400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Қажымұқан Мұнайтпасұлы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қажымұқан Мұнайтпасұлы туралы түсінік
Материалдың қысқаша нұсқасы

5-сынып

Қазақ әдебиеті

І. Сабақ тақырыбы: Қалқаман Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаятының

«Қар күреген бала», «Жаяу сүйреген шана» бөлімі

ІІ. Сабақ мақсаты:

Білімділік:, Қалқаман Әбдіқадыров «Қажымұқан» хикаятындағы дүние жүзі чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірімен таныстыру, «Қар күреген бала», «Жаяу сүйреген шана» бөлімдерінің мазмұнын игерту;

Дамытушылық: мәнерлеп оқу,түсініп оқу дағдыларын қалыптастыру,еркін ойлауға, өз бетімен шығармашылық ізденіске үйрету.

Тәрбиелік: «Көп бейнеттің зейнеті болатындығын» ұғындыру арқылы шыдамдылыққа , басқаға жақсылық жасау, қамқор болу, қайырымды,әділ болуға тәрбиелеу

ІІІ.Сабақтың тегі: Жаңа материалды игеру сабағы

IV. Сабақ түрі: Әңгіме түріндегі дәріс

V.Сабақ көрнекілігі: 1.Суреттер

2. Слайд (компьютер арқылы)

Сабақ әдісі:сын тұрғысынан ойлау жобасының стратегиялары ,жұппен жұмыс ,

Сабақ барысы:

Сабақ сатысы

Сабақ кезеңдері

Стратегия

Мұғалім іс-әрекеті

мин

Оқушы іс-әрекеті

І

Қызығушы

лығын ояту

Ой қозғау

«Палуан» деген сөздің мағынасын ашу


Топқа бөлу

1

1


2

2

1.Есіне түсіріп ,дәптеріне жазу

2.Жұбымен пікір алысу

3.Топта талқылау

ІІ

Мағынаны ажырату

Жұпта мазмұнын айту және оқу

Өмірімен таныстыру

30

6

Тыңдайды

№-ге бөліну ;

әр нөмерлерді топтастырып ,тапсырма беру ;

1




№ -ге бөлінді .

1.тапсырмамен танысады.


Мұқият оқы .

4


Ойыңды қағаз бетіне түсір

1


Түсінгенін жазу,салу ,сызу


Сұрақ дайындап қой;

1


Тақырыпты түсіндір



1

Біреуі сұрақ қояды,екінші оқушы жауап береді.Тақырыпты түсіндіреді

Ортақ шешімге кел


1


Бір шешімге келеді



7.Ойларын қорғайды



16


Түсінгендерін айтады

Бекіту сұрақтарын қою.

2


ІІІ

Ой толғау

Эссе

1Мен- шана сүйреген баламын.


2.Мен- қар күреген баламын.

3.Қажымұқан ағаға хат.

4.Мен- балуанмын

5.Қалмақан ағаға хат





Бата оқылады

7












1

1. Жеке жазады .

2.Жұбына оқып ,оның


жұмысын тыңдайды.

3.Әр жұп бір жұмысты топта талқылап ,ұжым алдында оқуға бір жұмысты ұсынады.

Спикерге бір сұрақ қойылып ,бір пікір айтылады.

1. Қызығушылығын ояту стратегиясы.

Балалар , «Балуан» деген сөзді айтқанда ойларыңызға не түседі , оның мағынасын қалай түсінер едіңдер ?

1. Әркім жеке «Балуан» туралы ойларын жазады. 1 минут

2. Ал енді өз ойларыңыз туралы көшілеріңізбен ой бөлісіңіз1 минут.

3. Жұптасып кеңесіп болсаңдар, енді топтасып ойларыңды толықтырыңдар. 2 минут

Мұғалім тақтаға баған бойынша оқушылар сөзін жазып тұрады.

Ықтимал жауаптар немесе сөздер:

1.заңғар күш иесі

2.Батылдық , алғырлық ,

3.Қайратты , күшті

4. Отанын , жерін қорғаушы

5. Мықты, қайсар

6.Өжет , табанды

7. Ер , батыр

8.Алып күш

9.Күш атасы

10. Ерлік

Осы аталған атаулар бойынша партада отырған оқушыларға атаулар берейік

(№ қасына топ атауын жазады)

Кіріспе сөз.

25–ақпанда біздің мектепте өткен жас балуандар күресіне өздеріңде қатыстыңдар ,ал мектебіміздің 11-сынып оқушысы Диас халықаралық жарыстарға қатысып жүр.

Жетек сұрақ :

-Сонда сендер кімнің ізбасарларысыңдар ?

-Қандай балуан ағаларыңды білесіңдер?

Бүгін сабақта Қажымұқан ағаларың жайлы әңгімелермен танысамыз.Қажымұқан Мұңайтпасұлы Астанадан 25 шақырым жерде орналасқан Буденный деген ,яғни қазір Қажымұқан деп аталатын ауылда дүниеге келген.Қажымұқан ағаларымызды сендердің мұғалімдерің Нүргүл Елубайқызының әкесі көзімен көрген екен ,ал мектебіміздің директоры Тұмар Қалкенқызының туысы да екен.Ал осы өңірде дүниеге келген балуан ағамыздың өміріне тоқталып кетейік.


Сәби Мұқан өмірге келісімен аяулы анасы Кәбира өмірден мәңгілікке көз жұмды.Баланың ендігі тәрбиесі әжесі Айсары мен әкесі Мұңайтпастың міндетіне көшті .

Мұқан жастайынан мал бақты .Денесі ерекше зор,өте жігерлі бала ,12-13 жасынан ел көзіне түсті .

Есімі бүкіл әлемдік спорт тарихында алтын әріппен жазылған ,өмірінің 55 жылын күрес пен цирк өнеріне арнаған, отыздан астам шетелдерде болып елу шақты медальдарға ие болып ,қайталанбас жетістіктерге жеткен дара тұлға Қажымұқан Мұаңайтпасұлы ел арасында күш өнерін көрсетіп ,халықты таңқалдырған. Ол 15 пұттық рельске қырық кісі мінгізсе ,бірде 10 пұт тасты кеудесіне қойып екі балғамен кезек –кезек ұрып сындырған, шалқасынан жатып, үстіне тақтай салып машина немесе бір топ атты адамдарды өткізген екен ,ал мынына суретте қырық кісіні арбаға салып сүйреп келе жатқан күш атасын көріп отырсыздар.

Осындай жойқын күш иесі Қажымұқанның тұлғасы қандай екен?

С. Сейфуллиннің «Күш атасы» атты өлеңінде былай деген екен :

Қалың бет ,бура түсті қара нардай,

Жұп-жұмар ,жуан діңгек,бойшаң дардай

Өзге жұрт ергежейлі ол келгенде,

Айбынды ,жолбарысқа болар пардай.

деп суреттеген екен . Бойы 195 см,салмағы -174 кг,мойыны қалыңдығы-56 см ,кеудесінің ені -146 см,үстіңгі ерні -10 см. болған.

Мына жазуға көңіл аударсаңыздар,онда былай делінген :Соғыс жылдарында жасы ұлғайған Мұқан елге көмегі ретінде самолет сатып алып соғысқа берген екен ,қолынан келген көмегін аямаған .

Мына суреттегі кісі асыл жары –Бәтима .Шын аты- Надежда Николаевна Чепковская екен.

Қазақ әдебиетінде Қажымұқан бейнесін алғаш сомдаған ,өз аузынан көп оқиғаларды жазып алған жазушы Қалмақан Әбдіқадыров ағаларың.Ол кісі Қызылорда облысы Шиелі ауданына 1903 жылы дүниеге келген .Балалық шағында жоқшылықты көп көрген Қалмақан ендігі ұрпаққа еркін білім нәрімен сусындасын деп өз қаражатынан «Қарғалы »ауылында мектеп салдырып берген .Ол кісі балаларды ерекше жақсы көрген . Бала өмірі мен мінезі шынайы көрініс тапқан өлеңдері мен әңгімелер жинағы да бар ,олар: «Өміртайдың ауылы », «Тапқыш», «Тәтті қауын » Хикаятта жазған .

Сонда хикаят деген не?

Хикаят – романнан көлемі аз ,кейіпкерлері де шамалы,образдарыда бір-екі топ қана болып құрылған ,бірақ көлемі әңгімеден гөрі үлкендеу ,оқиға желісі көп шиелінісе бермейтін ,бірақ кейіпкерлерді көрсетуде негізгі мақсатына жететін шығарма.

Ал «Қажымұқан»атты хикаятында жазушы ағамыз французша күрестен дүние жүзінің чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірін ,спорттағы жолын қызғылықты баяндаған екен .

Осы әлем чемпионы атағына Қажымұқан қалай жетті екен?

ІІ. Мағынаны ажырату.

1. Мұғалім мәтінді оқып танысудың шартымен таныстырады.

Сонымен біз бүгін сабақта «Қар күреген бала » , «Жаяу сүйреген шана» атты екі бөлімдерімен танысамыз.Ол үшін әр топқа төмендегідей тапсырма беріледі




Қар күреген бала Жаяу сүйреген шана

1

БӨЛІМ

А

Құда түсейін деп пе едің?...

4 БӨЛІМ

А

Масликовтың үй ішіне...

В

Әй,әдемі тұлыптылар,

В

-Сүлдеміз сүйретіліп шөбіне

2

БӨЛІМ

А

-Неде болса,

5 БӨЛІМ

А

-Ой,мынау не істеді өзі?

В

-Өзім де солай

В

Мұқан атын жегіп,

3

БӨЛІМ

А

Мен саған бәрін берем

6

БӨЛІМ

А

Ыза кернеген шөпті

В

соңы

В

Бел көтергіш қайысты


7

БӨЛІМ

А

-Ойбай,ат қайда?..

В

соңы

1. Берілген әр бөлімді оқу (2 мин)

2.Жеке жұмыс,яғни ойын қағаз бетіне түсіру (1 мин)

3.Жұпта жұмыс , оң жақта отырған оқушылар сұрақ қояды ,сол жақта отырған оқушылар жауап береді. (1 мин)

4. Ортақ келісімге келу (1 мин)

5.Өз ойларын қорғау (16 мин)

Қорытынды:

Мұқанның балалық шағы қайда ,қандай жағдайда өтті ?

Отыз пұт май қатырған кеспекті бала шанаға қалай салды?

Мұқан бір шана шөпті бай үйіне қалай жеткізді?

Бай бұны қалай бағалады ?

Ал сендер не дер едіңдер?

Алғашқы ойларыңа тағы не қосар едіңдер?

Көп бейнеттің зейнеті болады

Бірде дастархандас болып отырған жерлесі

-Қажеке,сіздің арманыңыз жоқ шығар ?деген екен

Сонда Қажымұқан :

  • Армансыз адам болмайды.Мен сол арманды орындау үшін қанша әрекет етсем де ,күш өнеріндегі биікке шыққан қандастарымды көруді армандаймын.-, депті.

Қажекеңнің бұл арманын кейінгі ұрпақ жүзеге асыруда .Із басарлары Жақсылық Үшкемпіров ,Шәміл Серіков ,Дәулет Тұрлыханов сынды қазақ таланттары спорт тарихына енді.

Балалар Қажымұқан ағаларыңа айтар сөздерің бар шығар .

Онда эссе жазып өз ойымызды білдірейік

Эссе:

1Мен- шана сүйреген баламын.

2.Мен- қар күреген баламын.

3.Қажымұқан ағаға хат.

4.Мен –балуанмын

5.Қалмақан ағаға хат.

Қажымұқан атамыздың батасы :

Биік болсын мақсатың ,

Ұзақ болсын жақсы атың .

Өз халқыңа адал бол ,

Дала гүлі жас батыр.

Намысы гүлі жас батыр.

Өз ортаңның дүрі бол.

Көпке ұнап істерің ,

Жүзге дейін тірі бол.

Аумин!


Сөздік жұмысы

түсініксіз сөз

мағынасы

Қыламық

Жұқалаң түскен қар

Бөрлік

Дүрлігу

Сауыт

Оқ –найзадан сақтану үшін денеге киетін тор көзді кіреуке

Кеспек

Сұйық зат құйып сақтайтын ағаш ыдыс,бөшке.

Кіреші

Жүк тасушы

Тамыр

ІІ. Алыс-беріс жасап жүретін дос-жар ,көңілдес ,сыбайлас

Қаржы

І. Ақша ,пұл,қаражат

Соқпақ

Жалғыз аяқ жол,алғашқы із.

Бастырық

Шөпті ауып кетпеу үшін басып тұратын ұзын сырық

Күртік қар

Жел үріп әкеп,бір жерге үйіп кеткен ,бекіп үлгермеген қар

Өңмен

Көкірек ,кеуде


Бағалау


Үйге тапсырма : Мазмұнын біліп келу .Жоспар құру










Қар күреген бала

№1

Қораны басқан ...

№2

-Ей,бар енді?

№3

Әй,әдемі тұлыптылар,

№4

-Неде болса,

№5

-Өзім де солай

№6

Мен саған бәрін берем

№7

соңы

№8

Масликовтың үй ішіне...

№9

-Сүлдеміз сүйретіліп шөбіне

№10

-Ой,мынау не істеді өзі?

№11

Мұқан атын жегіп,

№12

Ыза кернеген шөпті

№13

Бел көтергіш қайысты

№14

-Ойбай,ат қайда?..

№15

соңы

Жаяу сүйреген шана



Эссе:

1.Мен- шана сүйреген баламын.

2.Мен- қар күреген баламын.


3.Қажымұқан ағаға хат.


4.Мен –балуанмын


5.Қалмақан ағаға хат

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
1619
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі