қаладағы бір күнім

Тақырып бойынша 11 материал табылды

қаладағы бір күнім

Материал туралы қысқаша түсінік
материал монолог оқитындарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қарт Каспийдің толқынына тербеліп жатқан әсем қала Ақтауды аралауға бір күнімді арнап, ат

басын бұрдым. Ақтаудың көрікті жерлерін аралап қана қоймай, суретке түсіп,шағын репортаж жасауды жөн көрдім.

Таксиден түсе салысыммен салқын ауаға қорқынышпен қарай бастасам да, қаланың көрікті жерлерін көрсем деген құлшыныс басым еді. үйге заттарымды қояр-қоймастан, қолыма фотоаппаратымды алдым да, апамды ертіп қала аралауға шықтым.

Алдымен Суреттегі Өлкетану мұражайы бірден көзіме түсті. Мұражайда қазақ халқының бүкіл тарихы келушілерге жол тартқан. Мұражай менің білімімнің қосымша көзі болды десем артық айтпаған болар едім.

Ары-бері айналған соң, бірден Н.Жантөрин атындағы облыстық драма театрына жол тарттық. 1 сағаттан кейін «Фариза-Мұқағали» қойылымы көрсетіледі екен, біз драмаға билет алдық. Драма жан-дүниемді рухани жағынан байыта түсті.


Театрдан шығып, сол жаққа жүрсеңіз әдемі қоңыр ғимаратқа көзіңіз түседі. Бұл – Абай мәдени-демалыс кешенінің ғимараты. Мен бұрын мәдени кешенге түрлі концерттерге келгенде ғимараттың іші күрледі жөндеуден өтпеген еді, ал қазір іші сыртына жаңа өң кіріп, соңғы үлгідегі заманауи жабдықтармен жаңартылып,келушілерді өзіне еріксіз баурап алады. Қаламыздың көркеюіне мен ерекше қуанам.

Ал мынау Ақтау қаласында ең қатты ұнаған орын ,жүрегімнен ойып тұрып орын алған ескерткіш

Бар қызықтың көкесі жолдың арғы бетіне өткеннен кейін басталады. Бұл халықтың ең көп шоғырланатын орны- Ақбота саябағы.саябақта көз тартарлық аттракциондар өте көп. Ал мына аттракционның биіктігі 30 метр. Бұл алыстан келе жатырған адамның көзіне бірден түседі.

«Ақтау» ойын-сауық кешеніне асығып барамын. Мұнда кірсеңіз жанға керектінің бәрі бар. Ерекше әсер қалдырғаны тордағы кішкене ғана көжектердің,тасбақалардың тіршілік үшін күресуі..

Теңіз жағалауындағы амфитеатр туралы көр еститінмін. Расымен де, керемет құрылыс екеніне көзім жетті:

Әрі қарай автобусқа мініп, теңіз жағалауындағы үңгірке жол тарттық. Бұл үңгір ел аузында жүрген, халықтың көп шоғырланатын орны екен. Жағалаудың табиғаты ерекше әсер қалдырды, себебі қарт теңіздің жұпар иісі,толқынның тулауы, қалықтап ұшқан құстардың көкте сап түзеуі, менің жаныма тыныштық,бойыма күш-қуат берді.

Сонымен түн ортасына үйге қайтып, тәтті естеліктерді ойлап жатып, ұйқыға кеттім.

Ақтауға жолыңыз түсіп жатса, мен жүрген жолдармен жүріп көріңіз. Сонда сіз де Ақтауға ғашық боласыз!











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
758
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі