Тұмабаева Аягүл Түзелханқызы
В- есебі
«Жаңа дала» орта
мектебі
1 –
топ
В-
есебі
«Қалай оқу керектігін
үйрену» модулін
ықпалдастырылған сабақ
жоспары.
7-сынып математика пәнінен
«Санды теңсіздіктердің қасиеттері» тақырыбында сабақ
өттім.Сабағымда оқытудағы түрлі жаңа тәсілдерді пайдаландым. Ең
алдымен тақтаға арнайы дайындалған «Топтық ереже», «Табыс
критерийі» жазылған плакаттар ілініп қойылды. Сабақта ережені
сақтау керектігі ескертілді.Сабақты ең алдымен шеңбер болып тұрып
,бүгінгі күнге бір-бірімізге сәттілік тілеуден бастадым. Бұл әрі
бүгінгі сабақта оқушылар көңілді бастасын деген ниетім
еді.Оқушылардың жадыраңқы көңіл-күйлерін көріп бұл ойымның жүзеге
асқанына қуанып қалдым. «С анамақ» әдісі бойынша оқушыларды бес
топқа бөліп алдым. «Десант» әдісі бойынша, топ басшылардың үй
жұмысын тексеріп,оларды қалған оқушылардың үй жұмысын тексеруге
жіберу арқылы барлық оқушылардың үй жұмысын тексердім. Семантикалық
карта арқылы өткен тақырыпты пысықтадым. Жаңа сабақты түсіндіруді
үш қадамдық сұхбат арқылы жүзеге асырдым.
Сонымен
1-топ а>в болса , онда
в<а.
2-топ.
а<в,в<с болса ,онда
а<с.
3-топ. егер
а<в болса, онда
а+в< в+с, с-кез келген
сан.
4-топ.егер
а<в және
с>0болса, онда
ас<вс.
5-топ .егер
0<а<в болса, онда
1/а>1/,тапсырмалары берілді.
Тақырып бойынша теориялық білімін бекіттіріп, берілген
тапсырмаларға байланысты постер қорғаттым.Оқушыларды өздігінен оқып
үйренуге, оқулық материалын меңгеруге бағыттадым. «Бағдаршам» әдісі
бойынша топтар өзара бір-бірін бағалайды. Сәйкестендіру кестесі
арқылы жаңа сабақты пысықтадым. Оқушыларға дұрыс жауабы беріледі.
Сол бойынша тексеріп, бағалау парақшасындағы бағалау шкаласы
бойынша өз ұпай санын жазып отырды.Оқулықпен жұмыс жасау кезінде
«Кафель» әдісі бойынша ,әр топқа бір есептен бердім.Әр топ берілген
есептің дұрыс жауабына сай біріктірді.
Оқушыларға тапсырма
ұнады.
Тұмабаева Аягүл Түзелханқызы
В- есебі
«Жаңа дала» орта
мектебі
1 –
топ
В-
есебі
Оқушыларға бағалау үшін
бағалау критерилеріне сүйеніп бағалау керек екені айтылды. Мен өзім
де жақсы орындаған оқушылардың жұмыстарын топта жариялап
мадақтаулар айтып отырдым. Сабақты қорытындылау мақсатында
оқушылардың қаншалықты сабақты түсінгенін білу де тиімді
әдіс.
Сабағымды «Insert» әдісі
арқылы қорытындыладым. Оқушылар сабақ қай дәрежеде түсінгенін
кестеге толтыру арқылы білдірді. «Синквейн» әдісі бойынша бес жолды
өлең арқылы сабаққа оқушылар рефлексия
берді.
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі:
Мұғалімдерге арналған
нұсқаулық.