400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қалжың мен қорлаудың арасы тым жұқа

Материал туралы қысқаша түсінік
қазіргі қоғамдағы жасөспірімдердің арасындағы қарым қатынас
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қалжың мен қорлаудың арасы тым жұқа



Қазіргі қоғамда балалар мен жасөспірімдер арасында жиі кездесетін мәселелердің бірі — буллинг. Бұл — бір адамның екінші адамға қасақана зиян келтіруі, қорлауы, мазақ етуі, физикалық немесе психологиялық қысым көрсетуі. Әсіресе мектептерде буллинг оқушылардың арасында кең таралған, бірақ көбіне бұл әрекеттер «қалжың» немесе «әзіліміз ғой» деген жеңіл сылтаумен ақталып жатады. Бірақ қалжың мен қорлаудың арасы өте жұқа екенін бәрі бірдей түсіне бермейді.Кейбір балалар өзгелерге күлкі болмас үшін, топтан қалмас үшін өздерін өзгеше ұстап, мейірімсіздікке баруы мүмкін. Бұл — ішкі қорқыныштың, түсінілмегендіктің көрінісі. Ал кейбіреулер «басқалар мазақ етпес үшін — мен бірінші болып мазақтаймын» деген ұстанымды ұстанады. Мұндай ойлар баланың психикасына үлкен салмақ түсіреді әрі ұжым ішінде шиеленіс туғызады. Буллингке ұшыраған оқушылардың өз-өзіне сенімі жоғалып, ішкі күйзеліске ұшырайды. Көпшілігі ата-анасына немесе мұғалімге ашылып айтудан қорқады, себебі оларды «әлсіз», «жылауық» деп қабылдай ма деп қорқады. Бұл үнсіздік буллингті одан әрі тереңдете түседі.Интернет пен әлеуметтік желілердің дамуы да буллингтің жаңа түрін — кибербуллингті дүниеге әкелді. Онлайн ортада жасырын атымен басқа біреуді қорлау, ұятқа қалдыру, қауесет тарату – қазіргі жастар үшін үлкен қауіп. Себебі желідегі жазбалар, фотолар немесе пікірлер адам психологиясына тікелей әсер етіп, қоғамнан оқшаулануға итермелейді.Буллингтің алдын алу — бүкіл қоғамның міндеті. Ең алдымен, мектептерде бұл туралы ашық айту, оқушыларға арнайы түсіндіру жұмыстары жүргізілуі керек. Әр бала өзін қауіпсіз әрі еркін сезінетін ортада ғана дамып, толыққанды тұлға болып қалыптасады. Сонымен қатар ата-аналар мен мұғалімдер балалардың мінез-құлқындағы өзгерістерге мұқият болуға тиіс. Баланың ішкі жан дүниесінде болып жатқан өзгерістерді дер кезінде байқап, қолдау көрсету — басты міндетіміз.Буллингке жол бермеу үшін біз ең алдымен өзімізден бастауымыз керек. Өзара құрмет, адамгершілік, мейірім мен түсіністік арқылы ғана біз бұл дерттің алдын ала аламыз. «Қалжың» деп басталған сөздің шын мәнінде біреуге «жара» болып тимеуін қадағалау — әрбір азаматтың жауапкершілігі. Қоғамдағы ірілі ұсақты осындай мәселердің салдарынан келешек ұрпақтың сана сезімінің дұрыс қалыптасуы екі талай…



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
8 шілде
155
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі