400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қалсын десең адам атың

Материал туралы қысқаша түсінік
Эссе
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мен таңдаған мамандық

Ісің оңсын десең,сол істің маманы бол.

(Әл-Фараби)

Бала шақтан болашаққа бағытталған ойымызды онға,санамызды санға бөліп жүрген алдымызда үлкен міндет тұр. Ол болашағы бар,әрі қабілетімізге қарай дұрыс мамандық таңдау. Жалпы адамзат баласы өмірде екі нәрседен қателеспеу керек,біріншісі-мамандық таңдаудан,екіншісі-жар таңдаудан. Сондықтанда мамандық таңдау-адам өміріндегі басты және маңызды таңдаулардың бірі. Мәселен,ғалымдардың айтуы бойынша бұл істе мына нәрселерге аса мән берген жөн:бойындағы дарыны мен дағдысына қарай көптеген салаларды зерттеп,жанына жақын және жүрек қалауындағы мамандықты таңдауы тиіс. «Мамандықтың жаманы жоқ,бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет,бұл жәй күнелту,тамақ асыраудың жолы ғана емес,үлкен өнерді,зор шеберлікті қажет ететін нәрсе»,-дейді ұлы педагог Ж.Аймауытов. Шынында да,адам баласының тек жүрек қалауымен таңдаған саласының ғана хас шебері болмақ. Дәлірек айтсам, мамандық таңдау жәй ғана оқып,диплом ала салу емес,сонымен бірге аралас-құралас болатын өз ортаңды да таңдау. Сан түрлі мамандықтың ішінде маған қайсысы жақын болды және бұл қызметтің болашағы қандай болмақ?

Бүгінде қызығы мен қиындығы қатар жүретін, жан-жақтылықты,икемділікті,шеберлікті және мейірімділікті қажет ететін ұстаздық жолын,соның ішіндегі сөз өнерінің асыл қазынасын одан әрі айшықтай түсетін қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі болуды алдыма мақсат етіп,таңдап отырмын. Себебі, «Неге арналсаң соны жаса» деп хакім Абай атамыз айтпақшы мендегі кеудедегі соғып тұрған мотордың таңдауына құлақ түре отырып,мен өзімді келешекте қылығы тәтті,тілі бал бүлдіршіндер мен көз жанарлары оттай жанған жас жеткіншектермен ғана елестетіп,сол салаға арналып туылғандай сезіндім.

Бұл қызметті өмір бойына таңдағасын оның келешектегі рөлі де мені алаңдатпай қоймады. «Іздеген жетер мұратқа» демекші айтқанынан қайтпас,өз таңдаған мамандығын шынайы сүйетін Нұрайым бұл мәселенің түйінін шешті. Сонда қалай? Біріншіден, осы салада қажырлы еңбек етіп келе жатқан жандармен сұхбаттастым. Екіншіден,осы сала бойынша жазылған барлық бұқаралық ақпарат құралдарынан мәлімет жинадым. Үшіншіден, «Ұстаздық қызметтің болашағы бар ма?» деген сұраққа жастардың арасында сауалнама жүргіздім. Нәтижесінде, барлығын қорытып,статистикалық мәліметке жүгіне келе,ұлан-ғайыр еліміздің іргетасын қалайтын жалынды жастар,ал оларды оқыту ұстаздардың басты парызы екендігін ескере отырып,халықаралық форумның шешімі бойынша ұстаз мамандығы еңбек нарығынан түспейтіндігін ұғындым. Оған дәлел ретінде «World Economic Forum» технологиясының қарқынды дамуын атап айта аламын.Себебі,ондағы деректерде келешекте осы саланың мамандары интернет мүмкіндігін пайдалана отырып,алдағы уақытта «онлайн ұстаз» болуға көшеді делінген.

Қорытындылай келе, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтсам, таңдаған мамандығымның қиындығына қарамай,қазіргі таңда сол саланың майталманы болу үшін аянбай еңбек етіп,тер төгудемін. «Еңбегі көптің өнбегі көп» демекші келешекте әдебиет сүйгіштерге арнайы мамандырылған лагерлер ашып және білгеніммен бөлісіп,халыққа қолжетімді бағада сапалы дүниелер ұсынғым келеді! Құрметті,ертеңгі елдің жалынды ұрпағы,мамандық таңдаудан жаңылмай,өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауларыңызға тілекшімін!



Жасұланова Нұрайым Жасұлановна









































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29.11.2023
207
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі