400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қаламымен толғаған халық қамын

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының біртуар қызы, қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш журналист қыз, ағартушы, педагог Нәзипа Құлжанова жайлы. Жас ұрпаққа үлгі боларлық өнегелі өмірінен бір үзік сыр.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Қаламымен толғаған халық қамын»


Қазақ халқының мемлекеттік тәуелсіздікке ұмтылысында өр тұлғалы қазақ қыздарының да үлесі зор болғаны белгілі. Қазақ қыздарының мінезіне тән ерекше бір қасиет оның қайтпас қайсарлығы, өжеттігі, тіпті керек кезде ел үшін Отан үшін отқа түсуге дейін баруға батылы жететіндігі дәлелденген. Тарихта ел намысын ерлерше қорғап, қайрат көрсеткен қазақ әйелдері де баршылық.

Қазақ елінің тәуелсіздігі жолында жан аянбай күрескен тұлғалардың өмір жолы мен қалдырған еңбектерін зерттеу объектісі етіп алу айрықша есте ұстар қажеттерімізден саналады. ХХ ғасырдың 20-30 жылдары тарих сахнасына шыққан қайраткерлердің  көбінің өмірі репрессиямен тұйықталды. Олар қуғын–сүргіннен бас көтере алмады. Сол себептен де олардың атын атауға тиым салыынып, халық үшін еткен еңбектері ұлтшылдыққа баланып, жоққа шығарылып отырды.

Осы тұрғыдан келгенде  20-30 жылдары қазақ қыздарының арасынан суырылап шыққан Алма Оразбаева, Нағима Арықова, Шолпан Иманбаева, Аққағаз Досжанова, Мәдина Бегалиева, Сара Есова, Нәзипа Құлжанова сияқты қайраткерлердің еңбегі жүйелі түрде зерттеле беруге тиіс.

20 ғасыр басындағы қазақ мәдениетінің тарихында ерекше із қалдырған тұлғаның бірі – Нәзипа Құлжанова. Ол – ағартушы, ұстаз, әлеумет қайраткері, журналист, жазушы, аудармашы. Ер азамат иығымен көтере алатын жаңа істің басы-қасында қазақтың талдырмаш қызы Нәзипа Құлжанованың болуы Нәзипа Сегізбайқызына жүктелген қыруар шаруаның бірі ғана.

1934 жылы небәрі 47 жаста жарық дүниемен қош айтысқан қайраткер қазақ қызының өмірі де, сол қысқа өміріндегі кездескен сан түрлі қиындықтар мен атқарған елеулі қызметі де ұмытылмайды. Қазақтың біртуар ұстазы заманның қиындығына мойымай күресіп жүріп еңбек еткен аяулы, қаһарман қызы келешек ұрпағына маңызы зор, тәрбиелік мәні бар еңбектер қалдырды.

Мен бүгін ұлт болашағы үшін жанын жалау еткен тұлғаның журналистік қырына тоқталмақпын.

Нәзипа Құлжанова 1923-1925 жылдары «Қызыл Қазақстан» (қазіргі «Ақиқат») журналында, 1925-1929 жылдары «Әйел теңдігі» («Қазақстан әйел­дері») журналында жауапты хатшы қызметтерін ат­қар­ған. Сөйтіп, қазақ баспасөзі қызметкерлерінің бірнеше буынын тәрбиелеуге үлес қосқан. Н.Құлжанова артына мол мұра қалдырды. Газет-журналдардағы көптеген очерк, мақалалары бір төбе. «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінің ХХ ғасыр басында қазақ баспа сөзінің қанаты қатайып, қоғамдағы ықпалды күшке айналуындағы ықпалы ерекше. Н.Құлжанова сол тұстағы баспасөз ісіне тікелей араласып, оның іргесінің бекуіне, ұстанған жолының бедерлі сипатқа иеленуіне қалам қайратын жұмсады.

Нәзипа Құлжанова есімін қазақ оқырманына алғаш таныстырған «Қазақ» газеті. «Қазақтың» 1914 жылғы 30-наурыздағы санында оның «Қазаққа» мақаласы жарық көрген. Нәзипа Құлжанова есімі XX ғасырдың жиырмасыншы жылдары кеңінен таныла бастады. Әсіресе, оның «Әйел теңдігі» журналында жарияланған «Бала емізудің дұрыс тәртібі», «Бала ауруы», «Баланың жұқпалы аурулары» пайдалы кеңестерді баланың дені сау, тәні таза болуға бағытталған сол кездегі уақыт талабына сай еңбектер еді.

  Н.Құлжанова шығармаларының басым көпшілігі әлеуметтік мәселелерге арналған. Кейіпкерлері - өзі өмір сүрген кезеңнің адамдары. Олардың біразы-дала өміріндегі озбырлық пен зорлықтың құрбаны болған, көкіректері шерге, көздері жасқа толы қорғансыз жандар. Мұндай қорлықты жағдайдан құтылудың жолы оқу, өнерге талпыну деп көрсетеді ол өз шығармаларында. Бұл жөніндегі негізгі ой түйіндері «Октябрь төңкерісі және қазақ әйелі» деген публицистикалық мақаласында көрініс тапқан.

Осы тұрғыда “Қазақ”, “Сарыарқа” және “Алаш” газеттеріне әйел мәселесіне байланысты мақалалар жариялады. Онда қазақ әйелінің сол кезеңдегі жан азабын, тұрмыс тауқіметін, теңсіздігін ашына жазады. Қатардан қалмай, өнер-білім игеруге, жақсы өмірге ұмтылуға щақырады.
Н.Құлжанова 20-30 жылдарда ел өміріндегі елеулі мәселелерді көтерген мақалаларды өндірте жазады. Бұған оның бұл жылдары С.Сейфулин, Б.Майлин, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов тағы басқа қазақтың маңдай алды ұлдарымен қызметтес болуы да оң ықпалын тигізген деп есептеуге болады.
Нәзипа Құлжанова Семей қаласында оқу-ағартушылық саласында елеулі еңбектер сіңіре жүріп те қазақ баспасөзінде қызмет атқарды. «Қазақ», «Сарыарқа» және «Алаш» газеттеріне мақалалар жазды.
1914 жылдың 26 қаңтарында Семей қаласында әдеби кеш өтеді. Атал­мыш жиын қазақтың ұлы ақыны Абай Құнан­байұлының қайтыс болғанына он жыл толуына әдейі арналып ұйымдастырылған.
Кештің бірінші бөлімі тұтас Абайдың өмірі мен қыз­метіне арналған. «Қазақ ақыны Ибрагим (Абай) Құ­нанбаев және қазақ поэзиясы» деген тақырыпта баяндаманы қазақ және орыс тіл­де­рінде жасаған Нәзипа Сегіз­байқызы Құл­жанова. Кеште Абайдың әндері мен күйлері орындалады. Орыс көрермендері Нәзипа ханымның таза орыс тілінде сөз сөй­леуіне таң-тама­ша қалған. Абайдың өмірбаяны мен шығармашылық мұрасы хақында тартымды әңгіме өрбіп, онан Пушкин, Лермонтов сияқты ақындардың шы­ғар­маларын қазақша сөйлеткендігі жөнінде қилы салыстырулар келтіріп, ақырында Татьяна мен Оне­гиннің сүйіспен­шілік хикаяларын тарамдай баян­даған.
Кейiн "Әйел теңдiгi” журналында қазақ балабақшаларындағы озат тәжiрибелер жайында бiрнеше мақалалар жазады. 

Н.С.Құлжанованың баспасөзде жарияланған дүниелерінің басым бөлігі әйел тағдыры, оның хал-тұрмысы, қоғамдағы орны сияқты өзекті мәселелерге арналған. Бұл қатарда «Октябрь төңкерісі және қазақ әйелі», «Қазақ әйелдеріне», «Жұма күндері қазақ әйелдеріне кеңес», «Жалпы әйел мейрамы», «Көңілді түрде өтті», тағы басқа мақала, хабар, суреттемелерін атауләзім.
«Мектептен бұрынғы тәрбие», «Ана мен бала тәрбиесі» оқулықтары мен денсаулыққа байланысты топтама мақалалары Нәзипа Сегізбайқызы Құлжанованың ұстаздық жолы мен ағартушылық қызметінің зор мағынаға ие айтулы құбылыс екендігі дәлел.

Тұтастай алғанда, ХХ ғасыр табалдырығын аттай бере қазақ елін ұйқыдан оянуға, алға ұмтылуға үндеген алаш ардагерлері қоғамдық сананың өсуіне бар салада қолғабысын тигізуді мақсат еткен.
Нәзипа Құлжанова да журналист ретінде қолына қалам алғанда абзал ағаларының өміршең үрдістерін жадында бекем ұстаса керек. Арнайы журналистік оқу оқып, тауқыметі мол баспасөз қызметкері болуды алдына мақсат етіп қоймаса да қалам-қайраты жеткенше жазу ісіне араласып, қолқабысын тигізуді лайық көрген. Қолына қалам ұстап баспасөз майданына араласқан әрбір адам жазған дүниелерімен қарапайым оқырманға бағыт сілтеуді, жол көрсетуді, мүмкіндігінше оқушысын ізгілікке баулуды мұрат тұтады. Осы бір қаламгерлік жолда Нәзипа Сегізбайқызы үнемі күрделі де іргелі мәселелерді көтеруді жүрегімен ұққан, сол бағытта оқырман көңілінен шығып, өнегелі, үлгілі сәттерді көрсетіп қалуды ескерген.
Н.Құлжанова «Қазақ» газетінің шыққанына бір жыл толуын қуана қуаттай келе үш мыннан астам оқушысы бар басылымның атқарған істеріне баға беріп, атқарылмақ шаруалар төңірегінде ой қозғайды.
«Қысқасын айтқанда, ойдағы, қырдағы, алыстағы, жақындағы қазақтардың бастары құралып, пікірлері қозғалып, ақылдасып, сөйлесіп, кең даланың кеңесі құрылған сияқты болды. Жетісіне бір рет шығатын бір жасар жас «Қазақтың» бетінен осылардың бәріне орын табылды. Осылардың бәрі - Ай мен Күндей, Алаш ұлына бірдей түсінікті ана тілімен сөйлейді» - деп, қуанады.
Газет көтерген соқталы мәселелердің ішінде қазақ тілінің жан-жақты қолданысқа көшуі, қазақ әріптерін, дыбысты дұрыс жеткізуге икемдеу, басқа елдер тынысына қатысты материалдардың танымдық сипатын жақсарта түсу сияқты ділгір мәселелерге қозғау салуды қолдайды. Бұл орайда Н.Құлжанованың қазақ тілін түлеткен алаш арыстарымен иық тіресе еңбек еткенін байқауға болады. Және де қолына қалам алған көзі ашық адам сол кездегі тіл мәселесіне де бей-жай қарай алмасы анық.
Жаңа басталған іске қол қусырып қарап отырмай, қалам қайратымен бірге қаржылай көмек көрсетіп, газет шаруасының жандануына, оң пиғыл танытады Нәзипа Сегізбайқызы.
«Ардақты жас «Қазақ»! Ұйықтағанды оятып, уланғанның бетін түртіп, мүдделі жөн көрсетіп, көсемдік етіп, ұлтының таң жұлдызы - Шолпаны болсын деп тілеймін» деп, ұлт үні санатына аса тез жылдамдықпен ілініп, жұрт сыйлайтын, асығып күтетін басылымға айналып келе жатқандығына қуанышын жасырмайды. «Алып анадан» дейтін қазақтың аталы сөзін есте тұтып, әйелдер өмірі мен тағдырына, тұрмыс-тіршілігіне қатысты мәселе көтеру жағын құлаққағыс етеді.
Қорыта келгенде, Н. Құлжанова қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш журналист ретінде өз заманындағы өзекті мәселелерді қаламына арқау етті. Ол көтерген мәселелердің біразы қазіргі уақытта да күн тәртібінде тұр.
Сол себептен де, қайраткер қыздың қаламынан туған туындылар келешек ұрпақ үшін де маңызды боп қала бермек.







Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Н.Ә. Назарбаев.  Ғасырлар тоғысында.

  2. Ахметова Л. Нәзипа Құлжанова // Алғашқы қарлығаштар. Құраст. Д.Дәуренбекова.-Алматы: Қазақстан, 1993.-17-29 б.

  3. Әділбекқызы Ж. Семей Орыс Географиялық қоғамы және қазақ зиялылары // Абай.-2004.-№1.-61-64 б.

  4. Байжұманова Н. Ұлы ақынды ұлықтаған Нәзипа // Семей таңы.-2007.-30 тамыз.-3 б.

  5. Қуантайұлы Н. Қазақтың алғашқы журналист қызы // Ертіс өңірі.-2003.-9 қазан.-29 б.

  6. Мағауина З. Қазақтың ардақты қызы // Семей таңы.-2007.-24 мамыр.-3б 

  7. Ахметова Л. Қарлығаш қаламдастар. - Алматы : Қазақ университеті, 1993. - 112 б. 

  8. Кәріпжанова Г. Қазақтың қайраткер қызы // Егемен Қазақстан.-2012.-26 желтоқсан.

  9. Қазақ қыздары арасындағы тұңғыш журналист // Дидар. - 2011. - 3 маусым.- Б.8.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 қаңтар
425
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі