бар екен. Ол 1989 жылдың 15 — ші ақпаны болатын. Дәл осы күні халықаралық Женева келісімінде бекітілгендей, Ауғанстаннан соңғы кеңес әскерлері шығарылды. Ауған соғысына 22269 жерлесіміз қатысып, жиырманың біріне жат жерден топырақ бұйырған.
Осынау қанды қасапты шейіт болған 10955 боздақтың 761 — і қазақстандық жауынгер. 362 — сі қазақ. Тоғыз жылда соғысқа қатысып, 484 — і жараланып қайтқан. 20 — сынан осы күнге дейін хабар жоқ.

Осы орайда ———————————————————————————————————————————————сөз берсек.

Жүргізуші:
— 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.

Жүргізуші:
Құрметті —————————————————————————————————————————————— сіздің Ауған соғысы жайлы сұхбатыңыздан бастасақ.

Жүргізуші: Рахмет, аға, әңгімеңізге. Ардақты ағалар! Біз кітаптың бетінен ғана оқып білген бұл соғысты, сіздер өз көздеріңізбен көрдіңіздер, куә болдыңыздар, сондықтан оқушылардың сіздерге қояр сұрақтары  бар екен, рұқсат етсеңіз.

(Сұрақ-жауап жүргізіледі)

  1. Соғысқа шақырту алғанда қай жерде әскери борышыңызды өтеп жүр едіңіз?

  2. Соғыс кезіндегі қиындықтарды айтып берсеңіз?

  3. Ауған соғысына аттанар алдында соғыстың мақсат — мүддесі түсіндірілді ме?

  4. Кеңес әскері Ауғанстан жерінен шығарылатынын естігенде қандай сезімде болдыңыздар?

  5. Бүгінгі таңда елімізде 10000 — ға жуық Ауған соғысының ардагерлері бар екен. Сіздер бір — біріңізбен майдандас ретінде хабарласып тұрасыздар ма?

  6. Кейінгі ұрпаққа айтар тілектеріңіз?


Жүргізуші:

«Ерлік — жан дүниенің ұлы қасиеті» деген екен бір дана қария. Өмірінің өлшеулі бір бөлігі, жауқазын жастық шағының сүбелі үлесін оқ пен от астында өткізіп, тағдырдың жазуымен елге аман – сау оралып, туған жерімен қауышқан майдангер ағаларымызбен кездесіп, бүгінгідей сұхбат жүргізіп, естеліктерін тыңдау – біз үшін бір ғанибет. Құрметті ағалар, сол бір сұрапыл соғыстың естеліктерін ортаға салып  әңгімелеп бергендеріңізге көп рахмет.

Жүргізуші:

Өтер жылдар, уақыт тағы алыстар
Тағдыр талай тауқыметін табыстар
Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың
Ауғанда болып азап шеккен арыстар.
деп ақындарымыз жырлағандай, өмір жылжып жатады, ерлік өлмейді, заманымыз жалғаса береді. Бұған дәлел ортамызда жүрген ауғандық жауынгерлердің бейбіт өмірдегі жарқын істері. Қоғамдық жұмыстағы белсенділері, түрлі кәсіптік игерудегі бәрінен бұрын жастарды, отан сүйгіштікке ұлтжандылыққа тәрбиелеудегі ерен еңбектері.


__________________________орындауындағы ән өздеріңізге арналады, қабыл алыңыздар.
Ән.

Жүргізуші:
Құрметті қонақтар, әрбір минуты қымбат мына заманда алтын уақыттарыңызды қиып,  келгендеріңізге көп — көп рахмет! Оның өзі сіздердің антқа берік, жауапкершілігі жоғары адам екендіктеріңіздің дәлелі. Бұл кездесу оқушылар үшін үлкен тәрбиелік мәні зор мағыналы іс — шара болды деп есептейміз. Бейбіт өмірдің баға жетпес бақытты күндерінде амандықпен дидарласайық! Келесі кездескенше сау болыңыздар!

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың  қай жылы

Боздақтарға  басымды иіп бір минут,

Есіме  алам  сол бір апат қайғыны

Ауған  соғысында  мерт болған ерлердің  рухына, бүгін  арамызда  асқар  таудай болып жүрген  ағаларымызға  басымызды иіп тағзым етейік!

Әрбір сарбаз елімнің боп тірегі ,

Халқым аман болсыншы  деп тіледі.

Егеменді ел болып  етек жаптық,

Төбемізден көк байрақ желбіреді.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.04.2023
202
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі