Қалалық көлік жүйесінің дағдарысы: Шектеулер мәселені шеше ала ма?
Қазіргі таңда көлік мәселесі көлік аламын деушілерді де ойландыруда. Тіпті көлік саны адам санымен теңесуге әзер қалып тұр. Жол қозғалысын реттеу үшін қоғамдық көлік басқармасы жаңа шектеулер енгізіп жатыр, алайда бұл өзгерістердің қаншалықты тиімді екені белгісіз. Жолдағы камералардың көбеюі, орташа жылдамдықты өлшейтін жүйенің енгізілуі, ақылы тұрақтар мен жолақы жүйелерінің өзгеруі – жүргізушілер үшін жаңа қиындықтар туғызуда. Алматы қаласындағы көлік қозғалысының мәселелері жылдан-жылға күрделене түсуде. Кептелістердің көбеюі, тұрақ тапшылығы, экологиялық ахуалдың нашарлауы қала тұрғындарының күнделікті өміріне тікелей әсер етуде. Бұл проблемаларды шешу үшін түрлі шектеулер мен жаңа ережелер енгізілуде: ал жол қозғалысын бақылайтын камералардың көбеюі, орташа жылдамдықты есептеу жүйесі, ақылы тұрақтар, қоғамдық көлікті пайдалануға ынталандыру және жолақы төлемдерін реформалау. Бірақ бұл шаралар қаладағы көлік мәселесін толық шеше ала ма?
Камералар мен жылдамдықты бақылауға тоқтала кетсек. Қаланың басты жолдарында жылдамдықты бақылайтын камералар саны едәуір артты. Бұрын жүргізушілер белгілі бір нүктедегі камералардан ғана сақтанса, қазір орташа жылдамдықты өлшейтін жаңа жүйе енгізіліп, белгілі бір қашықтық аралығындағы жылдамдық есептеледі. Егер жүргізуші белгіленген шектен асып кетсе, автоматты түрде айыппұл салынады. Бұл әдіс жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанымен, кейбір жүргізушілер оны негізсіз қаржылық жүк ретінде қабылдайды.
Ақылы тұрақтар және тұрақ дағдарысы. Қала орталығындағы көлік тұрақтары жетіспейді. Билік бұл мәселені шешу үшін ақылы тұрақ жүйесін енгізді, бірақ бұл жүргізушілер үшін қосымша шығынға айналды. Себебі тұрақ жүйесіне төлеуге арналған qr кодтарда сол жердің төленетін жүйесіме сенуден қалдық дейді. Тұрақ бағалары жоғары болғандықтан, көптеген жүргізушілер көліктерін рұқсат етілмеген жерлерге қоюға мәжбүр. Бұл өз кезегінде жол қозғалысын одан әрі қиындатып, кептелістерді күшейтуде. Билік халықты жеке көліктен бас тартып, автобустар мен метроларды пайдалануға ынталандыруда. Бірақ бұл жүйенің өз кемшіліктері бар. Автобустардың жетіспеуі, олардың жүру жиілігінің төмендігі, метро желісінің шектеулі болуы тұрғындардың жеке көліктерден бас тартуына мүмкіндік бермей отыр. Егер қоғамдық көлік ыңғайлы әрі жылдам болса, жүргізушілер өз көліктерін пайдалануды азайтуы мүмкін еді. Қоғамдық көлік тарифтері жыл сайын өсіп келеді. Цифрлық төлем жүйесі енгізілгенімен, кейбір жолаушылар үшін ол қолайсыздық тудырады. Тарифтердің көтерілуі халықтың наразылығын тудырып, қоғамдық көлікке деген сұранысты төмендетуі мүмкін. статистикалық деректер
Қалалық мобилділік басқармасының басшысы Сағындық Телібаевтың айтуынша, Алматыда көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша 2030 жылға дейінгі шеберлік жоспары жүзеге асырылуда. Бұл жоспар қоғамдық көліктің қолжетімділігін арттыруды, жаңа жүрдек дәліздер құруды және экологиялық таза көлік түрлерін енгізуді қамтиды. Сонымен қатар, қалаға кіреберісте автотұрақтар салу және жаяу жүргіншілер мен веложолдарды дамыту жоспарланған.
Қалада көлік санының артуы және оның салдары туралы нақты мәліметтер:
-
Көлік санының өсуі: Алматыда 800 мыңнан астам автокөлік бар, және олардың саны күн сайын артып келеді.
-
Қоғамдық көлік үлесі: Қала тұрғындарының шамамен 65%-ы жеке көлікпен жүреді. Салыстырсақ, Мәскеуде бұл көрсеткіш 30%, ал Парижде небәрі 11%.
-
Экологиялық әсер: Қаладағы ауаның ластануының 80%-ы автокөліктердің үлесіне тиесілі. Жыл сайын олар атмосфераға 250-260 мың тонна зиянды заттар шығарады, бұл әр тұрғынға 200 кг-нан астам зиянды заттар тиесілі екенін көрсетеді.
Артықшылықтары:Жол қауіпсіздігі жақсарады. Қоғамдық көліктің дамуына жағдай жасайды. Кептелістерді азайтуға көмектеседі.
Кемшіліктері:Қосымша қаржылық жүктеме (штрафтар, ақылы тұрақтар). Қоғамдық көліктің әлсіз дамуы жеке автокөліктен бас тартуға мүмкіндік бермейді. Инфрақұрылым өзгермейінше, шектеулер тек уақытша шешім болады.
Шетелдік тәжірибе: Лондон және Сингапур көлік мәселелерін шешуде әлемнің ірі қалалары әртүрлі шаралар қолдануда:
-
Лондон: 2019 жылдан бастап, қала орталығында ескі көліктерге “лас ауа салығы” енгізілді. Бұл шара ауаның ластануын 46%-ға азайтуға көмектесті. Енді бұл салық қала шеткі аймақтарына да енгізілмек, бірақ бұл бастама тұрғындар мен үкімет тарапынан әртүрлі пікірлер тудыруда.
-
Сингапур: Халық тығыз орналасқандықтан, Сингапур билігі жеке көлік санын шектеу үшін қатаң шаралар қабылдады. Оларға көлік тұрақтарын азайту, жолды пайдаланғаны үшін ақы төлеу және ескі көліктерді әр 10 жыл сайын жою кіреді. Алматы қаласының басшылығы осы тәжірибені зерттеп, қала көлік жүйесіне енгізуді жоспарлауда.
Қорытындылай келе көлік жүйесінің дағдарысын шешу үшін тек шектеулер енгізу жеткіліксіз. Әрбір жүргізушіде өзіне жауапкершілік алуы тиіс деп ойлаймын. Кешенді өзгерістер жасау қажет: қоғамдық көлікті дамытып, метро желісін кеңейту, себебі халықтың барлығы жеңіл көлікті емес қоғамдық көлікті мақтап сонымен жүретіндей. Экологиялық таза автобустар енгізу, тұрақ мәселесін шешу және жол инфрақұрылымын жаңғырту. Егер бұл шаралар дұрыс жүзеге асса, қала заманауи, ыңғайлы және экологиялық таза мегаполиске айнала алады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз