400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қалижан Нұрғожаұлы Бекхожин. 10- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ертіс өңірінің Иса Байзақов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Аманжол Шәмкенов, Қалижан Бекхожин, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Мұзафар Әлімбаев сынды ақын-жазушыларының шығармаларын жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан хабардар ету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қалижан Нұрғожаұлы Бекхожин


Қалижан Нұрғожаұлы Бекхожин - ақын, драматург, аудармашы, халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері.

Қазақстанның халық жазушысы (1986). Қазақ педагогикалық институтын бітірген (1938). Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1938 жылдан соғысқа аттанғанға дейін Қазақстан комсомолы ОК-нің баспасында, Қазақстан Жазушылар одағындаТіл және әдебиет институтында, соғыстан кейін Тіл және әдебиет институтында, Қазақстан Жазушылар одағында жұмыс істеді. 1949 жылдан шығармашылық жұмыста болды. Алғашқы лирикалық туындыларында замандастарының қиындыққа толы күрделі өмірін жырлады.

«Абаймен сырласу» («Қазақ әдебиеті», 1972, 18 ақпан) атты өлеңіңде Бекхожинұлы ақынның қазақ әдебиет тарихындағы орны мен маңызына тоқталады. Бүгінгі поэзиямыздың жай-күйін талқылаған ақындар жиынын тілге тиек ете келіп, қабырғадағы суреттен қараған Абайға сұрақ қояды:

«- Абай аға,
Дауымыз жақпады ма?
Мұрамыз жоқ
Өзіңдей баптануға -
Жыр шіркінді
Түйдектеп жазамыз да
Асығамыз
Жарыла мақтануға.»

Бұдан кейін жазық далада асқар таудай болып дара тұрған, даналық биігіндей Абайдың дарабоз даңқы мадақталады. «Абаймен сырласу» өлеңінің мәні мұнымен ғана тәмәмдалмайды. Бекхожин қазіргі заман поэзияға ауыр жүк артып отырғанын ескерте келіп, бізге бір емес, жүз Абай қажеттігін мойындайды. Ол Абай жөнінде бірнеше мақала жазған. Оның Абай аудармаларын сөз ететін «Лермонтов және Абай» («Социалистік Қазақстан», 1939 ж., 15 қазан), «Абай және Крылов» («Сталин туы», 1939, 15 тамыз) деген мақалалары жарияланған. «Абай және біздер» («Лениншіл жас», 1939, 23 маусым), «Ақын, жыраулар өнері - халқымыздың қасиетті қазынасы» («Қызыл ту», 1945, 30 қаңтар), «Абай - гуманист» («Ленин туы», 1945, 21 шілде; «Жаңа ауыл», 1954, 19 тамыз), «Қазақ ағартушылары туралы соны деректер» («Қазақстан мұғалімі, 5 мамыр), «Толғанта беретін тақырыптар» («Қазақ әдебиеті», 1959, 10 көкек), «Қазақ халқының ұлы ақыны - Абай» («Коммунист», 1940, № 9) тағы басқа мақалаларында абайтану мәселесі жан-жақты сөз болады. «Абай және абайшылар» («Екпінді», 1940, 28-29 мамыр) мақаласында Бекхожин әдебиетшілер Ә.Жиреншин мен Е.Ысмайыловтың «Социалистік Қазақстан» газетінде жарияланған (1940, 6 маусым) «Қазақ халқының ұлы ақыны» деген материалындағы жаңсақ пікірлерге тойтарыс береді. Бекхожин 6 класс оқушыларына арналған әдебиеттік оқу кітаптарына (1941-1951) арнап Абайдың өмірбаянын жазды.

Бекхожинге «Менің замандастарым» кітабы үшін Қазақ ССР- інің Абай атыңдағы Мемлекеттік сыйлығы берілді (1978). Өрен ұрпақты Отаншылдыққа баулу үшін "Жусан" поэмасын жазды. Кіршіксіз махабаттың адам жанын қанщама асқақтататын білгісі келген бозбала мен бойжеткен "Мариям Жагорқызын", "Әппақнаманы" тауып оқиды. 1938-1939 жылдары «Партизан Балтабай» («Кек»), «Орман қызы», «Ақсақ құлан» атты үш дастан жазған.  «Орман қызы» Қазақстан Орталық комсомол комитеті жариялаған бәйгеде жүлде алған. 1939 жылы аты шулы Кенесары, Наурызбайды мадақтайтын «Батыр Науан» атты поэма жазған, кейін 1950 жылдары осы поэмасы үшін қуғын көрген, кітаптарын шығаруға тыйым салынған.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
16.08.2023
675
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі