400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қамар сұлу» романы бойынша оқырмандар конференциясы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Қамар сұлу» романы бойынша оқырмандар конференциясы 10 - 11 сынып (Бір ел – бір кітап) акциясына орай. Мақсаты: Оқырмандарға жалындаған жас ғұмырын еліне, халқының болашағына арнап, қазақ халқының күйін тұмшалаған қараңғылығына налып, білімді, сауатты, жан - жақты оқыған, жаңашыл қоғамның өмірін аңсап, армандап кеткен дара ақын С. Торайғыровтың шығармаларын насихаттау, «Қамар сұлу» романын оқып, талдай отырып, оқырмандардың қоғамға деген көзқарасын айқындау, бағыт - бағдар беру. Кітапты оқуға деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Қамар сұлу» романы бойынша оқырмандар конференциясы

Тақырыбы:
«Қамар сұлу» романы бойынша оқырмандар конференциясы 10 - 11 сынып
(Бір
ел – бір кітап) акциясына орай.

Мақсаты: Оқырмандарға жалындаған жас ғұмырын еліне, халқының болашағына арнап, қазақ халқының күйін тұмшалаған қараңғылығына налып, білімді, сауатты, жан - жақты оқыған, жаңашыл қоғамның өмірін аңсап, армандап кеткен дара ақын С. Торайғыровтың шығармаларын насихаттау,
«Қамар сұлу» романын оқып, талдай отырып, оқырмандардың қоғамға деген көзқарасын айқындау, бағыт - бағдар беру. Кітапты оқуға деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін арттыру.


І. Кіріспе бөлім

С. Торайғыров - дара ақын
/кітапхана жетекшісі: Ульмесекова.Ф.М

ІІ Негізгі бөлім
1. Ақынның өмірі мен шығармашылығы.
2. Жазушының «Қамар сұлу» романына шолу.
3. Романдағы басты кейіпкерлерге мінездеме.
4. Жағымсыз кейіпкерлердің бейнесін ашу.
5. Романдағы көтеріліп отырған әлеуметтік мәселелерге тоқталу.
6. Роман кейіпкерлерін қазіргі заманмен байланыстыра салыстыру.
7. Менің қиялымдағы - «Қамар бейнесі» атты тақырыпта ой бөлісу.
8. Романның қазақ әдебиетіндегі алатын орны және тарихи маңызы.
9. Қорытынды.

Құрметті оқырман қауым!
Өздеріңізге таныс қазақ халқының ХХ - ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, демократ ақын - жазушысы С. Торайғыровтың туғанына биылғы жылы 125 жыл толмақ.
Ел басына күн туған алапат кезеңдерде С. Торайғыровта қазақ зиялыларының қатарынан табылған. Ұлттық сананы оятуға үн қосты. Жалындаған жас ғұмырын еліне, халқының болашағына арнап, қазақ халқының тұмшаланған қараңғылығына налып, білімді, сауатты, жан - жақты оқыған, жаңашыл қоғамның өмірін аңсап, армандап кеткен дара жазушы. Ақынның өмір жолы,
С.Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Көкшетау обылысының Қызылту ауданында туған.Әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) атанған кедей,момын шаруа адамы болған.Ақынның 2 жасында шешесі қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болған. Кейін әкесі Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанған. Торайғыров алғаш әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген молдалардан дәріс алды. Өлеңге үйір, шығыстық сюжеттер негізінде жырлар туындатқан Мұқан молда тәлімінің Торайғыровтың ақын ретінде қалыптасуына игі әсері болғанымен, баянауылдық Әбдірахман молданың (1908) қаталдығы, өлең шығарғаны үшін жас қаламгерді жазалауы оның дінмен молдалар жайлы теріс көзқарасының қалыптасуына негіз болған.

  • 1911 ж. жаңаша оқыған Нұралы ұстазының көмегімен қазақ, татартілдеріндегі әдеби кітаптармен, газет-журналдармен танысады. *1912 ж. Троицкідегі Ахун Рахманқұли медресесіне түседі, бірақ мұнда бір жылдай оқыған ол өкпе ауруының зардабынан оқудан шығып қалады. Торайғыров енді медреседе оқуды қойып, орысша оқу іздейді, қала маңындағы елде жаз бойы бала оқытады. Осы кезден ақындыққа ден қойып, *1912 – 13 жылдар аралығында

“Оқып жүрген жастарға”,
“Тәліптерге”(“Шәкірттерге”),
“Ендігі беталыс”,
“Оқудағы мақсат не?”,
“Анау-мынау”,
“Мағынасыз мешіт”,
“Жарлау”,
“Досыма хат”,
“Шығамын тірі болсам адам болып”,
“Түсімде”,
“Жазғы қайғы”,
“Қымыз”,
“Кешегі түс пен бүгінгі іс”
, т.б. өлеңдерін, “Зарландым” атты ұзақ очеркін жазды. Осы тұста “Қамар сұлу” романын жазуды бастады.

  • 1913 жылдың күзінде Троицкіге қайтқан Торайғыров “Айқап” журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, “Өлең һәм айтушылар”, “Ауырмай есімнен жаңылғаным”, “Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан”, “Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?”]], т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды. Журналда аз ғана уақыт қызмет еткен.

  • 1914 ж. жазда туған елі Баянауылға оралады. Ел ішінде мәдени-ағарту жұмысын жүргізетін “Шоң серіктігі” деген ұйым ашпақ болғанымен, ісі жүзеге аспады. Осы жылы орысша оқу іздеп Семейге барған Торайғыров діттеген оқуына түсе алмай, біраз дағдарысқа ұшырайды. Осындай көңіл-күй әсерімен “Ләнет бұлты шатырлап”,“Ендігі беталыс”,“Туған еліме”
    “Бір адамға”“Алтыаяқ” сияқты өлеңдер жазған
    .
    1916 – 17 жылдардың қысында Томскіде 
    орысша оқиды. Өмірден көп қағажу көріп қажыған ақын арманына жетіп көңілі көтеріледі. “Шәкірт ойы” өлеңінде “Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды”, “Мұздаған елдің жүрегін жылытуды” армандайды. Осы тұста әлем әдебиетінің классикалық үлгілерімен, саяси кітаптармен танысты.

  • 1917 жылғы ақпан айындағы төңкерістен кейін Семейде жаңа құрылған Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің жұмыстарына қатынасып, “Алаш ұранын” жариялады.

Бүгін біз өздеріңізбен жазушының еңбектерінің бірі - «Қамар сұлу» романы қоғам шындығын көрсететін, әйелдер теңсіздігі, махаббат мәселесін көтерген туынды.
Қазір бізге «Қамар сұлу» романына шолуды 10 сынып оқушысы Баксиков Саят әңгімелеп береді.
Ендігі сөзді романның басты кейіпкері - «Қамар сұлуға» тоқталып өтеміз.
Қамар елге сыйлы, ақылды ару, білімі бар, ауылындағы бозбалалардың көзіне түсіп жүрген қыз, ол жайында 10 сынып оқушысы Абайқызы Аружан айтады.
Келесі жағымды кейіпкеріміз - Ахметке тоқталамыз. Ахмет - кедей шаруа ортасынан шыққан, оқыған жігіт. Оның бойында ақындық, сөзге шешендік, сыпайылық, достарына қадірлі азамат болған.
Бұл жайында 11 сынып оқушысы
Оразғалиев Бақытжан әңгімелеп береді.
Енді романда діттеген әке мен бала проблемасы өз кезеңіндегі қоғамдық - әлеуметтік өткір мәселелер ауқымында көрсетілген. Халықтың ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті нұсқаларында еріксіз ұзатылатын қызға жаны ашитын жалғыз адам әдетте шеше ғана болатын да, әке көбінесе қатал мінездерімен көзге түсетін. Қазақ ау
ылындағы әке атаулының бәрі қатал еместігін, оның ішінде қызының тағдырына қабырғасы қайыспайтын, мейірімді әке барын, бірақ олардың заман әділетсіздігінен аса алмайтын С. Торайғыров романында Омар бейнесі арқылы шынайы көрсете алған.
Осы Омар бейнесін 11 сынып оқушысы Мақсотов Жүсіпбек тарқатады.
Шығарманың соңында Омар қатал заманның соққысынан еңсесі түскен, ессіз адамның бейнесінде көрінеді.
Келесі романдағы жағымсыз кейіпкерлердің бейнесін ашу.
Тағдырдың талқысына түскен Қамардың бағына, мал - мүлкіне, ақшасына, дәулетіне, атақ - даңқына мастанған Жорға Нұрым тап болады. Шығармада ол жағымсыз кейіпкер ретінде суреттеледі, бұл жайында Бекен Данияр, Әділет айтып береді.
Әйелі өлгеннен кейін, төсек жаңғырту мақсатында Жорға Нұрым енді ғана гүлдеп келе жатқан Қамарды алғысы келеді. Оның бұл қылығы - ақылсыздық. Өйткені Қамардан басқа ел ішіндегі өзіне тең келер адам таппағаны ма?
Жағымсыз кейіпкерлердің бірі - Қалтай қажы мен Оспан би - Нұрымның жемтіктес достары. Оларға да дөрекілік, зорлық - зомбылық, зұлымдық, жексұрындық мінез - құлық тән. Бұл жайында 10 сынып оқушысы Ибраев Еркебұлан әңгімелеп береді.
Келесі романдағы көтеріліп отырған әлеуметтік мәселелерге 10 сынып оқушысы Сейтқазина Балнұр тоқталады.

С. Торайғыровтың «Қамар сұлу» романы өз кезінде жаңашылдығымен көрінеді.
Роман әйел теңсіздігі тақырыбына арналып жазылған. Сұлулығына ақылы сай, оқыған, сауатты Қамардың өз теңі Ахметке қосыла алмай, қауға сақалды, тоң мойын, надан, Қамардан жасы үлкен Жорға Нұрымға сатылып, қор болғанын, сол замандағы қыздардың теңіне қосыла алмай, малға сатылғаны өмір шыңдығы екендігін жазушы С. Торайғыров ашына жырлайды. С. Торайғыровтың оқыған, сауатты адамның қашан да надандыққа қарсы тұратын ойын көреміз. Омар тұндыр киімі жоқ кедей емес, шаруасы, жайлы, байлығы бар адам. Ол байлыққа қызықпайды, малқұмар емес. Қызын ол малға бола сатқысы келмейді, оған қарсы тұрады. Автор оның мақсатына жетпей, сәтсіздікке ұшырауының өзі заман шыңдығынан аса алмауынан деп шарасыз әке ретінде көрсетеді. Әке мен бала проблемасын тек бір үй ішілік қарым - қатынас тұрғысында түсінбей, бұл жағдайдың әлеуметтік мән - маңызы жоғары мәселе екенін байқатты.
Адамдардың тұрмыс қайшылықтарының ортасында жүріп, отбасына, қоршаған әлеуметтік ортаға деген көзқарастары қарастырылған көркем шығарма деп түйіндейік.
Енді өзіміз талдап отырған роман кейіпкерлерін қазіргі заманмен салыстырып көрейікші. Бұл жайында 11 сынып оқушысы Қалихан Елназ айтып береді.
Келесі сөзді романның қазақ әдебиетінде алатын орны туралы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне сөз берейік. Е
решова Ж, Ерғалиева А.
Қорытынды:
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам!
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда кім болам!- деп жырлап өткен біртуар ақын туралы Ж. Аймауытов: «Сұлтанмахмұт жас ақындардың бір күшті ақыны еді. Өнер, білім сәулесін аңсап, құлаш ұрып, кедейлік, жоқшылық, зарын шегіп, жауыз тұрмыспен жанталасып, алысып, жеңе алмай мерт болды. Тірі жүрсе, өзі айтқандай, қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болғандай, от - жалындай зулаған болат, қайрат, құрыш - жігердің, кекті жүректің ақыны еді» - дегендей, С. Торайғыровтың өмірімен шығармалары ғасырдан ғасырға оқырмандарын тауып, жалғасын таба берсін демекпіз.
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың жолдауы «Қазақстан 2050» Стратегиясында «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» деген ұстанымын мақсатқа ала отырып, сіздерді осындай еліміздің елеулі азаматтары болып, 50 елдің қатарына кіру үшін өз үлестеріңізді қосады деген сенімдеміз.

Қатысқандарыңызға рахмет.



Пайдаланған әдебиеттер:

1.Торайғыров С.Өмірдерек//Қазақстан жазушылары:XX ғасыр .Анықтамалық.- Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2004.-307б.

2.С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» рамандар,поэмалар,өлендері.-Алматы:Атамұра,2002.22-82бет.

3.С.Торайғыров Үш томдық шығармалар жинағы.Бірінші том.алматы, «Жібек жолы» баспа үйі,2002.6-19бет.

4.Bilimdiler.kz.(Білімділер парталы)сайытынан алынды.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29.06.2019
902
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі