Қалдырған ізің
мәңгілік.
Кітапханашы:Абай атамыз; «Ұстазсыз шәкірт-тұл,шәкіртсіз ұстаз-тұл» деп,
адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты
екенін ерекше атап айтады.Ұстаз әмбебап
білімді,салауатты,салтанатты маман кісі.Ол адам жанын терең
түсініп,жақсы білетін қадірлі де қастерлі,қасиетті мамандық иесі.Өз
ісінің шебері әрі өнерлі, кішіпейіл, мейірімді, қайырымды,
ізетті,инабатты адам.
Ең әуелі ұлағатты ұстаз шәкіртіне өмірді,білім
үйретуші ұстаз шәкіртіне үйрететін нәрсесін өзі жан-жақты терең
біледі және қалай үйретудің тәсілдері мен әдістерін жақсы біледі де
шәкіртін білімге қызықтыра,ынталандыра түсіндіріп оның сезімін
ұшқырлап,білімін дамытады.Өмірдің қызықтарын сезіндіреді.Балалық
өмірдің ең бір қызықты кездері мектепте өтеді.Сол мектептің тұлғасы
–ұстаз.
Ұстаз шәкіртінің жан сұлулығын,денсаулығын
зерлей зерттеп,сол адамдық асыл қасиеттердің жақсара беруін
қадағалап,қамқорлық жасап отырады.Ол шәкіртін өзінің туған
баласынан да артық көріп,адамдық асыл қасиеттерді оның бойына
сіңіреді.Шәкірт ата-анасынан гөрі ұстаздардың қарауында көбірек
болады.Ұстаз ата-анаға қарағанда балаға қамқорлықты анағұрлым
арттыра түсіп,білім беру,тәрбиелеу ісіне арнайы күш-жігерін,уақытын
бөліп,шәкіртіне алаламай қамқорлық жасайды.
1-оқушы:
Ұстаз-ана,ол шәкіртін туған баласындай
баурап,өмір өрнектерін, тұрмыс-тіршілік мехиаттарын,қиындықтары мен
қызықтарын сезіндіріп,баураудан жалықпайды.
Ұстаз-жолдас.Ол әрқашанда шәкіртімен бірге
көпшілікпен араласып жүреді,қатар құрбысындай қатарласа өмір
сүреді.Ұстаз-дос,ол шәкіртіне тек жақсылық ойлап,қиындықта
қымсынбай көмек көрсетеді,жанын сала жақсылық
жасайды.Шәкірт-ұстазының ұлағатты іс-әрекетін үйреніп,одан білім
алушы,жаны жақын,ой мақсаты біртұтас өсіп-өркендеуші өрені.Шәкірт
ұстазына инабаттылық ғұрып пен ізеттілік,имандылық көрсетіп,әдеп
сақтауға міндетті.Ұстазды құрметтеудің бір белгісі-оған
ізеттілікпен сәлем беру.Ұстазға сәлем берудің екі жолы бар,жиналып
отырған шәкірттер ұстазбен тұрып амандасады,жеке кездескенде шәкірт
ұстазға әдеттегідей сәлем беріп,бас иеді.Сәлем беру кезінде иман
жүзділік,елжірегіш сезіммен құрметтеу. Нышаны көріну
керек.Сәлемдесу сөздерінің дауыс ырғағы сыпайы,сыйласымды болуға
тиіс.Кейде шәкірт ұстазын алыстау жерде көріп қалса,бас киімін
алып,оң қолын жүрегіне тақап,бас иіп,имарат білдіреді.
2-оқушы:
Ұлағатты ұстаз алдында шәкіртінің орындайтын
міндеттері мен парыздары өте көп.Ең әуелі шәкірт ұстаз сөзін
ықыласпен тыңдауға,ісін ілтипатпен үйренуге міндетті.Ұстаз сөзін
мәңгі есте қалдыру үшін,оны бірнеше ретеске түсіріп,қанша рет
қайталап,жадында сақтап,санада сақтау керек.Ұстаздың тапсырмасын
орындамаған шәкірт,үлкен қателік жасап ,әрі білімін
нашарлатады.
Ұстаз әрі жолдас,әрі дос болғандықтан шәкірт
сонымен ашық-жарқын,жасқанбай пікірлесіп,ойын ашық айтса,ұстаздың
көңілі көтеріліп,шәкіртіне сырын ашып,оның ойына от беріп,қиялын
қияна шығарып,арман биігіне жетелейді.
Әрбір ұстаздың бойында бірнеше өнер
болады..Әдепті шәкірт ұстаз бойындағы қадірлі қасиеттерді,өрнекті
өнерлерді үйреніп алуға құштар болуы керек.Ондай шәкіртіне риза
болған ұстаз бар өнерін салып,өн бойындағы дарынын шәкіртіне дарыта
біледі.Сондықтан шәкірт ұстаз өнеріне қызығып,ұстаз білімін
қастерлей білуге міндетті.
Ұстазын сыйламаған шәкірт өз ата-анасын да
сыйламайды.Өз ата-анасын,ұстазын ардақтамаған шәкірт
адамгершіліктен жұрдай болып,елінің елеулісі,халқының қалаулысы бол
деген аталық батаның үрдісінен шыға алмайды.
Бар білімін,қайрат-жігерін аямай,бізге білім
беріп,өнерүйретіп,өмірімізге жол ашып берген ұлағатты ұстаздарға
бас иіп, тәжім етеміз !
3-оқушы:
Ұстаз.
Анамдай сүйем мен,
Шеберін ғылымның
Ұстаздың үйренем
Өнерін білімін
Үйреткен іс сазын,
Мың жаса,Ұстазым!
4-оқушы:
Ұстазым.
Қымбатты балалық шағымнан,
Өзіңмен біргемін ұстазым.
Жасымнан білімге шындаған,
Арманшыл асылым ұстазым
Сен барда қамқоршы жалыңмын,
Іздесем қасымнан табылдың
Зейініме,пейіліме құйған нұр,
Аңсары жанымның ұстазым.
Ғылымға,өнерге ынтызар,
Ержүрек,қахарман ұл-қыздар.
Білімнің көгінде жайнаған,
Ең жарық жұлдыздар ұстазым.
5-оқушы:
Ұстазым менің-ақылшым менің.
Ақылмен ой-санаңа нақты ұстайтын
Жарқырап өмірбақи тот баспайтын
Шамшырақ жолындағы-білім болса
Ұстаз ғой,сол білімге жол бастайтын.
Мектепке тұңғыш рет басқан қадам
Бәйгеге сендердің ол қосқан балап,
Білімнің басып алғаш баспалдағын
Танып ап оң мен солың ашылады,
6-оқушы:
Бармасаң әр баланы білімге алып,
Болады сол баланың күні кәріп.
Оқысаң көзің сонда ашылады,
Әрдайым білімге-дүние жарық.
Алдына келсе бала,тағы кімдер
«Білім ап,өмір сырын ұға біл»,-деп
Өмірге әр адамның көзін ашқан
Дүниеде тұңғыш ұстаз-мұғалімдер.
Өздерің құт мекенді тұрақ еткен,
Өмірге тұлпар баптап пырақ еткен
Сендердей бақытты жан жоқ-ау сірә
Шәкірттері жер шарына тарап кеткен!