Қалам қасиеті дарыған ұстаз
«Жеті өнер» шығармашылық орталығы
«Балбырауын» күйі
Жетекшілері: Имангазиева Клара
1-жүргізуші: 9 «А» Арыстанбек Нұрхат Асқатұлы
Армысыздар, қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар, әдебиет сүйер қауым! Халықтың рухани мұратына қызмет еткен ұлы тұлғалар аз емес. Данышпан қазақ халқы жазушыға кенде болған жоқ. Қаламгер әлеміне көз салсақ, қазақ халқының арман — мұраты, шаттығы мен қайғысы ең алдымен жазушы жүрегіне жиналған, жазушы шығармаларына арқау болған.
Бүгін біз үшін ерекше күн- жазушылық пен ұстаздықты қатар ұстаған, сөз құдіретін шәкірт санасына сіңіріп жүрген ардақты тұлғамен жүздесеміз.
2-жүргізуші: 10 «В» сынып оқушысы Жұмағали Жанайым
«Ұстаз — ұлттың шамшырағы, жазушы — халықтың жадында қалған үні» демекші, бүгінгі кешіміз — осы екі ұлы ұғымның тоғысқан сәті. Ол тек жазбайды, ол ойландырады, оятады, кейде ауыр шындықпен беттестіреді. Сөзді құрал емес, аманат деп түсінген қаламгер ғана халық жадында қалады.
1-жүргізуші:
2. Қонақты таныстыру
Бүгінгі кештің құрметті қонағы —Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі, жазушы, ұстаз, сыншы, драматург, «Алтын тобылғы», «Ауылым-алтын тұғырым», «Ұлы дала», «Таза бұлақ» республикалық әдеби байқаулардың жеңімпазы Айзат Рақыш.
3. 2-жүргізуші
Шығармашылық жолына шолу (Презентация немесе бейнеролик)
Өз өмірін халық руханиятына қызмет деп қабылдаған жазушы Айзат Рақыштың шығармашылық жолынан сыр шертетін бейнебаянды назарларыңызға ұсынамыз.
Айзат Рақыш-Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл ауданының тумасы. Алғашқы жинағы 2015 жылы «Өлгендер қайтып келеді» атауымен жарияланған. Бүгінде жазушы тоғыз кітаптың авторы. 2025 жылы қаламгердің «Оянған аңыз» және «Анамыз бір, алайда...» деп аталатын қос жинағы оқырмандарына жол тартты. Драматург Айзаттың «Тегімді менің сұрама» пьесасы бірнеше екі облыста сахналанып жүр. Аталмыш пьеса Қазақ радиосының «Шабыт» радиотеатрында оқылып, Алтын қорға енген.
1-жүргізуші:
Қонағымыздың балалық шағы, ұстаздық жолы, шығармашылық ізденісі — бәрі де жастарға үлгі боларлық тағдыр.
2-жүргізуші
Құлақтан кіріп, бойды алатын әсем ән тыңдайтын кез де келді. Сахнада Қаскелең Мәдениет колледжінің түлегі, талантты жас әнші Серікбол Нұрбектің орындауында «Махаббат майданы»
Қол соғып қарсы алыңыздар!
1-жүргізуші
Айзат Рақыш — сөз әлемінде өз қолтаңбасы бар қаламгер ғана емес, сол сөздің қасиетін шәкірт жүрегіне сіңіріп жүрген ардақты ұстаз. Қаламы арқылы ой тәрбиелесе, ұстаздығы арқылы ұрпақ тәрбиелеп жүрген ұстазымыз — бүгін біздің мектебіміздің мақтанышы.
2-жүргізуші
Алтын уақыттарын сарп қылып, ұстаздық еңбегін шыңдау барысында көмегін аямай, балаларды білім нәрімен сусындатқан аяулы ұстаздарымыздың еңбегі зор . Өмірімізге жол ашқан барша ұстаздардың құрметіне жыр тыңдайық
10 «В» сынып оқушысы Жұмағали Жанайым «Ұстаздарға»
8 «Б» сынып оқушысы Жеңіс Ертай Дарханұлы «Ұстаздарға»
1-жүргізуші
Жазушы бала оқырмандарына арнап «Ақ арман алдамайды», «Балалықтың соңғы күзі», «Ауылға қайтар жол ашық», «Қиялым, самға, шарықта» деп аталатын хикаяттар мен «Мейірімнің сиқыры» атты ертегі жазған. Ауыл өмірін паш ететін «Көк биенің киесі» әңгімесі өз алдына бір төбе.
2-жүргізуші
4. Оқырман лебізі айдары
Әр қаламгердің шығармашылық жолындағы ең шынайы бағасы — оқырман жүрегінен шыққан лебіз. Айзат Рақыштың шығармаларын оқып, ой түйген, әсер алған біздің мектебіміздің оқушылары өз пікірлерін ортаға салмақ.
1. 6 «А» сынып оқушысы Төлеубек Сабина «Марқакөл монологы»
2.7 «Г» сынып оқушысы Батырхан Жадыра «Мұз үстіндегі қызғалдақ»
3.7 «Г» сынып оқушысы Нұрлан Айша «Көзі жасты күлегеш қыз»
4. 6«В» сынып оқушысы Жәнібек Маржан «Алтайда туған ақ арман»
5. 6«В» сынып оқушысы Әбділдахан Аружан «Балалықтың соңғы күзі»
6.7 «А» сынып оқушысы Айзере «Көк биенің киесі»
7. 5 «А» сынып оқушысы Төребек Кәусар «Мейірімнің сиқыры» ертегі
8. 5 «Д» сынып оқушысы Дәулетхан София "Балалықтың соңғы күзі"
9. 5 «Д» сынып оқушысы Максим Аяна "Мейірімнің сиқыры"
5. 1-жүргізуші
«Жазушымен сұхбат» айдары. Ұстазымыз Айзат Рақышты сахнаға шақырайық
Оқырманын ойландырып, сөзбен тәрбиелеп жүрген қаламгерді жақынырақ танып, шығармашылық әлеміне үңілетін сәт туды.
Назарларыңызға — жазушы Айзат Рақышпен сұхбат. Қаламгермен сұхбаттасатын-болашақ журналист 6 «В» сынып оқушысы Сағымбек Фариза
6. 2-жүргізуші
Бүгін біз үшін ерекше сәт — Айзат қаламгердің «Анамыз бір, алайда...» кітабының тұсауы кесілмек. Бұл кітап — жүрекпен жазылған ойлар мен терең сырдың тоғысы. Енді оны алғаш рет өз көзімізбен көріп, авторымен бірге атап өтеміз. «Анамыз бір, алайда...» кітабының тұсаукесері!
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Малданбаева Нұргүл ұстазымызды, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Абдрасилова Фарида ұстазымызды сахнаға шақырамыз.
7 . 1-жүргізуші
Қасиетті өлкемізде елге адал қызмет етіп,халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерімізді Айзат Рақышты ортаға шақырып, бала шәкірттеріне деген ыстық лебізіне құлақ түрейік.
8. Жазушымыздың жүрек сөзі
1-жүргізуші
Бүгінгі кешімізде Айзат Рақыштың шығармашылығымен танысып, оқушыларымыздың шынайы ой-пікірлерін тыңдадық, шынайы ой таразыладық. Әр шығарма, әр сөз, әр лебіз — біздің ойымызға жаңа ой қосып, жанымызды байытты.
2-жүргізуші
Барша қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Әдебиетке деген сүйіспеншілік пен сөз өнеріне қызығушылық әрдайым жалғассын!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз