жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қамқор болып өсемін!
Маңғыстау облысы,
Жаңаөзен қаласы
№ 12 бастауыш мектеп мұғалімі
Изджанова Сұлу Қыдырбаевна
Сабақтың тақырыбы: « Құстар біздің досымыз! »
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы , олар жөнінде мағлұмат беру.Құстарға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу,құстардың оралуын жәнеазайып кеткенін хабарлау.
С/ дам: Оқушылардың құстар туралы ой – өрістерін, түсініктерін дамыту.
С / тәрб мәні: Отан және табиғатты, құстарды сүюге , қорғауға баулу.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, суреттер, магнитафон.
С / барысы: Шаттық шеңбері.
Жақсылық айтып басқаға,
Ортаға ойды салғайсың.
Тек мақтанба, жасқанба,
Сұлу жанды болғайсың.
Мұғалім: « Құстар біздің досымыз! » атты тәрбие сағатымызды бастағалы тұрмыз. Жылда сәуір айында «құстар күні » аталып өтіледі. Ендеше, оқушыларымыздың құстар жайлы білгендерін бірге тыңдайық!
Ән: «Мектеп вальсі » хор.
1. Сәуір келді,
Тірлікке жан кірді.
Кең дала жасарып, жаңғырды,
Бар өңір құлпыра бастады,
Төсіне құйып ап жаңбырды.
Тірлікке жан кірді көктем кеп,
Айнала, сай-сала көкпеңбек,
Диқанның арқасы босады.
Қытымыр қысымыз өтті деп.
2. Ауылдың шығып алып қыр бетіне,
Аймақтың көз жіберші келбетіне.
Сансыз құс алуан ырғақ, алуан үнімен
Сайрайды гүлді көктем құрметіне.
3.Сәлем, достар аман ба?
Мынаубейбітзаманда.
Шатшадыманкөктеммін,
Шаттықболсынәманда.
Ән құрадым үніммен,
Сән құрадым гүліммен.
Қуантамын бәріңді,
Құт-береке күніммен.
4. Күзде айналып өткен еді,
Жылы жаққа кеткен еді,
Ассаңдарда талай белді,
Ұшсаңдар да тым биік.
5.Біздің елдей қарсы алады,
Қарсы алдыңнан кім күліп .
Қазақтың кең даласындай
Елі жайсаң,жері майса,
Белінде ырым ырғалар.
Енді міне , табысыңдар барлығың.
6. Құстар біздің досымыз,
Құс ұясын бұзбайық.
Ей, балалар,балалар,
Аман болсын аналар.
7. Жұмыртқасын алмаймыз,
Обалына қалмаймыз.
Тақия тұзақ салмаймыз.
Қарғысынан қалмайық.
Әдейі көздеп атпайық.
Көп күнаға батпайық
Құстарда да ана бар ,
Құстарда да балал бар.
Кім сүймейді баласын,
Осыны еске түсіріп,
Балалар мұны ұғыңдар.
8. Уәдеден де шығыңдар,
Құстар – біждің досымыз.
Ұшып жүрсе ашалда,
Сыр түйеді жас жанға.
9. Ойында әбден піскенде, бір ойланып қаласың.
Тырнақтай құстың жауы көп.
Құрулы ажал,ауы көп,балалыққып қызбайық.
Құс ұясын бұзбайық.
10.Құстар-біздің досымыз, құс ұясын бұзбайық.
Құстарда да ана бар, құстарда да ана бар.
Құстар шеруі: Ақ кептер:
Асқар,асқар,бел асқан,
Адамдарға еңбегі,сіңірілген о бастан.
Кептер деген мына құс,қиын кезде досымыз,
Әрлі-берлі хат тасып, ұшқан талай асығып,
Отырады шапырда , жайылады алаңда.
Торғай: Мен торғаймын ,торғаймын,
Көк аспанда торлаймын.
Жердегі бар қызықты,көкте тұрып барлаймын;
Мен торғаймын, торғаймын.
Жерге бекер қонбаймын.шігіртке мен шіркейден, оқу бидайды қорғаймын.
Қарлығаш:
Түнгі қара мақпалдай , төсіне ақ сыр жаққандай.
Ұшса оқтай зулайды, көктен жұлдыз аққандай.
Ойды кезіп,қырды асып, қарлығаштар зырлайды.
Тоқылдақ:
Орманда жоғары, ағашқа қонады,
Тұмсығын балға қып, Тоқ – тоқ соғады.
Қараңдар ол әне, тоқылдақ болады.
Көкек:
Он екі айдың біреуі, сірә менің атымда,
Өзге ұяға із тастап, атымды айтып жар салам.
Білесіңдер бәрің де.
Көктемнің алғаш қонағы ,көкек деген мен болам.
Аққу:
Көлдің көркі еркесі, қанаттары – көрпесі.
Бойын күтіп баптайды, ешкім оны атпайды,
Көлдің аппақ кербезі , Аққу деген мен болам!
Тырна:
Жылы жақтан бір хабар , әкеледі тыранлар,
Тырау – тырау , көктем мынау тырналар.
Қатар түзеп көкте жүзіп тырналар.
« Ұя » - мәнерлеп оқу.
« Құстың ұясы » әңгімелеу.
Құстар тойын құттықтап
Қуанамыз, қолдаймыз
Ұя жасап ұқыптап,
Біз оларды қорғаймыз.
« Аққу биі » - үн таспа.
Сен білесің бе?
Бозторғай ән салса , күн ашық болады.
Торғай шаңға аунаса, жаңбыр жауады.
Сары шымшық ысқырса , шынымен күз болады.
Үйрек бір аяғымен түрып, басын қанатының астынан тықса аяз болады.
1996 жылы Қазақстанның «Қызыл кітабы » жарық көрді, онда құстардың 50түрі соңғы жылдары тағы 18 түрі қорғауға алынғандар тізіміне тіркелді.
Сұрақ – жауап сайысы:
-
Адам қай құсты аң аулауға падаланады? Бүркіт
-
Қай құс хат тасушы атанған? Көгершін
-
Құстың баспанасы не? - Ұя
-
Қай құста ұя болмайды?
-
Торғайдың жүрегі минутына қанша рет соғады? (260).
-
Қазақстанда құстардың неше түрі бар? (481).
Жұмбақ жасыру:
1.Тал басында
Түндінсіз отау, бұл не?
2.Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтаңдап (балапан)
3.Күндіз тіпті ұшпайды,
Түнде тышқан ұстайды. (жапалақ)
4.Дамылсыз барабан қағады,
Сол жерден тамағын табады (тоқылдақ)
5.Өзі сақ, өзі ұсақ,
Шыңплыңтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі ала,
Бұл қандай құс.
Ән «Ақ көгершін »хор.
Күншіл үйрек (ертегі)
«Біреуге ор қазсаң, өзің түсесің »деген осы
Қорытындылау:
Сақтайық жұрт,даламыздың сән көркін,
Самғасын қыс, асыр салсын,аң еркін.
Жайнай берсін,нулы көлдер, ормандар,
Бауырларым,игілігің сендердің!
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген