Қалдықтарды табысқа айналдырайық
ХХІ ғасырдың өзекті проблемаларының бірі - атмосфераны қоқыс қалдықтарынан тазалау болып отыр. Дүниежүзіндегі әр тұрғын шамамен жылына 300 кг жуық қоқыс шығарады екен. Бұған зауыттар мен фабрикалар секілді ірі өнеркәсіптерден бастап, қоғамдық тамақтану орындары мен коммерциялық нысандарды қоссаңыз, тау болып үйілген қоқыс полигондарын көз алдыңызға елестете беріңіз. Әлемдегі жетекші елдердің тәжірибесі көрсеткендей, бұл проблеманы оңтайлы шешуге толық мүмкіндік бар. Мәселен, Швейцарияда әрбір тұрғын қоқысты сұрыптап төгуге міндетті: шыныны шыныға, металды металға, қағазды қағазға. Соның нәтижесінде, шыны бұйымдарының 90 пайызы, қағаз өнімдерінің үштен бір пайызы қайта өңдеуге жіберіледі. Осыдан келіп, Швейцария мен Сингапур сияқты елдер әлемдегі экологиялық ең таза мемлекеттер қатарында есептеледі. Осы орайда Мақтаарал ауданына қарасты, Қажымұқан атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, оқушылар бойындағы экологиялық білімді дамыту мақсатында өткізілген «Қалдықтарды табысқа айналдырайық!» атты мектепішілік, экологиялық сайыстың маңызы жоғары. Сайысқа қатысқан 5-сынып оқушылары қатты тұрмыстық қалдықтардан тұтынуға жарамды түрлі заттар жасады. Сайыс барысында оқушылар әлемдегі дамыған және қарқынды дамуға бет бұрған мемлекеттердің көшінен қалмау үшін қалдықтарды өңдеуге бас қатыруға міндетті екендіктерін түсінді. Сонымен қатар қоршаған ортаны таза сақтау үшін керексіз заттарға екінші өмір сыйлау, оны өмірде қолдана білу сияқты білімдерді меңгерді. Сайысқа қатысқан оқушылардың идеялары көз қуантарлық дәрежеде болды. Оқушылардың еңбегі бағаланып, марапаттауға ұсынылды.

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қалдықтарды табысқа айналдырайық
Қалдықтарды табысқа айналдырайық
Қалдықтарды табысқа айналдырайық
ХХІ ғасырдың өзекті проблемаларының бірі - атмосфераны қоқыс қалдықтарынан тазалау болып отыр. Дүниежүзіндегі әр тұрғын шамамен жылына 300 кг жуық қоқыс шығарады екен. Бұған зауыттар мен фабрикалар секілді ірі өнеркәсіптерден бастап, қоғамдық тамақтану орындары мен коммерциялық нысандарды қоссаңыз, тау болып үйілген қоқыс полигондарын көз алдыңызға елестете беріңіз. Әлемдегі жетекші елдердің тәжірибесі көрсеткендей, бұл проблеманы оңтайлы шешуге толық мүмкіндік бар. Мәселен, Швейцарияда әрбір тұрғын қоқысты сұрыптап төгуге міндетті: шыныны шыныға, металды металға, қағазды қағазға. Соның нәтижесінде, шыны бұйымдарының 90 пайызы, қағаз өнімдерінің үштен бір пайызы қайта өңдеуге жіберіледі. Осыдан келіп, Швейцария мен Сингапур сияқты елдер әлемдегі экологиялық ең таза мемлекеттер қатарында есептеледі. Осы орайда Мақтаарал ауданына қарасты, Қажымұқан атындағы жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде, оқушылар бойындағы экологиялық білімді дамыту мақсатында өткізілген «Қалдықтарды табысқа айналдырайық!» атты мектепішілік, экологиялық сайыстың маңызы жоғары. Сайысқа қатысқан 5-сынып оқушылары қатты тұрмыстық қалдықтардан тұтынуға жарамды түрлі заттар жасады. Сайыс барысында оқушылар әлемдегі дамыған және қарқынды дамуға бет бұрған мемлекеттердің көшінен қалмау үшін қалдықтарды өңдеуге бас қатыруға міндетті екендіктерін түсінді. Сонымен қатар қоршаған ортаны таза сақтау үшін керексіз заттарға екінші өмір сыйлау, оны өмірде қолдана білу сияқты білімдерді меңгерді. Сайысқа қатысқан оқушылардың идеялары көз қуантарлық дәрежеде болды. Оқушылардың еңбегі бағаланып, марапаттауға ұсынылды.

шағым қалдыра аласыз













