400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қалқаман Сарин. Уа, Еркіндік. 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары барысында ерекше бақылауды қажет ететін оқушымен жұмыс көрсетілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

Набиева Жанар Божеевна «Қазақ тілі мен әдебиеті» Т2

ПШО ЖМ филиалы мұғалімнің портфолиосы

Өскемен қаласы 29.04.2022 жыл


Тарау немесе бөлім атауы:

8 -бөлім: Менің тәуелсіз Қазақстаным

Педагогтың Т.А.Ә.

Набиева Жанар Божеевна

Күні:

29.04.2022ж

Сабақтың тақырыбы:

Уа, еркіндік! Сенсің менің ең ғажайып өлеңім!

Оқу мақсаттары:

  • 5.1.1.1.тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау

  • 5.2.5.1.берілген сұрақтарды дұрыс түсініп, лайықты жауап береді, шағын диалогке қатысу


Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар:

тақырыпты тірек сөздер арқылы болжайды;

Көптеген оқушылар:

берілген сұрақтарды дұрыс түсініп, лайықты жауап береді,

Кейбір оқушылар:

берілген сұрақтарды дұрыс түсініп, лайықты жауап береді, шағын диалогке қатысады



Бағалау критерийі:

*тірек сөздер арқылы мәтіннің тақырыбын болжайды

* берілген сұрақтарды дұрыс түсініп, лайықты жауап береді, шағын диалогке қатысады



Ойлау дағдылары:

Білу, түсіну,қолдану

Уақыты

Кезеңдері

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы 3-минут




























Ұйымдастыру

Оқушылырмен сәлемдесіп, «жағымды тілектер алқасы» тәсілі арқылы бір-бірімізге көңіл күй сыйлаймыз.


Оқушылар сабақ тақырыбын тірек сөздер арқылы болжайды.

Тірек сөздер: еркіндік,ғажайып, өлең, менің.

Сонымен сабағымыздың тақырыбы: «Уа, еркіндік! Сенсің менің ең ғажайып өлеңім!»




Бүгінгі сабақта:

Сіздің меңгеретініңіз:

  • тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау;

  • берілген сұрақтарды дұрыс түсініп, лайықты жауап береді, шағын диалогке қатысу

Оқушылар сабаққа дайындалады. «Жағымды тілектер алқасы» тәсілі арқылы бір-біріне жақсы тілектер айтады. Оқушылар берілген тірек сөздер арқылы сабақтың тақырыбын болжайды.

Оқушылар сабақ мақсатымен танысады












Оқулық, қалам, дәптер

1-тапсырма.

Тыңдалым алды тапсырма. «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен сабаққа шолу жасаймын.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. «Тәуелсіздік» өлеңінің авторы кім?

2. Бұл өлең қай оқиғаға арналған?

3. Ақын өлеңде не туралы айтады?

4. Өлеңде ақын нені жырлайды?

Дескриптор: сұрақтарға нақты жауап береді.



Тыңдалым барысы тапсырмасы. Саралаудың жіктеу әдісі.

2-тапсырма. Жұптық жұмыс.Тақ және жұп сандар арқылы жұпқа бөлінеді.

Оқулықпен жұмыс. 42-бет, 6-тапсырма

"Тәуелсіздік" өлеңі бойынша бірнеше сұрақ дайындап, диалог құрыңдар.

Үлгі:

"Тәуелсіздік" өлеңінің авторы-кім?

"Тәуелсіздік" өлеңінің авторы- Қалқаман Сарин

Дескриптор:

-"Тәуелсіздік" өлеңі бойынша 3 сұрақ құрастырады.

-Диалог түседі.

Күтілетін нәтиже: сұрақ құрастырып, диалогке түседі.





2-тапсырма саралаудың диалогтік қолдау тәсілі

А1 деңгейіндегі ЕБҚ оқушысы үшін тапсырма.

«Тәуелсіздік» өлеңі бойынша «Қос жазба» күнделігін толтыр. Түсіндір.

үзінді

түсіндірме

Уа,Еркіндік,қош келдің!

Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!


Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!



Дескриптор: Өз ойын білдіреді.

Күтілетін нәтиже: үзіндіні дұрыс түсініп, лайықты толық жауап береді.



Тыңдалым соңы тапсырмасы тапсырма. Жеке жұмыс.

3-тапсырма.«Тәуелсіздік» тақырыбына синквейн (бес жолды тақпақ) дайында.

Бес жолды тақпақтың құрылымы:

1. Тақырыпқа қатысты бiр зат есім.

2. Бірінші зат есімге қатысты екі сын есім.

3. Бірінші зат есімге қатысты үш етістік.

4. Бірінші зат есімді суреттеп,

толықтыратын төрт кілт сөз.

5. Тақырыпты сипаттайтын бір синоним

немесе метафора (зат есім).

Дескриптор: бес жолды өлеңді құрастырады;

Күтілетін нәтиже: берілген тапсырманы дұрыс түсініп, жауапты өлең жолдарымен береді.

Сұрақтарға нақты жауап береді.









Оқушылар жұпқа бөлінеді.

«Тәуелсіздік» өлеңнің тыңдайды.

Сұрақ жауаптық қатынас тәсілі арқылы "Тәуелсіздік" өлеңі бойынша бірнеше сұрақ дайындап, диалог құрайды.





«Тәуелсіздік» өлеңі бойынша «Қос жазба» күнделігін толтырады. Түсіндіреді.

(ЕБҚ Белсенді оқушыға берілген тапсырма)










«Тәуелсіздік» тақырыбына синквейн (бес

жолды өлең) жазады;

Мұғалім берілген сұрақтар негізінде ауызша кері байланыс береді









Жұптар бір-бірін дескриптор бойынша ауызша бағалайды











Дескриптерді негізге ала отырып мұғалім бағалайды












Оқушылар бір-бірін «+», « - әдісі арқылы бағалайды









«Миға шабуыл» әдісі











https://clck.ru/gMajJ

Қазақ тілі мен әдебиеті. Бәйшешек. 2-бөлім.Көкжиек-Горизонт 2017







Қос жазба» күнделігі



Таратпа материал

















Бекіту

4-тапсырма.Тест сұрақтарына жауап беріңіз.

1.«Боданына бұғаулану» сөзінің мағынасы

А) бейбіт өмір сүру

Ә) тәуелді болу

Б) еркін болу

С) тәуелсіз болу

2. Қ. Сариннің «Тәуелсіздік» өлеңінің тақырыбы

А) тәуелсіздік жолындағы күрес

Ә) ұзақ өмір сүруді насихаттау

Б) Астана қаласының гүлденуі

С) өмір мен өлім туралы айтыс

3. Шумақ не жайында?

Уа, еркіндік,

Құның немен өлшенді?!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
22.02.2023
513
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі