400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 12 материал табылды

Қалқаман Әбдіқадыров «Қажымұқан»

Материал туралы қысқаша түсінік
6.2.1.1 шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді:

Мұғалімнің аты-жөні:


Пән/Сынып:

қазақ әдебиеті 6 «Ә» сыныбы

Бөлім атауы:

ІІІ бөлім: «Мен балаң жарық күнде сәуле қуған»


Сабақтың тақырыбы:

Қалқаман Әбдіқадыров «Қажымұқан»

Оқу мақсаттары:

6.2.1.1 шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасау;


Сабақ мақсаты:

шығарма композициясындағы белгілі бір эпизодтың алатын маңызына негіздеме жасайды;

Құндылықтарға баулу

Жасампаздық және жаңашылдық Әр түрлі таным құралдарын қолдану, әлем туралы білімді жинақтай алу (тілдік, оқырмандық мәдениет, ақпараттық, цифрлық ортадағы қызмет)

Сабақ барысы

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны


Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1 минут


Ұйымдастыру

Оқушылармен амандасу

Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Үй тапсырмасын тексеру

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Мұғаліммен амандасады

Назарын сабаққа аударады

Кесте, презентация т.б.

3 минут

Жаңа сабақ

Эпизод туралы білімді еске түсіреді.

Эпизод (грек. epeіzodіon – қоспа, үстеме) – көркем шығарма сюжетіндегі өз алдына мәні бар, өзара байланысқан оқиғаның бір бөлшегі, көрінісі. Әр эпизод кейіпкердің белгілі уақыт аралығында өткен қимылын, ісін, екі не одан көп кейіпкерлердің арасында болып жатқан құбылыстардың біткен кезеңін көрсетеді



1-5 минут


















Тапсырмалар

1-тапсырма

Маңызды эпизодты тап

Эпизодқа ат қой

Эпизодтағы басты кейіпкер

Осы эпизод арқылы кейіпкерге мінездеме беру





Өзіңді тексер

Маңызды эпизод


Эпизодқа ат қой

Эпизод

тағы басты кейіпкер

Осы эпизод арқылы кейіпкерге мінездеме

беру

Ей, сен не iстеп жатырсың? Көмбе қарда атты қалай жекпексiң, батып кетедi ғой, – дестi жолдастары.

Менiң оны өлшеп, ой тауысуға уақытым жоқ. Қожайын айтты бiттi,
менiң шөптi тез жеткiзуiм керек. Осыдан басқа маған түктiң керегi жоқ.

Тілалғыш Мұқан

Мұқан

Мұқан ісіне адал, қарапайым, ауыр мінезді, тілалғыш, еңбекққор кейіпкер



Дескриптор

-Маңызды эпизодты табады

-Эпизодқа ат қояды

-Эпизодтағы басты кейіпкерді табады

-Эпизод арқылы кейіпкерге мінездеме береді



Презентация

1-6 минут















Тәжірибе

2-тапсырма
Осы эпизодтан кейін қандай оқиға болатынын анықтайық.



Мұқан атын жегiп, жетi-сегiз шақырымдай шыққанда, қарсы алдынан боран соға бастады. Үйе тиелген шөпке қарсы соққан қарлы жел шөп арасын көтерiп, аттың аяғын қия басқызбады. Аттардың жүргенiнен тұрғаны көбейдi. Күн батып, дүлей қараңғы түн басталды. Мұқан шананы сүйрелеп, атқа көмектестi.



Өзіңді тексер

Қалаға жетi шақырым қалғанда бiр ат аяғын басуға мұршасы келмей, төрт аяқтап тұрып алды. Ыза кернеген шөпшi, айырын шананың артына көмейлете
шаншып қойды да, үрiндi қарға көмiлiп тұрған шананы итерiп кеп жiбергенде, жүре алмай тұрған ортаға жеккен ат, бүктелген бойынша шананың астына шалқасынан түстi. Жанына жеккен ат қайрылып сыртқа шығып кеттi. Мұқан шананы кейiн итерiп, астындағы атты босатқанша ол өлiп кеткен едi.  Өзi бел көтергiш қайысты шанаға байлап, қалған
атқа пар болып шөптi сүйреп, қаланың шетiне шейiн алып келдi.



3-тапсырма
Шығарма композициясы бойынша оқиғаларды сәйкестендіріңдер.

Басталуы


Орлий Масликовтың  қызметіне ауысуы

Дамуы

Париж сахнасында өнерін көрсетіп, құрметке бөленуі

Шиеленісуі

Мұқанның саудагер Иван Ногичке жалданып жұмыс жасау

Шақыртау шегі

Бір шана шөпті бай үйіне жаяу сүйретіп келуі

Шешімі

Иван Лебедевтің мектебінен дәріс алуы, өзіне жақын дос табуы











































Дескриптор:

1. Шығарманың мазмұнын толық біледі.



2. Шығарма композициясы бойынша оқиғаларды сәйкестендіреді.

Презентация

1 мин



Қосымша тапсырма:

Қалай ойлайсыңдар, эпизод әңгімеде маңызды ма?

«Төрт сөйлем» тәсілі бойынша ойларын қорытындылап жазыңдар

  • Пікір.

  • Дәлел.

  • Мысал.

  • Қорытынды.

















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.05.2026
1
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12