400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қалам ұшында - соғыс іздері

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қалам ұшында - соғыс іздері " тақырыбына жазылған эссе мазмұны мектеп окушыларына керекті материал. Себебі эссенің тақырыбы, мазмұны, идеясы оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін, патриоттық сезімін оятып, оқушыны патриоттық тәрбиеге жетелейді. Эсседе Бауыржан Момышұлы туралы ақпарат алуға болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қалам ұшында - соғыс іздері

 

Тарих қойнауынан сыр шертетін, келер ұрпаққа жеткізетін қазына – ақ қағаз бен қара сия. Әріптен салынған тарихи шындықтың бірі, қалам ұшында ирелеңдеп ізі қалған оқиғалардың бірі – Ұлы Отан соғысы. Сұрапыл сұм соғыстың біткеніне көп жыл өтті. Біздің аталарымыз терін және қанын төкті. Біз білетін және білмейтін, айтып жеткізуге ауыр қиындықтарды өткізді. Нақты санын біліп болмас құрбандар... Әйтсек те, бақыт таңы атып бұл соғысты да жеңдік.

  Ұлы Отан соғысының біз үлгі тұтар кейіпкері, қазақтың қас батыры, елім, жерім деп еңіреген тұлғалар ­­– Бауыржан Момышұлы және Қасым Қайсенов. Бұл екі адам өз елі үшін жанын құрбан етуге дайын болды. Қолдарына қару ұстап жаудың көзіне қарады. Қос батыр да өзінің қиын кездерін қаламды ермек қыла отырып болашақ үшін қағазға түсірді. Олардың кітабын оқып соғыстың барлық қиындықтарын және олардың бастан кешкен оқиғаларын білуге болады. Бізге, яғни болашақ ұрпаққа біз үшін жанын, жастық шағын, бәрін аямаған адамдарды ұмытпау қажет. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды. Ұмыту тарих үшін үлкен қасірет. «Ұшқан ұясын» (Б.Момышұлы) қорғаудағы кез келген азаматтың борышы 1941-1945 жылдардың жалынды сәттерін санада сақтау. Тек сақтап қана қоймай Елдіктің, Ерліктің ақ туы ретінде сезіну керек. Соғыстың қақ ортасында болған адрагерлердің жүзіндегі шындықты шымырлата отырып шарықтату керек. Сонда ғана біз Тәуелсіздік таңының шапағатын сезінерміз.  

Біз тілге тиек еткен батырларымыздың сиясы тамған таңбалармен танысып, оны қастерлеу біздің борышымыз. Соғыс ізінің санадан, тарихтан ешқашан өшпесі анық. Және Бауыржан атамызша айтсақ, Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік. Кешегі қанды соғыста да, қасықтай қаны қалғанша арпаласқан аталарымыздың ұраны да осы болған-тын. Сондықтан қалам ұшындағы соғыс ізінің сиясы ешқашан кеппесін деп тіледік.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
24 мамыр
698
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі