Материалдар / Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары Қазақ тілі 3 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары Қазақ тілі 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары Қазақ тілі 3 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Наурыз 2023
1841
4 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
1500 тг 1125 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Назарбаев Зияткерлік мектептері»
дербес білім беру ұйымы

Қалыптастырушы бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы
Қазақ тілі
(оқыту қазақ тілінде)
3-сынып

Астана, 2018

Құрметті мұғалім!
Аталған тапсырмалар жинағы білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерге
көмек құралы ретінде құрастырылды. Бұл мұғалімдердің ұжымдық жұмысының нәтижесі.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар қалыптастырушы бағалауды
өткізуге, сабақты жоспарлауға, ұқсас тапсырмаларды құрастыруға және іріктеп алуға, оқу
мақсатына жетуге қатысты сындарлы кері байланыс беруге көмектесетін үлгі болып
табылады.
Жинақтың ұсынылған сипаты сізге білім алушының қажеттілігі мен мүмкіндігін
есепке ала отырып, тапсырмаларға толықтырулар мен өзгерістер енгізуіңізге,
бейімдеуіңізге мүмкіндік береді.
Қосымша материалдарды (нұсқаулықтар, таныстырылымдар, жоспарлар және т.б.),
форумдағы талқылауларды және бейне нұсқауларды сіз «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
ДББҰ smk.edu.kz ресми сайтынан таба аласыз.
Жемісті жұмыс пен шығармашылық табыс тілейміз!
Жинақ бастауыш мектеп мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау
бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне, басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне және аудио
материалдар, т.б.) қолжетімді ресми интернет-сайттардан алынды. Жинақ коммерциялық
емес мақсатта құрастырылған.

Мазмұны
1-ТОҚСАН .......................................................................................................................................... 4
Бөлім: Тыңдалым және айтылым.................................................................................................. 4
Бөлім: Оқылым ............................................................................................. ................................. 9
Бөлім: Жазылым ........................................................................................................................... 13
Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы ..................................................................................... 18
2-ТОҚСАН ........................................................................................................................................ 21
Бөлім: Тыңдалым және айтылым................................................................................................ 21
Бөлім: Оқылым ............................................................................................................................. 26
Бөлім: Жазылым................................................................................................. .......................... 31
Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы ..................................................................................... 35
3-ТОҚСАН ........................................................................................................................................ 39
Бөлім: Тыңдалым және айтылым................................................................................................ 39
Бөлім: Оқылым ............................................................................................................................. 42
Бөлім: Жазылым ........................................................................................................................... 46
Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы....................................................... .............................. 51
4-ТОҚСАН ........................................................................................................................................ 56
Бөлім: Тыңдалым және айтылым................................................................................................ 56
Бөлім: Оқылым ............................................................................................................................. 60
Бөлім: Жазылым ........................................................................................................................... 64
Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы................................................................ ..................... 68

1-ТОҚСАН

Бөлім: Тыңдалым және айтылым
Бөлімше 1.1 Тыңдалған материалдың мазмұнын түсіну
Оқу мақсаты

3.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша тірек сөздерді белгілеу,
ашық және жабық сұрақтарға жауап беру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мәтіндегі тірек сөздерді анықтайды
• Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Тірек сөздерді түртіп ал.
Баяғы бір заманда орман, тоғай деген атымен болмапты. Жер бетін көмкерген
ағаш атаулы бір-бірінен аулақта өсіпті.
Әсем де сұлу, жасыл желекті ағаштар құлпырып тұратын. Бұлардың бәрі де
Табиғат ананың ұл-қыздары еді.
Табиғат ананың үлкен ұлы Қарағай шыңды таудың қар жамылған, мәңгіге мұз
құрсанған беткейіне өсіпті. Сонау жоғарыдан төменге қарап, «мен биікпін» деп
мақтануға құмар екен.
Сәнқой Шырша жап-жасыл боп жасанып, алқа тағыпты. Сонау биіктен «мені
ел көрсін» деп, Қарағай бауырының жанынан қалмапты.
Үйеңкіні тым еркелетіп жіберіпті. Ол жыл сайын тұрақ айырбастап, ойға да,
қырға да өсе беріпті. «Маза бермеген» соң бауырлары оны «ағаштардың арам шөбі»
деп атапты.
Тірек сөздер: __________________________________________________________
• Сұрақтарға жауап бер.
1) Мәтінде қандай кейіпкерлер бар?
2) Сәнқой шырша қайда орналасыпты? Белгіле ().
Биікке, тау беткейіне орналасыпты

Ойға да, қырға да өсіпті

3) Үйеңкіні неліктен «арам шөп» деп атапты?
4) Мәтіннен қандай ой түйдің?
Дескриптор

Білім алушы
-мәтіндегі тірек сөздерді атайды;
-мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
-мәтіннің мазмұнына қатысты ойын айтады.

4

Бөлімше 1.2 Мәтіннің мазмұнын болжау
Оқу мақсаты

3.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/
диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Тақырып пен суреттердің негізінде мәтіннің
мазмұнын болжайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтіннің тақырыбын оқы. Бұл мәтін не туралы болуы мүмкін?
Тышқанның айласы

• Берілген тақырып пен суреттерді пайдаланып, мәтін құрастыр.
- Оқиға неден басталды?
- Оқиға қалай жалғасты?
- Оқиға немен аяқталды деп ойлайсың?
Дескриптор

Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес жүйелі мәтін құрастырады;
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды;
- сөздерді мағынасына сәйкес қолданады;
- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

5

Бөлімше 1.3 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану
Оқу мақсаты

3.1.3.1 Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық
әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік
нормаларды сақтап сөйлесу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Өз ойын жүйелей отырып, диалогке қатысады
• Тілдік нормаларды сақтап сөйлейді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Суретке мұқият қара. Бұл оқиға қай жерде болды? Қыз бала не істеді? Олар не туралы
сөйлесуі мүмкін?



Сурет бойынша диалог құрастыр.

Дескриптор

Білім алушы
- сурет мазмұнына сәйкес диалог құрастырады;
- тілдік нормаларды сақтап сөйлейді.

6

Бөлімше 1.4 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау
Оқу мақсаты

3.1.4.1 Тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып,
берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Берілген жоспар бойынша мәтін құрастырады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Берілген жоспар бойынша «Көше тәртібі» тақырыбына мәтін құрастыр. Тірек сөздерді
қолдан.
Жоспар:

1.Арманның дүкенге баруы
2.Жолдағы оқиға
3.МАИ қызметкерінің кеңесі

Тірек сөздер: көше қиылысы, көлік, бағдаршам, оң жақ, сол жақ, жаяулар жүретін жол,
МАИ қызметкері, жол тәртібін білу, аман-есен жүру

Дескриптор

Білім алушы
- жоспар бойынша тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастырады;
- тірек сөздерді орынды пайдаланады;
- мәтіннің құрылымдық бөліктерін сақтайды.

7

Бөлімше 1.6 Тыңдарманның назарын аудару
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі

3.1.6.1 Интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды
(қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып,
тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту
Білім алушы
• Сөйлеу барысында қаратпа сөздерді қолданады
Қолдану

Тапсырма
«Табиғат - ортақ үйіміз» дегенді қалай түсінесің? Сурет бойынша қаратпа сөздерді
қолданып, табиғатты қорғауға қатысты ойыңды жеткізуге тырыс.

Дескриптор

Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес дәелді ой қорытып айтады;
- қаратпа сөздерді қолданады;
- сөйлеу мәдениетін сақтайды.

8

Бөлім: Оқылым
Бөлімше 2.1 Мәтін түрлері мен құрылымдық бөліктерін анықтау
Оқу мақсаты

3.2.1.1 Тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін
(әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның
құрылымдық бөліктерін анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мәтіннің түрлерін ажыратады
• Мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтінді оқы. Мәтіннің негізгі бөлігін тауып, қоршап сыз
Қамқорлық
Мамыр айы. Ауыл шетіндегі ағашы мен қамысы мол өзен үсті құстардың
әуеніне толған. Диқан келе жатып, жағалаудан екі үрпек балапанды көзі шалды.
Ұясын іздеді. Таба алмады. Содан соң балапандарды үйге алып келді. Ақ ұлпа
мақтадан ұя жасады. Ұсақ жемдерді шашып, шағын ыдысқа су құйды. Бір айдан
соң қос балапанның жүндері түлеп, қанаттары шыға бастады. Диқан тырнаның
балапанын күткенін сонда ғана түсінді.



Мәтіннің қай түріне жататынын анықта. Ойыңды дәлелде.

Дескриптор

Білім алушы
-мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратады.
-мәтіннің түрін анықтайды және негіздейді.

9

Бөлімше 2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру
Оқу мақсаты

3.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған
сұрақтар құрастыру және жауап беру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіретін
сұрақтар құрастырады
• Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Неге? неліктен? сұрақтарын қолданып, мәтіннің мазмұны
бойынша 2 сұрақ құрастыр. Сыныптасыңның сұрақтарына жауап бер.
Үй шаруасы
Мұғалім сабақ сұрағанда, Мұрат білмеді.
- Сабақты неге білмейсің? Оқымадың ба?
- Қолым тимеді, ағай!
- Не істедің?
- Үй шаруасымен айналыстым.
- Сенен басқа үй шаруасын істейтін адам болмады ма?
- Әкем үйде жоқ. Жолаушы кеткен. Апам ауырып жатыр.
Мұғалім аяғандай болды.
- Отыра ғой,шырағым!- деді.
Ертеңіне Мұрат оқуға келмей қалды. Сабақтан шыққан соң, біз Мұраттікіне
бардық. Әбден терлеген, шаршаған екен. Біз жабылып отынын тасып бердік.
Аттарына, сиырларына шөп салыстық.

Дескриптор

Білім алушы
- мәтінге қатысты пікір білдіруге бағытталған сұрақтар қояды;
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
- сұраулы сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

10

Бөлімше 2.4 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
Оқу мақсаты

3.2.4.1 Өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің
көмегімен негізгі ойды анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды
• Мәтінге тақырып қояды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы
Жаз.
Өрісте лақ, құлын, қозы үшеуі кездесе кетті. Іші пысқан олар бірігіп
ойнамақ болды. Әуелі нендей ойын ойнайтындарын талқыға салды. Сөзді ақ лақ
бастады.
— Ойынның қызығы тауға шығу. Тастан-тасқа секіріп ойнау. Әрі қан
тарайды, әрі миың тынығады, —деді. Қошақан лақтың сөзін жаратпады.
— Секіріп, шошаңдап ойнау ойын емес. Ойынның қызығы қошқарша
сүзісіп ойнау. Әрі күшің толады, әрі құмарың қанады.
— Сендердің ойындарың көңілге қонбайды. Ойнаған соң шапқылап
жарысайық. Тұра қалып тебісейік,— деді құлын.
Үшеуі қызыл кеңірдек болып ұзақ керісті. Ақыры бір-бірімен келісе алмай,
тарап кетті.





Мәтін не туралы?
Мәтін арқылы автордың не айтқысы келді деп ойлайсың?
Мәтіннен қандай ой түйдің?
Мәтінге ат қой.

Дескриптор

Білім алушы
- мәтіннің тақырыбын анықтайды;
- мәтіннің негізгі ойын тұжырымдап айтады;
- мәтіннің негізгі ойына сәйкес қорытынды жасайды;
- мәтін мазмұнына сәйкес ат қояды.

11

Бөлімше 2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу
Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі

3.2.5.1 Берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден
(мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алған ақпараттарда
кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер
арқылы ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды
тұстарын анықтау
Білім алушы
• Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді
• Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтайды
Қолдану

Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Сөздікті пайдаланып, қарамен берілген сөздердің мағынасын
түсіндір.
Қайың
Қайың туралы ән мен жыр да, сурет те көп. Қайың сымбатты ағаш, ұшар басы
үкідей шоқтанып, биік болады. Ашық жерлерде қайың кейде жеке-дара да өседі,
дегенмен көп ретте орман болып тұрады. Жазғы жап-жасыл шөппен жайнаған гүлдің
ортасында тұрған ақ балтыр қайың тоғайы ғажап сурет. Қайың сәуірдің аяғы мен
мамыр айының басында гүлдейді. Оның гүлдері сырға тәріздес болып келеді.
Қайыңның жапырағы сарғая бастаған кезде қыркүйек айы туады.
Қайың тез өседі. Одан алынатын нәрсенің бәрі кәдеге асады. Оның
бүршіктерінен дәрі-дәрмек әзірлейді. Бұтақтарынан сыпырғыш, қабығынан
саңырауқұлақ пен жеміс-жидектер теретін себет тоқиды. Қайыңнан фанер дайындап,
үй жиһазын жасайды.

•Сен үшін мәтіндегі қай ақпарат маңызды болды? Неліктен?
Дескриптор

Білім алушы
- мәтіндегі белгіленген сөздердің мағынасын түсіндіреді;
- мәтіннен маңызды ақпаратты анықтап, негіздейді.

12

Бөлім: Жазылым
Бөлімше 3.1 Мәтін түрлеріне сәйкес мәтін құрап жазу
Оқу мақсаты

Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейлері

3.3.1.1 Жоспар/сызбаны қолдана отырып тірек сөздер арқылы
әңгімелеу мәтінін, салыстыра сипаттау мәтінін;
көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін құрастырып
жазу
Білім алушы
• Жоспар бойынша әңгімелеу мәтінін құрастырып
жазады
Қолдану

Тапсырма
Берілген тірек сөздер мен жоспарға сүйеніп, әңгімелеу мәтінін құрап жаз.
Жоспар
1.Балапандарға арналған ұя
2.Балапанның ұядан құлап түсуі
3.Балалардың қамқорлығы
4.Қараторғайлардың алғысы
Тірек сөздер: көктем, қараторғай, ұя, үш балапан, пайда болу, құлап түсу, ала
мысық, шырылдап ұшу, құтқару, қаша жөнелу, шат-шадыман, әсем әуен.
Дескриптор

Білім алушы
- жоспарға сәйкес әңгімелеу мәтінін құрап жазады;
- тірек сөздерді орынды қолданады;
- сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
- сөйлемдерді қатесіз жазады.

13

Бөлімше 3.3 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар бойынша жазба
жұмыстар жазу
Оқу мақсаты

3.3.3.1 Оқыған, тыңдаған және аудиовизуалды материалдар
бойынша мұғалімнің көмегімен жоспар құрып,
мазмұндама жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мәтін бойынша жоспар құрып, мазмұндама жазады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда.
Түлкі мен ешкі
Бір түлкі далада жортып келе жатып, байқаусызда апанға түсіп кетеді.
Апан терең екен. Түлкі одан шыға алмады.
Су іздеген ешкі апанға келді. Апанның түбіндегі түлкіні көрді. Одан апанда
тұруының себебін сұрады. Түлкі апанның іші салқын,түбінде мөлдір суы бар
екенін айтты. Бұл сөзге сенген ешкі апанға секіріп түсті.
Осыны күтіп тұрған түлкі бірден ешкінің үстіне секіріп мінді. Одан мүйізіне
мініп, апанның сыртына қарғып шығып кетті.


Сұрақтардың көмегімен мәтінге жоспар құр.
1.Оқиға неден басталды?
2.Содан кейін не болды?
3.Түлкі не істеді?



Құрастырған жоспар бойынша мәтіннің мазмұнын жаз.

Дескриптор

Білім алушы
- мәтін бойынша жоспар құрастырады;
- мәтіннің мазмұнын жоспарға сәйкес жазады;
- сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
- орфографиялық нормаларды сақтап жазады
- пунктуациялық нормаларды сақтап жазады.

14

Бөлімше 3.5 Қатені табу және түзету
Оқу мақсаты

3.3.5.1 Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық,
грамматикалық және стилистикалық қателерді
мұғалімнің көмегімен тауып, түзету

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Тыныс белгілеріне қатысты қателерді тауып,түзетеді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Өлеңдегі тыныс белгілеріне қатысты жіберілген қателерді тауып, түзетіп жаз.
Атаммен әңгіме
Өмірде ата, кім мықты?!
Айтқан адам шындықты!
Өмірде, ата кім әлсіз.
Надан,
Жалқау,
Шыдамсыз!
Өмірде не ең жаман.
Сақтай алмау елді аман!

Дескриптор

Білім алушы
- тиісті тыныс белгілерін қойып, жазады.
- мәтінді қатесіз көшіреді.

15

Бөлімше 3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты

3.3.6.1 Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі
мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу,
жазу қарқынын жеделдету

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Өлеңді көркем жазу талаптарын сақтай отырып, көшіріп жаз.
Торғай
Мен торғаймын, торғаймын,
Суықтан да тоңбаймын.
Құрт - құмырсқа, шіркейден
Бау - бақшаны қорғаймын.

Дескриптор

Білім алушы
- бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтайды;
- әріптердің мөлшерін сақтап жазады;
- әріптерді үзбей, көлбеу жазады;
- әріптердің байланысын дұрыс көрсетеді.

16

Бөлімше 3.7 Пунктуациялық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты

3. 3.7.1 Қаратпа, қыстырма сөздерді ажырату және тыныс
белгілерін дұрыс қою

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Қаратпа сөздерді ажыратады
• Қаратпа сөздердің тыныс белгілерін қояды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Өлеңнен қаратпа сөзі бар сөйлемдерді тауып, көшір. Кейіпкерлердің берген жауабын
қаратпа сөзі бар сөйлемге айналдырып жаз.
Кім қайда барады?
— Атай, қайда барасыз?
— Немереме базардан
Қауын, қарбыз әкелем.
— Әжей, қайда барасыз?
— Немереме қыздардан
Сағыз сұрап әперем.
— Ағай қайда барасыз?
— Балам жақсы көретін
Қарап жүрмін күшік мен.
— Апай қайда барасыз?
Балам қыста киетін
Іздеп жүрмін ішік мен.

Дескриптор

Білім алушы
- қаратпа сөзі бар сөйлемдерді анықтайды;
- қаратпа сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды;
- қаратпа сөздердің тыныс белгілерін қояды.

17

Бөлім: Тілдік нормалардың қолданысы
Бөлімше 4.1 Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты

3.4.1.1 «э», «ф», «в», «ц» әріптері бар сөздерді сауатты жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• э, ф, в, ц әріптерінің жазылу емлесін сақтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Суреттегі заттардың атауын жаз. Э, ф, в, ц әріптерінің астын сыз. Әр әріпке қатысты
бірнеше сөз тауып жаз.

1)_____________
2) _____________



1)_____________
2) _____________

1)_____________ 1)_____________
2) ____________ 2) _____________

Әр әріпке қатысты 1сөзбен сөйлем құрастырып жаз.

Дескриптор

Білім алушы
- суреттердің атауын әріп емлесін сақтап жазады;
- э, ф, в, ц әріптеріне қатысты сөздерді жазады;
- сөйлем құрылымын сақтайды.

18

Бөлімше 4.1 Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты

3.4.1.3 «ч», «щ» әріптері бар сөздердің емлесін білу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Ч, щ әріптері бар сөздерді қатесіз жазады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Өлеңді түсініп оқы. Құрамында ч әрпі бар сөздерді жатқа жаз. Осы сөздерді қатыстырып
сөйлем құрастыр.
Чертеждардың жаңасын
Шабаданға салдым да,
Чехтың кездім қаласын,
Черкес жатты алдымда.

Дескриптор

Чуваштармен таныстым,
Чили жерін көрмедім.
Чукот тауын әрі астым,
Чукча жерін өрледім.

Білім алушы
- ч әрпі бар сөздерді қатесіз жазады;
- ч әрпі бар сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырады.

19

Бөлімше 4.1 Орфографиялық, орфоэпиялық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты

3.4.1.4 «х», «һ» әріптері бар сөздерді ажыратып жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Х, һ әріптері бар сөздерді ажыратады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Көп нүктенің орнына «х» және «һ» әріптерін тиістісін жаз.

Дескриптор

... алық

жи ... аз

жа ... ан

ша...мат

тари ...

қа...арлы

... абар

қа...арман

Білім алушы
- х әрпі бар сөздерді ажыратады;
- һ әрпі бар сөздерді ажыратады.

20

2-ТОҚСАН

Бөлім: Тыңдалым және айтылым
Бөлімше 1.2 Мәтіннің мазмұнын болжау
Оқу мақсаты

3.1.2.1 Мәтіннің тақырыбы мен берілген суреттер/фото/
диаграмма бойынша мәтіннің мазмұнын болжау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Тақырып пен суреттердің негізінде мәтіннің
мазмұнын болжайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Суретке мұқият қара. Суреттегі оқиғаға дейін не болды деп ойлайсың? Осы оқиғадан соң
не болуы мүмкін? Берілген тақырып пен сурет бойынша мәтін құрап айт.
Аяныш

Дескриптор

Білім алушы
- сурет пен тақырыпқа сәйкес мәтін құрастырады;
- мәтіндегі оқиғаны жүйелі баяндайды;
- сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды.

21

Бөлімше 1.3 Түрлі жағдаяттарда тілдік нормаларды дұрыс қолдану
Оқу мақсаты

3.1.3.1 Түрлі жағдаяттағы (қоғамдық ортада) қатысымдық
әрекеттерде өз сөзін жүйелі түрде жоспарлап, тілдік
нормаларды сақтап сөйлесу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Өз ойын жүйелей отырып, диалогке қатысады
• Тілдік нормаларды сақтап сөйлейді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Жұптық жұмыс
Суреттерге мұқият қара. «Кітапханада» тақырыбында кітапханашы мен оқырман арасында
диалог құрастыр.

Дескриптор

Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес диалог құрастырады;
- сұхбаттасына өз рөліне қатысты сұрақ қояды;
- сұхбаттасының сұрағына лайықты жауап береді;
- сөйлеу барысында тілдік нормаларды сақтайды.

22

Бөлімше 1.5.Тыңдалған материал бойынша өз пікірін білдіру
Оқу мақсаты

3.1.5.1 Аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған өзгенің
пікіріне (келісу/келіспеу себебін ) өз көзқарасын
білдіру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Өзгенің пікіріне қатысты көзқарасын білдіреді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
Үй мен Жер
Бір күні Үйдің мақтанғысы келіп, жан-жағына қарап, өзіне тең таба
алмай, Жерге айтады:
- Сенен адам баласына қандай пайда бар, не іргең, не төбең
жоқ? Міне, мекен деп мені айт. Адамды жаз болса күннің ыстығынан, қыс
болса суығынан қорғаймын. Оның үстіне ойын болсын, жиын болсын, бәрі
менің ішімде өтеді. Онымды біліп, адам да мені сыйлайды. Уақытымен іші сыртымды түгел сылап, жамап отырады. Одан басқа, мен күнге де сенен гөрі
жақынмын. Тағы бір ерекшелігім: аузым - есігім бар. Бүкіл әлемді көретін
көзім - терезем - ашылатын құшағым бар. Осы адам баласына менен
пайдалы кімді табарсың?

- Пайдалы, пайдасыз істі былай қояйын. Алдымен бір сұрағыма

жауап берші,- дейді сонда Жер.- Сенің өзіңді көтеріп тұрған кім осы?






Үй қалай мақтанды?
Жер оған қандай жауап берді?
Кейіпкерлердің өзі туралы айтқан сөзімен келісесің бе? Неліктен?

Дескриптор

Білім алушы
- кейіпкердің пікіріне қатысты өз көзқарасын білдіреді;
- өз ойына дәлелді пікір айтады.

23

Бөлімше 1.6 Тыңдарманның назарын аудару
Оқу мақсаты

3.1.6.1 Интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды
(қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып,
тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Сөйлеу барысында қаратпа сөздерді қолданады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Суретке мұқият қара. Қаратпа сөздерді қолданып, сурет бойынша жарнама құрастыр.

__________________________________
__________________________________
__________________________________
Күні:_____

Дескриптор

Уақыты:_____

Өтетін орны: _____________

Білім алушы
- тақырыпқа сәйкес жарнама құрастырады;
- қаратпа сөздерді орынды қолданады.

24

Бөлімше 1.7 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі

Ойлау дағдыларының
деңгейі

3.1.7.1 Сөз ішінде қатар тұрған дауыссыз дыбыстардың өзара
үндесуін сақтап айту (сенбі – сембі, Жангүл –Жаңгүл,
т.б.)
Білім алушы
• Сөздегі қатар келген дауыссыздардың үндестігін
сақтап айтады
Қолдану

Тапсырма
Берілген сөздерді оқып, айтылуы бойынша жаз. Сөздердің айтылуы мен жазылуын
салыстыр.

Қонысбек

Аманкүл



сенбі

Жангүл

сәнқой

Дүйсенқали

Жаңақорған

жаңбыр

Қай дыбыс өзгеріп айтылды? Қандай дыбысқа өзгерді?

Дескриптор

Білім алушы
- сөздерді айтылуына сәйкес жазады;
- сөздердің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылықты сипаттайды.

25

Бөлім: Оқылым
Бөлімше 2.2 Мәтіндегі лексикалық бірліктердің қолданылуын түсіну
Оқу мақсаты

3.2.2.1 Тура және ауыспалы мағыналы сөздердің мағынасын
ажырата білу, сөйлеу барысында қолдану

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Тура және ауыспалы мағыналы сөздерді ажыратады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Өлеңді түсініп оқы. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндір.
Мен таба алмай бұрышты,
Қарадым бар қуысты.
Таусылған соң шыдамым,
Інімнен кеп сұрадым.
Мен іздесем бұрышты,
Көрсетті- ау ол бұрышты.


Берілген сөздерді тура және ауыспалы мағынада қолдануға мысал келтір.

Тіл, терең, бет, жылы, көз
Тура мағынада

Дескриптор

Ауыспалы мағынада

Білім алушы
- берілген сөздердің мағынасын түсіндіреді;
- сөздерді тура мағынада қолдануға мысал келтіреді;
- ауыспалы мағыналы сөздерді анықтайды.

26

Бөлімше 2.3 Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою және жауап беру
Оқу мақсаты

3.2.3.1 Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған
сұрақтар құрастыру және жауап беру

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіретін
сұрақтар құрастырады
• Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы.
Сабақтан кейінгі уақыт
Біздің мектепте көптеген үйірмелер жұмыс істейді. Оқушылар өз қалауы
бойынша бос уақыттарын осы үйірмелерде өткізеді. Мектепте «Қызықты
грамматика», «Шахматшылар», «Көркем өнер», «Математика әлемінде» т.б
үйірмелер бар.
Жандос екеуміз «Математика әлемінде» атты үйірмеге қатысамыз. Бұл
үйірмеге біз сейсенбі және жұма күндері барамыз. Жуырда досым екеуміз
олимпиадаға қатысып, жүлделі орынға ие болдық. Біздің ойымызша, бұл ең
қызықты үйірме. Ал Досжанның пікірі бойынша «Көркем өнер» үйірмесі ең
қызықты. Өйткені бұл үйірмедегі жас «әртістер» мектепте ғана емес, жиындарда,
ата-аналар алдында да өнерлерін көрсетіп тұрады.
Біздің сабақтан кейінгі уақытымыз осылай қызықты өтеді.



Олар нешінші ауысымда оқиды? Белгіле ().
бірінші ауысымда



екінші ауысымда

Балалар қайдан жүлделі орын алды?
концертке қатысты



пәндік олимпиадаға қатысты

Мәтіннің мазмұны бойынша пікір білдіруге арналған 1 сұрақ
құрастырып жаз.

Дескриптор

Білім алушы
- мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;
- мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақ құрастырады;
- сұрақтың құрылымын сақтайды.

27

Бөлімше 2.4 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
Оқу мақсаты

3.2.4.1 Өз бетінше мәтіннің тақырыбын және мұғалімнің
көмегімен негізгі ойды анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды
• Мәтінге тақырып қояды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары

Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемді тауып, қоршап сыз.
Бір дана адам шәкірттерін жинап алып, бос құмыраны таспен толтырыпты да,
олардан
– Құмыра толы ма? – деп сұрапты.
– Иә, – деп жауап беріпті шәкірттері. Дана кісі бұршақ толы банканы алып, түгелдей
құмыраға құяды. Бұршақ тас арасындағы бос жерлерді толтырды.
– Енді құмыра толы ма? – деп сұрайды. Шәкірттері бас изейді. Енді ол құмыраға құм
салады. Құм бұршақ пен тас арасынан өтіп, бүкіл бос жерді толтырды. Ол шәкірттеріне
тағы да сол сауалды қойып, «иә» деген жауап алады. Содан соң су толы кесені алып,
құмыраға құяды. Шәкірттері мұны көріп, күледі.
Сонда дана кісі былай депті:
– Мына құмыра – біздің өміріміз. Тас – өміріміздің басты бөліктері:балалар, отбасы,
достар, денсаулық. Бұршақ – бізге қуаныш сыйлайтын дүние, бірақ ең маңызды нәрсе
емес, яғни үй, жұмыс, көлік, бағалы заттар т.б. Құм – кез келген адам өмірінде бар
ұсақ-түйек нәрселер. Егер басында құмыраны құмға толтырсаңыз, бұршақ түгілі тасқа
да орын қалмайды. Өмірде де солай: ұсақ-түйекке уақыт жұмсасаң, ең бастысына
уақытың жетпейді...



Мәтінге ат қой.

Дескриптор

Білім алушы
- мәтіннің негізгі ойын білдіретін сөйлемді анықтайды;
- мәтінге сәйкес тақырып қояды.

28

Бөлімше 2.5 Түрлі дереккөздерден ақпарат алу
Оқу мақсаты

3.2.5.1 Берілген тақырып/сұрақ бойынша түрлі дереккөздерден
(мәтін, сөздік, сызба, кесте, карта) алған ақпараттарда
кездесетін жаңа сөздердің мағынасын сөздіктер арқылы
ашу, жүйелеу, мағлұматтардың маңызды тұстарын
анықтау

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді
• Мәтіндегі маңызды ақпараттарды анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі
Тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Қарамен берілген сөздердің мағынасын қалай түсінесің?
Түсіндірмелі сөздіктен мағынасын анықта.
Көне Отырар
Көне Отырар – 2000 жыл өмір сүрген қала. Отырарда қаңлы, қоңырат т.б.
тайпалар тұрған. Көне Отырар арқылы көшпенді қазақтар саудамен шұғылданып,
отырықшылықпен танысып, басқа халықтармен қатынаса бастады. Отырар
тұрғындары күріш, тары, бидай, мақта, жүзім өсірумен шұғылданды. Қалада жақсы
су жүйесі болған. Отырар қаласы тоғысқан сауда жолдарының ортасында
тұрғандықтан оған басқалардың назары көп түскен.
Мықты қорғанысы бар Отырарды монғол басқыншылары алты ай бойы жаулай
алмаған. Кейін басып алған жау қаланы түгел өртеп жіберді. Жауға қарсы тұрған,
қаланы басқарған Қайырхан өлім жазасына кесілді. Күйзеліске ұшыраған қала 50
жылдан кейін ғана қайта өмірге келді.

• Мәтіннен маңызды деген ақпараттарды тауып оқы.
Дескриптор

Білім алушы
- белгіленген сөздердің мағынасын түсіндіреді;
- мәтіннен маңызды ақпараттарды анықтайды.

29

Бөлімше 2.6 Мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау
Оқу мақсаты

3.2.6.1 Мұғалімнің көмегімен ұқсас тақырыпта берілген мәтін
түрлерін/ стилін(көркем мәтін, ғылыми-танымдық
мәтін) /жанрын салыстырып, ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын табу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Ұқсас тақырыпта берілген мәтіндерді
(түрін/жанрын) салыстырады

Қолдану

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Тапсырма
Берілген мәтіндерді оқы және салыстыр. Кестені толтыр.
1-мәтін
Отанымның тірегі
Астанамның жүрегі.
Мақтан етем өзіңді
Бәйтерегім киелі.

2-мәтін
Бәйтерек – Астана қаласында 2001 жылы салынған
мәдениет және сәулет туындысы. Ол қаланың
орталығында орналасқан. Ғимараттың биіктігі 97 метр.
Оның жоғарғы жағында жұмыртқа бейнесіндегі шар
орналасқан. Бұл аңыз бойынша самұрықтың жұмыртқасы.
Жұмыртқа байлықты, дәулетті, тыныштықты білдіреді.
Қазіргі кезде Бәйтерек Астананың рәмізіне айналды.

Сұрақтар
Бұл мәтіннің қай
түріне жатады?
Мәтін қай жанрда
жазылған?

1-мәтін

• Олардың қандай ұқсастығы бар.
Дескриптор

Білім алушы
- мәтіндердің түрін ажыратады;
- мәтіндердің жанрын анықтайды;
- мәтіндердің ұқсастығын сипаттайды.

30

2-мәтін

Бөлім: Жазылым
Бөлімше 3.3 Түрлі стильде мәтін жазу
Оқу мақсаты

3.3.2.1Өзіндік іс-әрекеті баяндалған күнделік/өмірбаян жазу

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Өзіндік іс-әрекетін сипаттап күнделік жазады

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Оқушы күнделігінің үзіндісін оқы.
1-шілде
Бүгін атамның үйіне қонаққа барамын. Атам Іле Алатауының баурайында
тұрады. Алақай! Таулы аймақтың жазы қандай болатынын көремін.
5-шілде
Атамның ауылына келгеніме бірнеше күн болды. Ауа райы ыстық емес.
Әсіресе, кешке қарай салқын. Шіліңгір ыстықтан кейін рақат екен!
7-шілде
Бүгін тауға шықтым. Керемет! Аспанда аппақ мамық бұлттар көшіп барады.
Тура төбемде жылжып бара жатқандай. Қолымды созып, шап беріп ұстап алғым
келді. Бірақ қолым жетпеді. Таудың басындағы аппақ қар күнге шағылысып, көзді
қарықтырады.

• Үлгіге сүйеніп, өзіңнің үш күндік іс-әрекетіңді күнделік түрінде жаз.
Дескриптор

Білім алушы
- күнделік жазу стилін сақтайды;
- сөйлемдердің құрылымын сақтайды;
- сөйлемдегі сөздерді қатесіз жазады.

31

Бөлімше 3.5 Қатені табу және түзету
Оқу мақсаты

3.3.5.1 Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық
және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып,
түзету

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Жіберілген қателерді тауып, түзетеді

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Хабарландыруда жіберілген қателерді түзетіп, көшіріп жаз.

ХАБАРЛАНДЫРУ
Құрметі, балалар!
Алматы қаласы циркі
өнерпаздарының өнерін тамашалауға
сіздерді шақырамыз.
Орны: цирк ғимараты
Уақыты: сағ12.00
Күні: 12-желтоқсан,2017ж

Дескриптор

Білім алушы
- мәтіндегі жіберілген қателерді анықтап, түзетеді;
- каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады.

32

Бөлімше 3.6 Каллиграфиялық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты
Бағалау критерийі
Ойлау дағдыларының
деңгейі

3.3.6.1 Кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі
мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу,
жазу қарқынын жеделдету
Білім алушы
• Каллиграфиялық нормаларды сақтап жазады
Қолдану

Тапсырма
Өлеңді көркем жаз.
Зымырандай ғимарат
Алыстан көз тартады.
Әлемге аян атағы:
155 метр –биік ол,
Бұлттан да әрі асады.
Қиюласып тастар нақ,
Кеткен шырқап аспандап:
34 қабат үй емес,
Көкке бастар баспалдақ.

Дескриптор

Білім алушы
- бас әріп пен кіші әріптің биіктігін сақтайды;
- әріптердің мөлшерін сақтап жазады;
- әріптерді үзбей, көлбеу жазады;
- әріптердің байланысын дұрыс көрсетеді.
- өлеңді қатесіз жазады.

33

Бөлімше 3.7 Пунктуациялық нормаларды сақтау
Оқу мақсаты

3.3.7.2 Мұғалім көмегімен бастауыш пен баяндауыштың
арасына қойылатын сызықшаның орнын білу және қою

Бағалау критерийі

Білім алушы
• Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын
сызықшаның орнын анықтайды

Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма
Берілген сөйлемдерді оқы. Бастауыш пен баяндауышқа сұрақтар қой. Олар қай сөз
табынан жасалған? Не байқадың? Сызықшаның қойылу себебін түсіндір.

• Бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылатын 2 сөйлем
құрастырып жаз.
Дескриптор

Білім алушы
- бастауыш пен баяндауыштың арасына сызықша қойылу себебін
түсіндіреді;
-бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын сызықшаға
сөйлеммен мысал
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!